Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 Махаббат – философиялық тұрғыдан ұғыну «пәні» ретінде



Pdf көрінісі
бет176/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   217
философия хасанов

 
10.3. Махаббат – философиялық тұрғыдан ұғыну «пәні» ретінде 
Философиялық антропологияда адамның жетекші қажеттелігі болып 
табылатын, қоғамдағы оның қалыптасуының негізгі тәсілдерінің бірі 
махаббат мәселесі маңызды орын алады.
Гегель әрбір махаббат «нақты берілген заттар сезіміне» деген махаббат 
болып табылады,- деп тұжырымдайды. Махабаттың абстрактілі, тек ақылмен 
ғана қабылдануы мүмкін емес. «Ойға қонымды – сүйікті болуы мүмкін 
емес». Махаббат қарым-қатынасқа түсетін адамдарға, ӛзіндік сұлулықты 
алып жүретін нақты бір жақсылыққа, іс-әрекетке, заттарға білдірілетін 
махаббат болады. «Адамзатты» немесе «жалпы адамды» сүюге болмайды, 
тек жеке-дара адамды барлық оның нақтылығымен сүюге болады. 
Ницшеге сәйкес махаббат әрқашанда ӛзімшіл. Бұл мағынада махаббат 
пен адамгершілік бірін-бірі тыс шығарады, махаббат «жақсы мен жаманның 
ар жағында» қалады. Егер рухтылық махаббатта мүмкін болса, онда тек қана 
оның ұшқыр саналылықтың «ӛзектен ӛтетін» мағынасында сезімдік рух бар. 
Махаббат ерік-жігердің ӛзін-ӛзі дәлелдеудің амалы, ӛйткені ол қарама-қарсы 
жынысқа деген махабат сезімі ғана емес, сондай-ақ жалпы ӛмірге, әсіресе 
билікке деген махаббат құмарлығы білдіріледі.
Э. Фромның «Сүю ӛнері» атты кітабында – сүю деген құмарлық – бұл 
адамның жағымды, ұнамды, тіршілік орнықтырушы әуесқойлықтың ең 
мағыналы кӛрінісі. «Махаббат – адамның тіршілік ету мәселесі туралы 
сұраққа жалғыз, нақты бекітілген жауап».
Оның пікірінше, жалпы махаббат – тәжірибені талап ететін және ой 
қорытындылауды игеретін түсінік пен түйсік ӛнері. Ол кӛптеген адамдардың 
бұл жағдайды танығысы келмейтінін айтады. Біріншіден, адамдардың 
кӛпшілігі махаббатқа «қалай сүю керек» емес, «қалай сүйікті болу керек» 
деген, яғни махаббат мүмкіншілік жағдайы мағынасында қарайды. 
Екіншіден, мәселе сүю қабілетінде емес, мәселе махаббаттың ӛзінде. 
Үшіншіден, «ғашықтық» және «махаббат жағдайы» түсініктері бірігіп, 
қорытындысында махаббаттан жеңіл ештеңе жоқ дегенге әкеледі. 
Х.Ортега-Гассет 
махаббаты 
адамзат 
іс-әрекеттерінің 
барлық 
жақтарында пайда болатын (еңбекке, отанға, қанағатқа және т.б.) әрекет деп 
кӛрсетеді. «Махаббат біздің ішкі күйзелісімізден, ол жанымыздың кӛптеген 
қозғалысынан 
пайда 
болатын: 
ойымыздың, 
талпынуымыздың, 
әрекеттеріміздің жемісі; махаббаттан бәрі пайда болады, тұқымнан шығатын 
егін іспеттес; махаббат – бұл жағдай, аталған жан қозғалысының пайда 
болуы ». 
Махаббаттың ерекшелігін: «Махаббат – нақты махаббат, ғашықтың 
жалпы жағдайы емес, – қандай да бір объектіге бағытталған зат немес жеке 
адам, яғни сезімнің таза кепілі. Есте сақтаудың сезімтал бір пайда болуы 
сияқты, махаббат есте сақтаудың барлық жиынтықтарынан ӛзгеше: сүю, 


жақсы кӛру – бұл бақылау, ойлау, еске түсіру, кӛз алдыңа келтіру; келесі 
жағынан, махаббат аракідік ӛзгелермен араласады. Еш күмәнсіз, әуестену – 
махаббаттың пайда болуы, бірақ махаббаттың ӛзі әуестену емес... Біздің 
махаббатымыз – біздің әуестенулеріміздің барлық жиынтығында, тұқымнан 
ӛсетін сияқты, ӛседі». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет