Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


түсініктердің ауысу және ӛзгеру механизмдерін, ғылыми білімдердің



Pdf көрінісі
бет185/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   217
философия хасанов

түсініктердің ауысу және ӛзгеру механизмдерін, ғылыми білімдердің 
қозғалысын ашу мәселесі болады. 
Осы процестерді сипаттау үшін Кун «Ғылыми революциялардың 
құрылымы» атты еңбегінде бүкіл ғылыми қоғам қабылдаған, белгілі бір 
уақыт ішінде проблема қою және оны шешу үлгісін қарастыратын іргелі 
теориялар мен зерттеу әдістерінің жиынтығы түсінілетін парадигма немесе 
«тәртіптік матрица» ұғымын пайдаланады. 
Кун ғалымның қызметі қалыпты ғылым шеңберінде болжама сипатта 
болатынына, ол пәнді кәсіби білім берген концептуалдық шек арқылы 
зерттейтініне 
негіздейді. 
Сондықтан 
да 
қалыпты 
ғылым 
ӛзінің 
концептуалдық шегінен шығатын жаңа құбылыстар түрін болжамайды. 
Соған орай, қалыпты ғылым проблемасы, жаңа деректер немесе жаңа теория 
жасау жаңалығы болса да, ірі жаңалықтарға принципті түрде 
бағдарланбайды. Ғалым оның шеңберінде барынша бағдарланғандықтан, 
жаңа бірдеңе ашу не жасауға ұмтылмақ түгілі, оларды қабылдауға да бейім 
емес. 
Қалыпты ғылымдардың проблемалары парадигма анықтайтын 
шеңберден шығып кетпейді, сондықтан Т. Кун, олардың үлгілері, шешу 
тәртібі болғандықтан оларды бас қатырғы-міндеттер деп атайды, ғалымдарға 
олардың шешімін табу үшін ӛздерінің жеке ӛнертабыстарын сынау ғана 


қалады. Бұл белгілі деректерді тексеру және анықтаумен, сондай-ақ 
болжалды немесе ӛзгеше теориялар принципінде жаңа деректер жинаумен 
шұғылдану қалған ғалым үшін қалыпты ғылымның тартымдылығын 
түсіндіреді. 
Кун ғылыми дәстүр білімнің жедел толығуының қажетті шарты болып 
табылатынын кӛрсетті. Мысалы, қалыпты ғылым құндылығы оның дәлме-
дәлдікті, сенімділікті және әдістердің кеңеюін тудыруымен бағаланады. 
Сӛйтіп, қалыпты ғылым шеңберіндегі жаңа құбылыстарды зерттеуде 
ғалымдар ғылыми қоғамдастық қабылдаған парадигмаға сүйенеді. Ол 
ғалымдардың талдаудың стандартты тәсілдерін пайдалануын немесе 
құбылыстарды түсіндіруін анықтайды, ғалымдарға ғылыми нәтижелерді 
салыстыруға және ӛзара түсінісуіне кӛмектеседі, ғылыми қоғамдастық 
қызметін қалыптастырады, заманауи ғылымдағы білім ӛндірісінде 
«индустрия» ұйымдастыру үшін жағдай жасайды. 
Ғалымдардың іс-әрекетінің қабылданған ережелерге сай жұмыс 
істеуінің арқасында олар қабылданған теориялардан келіп шығатын 
үміттерге – зерттеу нәтижесінде алынған шешімдердің кез келген 
сәйкессіздігін сергектікпен сезе қояды. Кейде қалыпты ғылымның белгілі 
ережелер мен процедуралардың кӛмегімен шешілуі тиіс проблемалары осы 
шешімге принципті түрде бағынбайды. Басқа жағдайларда қалыпты 
ғылымның осы белгілі ережелері, процедуралары күткен үмітке сәйкес 
жұмыс істеуге қабілетсіз болып шығады. Кунның айтуынша, ғылымның 
дамуы дегеніміз «қалыпты ғылым» кезеңдерінің ауысу және ғылыми 
революция процесі, процесте ескі парадигма ыдырайды да, балама 
тұжырымдамалардың бәсекелестік күрес нәтижесінде жаңасы бекітіледі.
Кунның кӛзқарастарын британдық постпозитивист М. Полани (1891-
1976 жж.) қолдайды. Ол философия ғылымының міндеті адам факторын 
зерттеу болып табылады деп есептейді. Танымдық объекті мен субъектіні 
неопозитивтік салыстырудан бас тарта отырып, Полани адамға заттың мәнін 
ӛзінен-ӛзі абстрактілі түсіну емес, ақиқат пен адам әлемінің арақатынасын 
белгілеу тән екендігінде табандылық кӛрсетті.Бұл әлем картинасынан 
адамдық перспективаны ығыстыратын кез келген талпыныс объективтілікке 
емес, мағынасыздыққа апаратынымен байланысты. Ғылыми прогрестің 
негізін тұлғалық білім, яғни ғылымның зерттеу мақсатының мәнән түсінуі 
құрайды. Ғылыми ұжымның табысты еңбегінің шарты оның мүшелерінің 
ғалымдардың бірлесіп істеген жұмысының негізін құрайтын жалпы 
интеллектуалдық дағдыны иеленуі болып отыр. 
Поланидың айтуынша, ғылыми зерттеудің мәні шынайылықтың 
объективтілік тиімділігі мен ішкі құрылымын зерделеуде. Ғылыми 
болжамдар тікелей бақылаудан, ал ғылыми ұғымдар эксперименттерден 
шығарылмайды, яғни ғылыми жаңалықтың логикасын формалды жүйе 
ретінде құру мүмкін емес. Оның тұжырымдамасы таза эмпирикалық та, 
формалды-логикалық та кӛзқарастардан бас тартуға бағытталған, оның 
негізін «жеткіліксіз білімнің» эпистемологиясы құрайды. «Жеткіліксіз 
білім» атты еңбегінде ол бірқатар іргелі идеялар ұсынды, атап айтқанда, әр 


қилы 
концептуалды 
жүйелердің 
ӛлшеусіздігі, 
ғылыми 
тиімділік 
нормаларының ӛзгергіштігі, ғылыми дамудың ақаулары туралы түсініктер. 
Осы проблемалардың шешімі кӛбінесе постпозитивизмнің әрі қарайғы 
дамуын айқындады.
Поланидың тұлғалық білім теориясы жеткіліксіз білім тұжырымымен 
байланысты. Ол білімді нақты тұлғалар алады, таным үдерісі 
формаланбайды, ал білім сапасы нақты ғалымның ерекшелігіне тәуелді дейді. 
Полани танымның әлеуметтік аспектілеріне жеткілікті кӛңіл бӛлмегенімен, 
соған қарамастан, таным процесіндегі тұлғалық мінез-құлық туралы тезис 
оны К. Поппердің ізімен кез келген білімнің салыстырылатындығы туралы 
шешімге әкеледі.
Поланидың пікірі бойынша, ғалымның қандай да бір ғылыми теорияны 
қабылдауын анықтайтын негізгі сәт оны сыни тұрғыда негіздеу деңгейі емес, 
және оның ғылымда қабылданған нормативтердің саналы түрде 
арақатынасын белгілеу де емес, осы теорияға жеке бастың «кірігуі» деңгейі, 
оған деген сенім. Сенім категориясы ол үшін таным мен білімді түсінуде 
негізгі болып табылады. Адамның ғылымға араласуын ол жеке адамның 
дінге деген кӛзқарасы сияқты қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет