тындығын кӛрсеткен. Санасыздық аясының адам ӛмірінде атқаратын рӛлі
ұланғайыр. Ол адаммен үнемі басылып келсе де, кейде түс кӛру, оқыс айты-
лыс,
жаңылыс жазба, еріксіз қимыл, невроз түрінде сырттан кӛрініс тауып
жатады. Санасыз құбылыстар иррационалды әрі уақытқа тәуелсіз. Фрейд
бойынша барлық «рухани процестер негізінен санасыз болып келеді». Сана
санасыздықтан жоғарырақ тұрады, ол сыртқы әлемнің із-таңбасы бола тұра,
осы әлем мен санасыздық арасындағы делдал рӛлін атқарады.
Адам ӛміріндегі санасыздық пен түйсіктің рӛлін
анықтай келе, Фрейд
психологияға ӛз мағынасына қарай екі қарама-қарсы ұғымды енгізеді –
«ли-
бидо» (жыныстық түйсік, «тіршілікті жаңғыртуға ұмтылатын» сексуальды
энергия) және
«мортидо» (адам бойына туа біткен ӛлімге ұмтылыс түріндегі
бастау).
Фрейдтің пікірі бойынша, либидо қандай да
бір нақты жас кезеңінде
пайда болмайды, ол адамға туа бітетін қасиет және ол түрлі нышанда, мәсе-
лен, «эдип кешені» түрінде кӛрініс табуы мүмкін. Туылған сәтте сәби тұта-
стықпен, яғни анасымен ажырау түрінде жанжарақатын басынан кешеді;
бұған әкесі кінәлі болады, сондықтан ол санасыз түрде «әкесін ӛлтіруді»
қалайды (бұл сондай-ақ, масаттанумен, табынушылықпен, бақталастықпен
байланысты болады). Фрейдпен аталып кеткен «балалық сексуалдық» ем-
шектегі нәрестелерге тән соруда кӛрініс табады,
адамның эрогенді аймағы
ретінде бастапқыда ауыз саналады.
Фрейд бойынша, адам сексуалдығының дамуы, дәлірек айтқанда, эво-
люциясы рекапитуляция заңы бойынша жүзеге асырылады,
осыған сәйкес
әрбір жеке тұлға ӛзінің жеке, онтогенетикалық дамуында түр эволюциясы-
ның кезеңдерін қайтадан басынан кешіреді.
Сексуалдық әуестік энергиясы, Фрейдтің пікірі бойынша,
жанама
немесе тікелей түрде кӛрініс табуы мүмкін. Ал аталған энергия тікелей
кӛрініс таппаса және сублимацияланбайтын болса, ол түрлі жүйке және пси-
хикалық ауруларын тудырады. Либидоның жұмыс істеу механизмі мен та-
биғатын негіздей келе, Фрейд
«сублимация» (орнын басу, айналу)
ұғымын
пайдаланып, сексуалдық әуестік әлеуметтік тұрғыда неғұрлым құндырақ
шығармашылық энергияға айналуы мүмкін екендігін алға тартады. Соңғы
жұмыстарында ол «либидо» ұғымымен сексуалдық әуестікті ғана емес,
сондай-ақ, адам сүйіспеншілігінің, соның ішінде достық пен ата-аналық ма-
хаббат аясын да қамтиды.
Фрейд бірдей әуестіктер жан күйзелісін тудырып, «адам
рухының
мәдени, кӛркем және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға қатысады,
олардың қосатын үлесін бағаламауға болмайды» деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: