құндылыққа айналады. «Абсурд» пен «бүлік» ұғымдарына Камю позитивті,
жасампаз, гуманистік мағына береді.
Еврей халқының танымал діни философ-экзистенциалисі
Мартин
Бубер (1878-1965жж.) ӛзінің ұзақ ғұмырында кӛптеген кітаптар жазған:
«МЕН және СЕН», «Дін және философия», «Хасид кітаптары», «Адам
мәселесі», «Пайғамбарлық, Басы және Аяғы», «Утопияға апаратын
жолдар» және т.б.
Бубер «Мен» және «Сен» ұғымдарының қатынасын ӛзара қатыстылық
ретінде сипаттайды: «Сен»
маған әсер еткендей, «Мен» де оған әсер етеді.
Бубердің пікірі бойынша, бұл қатынас ӛзімен аспан асты кеңістікті
толтырады. Әрине, «бұл одан басқа ешнәрсе болмайтындығын білдірмейді,
бірақ қалғанының барлығы «Мен-Сен» қатынастары аясында тіршілік етеді.
Адам баласында ӛзіне
таңдауға және таңдаулы болуға, азап шегуге және
әрекет етуге мүмкіндік беретін «Мен-Сен» қатынастарының екіжақтылығы
неғұрлым күштірек кӛрініс тапса, соғұрлым кӛбірек дәрежеде жеке тұлға
бола алады. Ӛз ішкі дүниесінде қамалып,
басқалар мен Құдайдан
оқшауланған тұлға бұзылмайды, себебі ол, мәселен, «дүниелік нәрселерді
иемдену аясына қарай бет бұрған кезде», ӛз «Мен»-дігінен айырылмайды, ол
бар нәрсені «Сенен» кӛруден
бас тартып, Құдаймен кӛрісетіндігін жоққа
шығарады.
11.3. Философиялық герменевтика, постмодернизм, структурализм
және постструктурализм (Х.-Г.Гадамер, К. Леви-Строс, М.П. Фуко, Ж.
Деррида, Ж. Лакан және т.б.)
Герменевтика атауы Құдайлардың әмірін адамдарға түсіндіріп,
адамдардың тілек-дұғаларын Құдайларға жеткізетін
грек Құдайы Герместің
атынан бастау алады. Герменевтика дәстүрлері ортағасырлық экзегетикада
інжіл мәтіндерін байымдау барысында қалыптастырылған. Олар ӛздерінің
түсіндірілуіне септігін тигізіп, мәтіндерді бір дәуір тілінен басқа дәуір тіліне
аудару барысында негізге алынды.
Ӛткен ғасырдан бастап бұл сӛз рухани мәдениет феномендерінің
алғышарттары, ұғыну және мағынасын түсіну процестерінің мүмкіндіктері
мен ерекшеліктері («істің мәні») туралы философиялық ілімді білдіреді.
Философиялық герменевтика Ф.Шлейермахер, М.Хайдеггер, әсіресе
ХХ ғасыр герменевтикасының классигі – Х.-Г.Гадамердің
жұмыстарының
арқасында ғылыми-зерттеудің ерекше саласы ретінде қалыптасты. Олардың
зерттеулері
адамның
мінез-құлығы
мен
әрекеттерін,
іс-әрекетті
ұйымдастырудың ойын тәсілдерін, коммуникативтік байланыстар мен
қатынастар
типологиясын құруды, жалпы әлеуметтік-мәдени шындықты
ғылыми үлгілеу мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: