Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет201/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   217
философия хасанов

Арнольд Дж. Тойнби (1889-1997 жж.) ХХ ғасыр тарихында болған ірі 
философтардың бірі, ол мәдениеттер мен ӛркениеттердің генезисіне, дамуы 
мен құлдырауына арналған он екі томдық іргелі «A Study of History» 
еңбегінің авторы. Ол ӛзіне дүниежүзілік тарихтың ӛркениетті тудыруға да, 
оны ыдыратуға да қабілетті ықпал етуші күштерін ұғыну міндетін қояды. 
Ӛркениеттердің мәңгілік еместігі ХХ ғасырдың басында-ақ күмән тудырған 
жоқ. Тойнби ӛз зерттеуін тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның 
түсінуіне тұрарлық) тақырыптық ӛрісін анықтау әрекеттерінен бастайды, 
содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана алмайтындығы туралы 
тұжырымға келеді. Англияның тарихи жолын қарастыра келе, Тойнби 
мемлекеттің ұлттық тарихының кӛптеген оқиғалары Англияның мыңдаған 
әлеуметтік-мәдени байланыстары бар елдердің тарихынан бӛлек ұғынуға 
келмейтіндігін кӛрсетеді. Бұл тарихшы үшін талдаудың қарапайым бірлігі 


ретінде Англия мен оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері 
ретінде кіре алатындай неғұрлым жоғары дәрежелі жалпылық мән болуы 
керектігін білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «ӛркениет» ретінде, ал нақтырақ 
айтқанда – «христиандық Батыс ӛркениеті» немесе жай «батыс ӛркениеті» 
деп анықтайды.
Ӛркениеттер генезисінің үш негізгі құраушылары ретінде, Тойнбиге 
сүйенсек, әмбебап мемлекет, ғаламдық шіркеу және тайпалардың 
қозғалысы болып табылады. Бұл құраушылардың болуы ӛркениеттің 
болғандығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Дегенмен, ӛркениеттер 
ӛздігінен пайда бола алмайды; оның дамуы басталуы үшін, ерекше тарихи 
жағдай қажет етіледі. Осы тәрізді жағдайды Тойнби «Үндеу-және-Жауап» 
жағдайы түрінде белгілейді. Ал ӛркениет генезисінің барлық үш негізгі 
құраушысы бола тұра, Үндеу болмаған жағдайда, Жауап та болмайды, бұл 
ӛркениеттің де болмайтынын білдіреді. 
Тарихи процестің барысын қарастыра келе, П.Сорокин тарихи 
процесті талдау шын мәнісінде сол қоғамның әлеуметтік ӛмірін талдау 
екендігіне баса назар аударады. Тарих – статистикалық деректерді бӛлек 
жинастыру емес, бұл динамикалық процесс. Климат, географиялық жағдай 
және т.б. тұрақты физикалық жағдайлардың мәліметтері шегінде, тарихи 
ӛзгерістердің барысына ықпал ете алатын аса маңызды, тіпті жалғыз деуге 
тұрарлық бір фактор ретінде қоғам мүшелерінің мінез-құлықтарының басым 
қырларын анықтайтын мәдени жүйенің тұрақтылығы немесе керісінше, оның 
құлдырауы саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет