бойына қалған болса, жаңа ақпараттық технологиялар бүкіл
ғаламшар
кеңістігін лезде қамтап алады.
М.Кастельс ақпараттық-технологиялық революцияда ӛнертапқыштар,
кәсіпкерлер, қаржылық корпорациялар мен мемлекет арасындағы байла-
нысты талдайды. Ол (АҚШ-тан бастап Қытай мен Үндістанға дейін мысалдар
негізінде) бүкіл әлемде мемлекет (ӛнертапқыш емес)
осы революцияның
бастамашысы әрі негізгі ынталандырушысы, әлеуметтік және мәдени
күштерді
білдіріп ұйымдастырушы, үлкен және қорғалған нарықтардың
дамуына септігін тигізетін, макрозерттеу
бағдарламаларын қаржылан-
дырушы фактор болып саналғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар,
орталықсыздандырылған инновациялар технологиялық белсенділік мәдение-
тімен және жедел жеке табыс үлгілерінің рӛлімен ынталандырылады.
Ақпараттық қоғамның басқа бір негізгі тұсы Кастельс бойынша, оның
базалық құрылымының желілік логикасы болып табылады. Ол ақпараттық
дәуірдің әлеуметтік құрылымын
желілік қоғам деп атайды, себебі ол уақыт
пен кеңістікті кесіп ӛтетін ғаламдық ағындағы виртуалдық мәдениетті
қалыптастыратын
ӛндірістің,
билік
пен
тәжірибенің
желілерімен
құрастырылған.
Оның пікірі бойынша, жаңа ақпараттық қоғам ӛндірістік
қатынастарда, билік пен тәжірибе қатынастарында құрылымдық қайта
құрылу байқалған кезде (және байқалатын болса), пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: