Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 «Білім философиясы» пәні



Pdf көрінісі
бет208/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   217
философия хасанов

13.2. «Білім философиясы» пәні 
Білім философиясының білім мен философия арақатынасы туралы 
негізгі сұрағына берілетін жауап оның қалған барлық міндеттерінің қойылуы 
мен шешілуінің тәсілін алдын ала белгілейді. Бұл жауаптың, ӛз кезегінде
аталған қатынасты философия мен білімнің ӛздері қалай анықтайтындығына 
байланысты болары анық. Алғаш рет Гегель ұғынған философия тарихы 
дамуының қажетті нәтижесі тұрғысынан, философия ӛз пәнінің логикалық 
ғылымы немесе ақиқатты танудың жүйелі әдісі, ұғымның ұғымы. Осы 
тұрғыдан қарағанда, білім философиясы білім ұғымы мәселесі мен білім беру 
процесінің сатыларын ажырату мәселесін шешуде септігін тигізуі керек. Бұл 
мәселелердің шешілуі білім берудің жалпы стратегиясының теориялық 
әзірленуіне және оның барлық ерекше формаларындағы тәжірибелік-
педагогикалық қызмет тактикасына нақты әсер етуі тиіс.
Ватикан мұражайында Рафаэльдің «Афин мектебі» деп аталатын 
фрескасы бар. Онда Платон мен Аристотельдің мүсіндері осы ғалымдардың 
білімге деген кӛзқарасындағы айырмашылықты кӛрсетеді. Платон сұқ 


саусағымен аспанды кӛрсетсе, Аристотель жерді кӛрсетеді. Осы фресканың 
идеясы оның кейіпкерлерінің философияларына сәйкес келеді, Аристотель 
нақтылықтан жауап іздесе, Платон мінсіз мұратқа ұмтылған. Байқасаңыз, 
бүгінде білім беру саласының қызметкерлері алдында Рафаэльдің 
символикалық түрде кӛрсеткен мәселесі тұрғандай. Осы тұста біз 
Аристотельдің қимылына еруіміз керек пе, әлде Платонның ба? 
Қазіргі білім беру жүйесі ӛзінің негізгі сипатында белгілі бір 
философиялық және педагогикалық идеялардың ықпалымен қалыптасты. 
Олар XVIII ғасырдың аяғында – XIX ғасырдың басында Коменский, 
Песталоцци, Фребель және кейін Гербарт, Дистервег, Дьюи және т.б. 
қалыптастырылған, олардың жалпы жиынтығы білім берудің аталмыш 
«классикалық» жүйесін немесе үлгісін (мектептерін) құрайды. Бұл үлгі екі 
ғасыр бойына эволюциялануына қарамастан, ӛзінің негізгі сипаттамаларында 
ол ӛзгеріссіз қалды.
Философия ӛзінің әуел баста пайда болған сәтінен бастап бүгінгі күнге 
дейін білім беру жүйесінің тіршілігін ұғынып қана қоймай, жаңа 
құндылықтар мен білім шектерін қалыптастыруға ұмтылды. Осы орайда 
адамзат ӛзінің білімнің мәдени-тарихи құндылығын ұғынуымен қарыздар 
болған Платон, Аристотель, Августин, Руссо сияқты ойшылдардың аттарын 
еске салып кетуге болады. Тіпті философиялық ой тарихындағы тұтас бір 
кезең ӛзін Ағарту дәуірі деп атаған. XIX ғасырдағы неміс философиясы Кант, 
Шлейермахер, Гегель, Гумбольдт тарапынан тұлға мен оның ӛзіндік сана 
сезімінің гуманистік білім алу идеясын ұсынып, оны негіздеді және мектеп 
пен университеттік білім беру жүйелерін қайта құрудың жолдарын ұсынды. 
ХХ ғасырда да ірі ойшылдар білім беру мәселелері туралы толғанып, жаңа 
білім беретін институттардың жобаларын ұсынған. Бұл орайда В.Дильтей, 
М.Бубер, К. Ясперс, Д.Н. Уайтхед аттарын атаса да жеткілікті. Олардан 
қалған мұра – білім философиясының алтын қоры. 
Білім беру мәселелері философиялық тұжырымдамаларда әрқашан 
маңызды орын алатындығына қарамастан, білім философиясынерекше 
зерттеу бағыты ретінде бӛліп кӛрсету ХХ ғасырдың 40-жылдарында 
басталған. Колумбия университетінде (АҚШ) жаңа қоғам құрылады, оның 
мақсаты – білім берудің философиялық мәселелерін зерттеу, педагогика 
философтары мен теоретиктері арасында ынтымақтастықты орнату, 
колледждер мен университеттерде білім беру философиясы бойынша оқу 
курстарын, осы мамандық бойынша кадрлар дайындау, білім беру 
бағдарламаларын философиялық сараптамадан ӛткізу. Білім беру фило-
софиясы барлық батыс еуропалық елдерде философияны оқытуда маңызды 
орын алады.
Білім философиясының білім мен философия арақатынасы туралы 
негізгі сұрағына берілетін жауап оның қалған барлық міндеттерінің қойылуы 
мен шешілуінің тәсілін алдын ала белгілейді. Бұл жауаптың, ӛз кезегінде, 
аталған қатынасты философия мен білімнің ӛздері қалай анықтайтындығына 
байланысты болары анық. Алғаш рет Гегель ұғынған философия тарихы 
дамуының қажетті нәтижесі тұрғысынан, философия ӛз пәнінің логикалық 


ғылымы немесе ақиқатты танудың жүйелі әдісі, ұғымның ұғымы. Осы 
тұрғыдан қарағанда, білім философиясы білім ұғымы мәселесі мен білім беру 
процесінің сатыларын ажырату мәселесін шешуде септігін тигізуі керек. Бұл 
мәселелердің шешілуі білім берудің жалпы стратегиясының теориялық 
әзірленуіне және оның барлық ерекше формаларындағы тәжірибелік-
педагогикалық қызмет тактикасына нақты әсер етуі тиіс. 
Білім берудің ӛзімізге таныс дәстүрлі үлгісі әркез дерлік мәдениеттің, 
бұл жағдайда, әдетте, сол қоғам мен мемлекетте белгілі бір уақытта үстемдік 
жүргізетін дара мәдениеттің қарапайым трансляциясы түрінде беріледі. 
Мұндай білім берудің негізгі мәні оқушылардың адамзаттың түрлі салаларда 
жинақтаған білім жиынтығын, ал кӛбіне әлеуметтік-экономикалық 
институттар мен кешендерге қосылуға дайын маманды дайындау мақсатында 
бӛлек-бӛлек білімдерді қарапайым меңгеру ретінде ұғылатын оқыту болып 
табылады.
Бұл жағдайда «білім алушылардың» санасына арнайы бӛлінген және 
сәйкесінше ӛңделген мәдени материалды салу мүмкін әрі жеткілікті болып 
саналады, ал бұл жердегі алуан түрлілік пен жан-жақтылық ең кӛп дегенде, 
«білікті маманды» дайындауда маңызы шамалы фонға айналмақ. Әрине, 
мұндай білім беру-оқытуда адам білім беру процесінің субъекті болмағаны 
былай тұрсын, ол тіптен жеке тұлға, персона ретінде мүлдем 
қарастырылмайды; ол бұл жерде небары білім беру объекті ғана. Осы аталған 
принципті қағидаларға білім беру қызметінің дәстүрлі формалары: сабақ, 
сұрақ, жауап; дәріс, тапсырма, семинарлар да барабар келетіндігі баршаға 
мәлім. Бұл жерде ол мазмұны мен формасы бойынша ӛктемшіл әрі 
тоталитарлы, білім беру мазмұнының ӛктемшілдігі білім беру жүйелері мен 
кешендеріндегі барлық қалған нәрселерді алдын ала белгілейтін негізгі сәт 
болып табылады. Онда ӛз тағдырын ӛзі шешу, ӛз бейнесін табу, осы 
дүниедегі ӛз ӛмірін ұғынуға қатысты еш ұстаным жоқ. Басқаша айтқанда, 
мұндай білім беру-оқыту адамды қалыптастыру процесі ретінде ұғылатын 
білім беру болып саналмайды.
Қазіргі мәдени жағдай кез келген ӛркениетті қоғамның дамуын 
қамтамасыз ету мағынасында бүгінде дәрменсіз болып қалатын дәстүрлі 
білім беру парадигмаларын түбегейлі қайта қарастыруды талап етеді. ХХ 
ғасырдың басында-ақ Ф.Ницше, З.Фрейд, О,Шпенглер және бірқатар басқа 
да атақты ойшылдар еуропалық мәдениеттің адам баласына қас екендігін 
және оның қайткенде де ойсырап талқандалатындығын баса кӛрсеткен, бұл 
кейінірек осы ғасырда орын алған кӛптеген оқиғалар легімен үзілді-кесілді 
дәлелденді.
Қазіргі кезде біз адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында кез 
келген тоталитарлық пен ӛктемшіліктің талқандалуының кӛбеюін бақылай 
аламыз, бұл әсіресе соңғы онжылдықта кеңестік және посткеңестік кеңістікте 
ерекше айқын кӛрініс тапты. Бұл процесс, әрине, қоғам ӛмірінің аясын 
белгілейтін білім беру сияқты саланың үйреншікті мазмұны мен формаларын 
мүлдем қолайсыз ету арқылы оған үлкен әсер етті.


Қазірдің ӛзінде әлем кӛпполярлы әрі кӛпмәдениетті болып келеді, ал 
бүгінгі білім алудың озық процесі оның ізгіленуі мен гуманитарлануы, 
сұхбаттылығы мен жобалылығы болып табылады. Осы орайда білім алу мен 
оқыту – мүлдем бӛлек дүниелер екендігін және білім алу жай ғана 
трансляциялауға айналмауы қажет екендігін ұғыну орын алған тәрізді, 
Дегенмен, бүгінде білім беру технологиялары мен әдіснамасы, тіпті білім 
беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары ӛзгеріп келеді, бірақ білім берудің 
мәні мүлдем ӛзгеріссіз қалуда, себебі бұл тұрғыдан басты діліміз ӛзгермей 
отыр. Бұрынғыдай білім беру мәдениетті, иә одан да бетер қайсыбір дара 
мәдениетті жай трансляциялау ғана еместігі ұғынылмай отыр. Ал ӛзінің 
қастылығын, адамға қатысты жазалағыштығын айқындаған, күйреуге 
ұшыраған мәдениетті трансляциялау ақылға қонымсыз екендігі анық. Ал бұл 
білім берудің мәні, мақсаттары мен құндылықтары ӛзгеруі тиіс екендігін 
білдіреді.
Адамның, оның руханилығының қалыптасуын, жасампаздығын, ӛзін-
ӛзі қалыптастыруын, тұлғаға айналуын меңзей келе, «білім алу=оқыту» 
парадигмасының «білім алу=қалыптасу» парадигмасына ауысуы туралы 
айтқан дұрыс. Білім беру қай тұрғыдан алғанда да, адамның, қоғам мен 
жалпы ӛркениеттің ілгері дамуына қызмет етуі тиіс, себебі біз білім берудің 
мәдениетті трансляциялауын қойып, адамды мәдениеттегі ӛз орнын тезірек 
табуға, ӛз суб-мәдениеттік кеңістігін толтыруға үйретуі қажет екендігі 
туралы айтып отырмыз, жаңа білім беру саласында философия мүлде басқа 
мәртебе мен мәнге ие болуы тиіс. Білімді адам ғана жоғары деңгейлі маман 
бола алады, сондықтан жаңартылған білім беруді жеке тұлға үшін де, кез 
келген мемлекет үшін де, стратегиялық тұрғыдан ең тиімді инвестициялық 
сала ретінде қарастыру керек. 
Әрине, білім беру мәнінің осылайша ӛзгеруі білім беру қызметінің 
қолданылатын формалары мен білім беру кеңістіктері түрлерінің барабар 
ӛзгеруіне алып келеді. Осының барлығы дәстүрлі білім беруге үйреншікті 
мінсіз мұраттар мен нормаларды, соның ішінде жалпыадами құндылықтар 
қатарындағы нормаларды да қайта қарастырып, қайта бағалау қажеттігі 
туралы мәселені алдыңғы шепке шығарады. Қалай болғанда да, олардың кӛбі 
қайтадан түсіндіріліп, шынайы болмыстың ӛзгерген параметрлеріне 
бейімделуі тиіс. 
Білім берудің қоғам ӛміріндегі орны кӛбіне адамдардың білімі, 
тәжірибесі, білігі мен дағдылары, кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту 
мүмкіндігі қоғамдық дамуда атқаратын рӛліне қарай анықталады. Бұл рӛл 
ХХ ғасырдың екінші жартысында арта түсе, оның соңғы онжылдықтарында 
түбегейлі ӛзгереді. Ақпараттық революция мен қоғамдық құрылыстың жаңа 
түрін – ақпараттық қоғамды қалыптастыру ақпарат пен білімді әлеуметтік 
және экономикалық дамудың алдыңғы шебіне шығарады. Білім беру 
саласындағы ӛзгерістер әлемдік қауымдастықтың әлеуметтік-саяси және 
экономикалық ӛмірінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Дәл 
осы тұрғыдан, әлемдік білім берудің негізгі процестерін бӛліп кӛрсетіп, 
оларға талдау жасап кӛрейік.


Бүгінгі ӛркениет ӛз дамуының түбегейлі жаңа ақпараттық (постин-
дустриялық) сатысына аяқ басты, бүгінде озық әлемдік процесс Жер 
бетіндегі әлеуметтік және мәдени процестердің жаһандануын мойындап 
отыр. Дегенмен жаһандану оңтайлы тұстарымен қатар, бірқатар күрделі 
ғаламдық мәселелерді, атап айтсақ, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық 
және рухани-адамгершілік мәселелерді тудырды. 1992 ж. Рио-де-Жанейрода 
БҰҰ конференциясында қабылданған қазіргі ӛркениеттің тұрақты даму 
стратегиясына сәйкес, ХХІ ғасырдың болашағынан озып түсетін жаңа білім 
беру тұжырымдамасы қажет. ЮНЕСКО-ның «ХХІ ғасырға арналған ашық 
білім беру жүйесі» бағдарламасында жастар алдында ӛмірлік маңызы бар 
міндеттер қойылды: тіршілік етуге, білім алуға, жұмыс істеуге, бірге ӛмір 
сүруге үйрену. 
Қазіргі білім берудің процестерін талдай келе, бір жағынан, бір-біріне 
қарсы тұратын, ал екінші жағынан – бір-бірімен ӛзара байланысып, 
толықтыратын екі ғаламдық процесті бӛліп кӛрсетуге болады. Бұл процестер 
– білім беруді диверсификациялау және интернационалдандыру
Диверсификация жаңа білім беру мекемелерін ұйымдастырумен, қоғамдық 
мекемелерге білім беру функциясын тапсырумен, оқытудың жаңа 
бағыттарын, 
жаңа 
курстар 
мен 
пәндер 
енгізумен, 
пәнаралық 
бағдарламаларды құрумен байланысты. Оқушыларды қабылдау шарасы, 
оқыту әдістері мен тәсілдері ӛзгереді. Білім беруді басқару жүйесі, оқу 
орындарының құрылымы мен оларды қаржыландыру тәртібі қайта құралады.
Білім беруді интернационалдандыру, керісінше, ұлттық жүйелерді 
жақындастыруға, оларда ортақ әмбебап концептілер мен құраушыларды, 
ұлттық мәдениеттердің алуан түрлігінің негізін құрап, олардың бірін-бірі 
байытуына септігін тигізетін ортақ негіздерді тауып дамытуға бағытталады. 
Білім беруді диверсификациялау мен интернационалдандыру бір-біріне 
қарсы тұрмайды, керісінше, бірін-бірі толықтырып, білім берудің дамуын 
анықтайды және жоғары стандарттарға жетуде ӛз үлесін қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет