10. Бауыр сорғыштардың аналық жыныс жүйесі ... тұрады.
A) сары уыз безі, оотип, жатын, шағылысу мүшесінен;
B) жұмыртқа безі, оотип, жатын, жұмыртқа безінен;
C) лаурер өзегінен;
D) жұмыртқа безі, сары уыз безі, оотип, жатын жəне қынаптан;
E) жұмыртқа безі, сары уыз безі, оотип, ұрық қапшығы, ұрық жолы,
жатыннан.
11. Бауыр сорғыштың асқорыту жүйесінің құрылысы ...
A) ауыз тесігі, жұтқыншақ, тұйық бітетін тарамдалған ішек;
B) ауыз тесігі, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі;
C) ауыз тесігі, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішек, артқы
ішек, аналь тесігі;
D) ауыз тесігі, өңеш, бауыр, қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі;
E) ауыз тесігі, асқорыту вакуольдері.
12. Сорғыш құрттарға тəн ерекшеліктер:
A) билатериалды симметриялы жануарлар;
59
B) паренхиматозды жануарлар;
C) үш қабатты жануарлар;
D) сəулелі симметриялы жануарлар;
E) целомды жануарлар;
F) бірклеткалы жануарлар;
G) екі қабатты жануарлар;
H) төрт қабатты жануарлар.
13. Паразиттік тіршілік ететін жалпақ құрттар:
A) бауыр сорғыш;
B) шошқа солитері;
C) сиыр солитері;
D) ришта;
E) балалар острицасы;
F) Банкрофт жіпшесі;
G) адам аскаридасы;
H) трихинелла.
14. Паразиттік тіршілік ететін сорғыштар:
A) бауыр сорғыш;
B) ланцеттəрізді сорғыш;
C) қан қосезуі;
D) шошқа солитері;
E) сиыр солитері;
F) Банкрофт жіпшесі;
G) адам аскаридасы;
H) трихинелла.
15. Паразиттік тіршілік ететін таспа құрттар:
A) шошқа солитері;
B) сиыр солитері;
C) эхинококк;
D) бауыр сорғыш;
E) ланцеттəрізді сорғыш;
F) Банкрофт жіпшесі;
G) адам аскаридасы;
H) трихинелла.
16. Шошқа солитеріне тəн ерекшеліктер:
A) билатериалды симметриялы жануарлар;
B) эндопаразиттер;
C) денесі сколекс, мойын жəне стробила бөлімдерінен тұратын жа нуа р -
лар;
D) сəулелі симметриялы жануарлар;
60
E) алғашқы қуысты жануарлар;
F) денесі бас, тұлға жəне аяқ бөлімдерінен тұратын жануарлар;
G) денесінің алдыңғы жəне артқы бөлімдерінде сорғыштары дамыған
жануарлар;
H) денесі бас, кеуде жəне құрсақ бөлімдерінен тұратын жануарлар.
Достарыңызбен бөлісу: |