Б. Е. Есжанов Са ты бал диева Г.Қ. жəне т б


Олигохеттерге тəн ерекшеліктер



Pdf көрінісі
бет48/81
Дата28.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481831
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
Омыртқасыздар зоологиясы

25. Олигохеттерге тəн ерекшеліктер:
A) билатериалды симметриялы жануарлар; 
B) еркін тіршілік ететін жануарлар;


C) целом қуысты жануарлар; 
D) сəулелі симметриялы жануарлар;
E) алғашқы қуысты жануарлар;
F) эктопаразиттер;
G) эндопаразиттер; 
H) денесі бас, кеуде жəне құрсақ бөлімдерінен тұратын жануарлар.
26. Буылтық құрттар типінің өкілдері:
A) жауын құрты;
B) құмқазар;
C) медициналық сүлік;
D) өгіз солитері;
E) эхинококк;
F) адам аскаридасы; 
G) трихинелла;
H) балалар острицасы.


85
№10 зертханалық жұмыс
ШАЯНТƏРІЗДІЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: қоршаған ортасына жəне тіршілік сипатына бай-
ланысты буылтық құрттардың морфологиялық жəне анатомиялық 
ерекшелігімен танысу.
Патшалық:
Zoa немесе Animalia 

Жануарлар
Патшалық тармағы: 
Metazoa 

Kөпклеткалылар
Бөлім үсті:
Eumetazoa 

Нағыз көпклеткалылар 
Бөлім:
Bilateria 

Екі жақты симметриялылар
Тип:
 
 
Arthropoda 

Буынаяқтылар 
Тип тармағы:
 
Branchiata 

Желбезекпен 
тынысалушылар 
Класс:
Crustacea 

Шаянтəрізділер 
Класс тармағы:
Malacostraca 

Жоғары сатыдағы шаяндар
Отряд:
 
Decapoda 

Онаяқтылар
Түр:
Astacus astacus 

Өзен шаяны 
Материалдар жəне құралдар:
 
1. Фиксацияланған (алдын ала суда жібітілген) өзен шаяны.
2. Лупалар.
3. Союға арналған арнаулы ыдыстар.
4. Таза қағаз беттері.
5. Қайшылар, пинцеттер, ажыратқыш инелер.
6. Кеңсе желімдегіш, инелер, жіптер, тушь.
7. Стакандағы су.
Теориялық бөлімі: Буынаяқтылар типіне тepi жабыны тығыз 
хитинді жəне буындалған аяқтары бар, денесі сегменттелген жа-
нуарлар жатады. Бұл Жер жүзінде кеңінен таралған, алуан түрлі 


86
əpi сандық көрсеткіші өте жоғары жануарлар тобы. Қазіргі кезде
1 млн-нан астам түpi белгілі. Буынаяқтылар типіне шаянтəрізділер, 
өрмекшітəрізділер, көпаяқтылар жəне насекомдар жатады.
Шаянтəрізділер, негізінен, тұщы суқоймаларында, теңіз-
дерде кең тараған. Шаянтəрізділердің қазіргі кезде шамамен 
40 мыңға жуық түрі белгілі, олар бентоста, планктонда, құрлықта 
жəне басқа жануарлардың организмінде паразиттік тіршілік 
етеді. Шаянтəрізділердің денесі баскеуде жəне құрсақ бөлімінен 
тұрады (42 
– 
46-сурет).
42-сурет. Аталық өзен шаяны 
аяқтарының құрылысы: 
1 – антеннула; 2 – антенна; 
3 – мандибула; 4 – максилла 
І; 5 – максилла 
ІІ; 6 – 8 – жақаяқтары; 
9 – 13 жүргіш аяқтары; 
14, 15 – копулятивті аппараты; 
16 – 18 – қосбұтақты құрсақ 
аяқтары; 
19 – уропода


87
43-сурет. Аналық өзен 
шаянының ішкі құрылысы:
1 – көз; 2 – қарын; 3 –асқорыту 
безі (бауыр); 4 – құрсақтың 
жоғарғы артериясы; 5 – жүрек; 
6 – алдыңғы артерия; 
7 – желбезектері; 
8 – жұмыртқа безі; 9 – құрсақ 
нерв тізбегі; 10 – құрсақ 
бұлшықеттері; 
11 – антеннулалары; 
12 – антенналары; 
13 – артқы ішек
1-тапсырма:
1. Өзен шаянының сыртқы құрылысымен танысу үшін 
дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдерінде орналасқан 
аяқтарының құрылысын қарап, оларды сипаттау. 
2. Өзен шаянының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып
оларды ретімен орналастырып, суретін салу. 
3. Өзен шаянын сойып, ішкi мүшелерін қарау. 
4. Оның бұлшықет, асқорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, 
зəр шығару, жүйке жүйелерін көріп, оларды белгілеп, 
сойылған өзен шаянының суретін салу.
44-сурет. Өзен шаянының 
қан айналу жүйесі 
(бүйірінен көрінісі): 
1 – жүрек; 2 – остия; 
3 – перикардия; 4 – көз 
артериясы; 5 – антенналды 
артерия; 6 – құрсақ вена 
синусы; 7 – желбезек қан 
тамырлары; 8 – кеуде 
артериясы; 9 – жоғарғы 
құрсақ артериясы; 
10 – желбезек-жүрек қан 
тамырлары


88
45-сурет. Өзен шаянының
асқорыту жүйесі:
1 – қарын; 2 – қарынның 
пилорикалық бөлімі; 
3 – ортаңғы ішектің дорсал-
ды өсіндісі; 4 – ортаңғы ішек; 
5 – ортаңғы ішекті артқы 
ішектен бөліп тұрған білік; 
6 – артқы ішек; 7 – бау-
ыр өзегі; 8-9 – қарынның 
қабырғасындағы өсінділер
46-сурет. Өзен шаянының асқорыту жүйесінің 
негізгі орналасқан бөлімдері (көлденең кесіндісі): 
1 – өңеш; 2 – қарынның кардиалды бөлімі; 
3 – қарынның алдыңғы бұлшықеттері; 
4 – қарынның ортадағы тісшелері;
5 – қарынның пилорикалық бөлімі; 
6 – қарынның артқы бөлімдері; 
7 – ортаңғы ішектің дорсалды өсіндісі; 
8 – артқы ішек; 9 – бауыр өзегі


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет