107
60-сурет. Сорғыш ауыз аппараты
(көбелек):
1 – бас капсуласы; 2 – антенналар;
3 – күрделі көздері; 4 – бас қалқаны;
5 – жоғарғы ерін; 6 – сорғыш түтік;
7 – дисталды түтіктің ұшы;
8 – нашар дамыған максиллярлы
қармалауыштар; 9 – төменгі ерін;
10 – жақсы жетілген үшбуынды
төменгі ерін қармалауышы
1-тапсырма:
1. Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін –
бас, кеуде, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау.
2. Қарапайым жəне арнайы ауыз аппаратының құрылысын
көріп, суретін салу.
3. Насекомдардың əртүрлі
типті аяқтарының құрылысын
қарап, бөлімдерге бөлшектеу жəне мəн
бере отырып
суре тін салу.
4. Əртүрлі
қанаттарды қарап, жүйкелену
ерекшеліктеріне
көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу.
5.
Насекомдарды сойып, iшкi мүшелер жүйесін көріп, мəн
бере отырып, суретін салу.
2-тапсырма (ауызша):
Сұрақтар:
1. Насекомдардың бас бөлімінің құрылысы қандай?
2. Ауыз аппараттарының қандай түрлері кездеседі жəне ол
неге байла-
нысты?
3. Насекомдардың аяқтарының алуантүрлілігі неге байланысты жəне
олар қандай?
4. Насекомдардың қанаттарының қандай түрлері бар жəне мұндай алуан-
түрлілік неге байланысты?
5. Насекомдардың ішегі неше бөліктен тұрады жəне
олардың атқаратын
қызметтері?
6. Жүрегіндегі қанның қозғалысы қалай іске асады?
108
7. Насекомдардың трахеялары қандай қызмет атқарады?
8. Судағы жəне құрлықтағы насекомдардың тыныс алуы қалай жүреді?
9. Насекомдардың зəр-жыныс жүйесіндегі ерекшеліктер?
10. Қоғамдасып тіршілік ететін насекомдардың күрделі
мінез-құлқын
қалай түсіндіруге болады?
Достарыңызбен бөлісу: