Б. Е. Есжанов Са ты бал диева Г.Қ. жəне т б


Грегариналардың эпимерит бөлімі қандай қызмет атқарады?



Pdf көрінісі
бет16/81
Дата28.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481831
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Омыртқасыздар зоологиясы

9. Грегариналардың эпимерит бөлімі қандай қызмет атқарады?
A) қоректену;
B) зəр шығару;
C) қорғау;
D) тіркелу;
E) тыныс алу.
10. Споралылар класының өкілдері:
A) дизентериялық амеба;
B) лейшмания; 
C) грегарина;
D) безгек плазмодиясы;
E) опалина;
F) трипаносома;
G) лямблия;
H) кокцидия.


29
№4 зертханалық жұмыс
 КІРПІКШЕЛІЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: инфузориялардың құрылысының құрылымдық 
ерек шелігімен кебісшелі инфузория арқылы танысу.
Патшалық: 
Zoa немесе Animalia 

Жануарлар
Патшалық тармағы: Protozoa 

Қарапайымдылар
Тип: 
Ciliophora 

Кірпікшелілер 
Класс: 
Ciliata 

Кірпікшелі инфузориялар 
Отряд: 
Holotricha 

Тең кірпікшелілер 
Отряд тармағы: 
Hymenostomatida 

Химностоматидалар
Түр: 
Paramecium caudatum 

Кебісшелі инфузория
Материалдар жəне құралдар: 
1. Кебісшелі инфузорияның культурасы.
2. Микроскоптар. 
3. Инелер, пипеткалар, сүрткіш дəкелер, сүзгіш қағаз жолақ-
тары, мақта үзіндісі, заттық жəне жабынды шынылар.
4. Сірке қышқылының ерітіндісі, метилен көк, қара сия, йод 
ерітіндісі.
Теориялық бөлімі: Кірпікшелі инфузориялар 
– 
теңіздер мен 
тұщы суларда еркін тіршілік ететін қарапайымдылар. Жануар -
лардың симбионттары жəне паразиттері де кездеседі. Кірпік шелі-
лердің денесін кірпікшелер қаптап тұрады (13-сурет). Күрделі 
жүйелі, жоғары құрылымды қарапайымдылар.
1-тапсырма:
1. Уақытша препараттардан кебісшелі инфузорияны тауып
сыртқы жəне ішкі құрылысымен танысу.


30
2. Цитоплазмадағы органоидтарымен танысу. Олардың қоз-
ғалу, қоректену, осмос қысымын реттейтін процестерін көру. 
3. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарап, кебісшелі 
инфузория құрылысының суретін салу.
13-сурет. Кебісшелі инфузория – Paramaecium caudatum:
1 – кірпікшелер; 2 – цитоплазма; 3 – макронуклеус; 
4 – микронуклеус; 5 – пелликула; 6 – жиырылғыш вакуоль; 
7 – асқорыту вакуолі; 8 – ауыз тесігі; 9 – қылаулатқыш; 
10 – трихоцисталар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет