Б. Е. Есжанов Са ты бал диева Г.Қ. жəне т б


Инфузориялардың жынысты көбею жолы



Pdf көрінісі
бет19/81
Дата28.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481831
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Омыртқасыздар зоологиясы

9. Инфузориялардың жынысты көбею жолы:
A) копуляция; 
B) конъюгация; 
C) оогамия; 
D) изогамия;
E) анизогамия. 
10. Конъюгацияның коопуляциядан айырмашылығы неде?
A) екі гаметаның қосылуы;
B) екі клетканың қосылуы;
C) екі ядроның қосылуы;
D) екі сегменттің қосылуы;
E) екі жануардың бір-бірімен қосылуы.


34
№5 зертханалық жұмыс
ГУБКАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: губкалар құрылысының ерекшеліктерімен танысу.
Патшалық:
Zoa немесе Animalia 

Жануарлар
Патшалық тармағы:
Metazoa 

Kөпклеткалылар 
Бөлім үсті:
Parazoa 

Паразоа
Тип:
Spongia, Porifera 

Губкалар 
Класс:
Calcarea 

Ізбесті губкалар 
Отряд:
Heterocoela 

Гетероцела
Түр:
Sycon raphanus 

Сикон
Класс:
Demospongia 

Кəдімгі губкалар 
Отряд:
Cornacuspongida 

Кремнийлі мүйізді губкалар
Тұқымдас:
Spongillidae 

Спонгиллидалар
Түр:
Spongilla sp., Ephydatia sp. 

Бадяга
Spongia offi cinalis 

Мүйізді немесе моншалық губка
Тұқымдас:
Lubomirsciidae 

Лубомирскидалар
Түр:
Lubomirscia baicalensis 

Байкал губкасы
Материалдар жəне құралдар: 
1. Фиксацияланған теңіз жəне тұщы су губкалары – сикон 
губкасы, мүйізді губка, бадяга.
2. Микроскоптар, лупалар, шынылы таяқшалар. 
3. Петри табақшасы, инелер, заттық жəне жабынды шыны-
лар, пипеткалар.
4. Қаңқа элементтерінің, бадяга геммуласының микропрепа-
раттары. 
Теориялық бөлімі: Губкалар тұщы суларда, теңіздерде, су 
түбінде бекініп тіршілік ететін жануарлар. Дене пішіні цилиндр, 
бокал, шартəрізді. Губкалардың денесі екі қабат тан: эктодер-


35
ма жəне энтодермадан тұрады. Екі қабаттың аралы ғында мезо-
глея орналасқан. Дене қуысын парагастраль қуысы деп атай-
ды. Денесіндегі көптеген саңылаулар арқылы су парагастраль 
қуысынан өтіп оскулум арқылы сыртқа шығады. Эктодерма 
қабаты пинакоцит жəне пороцит клеткаларынан, ал эндодерма 
қабаты хоаноцит клеткаларынан құралған. Мезоглеяда колленцит, 
склеробласт, спонгиобласт, амебоцит жəне жыныс клеткалары ор-
наласады (14 

16-сурет).
14-сурет. Сикон. Парагастраль қуысымен 
ашылып көрсетілген губканың жалпы 
көрінісі:
1 – оскулум; 
2 – парагастральды қуыс; 
3 – талшықты қалташалар
15-сурет. Аскон құрылысты губканың 
дене қабырғасының кесіндісі:
1 – пинакоцит клеткасы; 2 – талшықты жағалы (хоаноцит) клеткасы; 
3 – жұмыртқа клеткасы; 4 – склеробласт клеткасы (ішінде түзілген 
спикула); 5 – саңылау; 6 – жұлдыз клеткасы


36
16-сурет. 1 – аскон; 2 – сикон; 3 – лейкон
1-тапсырма:
1. Губкалардың құрылысымен танысу. Аскон, сикон жəне 
лейкон құрылыстарының ерекшеліктерін анықтау. 
2. Тұрақты препараттардан губкалардың қаңқалары мен 
геммулаларын көріп, суретін салу. 
3. Эктодерма, энтодерма жəне мезоглеяда орналасқан клет-
каларды ажырата білу, суретін салу. 
2-тапсырма (ауызша):
Сұрақтар:
1. Құрылысының қандай ерекшеліктеріне қарай губкалар қарапайым 
көпклеткалыларға жатады?
2. Губкалардың морфологиялық типтерінің ерекшеліктері.
3. Губкалардың кластарға бөлінуі.
4. Губканың экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы жəне 
олардың функциялары.
5. Геммуланың құрылысы жəне биологиялық маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет