Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет39/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   98
 
3-тапсырмаТыңдалған мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап бер

1. Ғарыш айлағы деген не? Ол не үшін қажет? 
2. Қазақстандағы ғарыш айлағы туралы не білесің? 
3. Отандық және шетелдік ғарышкерлерден кімдерді білесің?
4. Интонация компоненттері мәтін мазмұнын ашуға қалай әсер етті?
 
4-тапсырма. Мәтінді талдап оқы. Мәтін мазмұнына түйіндеме (аннотация) 
жаз. Түйіндемедегі сөз тіркестеріне мән бер.
Ғарышты зерттеу стансылары – ішінде адам отырмайтын, ғарыштағы 
аймақтар мен денелерді зерттеп, Жерге мәлімет жіберуге аттандырылған 
ғарыш кемелері. Ғарыш кемелері ұшып бара жатып, аспан денелерін су-
ретке түсіру үшін жоғары дәлдіктегі камералармен жабдықталады. Олар 
белгілі бір ғаламшарға немесе астероидқа қонатындай, оны зерттейтіндей 
етіп жа салады. Мұндай стансылар ғарыш денелері сипаттамаларын 
зерттейтін және оны бізге түсіндіретін сенсорлармен жабдықталады.
Ғарыш стансылары ұшып өтетін стансылар, орбитерлер, ландерлер, 
атмосфералық стансылар және роверлер деп бөлінеді. Ұшып өтетін стан-
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


56
сылар ашық ғарышта жұмыс істейді; орбитерлер ғаламшарды айналып 
жүреді; ландерлер мен роверлер ғаламшарға қонуға жасалған. Ғарыш 
стансыларын олардың жұмыс істеуіне қарай бөлуге болады: кейбірі 
үлгілерді алып, Жерге оралады, кейбірі оралмайды.
(Энциклопедиядан)
Халықаралық ғарыш стансысы, қысқаша ХҒС (ағылш. 
International Space Station, қысқаша ISS) – ға рышты зерттеу 
кешені ретінде басқарылатын орби талды стансы. ХҒС – Бель-
гия, Бразилия, Ұлыбритания, Дания, Испания, Канада, Нидерланд, 
Норвегия, Ресей, АҚШ, Франция, Швеция, Жапония – барлығы 15 
мемлекет қатынасатын бірлескен халықаралық жоба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет