Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет2/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті оқушы!
Бұл оқулық ұлттық құндылығымыздың бірі – тілімізді оқытуға 
арналған. Халқымыздың мәдени-әлеуметтік өмірінде туған тіліміздің 
орасан зор мәні бар. Әр халық өзінің тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі 
керек. Өйткені халықтың даналығы, даралығы, тарихы мен шежіресі 
сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан-ұрпаққа мұра бо-
лып қалады. Ең бастысы, туған тіл арқылы ұлттық сана, ұлттық бей-
не қалыптасады. Тіл ұлттың тарихын, өткен өмірін және барлық бол-
мысын танытатын құрал ретінде өз топырағында дамып өркендейді. 
Қазіргі қазақ тілі – қоғамның білімділігін, сауаттылығын танытатын 
құндылықтардың бірі. 
Тіл – қасиетті, құдіретті ұғым. Бұл сыныпта тілдің мәнін ұғына 
отырып, оның қоғамдық-әлеу мет тік өмірдегі қажеттілігін түйсінетін 
боласың. Тіл ар қылы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған 
асыл мұра ла рымен танысасың. Қазақ тілін оқып-үйрену негі зінде қа зіргі 
таңда болып жатқан сан алуан ғылыми, әлеуметтік жетістіктер туралы 
көптеген мағлұмат аласың. 
Танымдық мәтіндер сенің жас ерекшелігіңе сай құрастырылды. 
Орындауға ұсынылған тапсырмалар мен сұрақтар шығармашылық 
қабілетіңді дамытуға, жаңаша ойлауға, көрсетілген мәселе бойынша тез 
шешім қабылдай алуға жетелейтін жұмыс түрлерінен тұрады. Сабақта 
қолданылатын интер белсенді әдістер, инновациялық технологиялар 
сенің оқулықтағы тілдік білімді ұтымды меңгеруіңе көмектеседі деп 
сенеміз. «Қазақ тілі» деп аталатын ғажап әлемге басқан қадамыңа 
сәттілік тілейміз! 
(Авторлар)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


4
1-бөлім
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ ЖӘНЕ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет