4-тапсырма. Төменде көрсетілген қағидаларды интонация ның компонент-
терін қолданып, мәтінге айналдырып айт.
Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біл!
Барлық құбылысты жүрекпен қабылда!
Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аударма!
Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырыс!
Қай жағдайда болмасын сабырлық сақта!
5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Берілген ақпаратты мәселе ре тінде талқы-
лап, диалог құрыңдар
. Тыныс белгілеріне сай пауза жасауға мән беріңдер.
Бақыт дегеніміз ...
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты.
«Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне ба сып жүрген көп кісілердің
бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып,
мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...
Бақыт дегеніміз – өз орнында, өз қалпында шама сы келгенше үлгілі
өмір сүру, адал болу, ұсақтықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы,
әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа
шын көңілімен адал қызмет істей білу. Өмірде кедір-бұдыр толып жа-
тыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау,
азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білу – мен білетін бақыт.
Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы – жай әурешілік.
Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып
кетем-ау деп қорықпастан барады. Ар-намысты қорғау – бақыттың
шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан азаматтық міндетті орындап
шығу – ол да бақыттың шыңы. Жеңсең, бақыт.
(Бауыржан Момышұлы)
6-тапсырма. «Тілдік бағдар» айдарындағы ережелердің өзіне тән ерек ше-
лігін, қасиетін, қызметін, маңызын талда
.
Семантикалық карта
Тілдік бағдар
Сұрақтар
Жауаптар, мысалдар
Қарқын
Қалай байқалады?
Достарыңызбен бөлісу: |