Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8


-бөлім ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет86/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98
9-бөлім
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ
ЭКОТУРИЗМ
1–2-сабақ 
ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ 
 
1-тапсырма. Сұрақтарға ойланып жауап бер.
 Туризм дегенді қалай түсінесің? 
 Саяхат пен туризмнің айырмашылығы неде? 
 Демалыстың адамға қандай пайдасы бар?
 
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда
. Дауыс кідірісінің мәтін мазмұнын 
жеткізудегі рөліне мән бер. Көтерілетін мәселені болжа.
 
3-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап бер

1. Қазақстан туризмі қалай дамып келеді? 
2. Туризм туралы қандай мәліметтерді білесің?
3. Қазақстанда туризм туралы заң қашан қабылданды? 
 
4-тапсырма. Мәтінді түсініктеме жасап оқы. Мәтін со ңын дағы сұрақтарға 
жауап бер
Сөздік құрам жайлы ойыңды осы тақырыппен байланыстыр.
Туризм тарихы
Туризм тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Туризмнің да-
му кезеңі үшке бөлінеді: 1. ХVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм
2. ХІХ–ХХ ғасырлардағы туризм – Екінші дүниежүзілік соғысқа 
дейінгі; 3. Қазіргі туризм. 
Туризм саяхат, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда 
басталды. Алғашқы діни саяхаттар б.з.б. төртінші мыңжылдықта 
жүргізілді. Ол Ежелгі Египетте басталды. Б.з.б. 1501–1484 жыл дары 
Египет ханшасы Хатшепсуттың ұйымдастыруымен саяхат жасалды. 
Ал б.з.б. VІ ғасырда египеттік фараон Нехо Африка төңірегінде атақты 
үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.
8–3505
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


114
Туризмнің алғашқы қадамдары ХVII–ХVIII ғасырларда басталды. Ең 
бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас 
Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, 
теміржолмен саяхат жасаған. 1882 жылы ең алғашқы әлемдік «Куктың 
Жер шарын айналған» саяхаты болды. Ол теміржол және пароход 
компанияларымен, қонақүй және мейрамханалармен келі сім құжат 
жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік «тур» деген сөзді ашты. 
Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. 
Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады. Халықаралық 
курорттардың да муы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия 
мем лекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVIII ға сырдың аяғында 
басқа елдерге саяхат жасап жүрген адам дарды туристер деп атай бастады. 
(Баспасөз материалдарынан)
Сұрақтар:
1. Туризмнің алғашқы қадамдары қай ғасырда басталды?
2. Ең бірінші туристік саяхат қай жерде пайда болған?
3. Туризм менеджері атанған кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет