Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет84/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98
 
6-тапсырма. Жай сөйлемдердің айтылуын басшылыққа алып, мәтін 
бойынша төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.
... Қа зақ стан ды бәсекеге қабілетті ең дамыған елу елдің қатарына 
қосу міндетін алға қойды. Бұл – еліміздегі саяси реформалар мен эко-
номиканы дамытудағы қол жеткізген табыстардың айқын бір ... . Ал 
мәдениет пен өнердің ең үл кен салаларының бірі – ... . Ол – елдің ... , 
мәдени дәрежесі нің ... . Ха лықтың мұңын мұң дап, жоғын ... .
 
7-тапсырма. Мәтін бойынша ой бөлісіңдер
. Мәтіндегі 1-абзацты сұраулы 
және лепті сөйлемдерге айналдырыңдар.
Өнер жолында
Өнер жолына түскен отызыншы жылдардың орта кезінен бастап 
тыңдаушысын әсем дауысымен, актерлік шебер өнерімен баурап алған 
үлкен өнер дарын иелерінің бірі – Қазақ КСР халық әртісі Кәукен 
Кенжетаев. 1936–1941 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы 
қазақ студиясында оқыған ол сұрапыл соғыс кезінде Хабаровскідегі ше-
гарашылар ансамблінде қызмет етті. К. Кенжетаев – 1946 жылдан бас-
тап Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының 
солисі. Осы театр сахнасында өткен қырық жылдың ішінде талантты 
әнші әр қырынан танылып, небір күрделі рөлдерді атқарды.
К. Кенжетаев көп жыл режиссерлік қызметпен де айналысты. Ол 
халық әндерін, халық композиторлары мен қазіргі қазақ сазгерлерінің 
туындыларын насихаттауға да зор үлес қосты. 1957 жылдан бері бір-
сыпыра кинофильмге түсті.
Кәукен кинода жиырмаға жуық рөлде ойнады. Солардың ішінде 
ерекше аталатындары – «Ел басына күн туса» фильміндегі Бауыр-
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


111
жан Момышұлының, «Мәншүк» фильміндегі Мәншүктің әкесінің, 
«Тұлпардың ізіндегі» шопанның әкесінің, «Гауһартастағы» ақсақалдың 
рөлі. Әрине, айрықша ауызға алатын – «Қыз Жібек» фильміндегі 
Төлегеннің әкесі Базарбайдың бейнесі.
Ел Президенті Алматыдағы опера және балет театры ғимаратының 
қалай жөнделіп жатқанын көруге келді. Сол жерде өнер қайраткерлерінің 
үлкен тобы Елбасымен кездесіп, әңгіме-сұхбат жүргізді. Сонда Нұрекең 
Кәукеңе ерекше ілтипат көрсетіп, жағдайын, денсаулығын сұрады. 
Қазыналы өнердің серкесі Кәукен аға Мәдениетті қолдау жылында 
«Отан» орденімен марапатталды.
(Камал Смайыл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет