3 Дәріс. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңіндегі ғылым дамуы
Орта ғасырдағы батыс Еуропадағы ғылым мен дін
Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым мен діннің қайшылығы
Жаңа замандағы ғылыми таным мәселелері
1.Батыс Еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиандықты қабылдай бастады. Жаңа дін пұтқа табынушылықты ығыстырып христиандық дүниетанымдық көзқарасты Батыс Еуропада қалыптастырды. Бұл өз барысында мәдениеттің де, саясаттың да, ғылымның да діннің ықпалында болуына себеп болды. Христиан діні мен христиан шіркеуі қоғамда ерекше рол атқарды. Христиандық шіркеулер билікті қолға алып саяси институт болуымен қатар қоғамдық санаға да зор ықпал етті. Қоршаған орта, әлем, Жаратушы және адам жайлы жүйелі көзқарастар ұсынды. Орта ғасырлық христиандық тәлімнің ерекшелігі – сенімге негізделуінде. Олар: Иисус Христостың тірілуі, о дүние, үштік сенім, т.б. болып табылады. Адам жайлы көзқарастарында адамның жаратылысынан –ақ әлсіз екенін және оның шіркеу арқылы құтқарылатынына сенген. Бұл дәуірде дін философияға, саяси доктринаға, құқықтық жүйеге және моральдық ілімге айналған еді. Христиан діні Император Константин кезінде 285-337ж. мемлекеттік дінге айналды. Византия императоры шіркеулік өмірде басты рол атқарды. Олар шіркеу соборларын шақырып дін мәселесімен байланысты қаулыларды қабылдауды қолға алды. 1054ж. Рим Батыс және Шығыс болып екі тәуелсіз шіркеуге бөлінді. Олардың бөлінуіне себеп болған нәрсе, қасиетті Рухтың әке Құдайдан ба, әлде әке Құдай және ұл Құдайдан ба шыққан деген даулары еді. Орта ғасырлық кезеңнің басынан –ақ ересьтік қозғалыстар жандана бастады. Бұл қозғалыстан Иисус пен Марияны Құдайлық емес адамдық табиғаты бар деген догматты ұсынды. Ересьтік ағымдарға жол бермеу мақсатындадін басшылары инквизицияны қолданды. Инквизицияға ұшырағандар ересьтермен қатар балгер, емші, көріпкелдерге де қолданды. Ересьтер дін бұзарлар деп отқа өртенді, бұл жазалар Батыс Еуропада кең етек алды. Испанияда шамамен 30 мың адам инквизиция отында өртенді.
Папа мәртебесі ХІІ-ХІІІ ғ. барған сайын асып түсті. Оның қолын тек император ғана сүйе алатын болды. Қалғандары оның аяқкиіміндегі айқышты сүюмен ғана қанағаттанды.олар мемлекеттің даулы мәселелерін шешуге араласты. Экономиялық, коммерциялық қызмет арқылы дүниежүзінің ең ірі қаржы орталығына айналды. Олар тіпті жасалған күналардың кешірілуіне байланысты грамоталар (индульгенция) сатуға кірісті.Осы дәуірде христиан идеологиясының адамгершілік бағыты – «сенім, үміт махаббат» үштігінің бірлігінде болды.
Білім, оқу саласы шіркеу қарамағында болып, грамматика, риторика, арифметика, Астрономия, және музыка оқытылды. Орта ғасыр Еуропада ашылған мектептер: ХІ ғ. Италияда – Балон университеті 1038 ж. Англияда – Оксфорд университеті 1167ж., Кембридж университеті 1209 ж. Францияда – Париж университеті 1160 ж. бұлар ортағасырда білім ордаларына айналды. Сабақтар латын тілінде жүрді. Университет саны 15-ші ғасырда 65-ке жетті. Университетте діни ілімдерден басқа, медицина, өнер, құқық, алхимия, әдебиет, поэзия, театр т.б. оқытылды.
Схоластика. Шіркеу Рим империясының барлық нәрсесін өзіне мирас етіп алып үлкен күшке айналды. Орта ғасыр философиясы антика философиясының ықпалында қалды. Орта ғасыр христинадық сенімі дүниеден бастартқан, салғырт бір сипатта көрініс тапты. Ал Антика дәуіріндегі философия христиандыыққа қарағанда өте белсенді, пргрессивті болған. Бұл екі дәуір арасында қалыптасқан философия арасындағы айырмашылық олардың сенімдеріне негізделген. Антика дәуірінің политеизмінде Тәңір көбінесе адамдар тәрізді қызметке сәйкестенеді. Өзі секілді мәңгі болған заттарға бейне береді.
Христиандық сенімде құтылу жолы жоғарғы күш арқылы мүмкін, сондықтан да христиандар рухани өмірге баса назар аударып, руғани тұрғыдан өркендеуге, ал материалдық жақты басып тастауға тырысқан. Христиандық сенім бойынша дүние күнәлі болуға тағайындалған, адам да бұл дүниеде қалған сайын, жамандықтардан құтылмайды. Сондықтан да адам осы дүниеден тезарада көшіп ахыреттік өмірге ұласуы қажет. Осындай көзқараста болған бір қоғамда ғылымға мән беріп оның дамуына атсалысу өте қиын.
Христиан догмасының негізін қалағандардың бірі Августин болып табылады (354-430ж). ол сын көзге, күмәнға қарсы шығып өзінің философиясын бастаған. Оның пайымы бойынша бір шындыққа, оған жетуге сенбей адам бақытқа қол жеткізбейді. Бұл христиандық философиялық бағыт схоластика деп аталды. Оның сыртында құтылу жолы жоқ, одан басқа білім жоқ. Ақиқат оның айтқан догматтарында ғана бар, одан басқа жерде ақиқат іздеу қажет емес, ондай ғылыми ізденістерді адасушылық амал (бидғат) қатарына жатқызды. Ал философияның қызметі догманы болжау, анықтау болып табылады.
Схоластика дәуірі өзінің тууы, өсуі және құлдырау кезеңін басынан өткерді. Алғашқы кезең платоншылықтың әсерінде қалса, кейіңгісі Аристотельдің әсерінде қалды. Схоластиканың алғашқы дәуірлерінде 800-1200 жж. Тәңірді бар екендігіне онтологиялық дәлелдер ұсынылды. Бұл идеяның өкілі Ансельм Кентерберийский болып табылады. Ол әр нәрсені бар етіп жатқан бір жаратушы бар, бірақ оның бар болуы басқа бір себепке негізделмеген дейді.
ХІІ ғ. соңғы кезеңдерінен бастап христиандар Аристотельдің арабша аудармасы және түсініктемесімен кеңірек танысып, оны тереңірек түсіне бастайды. Схоластиканың осы бір екінші кезеңі Аристотель философиясына негізделеді. Аристотель философиясын Батысқа таныстыруда Ибн Сина мен Ибн Рушдтың еңбегі зор. Олардың көтерген мәселелерінің бірі иман-ақыл арақатынасы болып табылады. Томас (Фома Аквинский) уахи жолымен және ақыл жолымен қолжеткізетін білімдерді екі түрлі білім деп пайымдайды. Діннің кейбір мәселелеріне ақылмен жетуге болмайды дейді. сондай-ақ Аллаһтың есім сипаттарын ақылмен дәлелдеуге болады деген көзқарасты ұстанады. Томас Аристотельдің батырлық, ұстамдылық, даналық және әділеттілік төрт парасаттылық принціпіне иман, үміт және махабатты да қосып этика доктринасының да негізін қалайды.
Схоластика ХІV ғ. бастап реалистер мен номиналистер арасындағы дағдарыстан шығалмай құлдырау кезеңін бастан кешірді. Гегельдің анықтауы бойынша схоластика мынадай сипатта: философия мен діннің мазмұны бір, мақсаттары бір, мүдделері де бір болды. Дінді анықтау арқылы философия өзін анықтауда және өзін анықтау арқылы дінді де анықтауда еді.
Номиналистер мен Реалистердін арасындағы пікір таластар – жалпылық пен жекелік мәселесі еді. Реалистер универсальдықты яғни, жалпы ұғым әмбебаптар адам санасынан тілінен тыс өмір сүретін шындықтар деп түсіндірді. Ал оларға қарсы номиналистер әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл текқана заттарды қарату арқылы пайда болған жалпылық ұғым деген көзқарсты ұстанды.
2.Қайта өрлеу дәуірінде ғылым және дін қайшылығы бәсеңсіген жоқ еді. Қазіргі христиан теологтары осы мәселеге қатысты себептерді анықтауғы тырысуда. Дегенмен олардың қайшылықпен қатысты берген жауаптары бір қалыпты болмауда. Кейбір теологтардың пікірі бойынша ғылыммен айналысу адамға Библия арқылы жазылған. Текқана ғылыми зерттеулердің көмегімен ғана адам Құдайдың оған берген жер бетіндегі билігін кәміл орындауға мүмкіндік алады. Яғни ғылыми ізденістер Библиядағы ғылымның ашылуына көмек береді. Бұл қайшылықтар қасиетті кітапты дұрыс талқыламау нәтижесінен шыққан. Августиннің өзі де жер шар тәрізді деген идеяға қарсы шешім қабылдаған. Августиннің қателігі бір неше рет қайталанып тұрды. Коперник Аристархтың гелиоцентрлік идеясын қайта көтергенде оған қарсы М. Лютер шықты. Ол өз сөзінде: Коперник астрономия ғылымын тұтастай жалғандауда, қасиетті кітапта Иисус жерге емес күнге тоқтауды әмір еткен –дейді. А. Хаярдтың айтуы бойынша бұндай дін адамдары ғылымға қарсы шығу арқылы дінді, Алайда Библияда жердің бір жерде тұрып күн мен айдың оның айналасында айналуымен байланысты ешқандай мәлімет жоқ.
Кейбір ғалымдар ғылым мен дін арақатынасында ешқандай қайшылықтың болмайтынын айтып, Коперник, Галиллейге дін тарапынан жасалған қысымның негізінде ескі ғылым мен дәстүрлі дін арасындағы үйлесімділік жатыр. Сондықтанда бұл қайшылықтар дін мен ғылым қайшылығы емес, ескі ғылым мен жаңа ғылым арасындағы күрес еді дейді.
Ғылым мен дін арасындағы қайшылықты сол кездегі адамдардың діни түсінігі мен ғылым түсінігі жайындағы қайшылықтар деп қарастыратын көзқарастар да бар. Алғашқыда Папа Галилеоның кітабының басылуына рұқсат берген еді. Өйткені ол екеуі арасындағы сұхбатта Галилео Папаға былай деген: Алланың екі кітабы бар, біреуі Інжіл, екіншісі қоршаған орта, яғни әлем. Бұл екеуі ешқашан қайшылықта болмайтынын айтқан кезде Папа оның кітабының жариялануына рұқсат еткен.
3.Философияның онтологиялық проблемасы әр заман мен әрбір кезең бойынша өзіндік ұстанымын өзгертіп отырды. Мәселен, антика дәуіріндегі қалыптасқан космологиялық сипаттағы тұғырнамалар, орта ғасырда теологиялық мәнге ие болып, қайта өрлеу дәуірінде универсумдық-континуумдық мағына арқылы дамыған болса, жаңа замандағы дискреттік онтологияның қайтадан өрлеуімен жалғасын тапқан болатын. Сондықтан қайта өрлеу дәуірінен кейінгі жаңа заман пантеизмді өрбіте отырып, рационализмдік ұстанымды нығайтып, логоцентризмдік парадигманы жандандыра түскен еді.
Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – Бэкон (Bacon) Фрэнсис (1561-1626 жж.) – британ философы, тәжірибелі ғылым әдіснамасының негізін қалаушы, жаңа заманғы философиялық ойдың бастаушысы ретінде белгілі және эмпиризм бағытын ұстанушы. Негізгі шығармалары: «Ғылымның беделі мен өсімі», «Жаңа Органон...», «Жаңа Атлантида» т.б.
Ол орта ғасыр схоластикасын сынай отырып, бұл әлемге айтыс пен тартыстан басқа ешнәрсе алып келмегендігін көрсетеді. Оның жеміссіздігінің басты себептері: жаратылыстану саласына айтарлықтай көңіл бөлмегендігі, философияны діннің қызметшісі деңгейіне дейін төмендеткендігі екендігін атап өтіп, ғылыми білімді насихаттауға айтарлықтай үлес қосты.
Гносеологияда – танымның индуктивті әдісін қолдай отыра, ол дүниені тәжірибе арқылы ақиқатты тануды қолдауға қарай бағытталады. Заттар мен құбылыстар бір-біріне қатыссыз жеке дара өмір сүреді дей келе, тек силлогизмдерді қолдану арқылы дұрыс білімге жетуге, табиғат заңдарын тануға болмайды. Ақыл ұғымдары заттардан бөлінген, күмәнді, анықталмаған болып келеді. Силлогизм пікірден, пікір сөзден тұрады. Сөз заттардың символы мен белгісі.
Басты философиялық шығармасы –«Жаңа Органон немесе табиғатты түсіндірудегі ақиқат нұсқаулар» атты туындысында ол табиғатты зерттеудің дұрыс әдісін қалыптастыру мақсатын қояды. Бэкон табиғатты игеруде оның имманентті заңдарына бағына отырып, образының өңін айналдырмау қажеттігін ұсынады. Осы жолда адам көптеген кедергілерге, атап айтқанда, адасу түріндегі «елестерге» тап болып, олар ақиқатқа жақындай түсуге бөгет болады деп байыптаған болатын.
Табиғатты тану айтыспен емес, тәжірибемен шешіледі. Оны тануда адам санасына тән болып келетін түрлі елестер қателікке ұрындырады. Олар: 1) тектік елестері. Бүкіл адамдарға тән, адам ақылы мен сезімдерінің шектілігінен, өзінің табиғаты туралы түсініктерін заттарға араластырып жібереді. Олардан құтылу үшін сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен қоршаған орта заттарын салыстыру керек, сөйтіп, олардың дұрыстығын тексеру қажет; 2) үңгір елестері. Жеке адамдарға байланысты. Әрбір адамның өзінің ішкі үңгірі, субъективті ішкі әлемі бар. Олар туа біткен қасиеттерінен, тәрбиелеуден, білімнен, біреуге көзсіз сенген беделден пайда болады; 3) Базар елестері. Сөздерді дұрыс қолданбаудан, базардағыдай әр түрлі мағына беретін сөздердің бір жерде қолдануынан болатын қателіктер. Бұл жеміссіз таласқа әкеледі, әрі табиғаттан алыстатады; 4) Театр елестері. Әлем туралы жалған елестер мен сынсыз философия жүйелерінен пайда болады. Бұл театрдағы жасанды әлем сияқты көрініс қалыптастырады деп тұжырымдаған.
Таным адамның табиғатқа үстемдігін күшейтеді. Оларға бағыну (табиғатқа) арқылы оны бағындырады, яғни, оның заңдылықтарын меңгеру арқылы бағындыру дәрежесі – меңгеру, заңдарды білу, білім деңгейіне байланысты. Философия мен ғылымның қаншалықты дәрежеде практикалық маңызы бар, соншалықты дәрежеде қоршаған ортадағы нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді. Білімнің ақиқат болу өлшемі – тәжірибе деген пайыды ойларын ұсынды.
Таным адам санасы мен қоршаған ортаны бейнелеуден басқа түк те емес. Бұл үдерісте сезім алғашқы, содан кейін заттар арқылы тәжірибе іске асады. Мәселен, эмпирик – құмырсқа сияқты, жинаған мәліметтері бойынша, рационалист – қоңыз, өрмекші тәрізді, өзінен өрнек тоқып шығарады, ал бал арасы – ортаңғы, бақшадан шикізат жинап, оны өздігінен өңдейді деген мысалар арқылы өз ойын дәйектеген Бэкон, онтологиялық пікірлерінде, ештеңеден (жоқтан) ешнәрсе де пайда болмайды, ешнәрсе жоғалмайды. Материя саны тұрақты азаймайды, көбеймейді, кеңістікте үнемі материяның бөлшектері орналасады. Бос кеңістік деген жоқ дей келе, қозғалыстың 19 түрін көрсетті: қарсылық, инерция т.б. және абиғат алғашқы, сана екінші деп түсіндіріп, идеалистерді сынады.
«Жаңа Антлантида» атты еңбегінде мінсіз мемлекет құрылымының қағидаларын ұсынады және ол үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, бұл бағдар өндіріске қолданатын ғылыми зерттеу орталықтары болу қажеттілігін жобалады.
Декарт Рене (1569-1650 жж.) – француз физигі, физиологы, математигі және философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Әдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғаныстар» т.б. Ол механика, космогония салаларында біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұрады деп түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке өз жүйесі).
Таным теориясы мәселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен іздеуінде деп байыптап, танымның көзі – интеллектуальды интуиция екендігін дәйектейді. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық дәлелдерге сүйенбейді, әрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуальді интуиция – материалды шындықтан таза ақылмен бөлінген нәрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды, өмір сүреді, таниды, мәселен, үшбұрыш үш сызықтан тұратындығын аңғарады т.б шындықтарды біледі. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сәйкес келетін жалпы ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, нтуицияда ой қозғалысы жоқ, оған алғашқы, тікілей нақты жалпы қағидалар беріледі; дедукцияда ой қозғалысының процесі жүзеге асады. Интуициядан берілгендердің мазмұнын ашу дедукцияға жүктеледі деп пайымдайды.
Декарт білімдердің ақиқаттығына күдіктеніп, танымның басты екі мақсатын көрсетті: 1) қағидалардың, метафизиканың шығу көзін табу; 2) фантастикалық елестерден қашу, жалған ұғымдардан құтылу, схоластикадан арылу. Ғылым жолын осылай тазалау керек деп ой түйді.
Идеялар адамдарға туа бітеді, ол идеяларға сезімдік тәжірибенің еш қатысы жоқ. Таным әдісінде материалдық нәрселерді қажетсінбейді, тек ақыл шешуші болып келеді, ал ойлау материядан тәуелсіз, ұғым интеллектуалды интуицияның жемісі деген тұжырымдарын ережелер түрінде былайша ұсынады: «І. Ереже: Ғылыммен айналасатындарының мақсатында мынандай ақыл бағыттары болу керек; кез келген кездескен заттар жөнінде шын ақиқат, мықты пікірлер алып шығу керек; ІІ Ереже. Мынандай заттармен ғана айналысуы керек: біздің ақылымыз сенімді, күдіксіз танымдарды бере алатын қабілетке ие болатындармен ғана; IV Ереже. Әдіс – ақиқатты іздеу үшін қажетті; VI Ереже. Барлық заттарды да, оларды басқалардан бөлінген зат ретінде, бірақ салыстыру керек, біреуі арқылы біреуін тану үшін, абсолютті немесе салыстырмалы деуге болады; VII Ереже. Білім үшін бәрі керек: біздің мәселемізге қатысты, жүйелі, үздіксіз ой қозғалысы және жеткілікті, әдісті дедукция; IX Ереже. Өткір ақылымызды мәнсіз, қарапайым заттарға, ондағы ақиқатқа есепті, тиянақты, анық көз жеткізбейінше, ұзақ уақыт бағыттауымыз керек... Ақыл интуициясын қалай пайдалану қажет, көру бойынша: бір уақытта көп объектілерді көргенде, интуиция оларды жеке анық тани алмайды, ол ойдың бір актісімен көңіл аударғанда көп объектіге, бұлыңғыр ақыл болар еді. Ал шебер жеке заттардың өте ұсақ бөлшектерін, олардың айырмашылықтарын бірден тани алады... Х Ереже. Ақыл зерделі болу үшін, оны заттарды зерттеуге, шынықтыруға бағыттау қажет, бәрін де әдістер арқылы игеру керек, тіпті ең елеусіздерін де» т.б.
Қозғалыстың бәріне тек механикалық сипат беруші ретінде тірі организмдердің өмірлік әрекеттерін механикалық машина қозғалысына теңеді. Басқа организмдерде туа біткен идеялар болмайды. Қозғалысты, әлемді құдай жаратқан, бірақ заттарды, құбылыстарды өзіндік даму үстінде қарастыру керек дей отыра, әлемнің жаратылуы теориясында алғашқы үш элементті ажыратты: от тәрізді (Күн, жұлдыз); су сияқты (аспан); жер тәрізді (жер, басқа планеталар т.б.)
Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – ЛейбницГотфрид Вильгельм (1646-1716 жж.) неміс философы, математик, физик, тарихшы, заңгер, тілші. Негізгі философиялық шығармалары: «Метафизика туралы ойтолғамдар» (1685), «Табиғаттың жаңа жүйесі» (1695), «Теодицея» (1710), «Монадология» т.б. Лейбниц рационалдылыққа бағдарланған 17 ғасырдағы философияны аяқтаушы ретінде бағаланып, айрықша, синтетикалық философияны ұсынады. Математика саласында – дифференциалды есептеуді; физика саласында – энергияның сақталу заңын ашып, геологиялық, биологиялық, тарихи зерттеулер жүргізді. Метафизиканың теология мен математикаға қарағанда дербестігін тұжырымдап, философтардың тұжырымдарынан «негізделгендік» пен «ғылымилықты» талап етеді. Оның негізгі бағыттары: механикалық материализм, рационалистік әдіс, құдай мен субстанция туралы ілімге келіп тоғысады. Лейбницте материя субстанция емес, ол қарпайым және ұзаққа созылып жатыр, субстания – бөлінбейтін, руханилық және бүкіл әлемді құрайтын, шексіз, ұмтылушылыққа ие болатын, бірақ бір-бірімен әрекеттеспейтін, алдын-ала жарасымдылыққа негізделген «монадолар» болып табылады. Ал білімнің айқындығы, қайшылықсыздығы ақиқаттың шынайы өлшемі, бұны тексеру үшін логиканың заңдары жеткілікті және айғақтың ақиқатын тексеру үшін «жеткілікті негіздеме» заңы болуы керектігін ұсынды да, логиканы дамыта отырып, матемематикалық логиканың қалыптауына ықпал етті. Сөйтіп, ойлауды формальдандыратын әмбебап тіл жасауды қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |