Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы


Мазмұнды-фактуалды ақпарат



бет40/44
Дата20.05.2022
өлшемі0.51 Mb.
#458327
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
1159 jarmakin o. kh. magzumov kh.b matin lingvistikasi filologiya mamandikhtarinin studentterine arnalgan okhu khurali

Мазмұнды-фактуалды ақпаратфактілер мен оқиғаларды, олардың уақыты мен орнын, автордың ойын, сюжеттің дамуын көрсететін ақпарат;
Мазмұндық-концептуалды ақпарат – автордың қоғамдық өмір құбылыстарын өз бетінше саралауын, түсінуін, бағалауын оқырманға жеткізуінің көрінісі;
Мазмұндық-астарлы ақпарат – тіл бірліктерінің ассоциативті және бағалаушы мағына тудыра алу қабілетіне қарай мазмұндық нақты ақпараттан алынатын жасырын ақпарат.
Ақпараттылық – мәтінге тән негізгі категориялардың бірі.
Әңгімелеутұтастық, байласымдық және мағыналық аяқталғандық, ақпарат беру категорияларына ие композициялық сөйлеу формаларының бірі.
Байланыс жарыспалы – мұнда сөйлемдер бір-біріне іліктеспейді;
Байланыс тізбекті – мұнда әр сөйлем келесі сөйлеммен іліктеседі.
Байласымдылық – мәтінге тән негізгі категориялардың бірі, ол тұтастықпен бірігіп, автор интенциясы мен оқырман қабылдауын мейлінше жақындастыруға ықпал етеді.
Бөлшектік – автор өзі баяндап отырған оқиға, құбылыстың жекелеген қырларына назар аударатын және оқырманның алған ақпары түсінуін жеңілдететін мәтін категориясы.
Гипермәтінділік – бір мәтінді екінші бір мәтін арқылы ажуалау, кемсіту.
Дискурс – (лат.discursum-әңгімелеу,сөйлеу үдерісі) кең мағынадағы тілдік іс-әрекет, тар мағынада – байласымды мәтін.
Жағдаят – мәтіндегі оқиғаның орны мен уақыты және кейіпкерлер жөніндегі ақпар.
Идея – (грек. idea-ұғым, түсінік) – тақырып пен мазмұн қатынасының нәтижесі.
Инвенция – сөйлеуді тудыру.
Интермәтіндік – мәтінге басқа шығармалардың мәдени кеңістігінің енуі.
Категория – объективті болмыстың құбылыстары мен заттар аралығындағы қатынастар мен байланыстары, ортақ қасиеттері мен белгілері анықталған ұғым.
Категориялар мәтіннің – ақпараттылық, концептуалдылық, байласымдық, тұтастық, аяқталғандық, модальдылық, коммуникативтілік, прагматикалық т.б.
Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет