Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет52/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   153
suraganova turizm inf

Теплоход саяхаттары
Теплоход саяхаты (круиз) өз алдына өзен немесе теңіз бойы-
мен қозғалатын туристік жолсапарды білдіреді. Қазіргі уақытта 
əлемдегі ондаған круиздік компаниялар 70 тен 1000-ға дейінгі жо-
лаушы сиятын жолаушы кемелерін қолданады жəне əуестендіргіш 
жолсапарларды ұсынады.
Негізінен, круиз өз алдына теңіз турын білдіреді. Оның 
базалық құнына кеме бортында кешенді қызмет көрсету, оның 
ішінде: каютада жүріп-тұру, үш мезгілді тамақтану; ойын-сауық 
жүргізу жəне кеме бортындағы арнайы шаралар (мейрамдар, 
фес тивальдар, конкурстық бағдарламалар, мерекелік концерттер 
жəне т.б.) болады. 
Су круиздері теңіздер, мұхиттар, сондай-ақ əртүрлі өзен-
дер бойына ұйымдастырады. Теңіз жəне өзен круиздерін ұйым -
дастыруда көптеген ұқсастықтар бар. Бірақ, кеменің сыйым-
дылығына қарай ұйымдастыру ерекшеліктері мен қызмет 
көрсету бағдарламаларына байланысты, сонымен қатар теңіз 
жəне өзен круиздерінде турлар өткізу орындарына қарай бірнеше 
ерекшеліктер де бар.
Теңіз круиздері
Бүгінде əлемде теңіз круиздері алға жылжудың тиімді 
кезеңін бастан кешіруде. Круиздік флот артып келеді, жолаушы 
кемелерінің жасалу технологиясы да жетілдірілуде, олардың 


100
жанға жайлылығына аса мəн берілуде. АҚШ-та, сонымен қатар, 
жаңа теңіз жəне мұхит бағыттары жасалуда. Неғұрлым танымал 
су саяхаттары бар елдер ретінде АҚШ, Ұлыбритания жəне Герма-
нияны атауға болады. Круиздік жүзуге сұраныс Францияда, Ита-
лияда, Швейцарияда жəне өзге де елдерде байқалады.
Соңғы жылдары круиз көркі туристік өнім ретінде өзгеріп 
кетті. Теплоход ойын-сауық пен мереке атмосферасы бой алған 
жүзбелі отельге айналды. Интенсивті жарнамалық компа-
ниялардың жүргізетін шараларына байланысты халықтың барлық 
қабатының круиздерге деген құштарлығы артып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет