Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет1/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
suraganova turizm inf




1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. К. Сұрағанова
Б. О. Сабатаева
ТУРИЗМ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Оқулық
Алматы, 2012


2
ƏОЖ 338.48 (075)
КБЖ 75.81 я 7
С 89 
ISBN 978-601-217-332-1
ƏОЖ 338.48 (075) 
КБЖ 75.81 я 7
© 
Сұрағанова С.К., Сабатаева Б.О., 2012
© Қазақстан Республикасы жоғары оқу 
орындарының қауымдастығы, 2012
С 89 
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
экономика ғылымдарының докторы, профессор З. Н. Борбасова;
экономика ғылымдарының докторы, К. Т. Аленова.
Сұрағанова С. К., Сабатаева Б. О.
Туризм инфрақұрылымы: Оқулық. Туризм мамандығына арналған. – 
Алматы, 2012. – 302 бет.
ISBN 978-601-217-332-1
Бұл оқулықта туризм инфрақұрылымының негізгі тақырыптары, 
атқарымдары, қағидалары, мақсаттары қарастырылған. Туризмдегі өндірістік 
жəне əлеуметтік инфрақұрылымның элементтері, материалды-техникалық 
базаның жалпы сипаттамасы, орналастыру құралдары, тамақтану база-
сы жəне туризмдегі көліктік коммуникациямен қамтамасыз ету мəселелері 
толық анықталынған. 
Оқулық туризм мамандығының студенттеріне, магистранттарына, док-
торанттарына, оқытушыларына жəне туризм саласына қызығушылық таны-
татын барлық оқырмандарға арналған.


3
АЛҒЫ СӨЗ
Əлемдік экономикада туризмнің алатын өзіндік орны бар. 
Дүниежүзілік туристік ұйымның мəліметтері бойынша, ол 
əлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық 
инвестициялардың 11 пайыздан астамын, əлемдік өндірістің 
əрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
“Қазақстан-2030” стратегиясына негізделе отырып құрылған 
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму 
концепциясында туризм еліміздің əлеуметтік жəне экономикалық 
дамуының маңызды бір саласы ретінде қарастырылады. Ту-
ризм индустриясы мемлекеттік əлеуметтік жəне экономикалық 
дамудың негізгі факторы жəне кең көлемді бизнес түрі бола ала-
ды. Дүниежүзінде жыл сайын туризмнен түсетін кіріс мөлшері 
шамамен 3 трлн. АҚШ долларын құрайды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев 
туристік индустрия жəне туристік инфрақұрылым қызметін мем-
лекет қазынасына айтарлықтай кіріс əкелетін, болашағы бар эко-
номика саласы ретінде көре алатындығы туралы стратегиялық 
бағдарламаларда атап өткен болатын. Еуразияның жүрегінде 
орналасқан Қазақстан үшін, болашақта əлемдік туризмнің ор-
наласуы мен дамуының маңызы зор.
 Туристік инфрақұрылым –
туристік-сервистік жəне ұқсас кəсіпорындардың біртұтас 
кешені, «Туризм инфрақұрылымы» оқулығында осы кешеннің 
мəселелері мен даму болашағы, инновациялық технологияла-
ры жəне стратегиялары жан-жақты қарастырылып, өз шешімін 
тапқан. Туризм инфрақұрылымы оқулығында өндірістік жəне 
əлеуметтік туризм инфрақұрылымы, туризм дамуындағы 
туристік инфрақұрылымның рөлі, туризмдегі материалды- 
техникалық база, туристерді орналастыру құралдары, тамақтану 
базасы, көліктік-коммуникациялық база, туристік көліктің негізгі 
тасымалдау түрлері мен даму мəселелері, шектес база, туристік 
сфераның өндірістік объектілері, туризм инфрақұрылымы 


4
дамуының құқықтық негіздері, туризм инфрақұрылымына инве-
стициялар тарту толық қарастырылған. 
Оқулықта Қазақстан Республикасының 2007-2011 жж. 
арналған туризм дамуының мемлекеттік бағдарламасы мен 
заңнамалар, ережелер, туристік объектілер мен қызмет көрсету 
іс-əрекетін стандарттау жəне сертификаттау, ақпараттық-
инновациялық технологиялар, өндірістік жəне əлеуметтік 
инфрақұрылымының дамуы толық қарастырылып, мəселелер 
қойылып, оны шешудің тиімді жолдары көрсетілген. Осы оқулық 
«Туризм» мамандығының студенттеріне, магистранттарына, ту-
ризм саласында қызмет ететін мамандарға арналған. 
Оқулықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы-
ға міндетті білім стандартының “Жоғары кəсіптік білімнің 
ережелеріне” сəйкес жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет