1 МОДУЛЬ. СТАНДАРТТАУ МОДУЛІ
№1.1 тақырып. Мемлекеттік (ұлттық) стандарттау жүйесі (2 сағат)
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы
Стандарттау - тұтынушылардың құқығын қорғау қызметінде Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы
Өнім, процесс және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стандарттаудың ролі өте зор
Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері
Стандарттау жөніндегі органдар мен қызметтер
Стандарттың жобасын\бірінші редакциясын\ әзірлеу
Қазақстанда стандарттаудың құқықтық негізі «Техникалық реттеу туралы» мемлекеттік заңда бекітілген. Бұл заңнан басқа Қазақстанда стандарттау аумағында оған сәйкес шығарылатын заңнама актілері де реттеледі.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ) стандарттаудың мақсат және тапсырмаларын, стандарттау органдарының және қызметінің құрылысын, олардың құқығы және міндеттері, халық шаруашылығының барлық салаларындағы стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу әдістері және ұйымдастырылуы, әзірлеу тәртібі, рәсімдеу, келісім, қабылдау, басылымы, стандарттарды және басқа да нормативті – техникалық құжаттаманы енгізу, сонымен қатар олардың енуі мен бұзылмауын бақылауды анықтайтын өзара байланысқан ережелер мен жағдайлардың жинағы. Осылайша МСЖ ұйымдастырушылық, әдістемелік және Практикалықстандарттау негізін халық шаруашылығының барлық буындарында анықтайды.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі келесі негізгі стандарттау мақсатттарын анықтайды:
техникалық прогрестің жеделтетуін, қоғамдық өндірістің және еңбектің өнімділік тиімділігін жоғарылату, ондағы инженерлік және басқарушылық, өнімнің сапасын жақсарту және оның тиімді деңгейін қамтамасыз ету;
өнімнің өндіру және жобалау аумағындағы мамандандырылуды дамыту үшін жағдай жасау; елді қорғау қажеттілігімен өнімге қойылатын байланыстыру талабын қамтамасыз ету; әлемдік нарықтың талаптарына жауап беретін жоғары сапалы тауарлар экспортының кең дамуы үшін жағдай жасау;
өндірістік қорды тиімді пайдалану және материалдық еңбек ресурстарын үнемдеу; халықаралық экономикалық және техникалық қарым – қатынасты дамыту; елдің денсаулығын сақтауға, жұмысшылардың еңбегін қорғауға және т.б. кепілдік беру.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін стандарттау алдына келесі мақсаттар қояды:
берілген өнімнің сапа көрсеткіштерінің комплексті стандарттау негізінде дайын өнім сапасына талаптар қою, сонымен қатар (оның дайындалуына қажет) шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға және жинақтаушы бұйымдарға;
алдыңғы қатардағы ғылым, техника және өндірістің деңгейіне сәйкес келетін және оның жобалануы, сериялық өндірісі және қолданылу (пайдалануы) кезеңіндегі қажетті сапалы дайын өнімді қалыптастыру үшін жағдай жасайтын стандарттар жүйесін әзірлеу;
өнімнің сапа көресеткіштерінің, бақылау және сынау әдіс - тәсілдерінің бірыңғай жүйесін, сонымен қатар бұйымның тағайындалуына қарай қажетті сенімділік деңгейін анықтау;
тиімді сапаны қамтамасыз ету және түрлердің, маркалардың және түр өлшемдердің ұтымсыз емес көп болуын болдырмау мақсатында өнімді жобалау және өндіру аумағындағы нормаларды, талаптарды және әдістерді бекіту;
мамандандырудың маңызды шарты және өндірістің үнемділігін қамтамасыз ету, өзара ауысымдылық деңгейін көтеру, пайдалану тиімділігі және бұйымдарды жөндеу ретінде өнеркәсіптік өнімнің бірыңғайлығын және машиналарды агрегаттауды дамыту; елде өлшеудің біртұтастығын және шүбәсіздігін қамтамасыз ету; физикалық шамалардың мемлекеттік эталондарының бірліктерін жетілдіру; сонымен қатар жоғары дәлдікті өлшеу әдіс-тәсілдері.
Сонымен бірге келесі бекітулер қарастырылады:
құжаттандырудың бірыңғай жүйесі (ондағы басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолданылатын құжаттандырудың бірыңғайланған жүйесі) техника-экономикалық ақпараттының және өндіріс ұйымының жүйесін және еңбектің ғылыми ұйымының техникалық тәсілдерін топтастыру және қолдану жүйесі;
ғылым және техниканың маңызды салаларындағы бірыңғай терминдер мен белгілер, сонымен қатар халық шаруашылығының салаларында;
еңбек қауіпсізділігінің стандарттау жүйесі;
табиғатты қорғау аумағындағы және табиғат ресурстарын қолдануды жақсарту аумағындағы стандарттар жүйесі.
Жоғарыда аталған тапсырмалар жинақты және жоспарлы болу керек және стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлы жүргізілуіне қол жеткізу керек. Стандарттарды кезеңмен қайта қарастыруға негізделген және олардың ғылым, техника және өндіріс жетістіктерінің негізінде тұрақты жаңартылатын оның халық шаруашылық сипаты және динамизмі де мағынаға ие.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дайындаушы – өткізу үшін тауар өндіретін жеке немесе заңды тұлға;
2) жарамдылық мерзімі – бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі;
3) жұмыс – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатқа ие қызмет;
4) кемшілік – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына, шарттың ережелеріне, сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынған ақпаратқа сәйкес келмеуі;
5) кепілді мерзім – тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда оның сапасына сатушы (дайындаушы, орындаушы) кепілдік беретін уақыт кезеңі;
6) көрсетілетін қызмет – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатта болмайтын қызмет;
7) қызмет ету мерзімі – тауарды мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болатын уақыт кезеңі;
8) орындаушы – шарт бойынша жұмысты орындаушы немесе қызмет көрсетуші жеке немесе заңды тұлға;
9) сақтау мерзімі – сақтаудың белгіленген талаптары орындалған кезде тауардың сапасы сақталатын уақыт кезеңі;
10) сатушы – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды өткізуші жеке немесе заңды тұлға;
11) тауар – дайындаушы (орындаушы) қызметінің өткізуге арналған өнімі;
12) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі – тауарды пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың әдеттегідей жағдайларында немесе жұмысты орындау (қызмет көрсету) процесінде тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;
13) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын сипаттамаларының жиынтығы;
14) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжат – бақылау (тауарлық) чегі не кассалық кіріс ордерінің түбіртегі, жыртылатын талон түбіртегі, тиісті түрде ресімделген техникалық паспорт, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, құны, сатып алынған күні, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжат;
15) тұтынушы – өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар не тапсырыс беретін, оларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға;
16) уәкілетті орган – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
саласындағы мемлекеттік реттеу
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар
құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік саясаттың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
5) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтармен (одақтармен) өзара іс-қимыл жасасады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
2) уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) жеке немесе заңды тұлғалардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өтініштерін қарайды;
4) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауапкершілік шараларын қолданады;
5) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
7-бап. Тұтынушылардың құқықтары
Тұтынушылардың:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;
3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;
10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
12) моральдық зиянды өтетуге;
13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
8-бап. Тауарларды (орындалатын жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін
шарт жасасу құқығы
Тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға құқығы бар.
Тұтынушыны тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
9-бап. Тұтынушылардың тұтынушылар құқықтарын қорғау
саласындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығы
Тұтынушының тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тұтынушылық білім негіздері жөніндегі мәселелерді білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы, сондай-ақ тұтынушыға оның құқықтары және осы құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
10-бап. Тұтынушылардың тауар (жұмыс, көрсетілетін
қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы,
орындаушы) туралы ақпарат алу құқығы
1. Тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы осы Заңның 25-бабына сәйкес толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар.
2. Егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру:
тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы;
сатып алынған тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды сатып алған (жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген) күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде ақпарат берілмесе, тұтынушы шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы;
тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіруге әкеп соқса, ол сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) осы Заңның 16 және 31-баптарында көзделген талаптарды қоюға құқылы.
11-бап. Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты,
көрсетілетін қызметті) иелену құқығы
Тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгіленген шарттарына сай оның тұтынушы өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуына құқығы бар. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
12-бап. Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін
қызметті) еркін таңдау құқығы
Тұтынушының азаматтық айналымнан алынып қоймаған немесе айналымы шектелмеген тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, өзіне ыңғайлы уақытта еркін таңдауға құқығы бар.
13-бап. Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) тиісті сапасына құқығы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына қойылатын міндетті талаптар көзделсе, тұтынушының осы талаптарға сай келетін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) алуға құқығы бар.
2. Тұтынушының иеленетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын, жиынтықталымын, салмағын, көлемін, санын, мөлшерін тексеруге, егер бұл тауардың сипатына қарай мүмкін болатын болса, өзінің қатысуымен тауардың қасиеттерін тексертуді немесе оның дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын көрсетуді жүргізуге құқығы бар.
3. Егер тұтынушы шарт жасасу кезінде сатушыға (орындаушыға) тауарды иеленудің (жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудің) нақты мақсаттары туралы хабардар етсе, оның тиісті сападағы, осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) алуға құқығы бар.
4. Тауарды үлгісі және (немесе) сипаттамасы бойынша сату кезінде тұтынушының үлгіге және (немесе) сипаттамаға сай келетін тауарды алуға құқығы бар.
14-бап. Тұтынушылардың тиісті сападағы тауарды
айырбастау немесе қайтарып беру құқығы
1. Тұтынушы азық-түліктік емес тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) бұдан да ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды оның бағасында айырма болған жағдайда сатушымен (дайындаушымен) қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жиынтықталымы жағынан басқа, соған ұқсас тауарға айырбастап алуға құқылы.
Айырбастау осы Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.
2. Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды сатып алу орны айырбастау немесе қайтарып беру орны болып табылады.
15-бап. Тұтынушылардың тиісті емес сападағы
тауар сатылған жағдайдағы құқығы
1. Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:
1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.
Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін;
3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушы тауарды сатып алу орны бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды қоюға құқылы.
3. Тұтынушы, осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар осы Заңда белгіленген мерзімде анықталған жағдайда, осы талаптарды қоюға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |