бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл
идеяға жетекші Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің
«Ғылыми педагогика əдістемесі» кітабында ол балалық жас
мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты.
Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік табыстарға есік
ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу
жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына
ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану
жəне басқа пəндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл
оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз
кемшілік-қателерін табады жəне оларды түзетеді. Бүгінгі күнде
Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің тараптарлары
мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген «бала бақша -
мектеп» жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз
жемісін беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі
Достарыңызбен бөлісу: |