Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет150/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Шоғырластырылған 
(концентрлі) 
оқу 
технологиясы 
педагогикада  ежелден  танымал  пəнге  шомдыру  əдісіне  негізделген 
(П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.). 
Бұл  технология  жақтастарының  пікірі:  оқудың  дəстүрлі  сынып-
сабақтық  жүйесінде  бағдарламалар  мен  оқулықтарға  сəйкес  берілетін 
оқу  мазмұны  бөлім,  тақырып,  параграфтарға  бөлшектеніп,  өз  алдына 
шартты  дербестенген  ауқымда  ұсынылады.  Осыдан  оқушылардың 
жеке  пəндерден  алатын  білім,  ептілік,  дағдылары  жай  қалыптасады. 
Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа 
болған  қызығушылығы  кемиді.  Бір  дəрістің  екіншісінен  алшақты 


болуынан  бір  сабақта  қабылданған  ақпарат  келесіге  дейін  көбіне 
ұмытылады. 
Пəндердің  тұрақты  ауысып  баруынан  оқушы  олардың  бірде-біріне 
тереңдеп  ене  алмайды.  Бір  пəннен  екіншісіне  өтуде  бала  қиыншылық 
көреді,  көп  уақыт  сарп  етеді,  ендігі  сабақ  өткендегіні  көлеңкелейді, 
сонымен    əр  өткен  сабақ  өз  құндылықтарын  жойып  барады.  Əр  дəріс 
оқушы  үшін – жаңа  жүктеме,  мұғалімдердің  жаңа  талаптары,  жаңа 
мазмұнды  материал,  жаңа  көңіл-күй  ықпалдары,  т.с.с.  осылардың 
баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. 
Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес. 
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не 
аптаға  межеленіп,  қатар  өтілетін  пəндер  саны  кемітіледі.  Мұндай 
технология  оқу-  оқыту  процесін  адам  қабылдауының  табиғи 
психологиялық  ерекшеліктеріне  жақындастыра  түседі.  Сабақта 
игерілген  материалды  ұмытудың  алдын  алу  үшін  оны  бекіту 
жұмыстары  сол  күні  жүргізілуі  тиіс,  яғни  қандай  да  уақыт   
аралығында  оқушы  басқаларына  алаңдамай,  тек  сол  пəнмен  ғана 
шұғылданып, толық шомуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет