Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


 Педагогикалық ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет24/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   244
Жалпы педагогика 2005

1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі 
 
Педагогика – кең  ауқымды  ғылым.  Оның  шұғылданатын  оқу  жəне  
тəрбие  мəні  мен  олардың  барша  байланыстарын  жеке  бір  ғылым 
шеңберінде  қамту  мүмкін  емес.  Педагогика  дамудың  ұзақ  жолын 
басынан  кешіріп,  көптеген  білімдер  жинақтап,  бүгінгі  күнде  ғылыми 
білімдердің  кең  тармақты  жүйесіне  айналып  отыр.  Сондықтан  бүгінгі 
педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған 
дұрыстау келеді.  
Педагогиканың  ірге  тасы-  философия,  дəлірек  айтсақ,  тəрбие 
проблемаларымен  арнайы  шұғылданатын  оның  тəрбие  философиясы 
тармағы.  Тəрбие  философиясы  өз  алдына  білім  саласы  ретінде 
тəрбиелік  практикада  əртүрлі  философиялық  жүйе  идеяларын 
пайдаланады.  Философия – педагогикаға  танымның  жалпы  бағыт-
бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-
тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне 
жүйелік,  құрылымдық  талдау  əдістерімен  бірге  педагогиканың 
əдіснамалық негізі деп атау қабылданған. 
Қоғамдық  құбылыс  ретінде  тəрбие  дамуы  мен  педагогикалық 
білімдердің  өткен  жолын  педагогика  тарихы  зерттейді.  Өткенді 
түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне 
оны  бүгінгімен  салыстыру  осы  заманғы  құбылыстардың  негізгі  даму 
кезеңдерін  нақтылаумен  бірге  бұрынғы  қателерді  қайталаудан 
сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды:  жалпы 
педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы 
педагогика. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет