Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет86/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Ғылымилық  принциптің  талабы – оқушылар  игеруіне  ғылым 
тарапынан  анықталған  білімдерді  ұсыну.  Мектептік  білімденудің  де 
міндеті  осы  ғылыми  білімдерді    игертуге  бағытталған.  Оқудың 
ғылымилығы  ең  алдымен  мектеп  білімінің  мазмұнына  жəне  оны 
қалыптастыру 
принциптерін 
қатаң 
ұстануына; 
мұғалімдердің 


мазмұнды  толық  іске  асыра  алуына  тəуелді;  қабылданған  білімдердің 
ғылымдық 
сипаты 
оқу 
жоспарларында, 
бағдарламаларында 
өрнектелген,  пəн  аралық  байланыстарда  іске  асып  барады.  Озат 
дидактикалық  жүйелер  практикасы  бұл  принципті  жүзеге  келтіретін 
бірнеше ережелерді пайда еткен: 
- оқуды  педагогика,  психология,  əдістеме,  педагогикалық 
тəжірибенің  жаңа  жетістіктері  негізінде  жүргізу,  оқу  процесіне 
педагогикалық  еңбекті  ғылыми  тұрғыдан  ұйымдастырудың 
жаңа тəсілдерін ендіру; 
- оқу  дидактикасы  мен  психологияның  соңғы  жаңалықтарын 
ескерумен  индуктивті  оқыту  логикасын  ғана  емес,  сондай-ақ 
дедуктивті  оқу  əдісін  де  орынды  пайдалану,  дерексізденген 
(абстракция)  түсініктерді  қолданудан  тартынбау,  себебі  бұл  нақты 
құбылыстардың  тереңдегі  мəн-мағынасын  түсінуге  жəрдемін  береді. 
Бірақ  мектеп  курсы  шеңберінде  толық  түсінік  берілмеген 
абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз; 
- əрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап 
отыру,  пəнді  оқыту  барысында  қолданып,  пайдалану,  себебі 
жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады; 
- ғылыми  таным  əдісін  пайдаланумен,  оқушылардың  ойлау 
қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып 
отыру; 
- жаңа  идеялар  қабылдауды  бір  сəттік  міндет  деп  білмеу – əрбір 
құбылысты  жаңадан  түзіліп  жатқан  жан-жақты  байланыстары  жəне 
қатынастары аумағында қарастыра талдау; 
- оқушыларды  атақты  ғалымдардың  өмірбаяндарымен  таныстыру 
мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын 
шəкірттерге кең жария ету; 
- жаңа  ғылыми  терминологияны  қолдану,  ескірген  терминдерден 
сақ  болу,  оқушыларға  жаңа  жетістіктердің  негізгі  идеяларын  ашып, 
ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мəселелерді 
ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау; 
- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін 
болған  жағдайларды  пайдаланып,  ғылыми-тəжірибе  жұмыстарының 
негіздерімен  таныстыру,  шығармашылықты  қажет  еткен  мəселелерді 
шешуде  алгоритмдерді  пайдалануға  жаттықтыру,  проблемалармен 
айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау; 
- танымдық  қызметтен  оқушыға  жаңалық  ашу,  табысқа  жету, 
қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет