Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет3/41
Дата15.12.2023
өлшемі359.41 Kb.
#486617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
treatise4937

1.2 Реактивтерді пайдалану ережелері
Ерітінділер мен құрғақ реактивтер шыны, резина немесе қабық тығындармен жабылған шыны ыдыстарда сақталу керек. Реактивтер салынған ыдыстардың сыртында реактивтердің аты және оның сапасы: «техникалық», «таза», «анализ үшін таза», «химиялық таза», ал ерітінділер құйылған ыдыстардың сыртында ерітінділердің аты және концентрациясы жазылған этикеткалар болу керек. Реактивтерді пайдаланғанда келесі ережелерге сүйену қажет:

  1. Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, реактивтерді аз алу (материал мен жұмысқа кететін уақытты үнемдеу үшін).

  2. Алынған реактивтің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға немесе құюға болмайды.

  3. Реактивтерді пайдаланғаннан кейін ыдысты жауып, орнына қою.

  4. Құрғақ реактивтерді фарфор немесе металдан жасалған қасықшалармен немесе қалақшалармен (шпательдер) алған жөн. Олар әрдайым таза, құрғақ болуы керек. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап (сүзгіш қағазбан) сүртіп отыру.

  5. Егер реактив (ерітінді) пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай, екінші ыдыстан басқа реактив (ерітінді) алуға пайдалануға болмайды.



1.3. Лабораторияда жұмыс жасағанда қолданылатын сақтық шаралары
1. Улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.
2. Бөлініп жатқан газдарды ыдысқа жақын еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдың немесе сұйықтықтың иісін білу үшін ыдыстың аузынан ауаны өзіне қарай желпу керек.
3. Концентрациялы қышқылдарды, әсіресе күкірт қышқылын сұйылтқанда, қышқылды суға құю керек, керісінше (қышқылға суды) құюға болмайды!
4.Беттеріңе немесе киімдеріңе шашырамау үшін реактивтерді қойғанда ыдысқа аса еңкеймеңдер.
5. Сұйықтықты қыздырған кезде ыдыстың үстіне еңкеймеу керек, себебі сұйықтықтың бетке шашырап кетуі мүмкін.
6. Пробирканы қыздырғанда оның аузын өзіңе немесе қатар тұрған жолдасыңа қаратып ұстама.
7. Егер беттеріңе немесе қолдарыңа сұйықтықтың (қышқылдың) шашырандысы тисе, судың күшті ағындысымен жуып, содан кейін күйген жерді соданың сұйытылған ерітіндісімен жуу. Сілті тиген жерлерді сілті әбден кеткенше сумен жуады, сосын калий перманганатының 3%-ды ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртеді.
8. Оңай от алғыш, ұшқыш заттармен жасалған барлық тәжірибелерді оттан аулақ және мүмкіндігінше тартпа шкафта жүргізген жөн.
9. Жана бастаған бензин, спирт, эфирді сөндіргенде жалынға құм себу.
10. Жанарғының жалынынан немесе қызған нәрселерден дене күйсе, күйген жерді калий перманганатының концентрленген ерітіндісімен жуу керек, тіпті осы қосылыстың кристалдарымен күйген жер қоңыр тартқанша сүртуге болады немесе күйікке қарсы қолданылатын дәріні жағып, таңып тастау керек.
11. Уланғанда және қатты күйгенде іле-шала дәрігерге көріну.
12. Лабораториядан кетерде газ жанарғыларының шүмектерін тексеру.
1 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет