БАҒдарлама паспорты



бет3/4
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148130
1   2   3   4

Дегенмен, 2002 жылы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы төмен күйінде қалып отыр немесе шығын облыстың бір тұрғынына республика бойынша орта есеппен 12000 теңгенің орнына 2320 тенгені құрады. Сондай-ақ, медицина кадрлерімен қамтамасыз ету республика бойынша көрсеткішінен төмен: дəрігерлермен қамтамасыз ету қалалық жерлердегі 10 мың адамға - 39,9, ауылдық жерлерде – республика бойынша орта көрсеткіш 9,2 сəйкес 50,5 жəне 12,2; орта медициналық персонал – 84,4 жəне 28,2 орта республикалық көрсеткіш - 93,0 жəне 44,3. Ауылдық жерлерде əлі де болса гепатит, туберкулез, ішек ауруларын, жаңа пайда болған ісік ауруларын емдеу проблемалары шешілмеген, сондай-ақ мамандар таңдау мүмкіндігі жəне емдеу əдістері жеткіліксіз.



1.3.3. Білім алуға қол жетімділік
Халық кедейлігі индексін құрайтын негізгі элементтердің бірі – білім алуға қол жетімділік болып табылады.

Облыста 2001-2002 оқу жылында 59 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істеді. Ағымдағы жылы олардың саны 2 бірлікке артты. Мектепке дейінгі балалар мекемесіне қажеттіліктің аз болып отыру себебі материалдық жағдайдың тұрақты болмауы салдарынан деп түсіндіріледі. Жұмыссыздық жəне амалсыздан көшіп-қону отбасы бюджетіне əсер етеді, сондай-ақ көптеген отбасылардың мектепке дейінгі балаларының білім алуы есебінен үнемдеуіне тура келеді.

Сондықтан, оған қарамастан облыстың барлық мектептерінде ата-аналар есебінен мектепке дайындық сыныптары ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы барлығы 19% балалар онымен қамтылған. Осының салдарынан, əсіресе ауылдық жерлердегі балалар мектепке базалық дайындықсыз барып отыр, бұл мектеп бағдарламасын игеруге қиындық туғызып, бастауыш білім алу сапасына көп əсер етуде. Толық қамтуды қамтамасыз ету үшін бюджеттен мектепке дейінгі дайындық жұмыстарын қаржыландыру мəселесін шешу қажет.

Қазіргі кезеңде облыста 3349 мектеп жасына дейінгі балалар тұратын 59 елді мекенінде мектептер жоқ, сонымен қатар, облыстың 6296 мектеп жасына дейінгі балалар тұратын 60 елді мекенінде тек қана негізгі мектептер, ал 4205 мектеп жасына дейінгі балалар санымен 88 елді мекенінде тек бастауыш мектептер бар. Бұл балалар үшін мектеп жанындағы интернаттар жұмыс істейді жəне балаларды тасу ұйымдастырылған, себебі бұл елді мекендерде нормативке сай мектеп құрылысы жоспарланбаған.

Осыған қарамастан, облыста соңғы 2 жылда 14 мектеп салынып, 16 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, 2005 жылға дейін бұрынғы мектептердің орнына 24 жаңа мектеп салу қажет, 45 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

Алматы мен Талдықорған қалаларына жақын орналасқан 3 ауданнан басқа, облыстың барлық аудан орталықтарында кəсіптік білім беру жүйесі бар. Сондықтан, кəсіптік білім беру мектептері жүйесін кеңейту қажеттілігі туындамай отыр. Алайда, кəсіптік білім беру мектептеріне қабылдау 9-сынып бітірушілер ішінен 3 пайызды ғана құрады, 11-сынып бітірушілер санынан – 3,7%. Егер жоғары жəне арнайы орта оқу орындарында оқитындар пайызын ескеретін болсақ, əсіресе ауыл мектебін бітірушілер ішінен, ол да төмен, онда олардың барлығы ата-аналарының бағуында, ештеңемен шұғылданбайды деп қорытынды жасауға болады. Бұл жастар қылмысының жəне жұмыссыздар санының өсуіне əкеліп соқтырады. Сондықтан, оқушыларды кəсіби бағдарлау мəселесі бүгінгі күнгі кезек күттірмейтін мəселе болып отыр.

Негізінен білім алуға қол жетімділік мəселесі кедей отбасыларда туып отыр. Облыста 2002-2003 оқу жылының басында оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру нəтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылар ішінен мектеп жасындағы 57869 бала анықталды, олардың 3091-і оралмандар отбасынан, 3170-і жетім балалар, 443-і ойлау қабілеті кем балалар. Ағымдағы жылы əлеуметтік өзара көмек орталығымен жүргізілген балалық марафондары, қайырымдылық акциялары жəне басқа да өткізілген шаралар барысында 55 мың əлеуметтік қорғалмаған балаларға киім, аяқ киім, мектепке қажетті құрал-жабдықтар түрінде көмек көрсетілді. Жаппай білім беру Қоры есебінен аз қамтамасыз етілген отбасылардың 5221 оқушыға материалдық көмек көрсетілді.

Алайда, ыстық тамақпен қамтамасыз ету мəселесі толық шешілмей отыр. Облыс бойынша тұтастай алғанда ағымдағы жылы ыстық тамақпен 108039 оқушы қамтылған. Олардың ішінде 18563-і аз қамтамасыз етілген жəне көп балалы обасылардан. Кедей отбасылардың балаларының 18% ғана тегін тамақпен қамтамасыз етілді, себебі аудандар балаларды тамақтандыруға бюджеттен қаржының 1% бөлмей отыр.

Ағымдағы жылы жазғы демалыспен 220 мың бала қамтылды, оның ішінде 20 мыңға жуығы кедей отбасылардың балалары.

Білім беру саласындағы жағдайға талдау, бірінші кезектегі шешуді қажет ететін проблема, апатты жағдайдағы тұрған мектептердің құрылысы жəне басқа да жөндеуді қажет ететін мектептерге күрделі жөндеу жүргізу екендігін көрсетті. Мектеп алдындағы дайындық жəне балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, кедей отбасылардың балаларын, жетім балаларды киіммен, аяқ киіммен, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі мəселелер күн тəртібінде өткір күйінде қалып отыр, бірақ олар кезең-кезеңмен шешілетін болады.



1.3.4. Аз қамтамасыз етілген халық тобына арналған мемлекеттік леуметтік көмек жүйесі
Атаулы көмек көрсетудің критерий лері ретінде кедейлік шегін анықтаған және жергілікті билік органдарына төлем мөлшерін белгілеу мүмкіндігін берген «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Заңының 1999 жылы қабылдануына байланысты, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде бір қатар жақсылықтар байқалды. Елді мекендердің әлеуметтік-еңбек картасын жасау арқылы жергілікті жерлерде аз қамтамасыз етілген отбасыларды есепке алу және оларды персонификациялау жұмысы дұрыстала бастады. Аймақтардың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып әлеуметтік көмек атаулы түрде берілетін болды.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22-шілдесінде қабылданған №1036 Қаулысы және соған ұқсас, облыс әкімінің 1999 жылғы 27-тамыздағы «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелерін бекіту туралы» №8-261 шешімі, оларға енгізілген өзгерістерімен қоса, 1999 жылдан бастап әлеуметтік көмек беру мәселелерін регламенттейтін негізгі құжат болып табылады. Жан басына шаққандағы бір айлық орташа табысы есеп-айырысу көрсеткішінің екі елеген мөлшерін аспайтын балалы отбасылардың жәрдемақысы – негізгі жәрдемақы болып табылады. Жалпы сомасы 63792,3 мың теңге жәрдемақының осы түрін 1999 жылы 7439 отбасы, жалпы сомасы 89656,3 мың теңге болатын жәрдемақыны 2000 жылы 31552 отбасы , 2001 жылы жалпы сомасы 84274,5 мың теңге болатын жәрдемақыны 28027 отбасы алды.


Сонымен қатар, жәрдемақының тағы 4 түрі төленуі, атап айтқанда:

-үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға, туған балаларға берілетін әлеуметтік көмек, жұмыс істеген және жұмыс істемеген азаматтарды жерлеуге, тұрғын-үй көмегі. Төлемнің жалпы сомасы 1999ж. 4492 алушыға 57891,4 мың теңгені, 2000ж. - 10901 алушыға 57977,6 мың теңгені, 2001 жылы - 12913 алушыға 70217,9 мың теңгені құрады.

1999 жылы, әр үйді аралау жолымен облыста тұратын 375000 отбасының ішінен баласы бар 55185 отбасы (жалпы санның 15%), анықталды. Тексеру нәтижесі 19984 отбасының (36,2 %) атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін көрсетті.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету проблемаларын Кедейлік және жұмыссыздықпен көресу бағдарламасы толық шешпейді. Халықтың аз қамтамасыз етілген тобының табыс деңгейін көтеруді ғана көздей отырып, бағдарламада халық табысының төмендігі сияқты кедейлік деңгейіне әсер ететін факторлар кешені ескерілмеген.

Халықты әлеуметтік қорғаудың 2002 жылға дейін күшінде болған жүйесі толық дәрежеде еңбек табысы мен өзіне-өзі көмектің өсуін ынталандыруға бағытталмаған. Сол проблемалардың ішінде мемлекеттік органдардағы халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қызметтің әлсіздігін атап айтуға болады. қабылданған шешімдердің жеткілікті түрде анық болмағаны, әлеуметтік көмек алудың мүмкіншілігі туралы ақпарат тарату жүйесінің дамымағаны, әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік емес секторлардың жеткіліксіз қатысуы да өз әсерін тигізбей қоймады.

Ақырында, әлеуметтік бағдарламалардың аймақтардағы тиімділігін бағалау көбінесе адамдардың тұрғын деңгейіне әсер ету тұрғысынан емес, сандық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылған.

2002 жылдың 1-ші қаңтарынан ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының күшіне енуіне байланысты нақты табыстарын жасырғандықтан аз қамтамасыз етілген азаматтарды анықтау қиындай түсті. Сонымен қатар ауылдық жерлерде халықтың жиынтық табысын есепке алу әдістемесі жетілдірілмеген. Ауыл тұрғындары табыс деңгейі (қалаға қарағанда орта еңбекақысы төмен) мен жұмыспен қамту жағынан өте төмендігімен ерекшеленеді. Жеке адамдардың мал-жай шаруашылығы кейбір жағдайларда ауыл тұрғындарының табысын бағалау кезінде, көтеріңкі нәтижелерді көрсетіп, шаруашылық жүргізуден бас тартуды және масылдықты туындатады. Ал, атаулы әлеуметтік көмек алуға үміттенген отбасылардың жиынтық табысын анықтайтын Жаңа Ережеде қала тұрғындарының саяжай учаскелерінен келген табыстары саналмайды. әлеуметтік көмек көрсету өтініш білдіру принципі бойынша жүзеге асырылады да, көмек алушылар саны кірісі кедейлік шегінен төмен халық санына сәйкес бола бермейді.

Аудандар мен қалалардың 2002 жылғы деректері бойынша кедей халықтың басым көпшілігі Қапшағай қаласында, Балқаш, Алакөл,Ұйғыр және Кербұлақ аудандарында шоғырланған, осыған орай халыққа атаулы әлеуметтік көмек беру осы аймақтарда жүзеге асырылған, себебі тұрғындарының үштен бір бөлігінен астамы кедейлер.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге жәрдемдесуі тиіс.
1.4. Кедейшіліктің инфрақұрылымдық аспектісі.
1.4.1. Халықты тұрғын – үймен жəне коммуналдық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету.
Тұрғын – үймен қамтамасыз ету – адамдардың əл ауқатын көтерудегі маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2000 жылдың басында облыстың тұрғын – үй қоры 22403,4 шаршы метрді құрады.

Облыстың əр бір тұрғынының үймен қамтамасыз етілуі 14,3 ш. м-ді құрады.

Тұрғын – үй қорының құрылымында 98,5 пайызы жеке меншікті құрады. Соңғы жылдары мемлекет есебінен салынатын тұрғын-үй құрылысының көлемі азайып, тұрғын-үй үлесі қысқартылды. Құрылыстың жалпы көлемін арттыруға жеке тұрғын-үйлерді тұрғызу есебінен қол жеткізілді.

2001 жылы жалпы көлемі 138,0 мың шаршы м. тұрғын-үйлер пайдалануға берілді, бұл 2002 жылға қарағанда 22,1 пайызға көп.

Копперативтер, көп пəтерлі тұрғын-үйлерді күрделі жөндеуден өткізу түгел тоқтатылған.

Көп адамдар осы уақытқа дейін тозығы жеткен, ескі үйлерде, пəтерлерде тұруда. 939,4 мың. шаршы метрді тозығы жеткен тұрғын-үй қоры құрайды.

Пəтерлер мен үйлердің құрал-жабдықтарының жалпы санына пайыздық қатынасы: су құбыры – 40,5%, канализация – 26,5%, орталық жылыту жүйесі – 20%, ванналар – 16,9%, газ – 88,6%, ыстық сумен қамтамасыз ету – 14,4%.

Республика бойынша ең бірінші болып облысымыздағы коммуналдық қызметтердің бағасы көтеріліп, 90 жылдардың басындағы жаппай жұмыссыздық нəтижесінде халықтың көпшілігінің бірнеше жылдарғы қарыздары жиналып, халықтың онсыз да материалдық ауыр жағдайын одан əрі қиындата түсті.


      1. Тұрғындарды сумен, оның ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету


Облыста суды пайдаланудың басты проблемалардың бірі - жер үсті су ресурстарын құрайтын табиғи су көздерін ұтымды пайдалануда және суды тұтынуда толық есептің жоқтығы. Бұл проблема Балқаш көлінің деңгейін ұстап тұрудың қиындығына әкеп соғуда. Соңғы 30 жыл ішінде көлдегі судың деңгейі 2,18 метрге төмендеп, 341 м шектік деңгейде тұр. Бұл Балқаш көлінің ең үлкен тереңдігі 26 метр деп есептегенде, өте үлкен көрсеткіш.

2002 жылы қолданылған судың қөлемі 3438,8 млн куб метрге тең, бұл 2001 жылға қарағанда 426 млн. куб метрге артық. Суды тұтыну жайлы сөз көтерілгенде, жерді суландыратын жүйелердің қанағаттанарлықсыз жағдайын айтқан жөн. 2001 жылы тасу кезінде жоғалған судың көлемі 829 млн куб. метр (жалпы алынған судың көлеміне шаққанда 27,5 пайыз) құрады. Болжам бойынша 2002 жылы судың жоғалатын көлемі 1014,2 млн. куб метрді (жалпы алынған судың көлеміне шаққанда 29,5 пайыз) құрайды.

Облыста жер беті суларының тапшылығына қарамастан, оларды ұтымды пайдалану және жер асты суларын игеру жұмыстары жүргізілмей келеді. Барлық 26216,3 млн. куб метр сөткелік баланс қорының (жылына шамамен 9,56 млрд. куб метр) жер астынан шығарылған судың жалпы көлемі сөткесіне 884,32 мың куб. метрді ғана (барлық баланс қорының 3,4 пайызы) құрап отыр. Қазіргі уақытта 736 бұрынғы істеп тұрған скважиналардың 285-і жұмыс істемейді және оларды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Облыс бойынша тасымал суды (14481 адам) және жер бетіндегі ағын су мен құдық суларын пайдаланатын (73565 адам) 64 елді мекендерді сапалы су жүйелерімен қамтамасыз ету керек.

Көптеген су құбырлары жүйесі санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Санитарлық қорғау зонасы қанағаттанарлықсыз жағдайда, не болмаса олардың мүлде жоқ болуында. Ашық суаттар ішінен сумен жабдықтау объектілерінде сүзу қондырғыларын орнатуды қажет етеді.

Адам денсаулығына кері әсер ететін және ауыз судың сапасын төмендететін үздіксіз хлорлау көлемі азайтылды.


1.4.3. Халықты жолмен, көлікпен, байланыс қызметімен қамтамасыз ету.
Облыста автомобиль жолдары көптеген аймақтар үшін тауарлар, өнеркəсіп жəне ауылшаруашығы жүктерін түсіретін, сондай-ақ жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын бірден - бір артықшылығы бар қатынас құрамы болып табылады. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде барлық аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің 80 пайызы автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілген.

2002 жылдың басында облыс автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9681 шақырымды құрады, оның ішінде 2728 – республикалық, 6953 - жергілікті маңызы бар.

Жолмен қамтамасыз етуді сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - аумақтың 1000 шаршы шақырымға жолдарының тығыздығы болып табылады.

Облыста бұл көрсеткіш тұтастай алғанда республика бойынша 29,7 шақырымның орнына 42,5 шақырымға тең.

Жыл сайын азаматтардың жеке меншігіндегі барлық автомобиль түрлерінің саны артуда.

Тұрғындардың жекеменшігіндегі жеңіл автокөліктермен қамтамасыз етілуі 100 адамға 5,5 бірлікті құрайды. Облыста 2002 жылы 2001 жылға қарағанда автомобилдердің жалпы саны 6,4% артты.

Автомобиль көліктерімен негізгі жүк тасымалдаушылар болып коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кəсіпкерлер болып табылады, олармен 9,1 млн.тонна (2001 жылғы деңгейге 154,5%) жүк тасымалданды.

Көліктің барлық түрімен 126,7 млн. адам жолаушылар тасылды (2001 жылғы деңгейге 122,7%). Жолаушылар тасымалдаудың 90,4% жеке тасымалдаушылардың үлесіне тиеді.

Ауылдық жерлердің байланыс қызметімен қамтамасыз етілуі əлі де төмен жағдайда қалып отыр. Халқының саны 50 ден 900 адам болатын 218 елді мекендерде телефон жүйелері жоқ. Бұл жағдайға негізінен, қалааралық жəне ауылдық байланыс жүйелерінің жетіспеушілігіне аймақтық қайта құру əсер етті.

Қазіргі уақытта облыста 322 телефон стансалары жұмыс істейді. Орташа телефон тығыздығы жүз адамға 10 телефон, (орташа республикалық көрсеткіштен 3 телефонға аз) құрайды.

Елді мекендердің араларының қашықтығы, қосалқы бөлшектердің жоқтығы, əуе жолы байланыстарының көптігі ауыл тұрғындарына тиісті сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жол бермеуде.

1.5. Кедейшіліктің аймақтық жəне экологиалық аспектілері
1.5.1. Кедейшіліктің аймақтық ерекшеліктері
Əр түрлі географиялық жағдайы, климаты жəне өндірістік қуаттардың орналасуы облыс аймақтарындағы халықтың тұрмыс деңгейін анықтайды. Сондықтан, қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөнінде күрт ерекшелік болмағанмен, халықтың жұмыспен қамтылуында жəне табыс табуында айырмашылықтар кездеседі. Халықтың экономикалық белсенді тобын жұмыспен қамту деңгейі Ақсу ауданында 83,3 пайыз блса, ал Еңбекшіқазақ ауданында 92,3 пайызға дейін көтерілген. Бұдан еңбекпен қамту деңгейі бойынша көрсеткіштердің аз да болса өзгерісте болуы халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту есебінен қамтамасыз етілгендігін байқауға болады, оның себебі олардың көпшілігі уақытша жəне аз табыс табатын жұмыста істеуінен. Ірі жəне орта кəсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы облыстың 13 аймағында 9 мыңнан 12 мың теңгеге дейін, 4–де 12000-нан 15000-ға дейін, 3-де 15000-нан 20000-ға дейін, тек Іле ауданында 24508 теңгені құрады. Сəйкес, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы Райымбек ауданында 12916 теңге, Текелі қаласында 6960 теңге мөлшерінде өзгеріп отырды (2002 жылғы маусым айындағы бағалау бойынша).

Ауыл халқы табыс деңгейінің ең төмен болуымен, жұмыспен қамтамасыз етілу, сапалы білім алу жəне денсаулық сақтау қызметін пайдалану, коммуналдық қызметтердің жоқтығымен ерекшелінеді (2001 жылы орташа жалақы 8077 теңгені құрады, бұл қалалардағы жалақы мөлшерінен 1,5 есе төмен). Бұл проблемалар автомобиль жолдары мен телефон байланысының нашарлығынан шиеленісуде.

Облыста болашағы жоқ елді мекендер бойынша жұмысшы комиссиясы құрылған. Облыстың 45 елді мекендеріне шығу арқылы халықтан сауалнама жүргізіліп, соның нəтижесінде облыстың бос қалған жəне халқы аз елді мекендерінің тізімі жсалынып, сауалнамалар əзірленді. ПРООН жұмысшы тобының консультанттары əзірлеген əдістемені пайдалана отырып, 547 жанұядан сұрақ алынды.

Облыстық жəне аудндық маңыздағы 9 шағын қалаларға жатқызылатын қалалардың проблемалары бар. Оларды дамыту жөнінде жеке бағдарлама əзірленеді. Сонымен қатар облыста проблемалық мəселелері анықталған басқа да қалалар бар - оларда негізінен, канализация, су құбырлық жүйелері, тұрғын-үй қоры, жол істен шыққан, сондықтан республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеген жағдайда бұл мəселелердің шешімі табылмайды.
1.5.2. Кедейшіліктің экологиялық аспектісі.
Алматы облысы – экономиканың жоғары даму деңгейіне тиімді әсерін тигізетін табиғи ресурстарға бай аймақ. Алайда, тарихи қалыптасқан және ресурсты шикізатты, табиғат пайдаланудың дара жүйесі, табиғи жағдайларды есепсіз жүзеге асырудың салдарынан көптеген экологиялық проблемалалардың пайда болуына әкеп соқты және оны өтпелі кезеңнің күрделілігі тереңдете түсті.

Облыстағы табиғи орта, энергетикалық кәсіпорындардың, өндіру және қайта өңдеу мекемелерінің, аграрлық кешеннің жоғары техногендік ауыртпалығын жеткілікті түрде бастан кешіруде. Бірқатар аудандарда адам денсаулығына әсерін тигізетін экологиялық қолайсыз жағдай қалыптасқан. Оның ішіндегі аса қауіптісі – шөлейттену, топырақ құнарлылығының нашарлауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, биологиялық түрлерінің бұзылуы, атмосфералық ауаның ластануы болып табылады.

Облыста халықтың тұрмысы төмен тобының өміріне мынадай факторлар әсер етеді;

Жайылымдардың нашарлауы. Облыста жайылым 14449,9 мың га жерді алып жатыр. Жайылымдарды интенсивті пайдалану олардың антропогендік бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі уақытта шектен тыс жайылымдарды дұрыс пайдаланбау, бұталы өсімдіктерді, әсіресе сексеуіл шабудың нәтижесінде жердің құнарлығы 50 пайызға дейін орташа және көп мөлшерде деградацияға ұшырады. Суармалы жерді және таулы жерлердегі суарылмайтын жерлерді бірге пайдаланудың нәтижесінде 700-ден 1000 м биіктіктегі тау бөктеріндегі жайылымдар орташа және көп мөлшерде деградацияға ұшырады. Облыстың шабындықтары да өте қатты деградацияланған. Оның басты себебі су объектілерінің гидрогеологиялық режимінің өзгеруі мен шабындықты дұрыс пайдаланбағандықтан болып отыр.

Атмосфералық ауаның ластануы. 2001 жылы тұрақты көздерден атмосфераға шығарылған барлық зиянды заттардың көлемі 71,3 мың тоннаны құрады. Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың ең көбі автокөліктерден, Алматы қаласының маңындағы-Талғар, Қаскелең, «Энергетика» елді мекендеріндегі өнеркәсіп орындарынан шығарылады. Ауаны ластаушылардың ішінде электр энергетикасы мекемелері алдыңғы қатарда болып саналады.

Осы уақытқа дейін облыста бірде-бір жұмыс істеп тұрған стационарлық қадағалау орындарының жоқтығынан, атмосфералық ауаның жағдайын бақылау жұмыстары жүргізілмейді.



Судың ластануы. Қолданылған ағынды сумен өзен суының жоғарғы қабатын негізгі ластаушылар Іле, Қаратал, Шарын өзендері алқабында орын тепкен күріш өндіретін ауылшаруашылығы кәсіпорындары болып табылады (Бақбақты, Бірлік, Ақбала, Береке, Бесқарағай, Ленина, Кирова, Дихан АҚ). Жыл сайын облыстың ауылшаруашылық кәсіпорындары коллекторлы-құрғату жүйесі арқылы өзендерге жоғарғы органикалық, азот қосындысы және ерімейтін өлшемді заттары бар 200 млн. шаршы метр қолданылған су ағындарын жібереді.

Ластаушылардың екінші тобына қалалар және елді мекендер аумағында орын тепкен әртүрлі өндірістік, коммуналдық кәсіпорындар жатады. Бұл топқа облыстың қолданылған су ағындарының жиынтық көлемінің 15 пайызын құрайтын Алматы қаласы да кіреді.

Облыста су қорларын ластаушылардың бірі болып тамақ өнеркәсібімен айналысатын Қарабұлақ, Алматы қант зауыты, «Көксу шекері» ААҚ-ы, «Талғарспирті» ААҚ-ы және құс фабрикалары болып табылады.

Топырақ бетінің ластануы. Жер беті топырағының техногендік бұзылуы облыс аумағына тән нәрсе. «Южказнедра» АБ-ның әр жылдарда өткізген экологиялық-геохимиялық зерттеулерінің мәліметі бойынша Алматы агроөнеркәсіп аудандарының аумағында топырақ құрамында қорғасын, фосфор, хромы бар және олар белгілі мөлшерден 1,5-3 есе асып түсетін аномалды учаскелер анықталған.

Облыстың ауыл шаруашылығына арналған жері 13550,5 мың га құрайды, оның ішінде 2177,3 мың га әртүрлі дәрежедегі сорға айналған, су эрозиясының нәтижесінде 841,8 мың га тозған және 4383,1 мың га жерлер дефляцияға ұшыраған.



Өнеркәсіп және тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ). Облыс территориясы бойынша ең көп қалдықтар өнеркәсіп қалдықтары болып есептеледі. Қалдықтардың жалпы саны 2790 мың тонна, оның ішінде ТҚҚ- 1774 мың тонна.

Ең ірі өндірістік қалдықтар полигонына күл үйінділері жатады. Олар ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, «Казцинк» ЖАҚ-ы, «Казцинк» ТКБ ЖАҚ-ы, «Тельманский», «Қайнар» АҚ-ы полигондары.

Тұрмыстық қалдықтардың негізгі жинақтаушы қатарына ауылдық аудандар мен селолық окруктер жатады. Облыс аумағында көлемі 1155 мың тонна 838 полигондар бар, оның ішінде көлемі 1084,4 мың тонна 261-і тіркелген және көлемі 60,5 мың тонна 577-і тіркелмеген қоқыстар үйіндісі бар. Облыстағы ең ірі полигон «Парасат» АҚ-ы. Оның қауіптілігі 3 класс санатына жатады.

Қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығының деңгейін көрсететін есептер бойынша, 16 әкімшілік аудандар ішінен 8-і өте күшті, 6-ы орташа, тек 2 аудан төмен дәрежедегі табиғи-шаруашылық жүйелер өзгерістеріне жатады.


1.6. Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі қоғамдық институттардың ролі
1.6.1. Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі
Облыстық жəне аудандық мемлекеттік өкімет органдары өздерінің қызметтері шеңберінде тікелей немесе қосымша кедейшілік мəселелерін шешіп отырады. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарының санын арттыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, шағын несиелеуді кеңейту үшін ең қолайлы жағдайлар құрылуда. Жыл сайын денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, инфрақұрылым саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге бюджетті арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Мектептер салынуда, əлеуметтік-мəдени салалардың барлық бъектілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалақы жөніндегі қарыздарды жою, еңбек жəне еңбекті қорғау туралы заңнамаларды сақтау жөнінде шаралар қабылдануда. Кедей жəне азаматтардың əлеуметтік-əлсіз топтарын тікелей əлеуметтік қамтамасыз ету жүзеге асырылуда.

Облыста экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету есебінен халықтың əл-ауқатын одан əрі жақсартуға бағытталған облысты əлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді бағдарламасы əзірленген жəне жүзеге асырылуда. Осындай бағдарламалар барлық əкімдер деңгейінде əзірленіп, осы бағдарламаларды іске асыруға жауап береді.

2002 жылы əлеуметтік қамсыздандыруға облыстық бюджеттің шығыны 3738,8 млн. теңгені (2001 жылға 195,2%) құрады. 2002 жылы шығындар білім беруге (1293,3 млн. теңге) жəне денсаулық сақтауға (1260,0 млн. теңге) артты немесе сəйкес 9952,4 жəне 3569,4 млн. теңгені құрады. Жергілікті атқарушы органдар шағын бизнес жобаларын бюджеттік жеңілдікпен несиелеумен жүзеге асыруда.


1.6.2. Кедейшілікті төмендетудегі үкіметтік емес және кəсіподақтық ұйымдарының ролі.
Облыста 24 кәсіподақтық ұйым, 11 мүгедектер қоғамы, 5 соғыс ардагерлер ұйымдары, 3 әйелдерді қолдау ұйымы, 2 жастар, 5 халықты әлеуметтік қолдаумен айналысатын ұйымдар тіркелген. 1998 жылдан бастап Талдықорған аймақтық жұмысбастылыққа көмектесу қорымен әрекеттестік жүзеге асырылуда. Техникалық жәрдемдесу жөніндегі неміс қоғамының қолдауы жағдайында, осы үкіметтік емес ұйым арқылы тиімді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі белгіленген. Пилоттық жобаны аяқтағаннан соң, қормен ынтымақтастық жалғасуда. Қазіргі кезде қордың қызметі ұлғаюда, оның жанында жастарға болашақ жұмысты дұрыс таңдауда көмек көрсететін ақпараттық-кеңестік орталық ашылды, бұл жерде өз бетімен жұмыс іздеу әдеттерін оқытады. «Қарлығаш» әйелдер оқыту-кеңестік орталығы» қоғамдық ұйыммен аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларды қолдауға бағытталған қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы келісімге жеттік.

Облыс Әкімі, Алматы кәсіподақтар одағы және Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы арасында үш жақты келісімді жүзеге асыру шеңберінде біршама жұмыстар жүргізілді.

Алайда, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі аймақтарда өз дəрежесінде емес.

Кедейшілікті төмендетуде жеке бизнестен түсетін қаражаттар үлкен роль атқарады. Сол қаражаттар есебінен облыстың 16 ауданында және 3 қаласында 158 арнайы дүкен ашылды, олар 7000-нан астам аз қамтамасыз етілген азаматтарға төмен бағамен және несиеге азық-түліктер және басқа да қажетті тауарларды өткізеді. Облыстың аудандарында, қалаларында киілген киім, аяқ киім жинау және беру жөнінде 214 үйлестіру орталықтары ашылды. Бірақ, әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында жеке бизнес əлеуеті толық пайдаланылмады.

Кедейшілік проблемаларын шешуде халықтың өзінің қатысуы, оның ішінде жергілікті қауым деңгейінде көркейту проблемаларын, өзара көмек жəне қоғамдық бақылауды ұйымдастыру әлі де болса шамалы күйінде қалып отыр.


2. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, қағидалары және басымдықтары


2.1. Бағдарламының мақсаты жəне міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын көтеру, кедейшілікті қысқарту жолымен әлеуметтік қорғаудың атаулылығын, əділеттілігін жəне берілген əлеуметтік көмектің тазалығын жақсарту, денсаулық сақтау жəне білім беру қызметтеріне халықтың əлеуметтік əлсіз топтарының қол жеткізуін көтеру, кедейшіліктің әлеуметтік-демографиялық, экологиялық, инфрақұрылымдық факторларының жағымсыз әсерін азайту үшін жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін облыстық бағдарламамен келесі міндеттерді шешу көзделді:

- тұрақты еңбек қызметіне ынталандыруды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жəне рыноктық шарттармен сəйкес келетін тиімді жəне ықпалды бағдарламаны қызмет еткізу;


  • халықты өнімді жұмыспен қамту, жұмысшы күшінің сапасын жəне бəсекеқабілеттілігін көтеру, жұмыссыз халықты жұмысқа тұрғызу деңгейін арттыру, жұмыссыздық көлемін қысқарту үшін жағдай жасау;

  • төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды одан əрі дамыту жəне оны жетілдіру, кəсіби оқу, жұмыссыздардың біліктілігін көтеру жəне оларды қайта дайындау;

  • атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетігін және халықтың кедей тобының табыс деңгейін бағалау әдісін жетілдіру;

  • шағын кəсіпкерлікті дамыту, азаматтардың аз қамтамасыз етілген тобына басымды несие беруді қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

  • денсаулық сақтау, білім беру секторларында мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін жəне қол жетімділігін көтеру.


2.2. Кедейшілікті төмендетуге арналған басымдықтар

Кедейшілікті төмендетудің негізгі басымдықтары болып мыналар табылады:



  • жұмыспен қамтуды өсіру үшін жағдай жасау жолымен жұмыссыздықты төмендету, одан əрі экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

  • облыста кедейшіліктің жайын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ету;

  • базалық білім алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге қол жетімділігін көтеру, мемлекеттік əлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын күшейту;

  • ифракұрылым қызметтерімен халықтың қамтамасыз етілуін жақсарту;

  • аймақтық деңгейде кедейшілікті жəне кедейшілікке қолайсыз экологиялық факторлардың əсерін төмендету;

  • халықтың кедейшілік деңгейін төмендетуде қоғамдық институттардың қызметін жақсарту жөніндегі шаралар;

2.3. Бағдарламаны іске асыру көрсеткіштері

Бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай мақсатты көрсеткіштер белгіленеді:





Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі


Нақты

2002 ж


бағалау

Болжам




2000ж

2001ж


2003ж

2004ж

2005ж




Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі


%

44,2

40,4

35,2

29

27

25,5




Жұмыссыздық деңгейі


%

12,8

10,4

9,7

9,6

9,5

9,3




Халықтың экономикалық белсенді тобына шағын кəсіпкерлік саласында шұғылдантындар үлесі

%

22,8

23,0

25,1

27,9

29,5

31,4




Шағын кредит алушылар саны:

«Шағынкредит» үкіметтік емес ұйымынан

Қауымдастықтарды несиелеудің Қазақстан қоры


Адам


-//-

1028


8019

1024


6818

1029


5808

1035


6388

1039


7091

1070


7658




Кәсіби дайындыққа, қайта дайындыққа және біліктілігін көтеруге жіберілген жұмыссыздар саны


Адам

382

3458

3500

3000

3000

3000




Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі


Нақты

2002 ж


бағалау


Болжам

2000ж

2001ж


2003ж

2004ж

2005ж

Қоғамдың жұмыстарға қатысатын жұмыссыздар саны.


Адам

7030

9430

9500

9200

9200

9300

Сапалы ауыз суға қол жеткізілмеген халықтың үлесі:






















Қалалық

%

2,48

2,48

2,48

1,8

1,2

0

Ауылдық


-//-

3,14

3,14

3,14

2,5

1,2

0

АƏК алушылар саны



Мың адам

42453

40940

138800

135000

125000

102000

Күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халық санынан АƏК алушылар үлесі


%

6,1

6,4

25,3

29,7

29,5

25,5

Мектепке дейінгі дайындықпен 5-6 жасар балалардың қамтылу деңгейі

%

3,7

3,7

19

31

44

62

Шалғай жатқан елді мекендердегі орта білім алуға толық қолы жетпеген оқушылар үлесі (тасу, туыстарының үйінде тұратындар)

%

0,5

0,3

0,1

0

0

0

Жетім балаларды жəне аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету

%

29,1

30,8

31,7

45

55

70

Туберкулез ауруынан қайтыс болғандар

100 мың адамға

17,3

17,2

17,5

17,1

16,9

16,8

Туберкулез ауруымен науқастану

100 мың адамға

118,4

115,3

120,8

114,3

112,0

111,8

Нəрестелер өлімі

1000 тірі туғанд.

13,7

12,1

13,1

12,4

12,3

12,1

Аналар өлімі

100 мың тірі туғанд.

50,1

38,8

40,1

42,1

36,4

36,0

Халық өмірінің орташа ұзақтығы:



67,0

67,5

67,6


67,9


68,0


68,4



ерлер

Жасы

62,3

63,0

63,4

64,0

65,0

65,6

əйелдер

-//-

72,0

72,3

72,4

72,9

73,1

73,4


3.Кедейшілікті кемітудің негізгі бағыттары

3.1. Мақсатты топтардағы кедейлікті азайту мақсатында қолданылатын шаралар

Аз қамтамасыз етілген отбасыларды мемлекеттік қолдау мәселесі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының шегінде жүзеге асырылатын болады.



Ұзақ уақыт жұмыссыз қалғандар.

Кәсіпкерлікті дамыту және өз бетімен жұмысқа орналасу мақсатында халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарға, оның арасында ұзақ жұмыссыз қалғандардың жұмысқа орналасу, қоғамдық жұмыстарға қатысу, кәсіби оқу, қайта дайындықтан өту, біліктілігін көтеру сияқты басымдық құқығы қамтамасыз етілетін болады.



Жағызбасты қарт адамдар.

Үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың жалғызбасты қарт адамдарды күту жөніндегі жұмысын күшейту. Оларға көмек көрсету мақсатында әлеуметтік қызметтер ашу мүмкіндігін қарастыру. Жалғызбасты қарт азаматтарды күтуге бағытталған қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру.



Мүгедектер.

Мүгедектердің еңбектенуіне жағдай жасап, олардың сұраныстарын қанағаттандыратын инфрақұрылымды жетілдіріп мүмкіндіктерін кеңейту.

Мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен жабдықтауға шаралар қолдану.

Маргиналдық топтар.

Маргиналдық топтардың арасында кедейлікті азайтуға бағытталған негізгі шаралардың бірі – превентивті шаралар болып табылады. Негізінен мектептерде,интернаттарда, арнайы мекемелерде үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып жұмыс жүргізу қажет. Маргиналдық топтардың, әсіресе бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген нашақорлар және басқалардың заң сыйлайтын құқықтылы азаматтардың өміріне жағымсыз әсерлерін тигізбеуі үшін арнайы шаралар өткізу қажет.

Қоғамның аз қамтамасыз етілген әлеуметтік топтарының арасындағы маргинализацияны төмендету мақсатында:

-аз қамтамасыз етілген отбасылардағы кәмелетке толмаған балалардың, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келгендердің бейімделуіне бағытталған арнайы шараларды жетілдіру арқылы халықтың маргиналдық топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

-оңалту шаралары кешендерін әзірлеу мақсатында баспанасыздардың орын алу себептерін айқындау;

-тұрақты тұратын жері жоқ, жұмысы және тіршілік ететін қаражаты жоқтарға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсету үшін әлеуметтік бейімделу және оңалту орталықтарын ашу;

-оқудан, жұмыстан бас тартқан, құқық бұзу және қылмыс жасаған кәмелетке толмағандармен белсенді жұмыс жүргізу;

-нашақорлықтан зардап шегіп жүргендерді ерте бастан анықтау мақсатында облыстағы барлық оқу мекемелерінде, мектептерде жыл сайын медициналық тексеру жүргізу әдетке айналдырылсын.


3.2. Халықтың кедейшілік деңгейін төмендету жөніндегі шаралар

3.2.1. Экономиканы дамыту жəне кедейшілікті төмендету.
Өнеркəсіп саясатында облыстың айқындаушы бағыты болып ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді инновациялық дамыту болып табылады.

Өнеркəсіп өнімін өндіруді өсіру, жұмыс істеп тұрған өңдеуші өнеркəсіп кəсіпорындарының қуаттылығын арттыру есебінен қол жеткізілетін болады, оның ішінде, 15 сүт зауыттары, 18 шұжық өндірісі, 6 ірі жəне орта жеміс-жидек консервілеу жəне 5 қант зауыттары, 25 шарап зауыты, 3 темекі компаниялары.

Басымды өндіріс орындарын қалпына келтіру ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі өндірістік қуаты бар кəсіпорындарды дамыту жолымен қамтамасыз етіледі. Қоюлатылған сүт өндірісі жəне кұрғақ сүт қоспалары, балалар тағамы, көкөніс жəне жидектер, алғашқы шарап жасау базасындағы қолда бар өндірістік қуаттылықтар даму басымдығына ие.

Экономиканың басымды секторларына тікелей инвестиция тарту жөніндегі жұмыс одан əрі жалғастырылатын болады: өңдеуші өнеркəсіпке, ғылыми өндіріс орындарына.

Облыс жуық арадағы перспективада мынадай міндеттерді жүзеге асырады:


  • жұмыстары тоқтап тұрған кəсіпорындарды сауықтыру жəне қалпына келтіруді аяқтау;

  • облыс аймақтарында жаңа өнеркəсіп объектілерін іске қосу;

  • облыстың ауылшаруашылығы тауарөндірушілер кооперациясын, өңдеуші өнеркəсіп кəсіпорындарының қуаттылықтарын толығымен іске қосу жөнінде;

  • озат технологиялар негізінде өнеркəсіптегі өндіріс базасын жетілдіру жəне техникаларын қайта жабдықтау;

  • өнімнің сапасын жəне бəсекеқабілеттілігін арттыру.

Алдағы жылдары электр энергиясының ішкі сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі мəселені шешу жоспарлануда. Бұл мақсатта, жалпы қуаттылығы 5250 кВт/сағ. болатын 9 шағын СЭС салуға жəне 2004-2005 жылдары іске қосу дайындығына жағдай жасайтын «Шаңырақ» пен «Ақсу СЭС»-ларының екінші кезектегі құрылыстарын аяқтауға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру көзделуде.

Импорталмастыратын өнімдер шығаруды игеру, олармен ішкі рынокты толтыру, экспортқа шығарылатын өнімдер шығаруды арттыру жөнінде озат технологиялар мен менеджментті пайдалану арқылы жаңа өндірістік қуаттылықтар құрылмақ.

Бұл шаралардың барлығы өндірісті кеңейтуге, халықтың еңбекпен қамтылуын арттыруға жəне олардың табыстарын көтеруге жағдай жасайды.

Агроөнеркəсіп кешенін таяу арадағы екі жылда дамытудың егін шаруашылығындағы басты міндеті мыналар болып табылады: басымды дақылдар егісін көбейту есебінен егістік жерлердің құрылымын жетілдіру, мысалы соя, қант қызылшасы, көкөністер, картоп өсіру арқылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы тұқымдық материалдармен қамтамасыз ету, минералды тыңайтқыштар, химикаттар жəне гербицидтерді ұтымды пайдалану, бақтар мен жүзімдіктерді жаңарту қажет.

Мал шаруашылығындағы басты міндет – мал басын жəне оның өнімділігін арттыру есебінен жоғары өнімділікті асыл тұқымды малдардың генофондын сақтау, ірі қара шаруашылығын басымды күйінде қалдыру, селекциялық – асылдандыру жұмыстарын одан əрі жетілдіру болып табылады.

Халықтан өндірілген ауылшаруашылығы дақылдарының артығын сатып алу үшін дайындау мекемелері жүйесінің қызметін жандандыру, жеке жəне шетелдік инвесторларды т.б. тарту жөніндегі жұмыстар одан əрі жалғастырылатын болады.

Жерге жеке меншікті енгізу осы міндеттерді шешуге себепші болады, сондай-ақ шаруа адамдардың ертеңгі күнге сенімділігін нығайтуға мүмкіндік береді. Белгілі бір дəрежеде жер ресурстарын тиімді пайдалануға олардың мүдделілігін арттыруға оңды əсерін тигізеді.

Экономика саласының динамикалық өсуіне қол жеткізу үшін, халықтың түрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған Агроазық-түлік бағдарламасы əзірленуде. Оның мақсаты - агроөнеркəсіп кешенінің тиімді жүйесін құру жəне бəсекеқабілетті өнімдерді өндіру негізінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

2002 жылы жалпы өнім көлемі 76,4 млрд. теңгеге жеткізілетін болады. Бұл 2001 жылғы деңгейден 13,3 пайызға көп. Егістік жерлер мен түсімділікті арттыру есебінен экономикалық пайдалы дақылдарды өндіру артады. Жоғары өнімділікті мал басын өсіру жөніндегі шаралар жүргізу оның өнімділігін арттыру, мал өнімдерін өндіруді көбейтуге мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің ойларын, сондай-ақ жоғарғы өнімді сорттардың егістік жер көлемін үлғайту жəне мал шаруашылығы үшін жем – шөп базасын оңтайландыру қажеттілігін ескере отырып, егістік жер көлемдерінің құрылымын 2002-2003 жылдары ұдайы жетілдіріп отыру ұйғарылуда.

Лизинг негізінде машина-трактор паркін 1690 млн. теңгеге толықтыру көзделді.

Жергілікті бюджеттен 504 млн. теңге инвестиция жəне ауылшаруашылығы тауарөндірушілерін 792 млн. теңге сомада несиелеу көзделеді.

Туристік қызметтің негізгі түрі ретінде көшпелі жəне ішкі туризмді дамыту, туризм саласында кəсіпкерлікті, жекелей алғанда шағын кəсіпкерлікті дамытуды қолдау болып табылады.

Барлық қабылданған шаралар халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Мысалы, өнеркəсіпте 2003 жылы 2193 жұмыс орнын; аграрлық секторда: 2003 жылы 1725 жұмыс орнын, 2004 ж. - 1903, 2005 ж. - 2137; туризм саласында: 2003 ж. – 166 жұмыс орнын, 2004 ж. - 161, 2005 ж. – 204 жұмыс орнын құру көзделеді.


3.2.2. Жұмысбастылықты арттыру және жұмыссыздықты азайту

Еңбек рыногындағы жағдайды жақсарту мақсатында төмендегі шараларды қабылдау қажет:

-жыл сайын, 2003-2005 жылдар аралығында, Облыстағы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу;

-жұмыс күшімен өзара алмасу мақсатында республикалық вакансиялар банкін құрастыруға қатысып, ауданаралық вакансиялармен алмасуға жәрдемдесу;

-жұмыс орындарын құруда жұмысберушілерді ынталандыру жөнінде шаралар қолданып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне осы мәселе жөнінде ұсыныстар енгізу;

-аймақтық экономиканың қажеттілігін ескере отырып, дайындық және қайта дайындық курстарын ұйымдастыру жолымен жұмыс күшінің біліктілігін көтеру;

-халықтың өз бетімен жұмысқа орналасу мониторингінің жүйесін құру шараларын қабылдасын;

- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайындау сияқты жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту жөніндегі белсенді саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

-ұзақ жұмыссыз болған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда мониторинг өткізуді қамтамасыз ету;

-вакансиялар банкін жетілдіру және үй жұмысын қосқандағы нақты мамандар бойынша мерзімді вакансия жәрмеңкесін өткізу;

-жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың көмегімен жұмыс іздеу клубтарын, еңбек құқығы бойынша міндетті консультативтік қызмет көрсете отырып бар жұмыссыздарды кәсіби оңалтатын орталықтар ашуға жағдай жасау;

-жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу және жергілікті деңгейде еңбек шарттары мәселелерін шешудегі әлеуметтік әріптестіктің ролін көтеру;

Мақсатты топ өкілдерін жұмыспен қамту мақсатында:

-жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру туралы ұсыныс енгізу;

-жұмысберушілердің, алдымен халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа алуға ынталандыру механизмін әзірлеу;

-бәсекеге қабілеті жоқ және аз қамтамасыз етілген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

-жаңа жұмыс орындарын бергенде жұмыссыздардың гендерлік құрылымын ескеру;

-оралмандардың кәсіби өсуіне себепкер болу;

-ұлттық кәсіпшілікті әсіресе ауылды жерлерде дамыту ісіне көмек көрсету;

-жергілікті орындаушы органдардың, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әлеуметтік бейімделу, өзін-өзі ұйымдастыру, белсенділігін, кәсіпкерлігін көтеру жөнінде халықаралық тренингтер ұйымдастыру.



3.2.3. Шағын кəсіпкерлікті дамыту
Облыста шағын кəсіпкерлік артық еңбек ресурстарын жинақтайтын, қосымша жұмыс көшінің негізгі саласы болып қалады.

Шағын бизнесте жаңа жұмыс орындарын құру үшін мынадай шаралар қажет:

-«əкімшілік кедергілерін» азайту жəне сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін, шағын бизнеспен өзара іс-əрекетте жауап беретін мемлекеттік өкімет органдарының қызметіне бақылау жүйесін əзірлеу;

-аймақтық ұстаным бойынша шағын бизнеспен айналысатындарға өзін-өзі ұйымдастыруды ықпал ету;

- басымды бағыттарды бөлу үшін шағын бизнестің нақты жобаларының мəліметтер базасын құру;

- ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу жөнінде тамақ өнімдерінің шағын-өндірістерін ұйымдастыру үшін, жергілікті өкімет органдарының балансында тұрған, бос қалған жəне тиімсіз пайдаланылып жүрген ғимараттарға түгендеу жұмыстарын жүргізу;

- саудада жүрген, əсіресе əйел адамдардың еңбек жағдайын жақсарту үшін қала жəне аудан орталықтарында ең аз төлемақымен, (электрэнергиясы, жылумен қамтамасыз ету төлемдері) базарларда сауда жасайтындар үшін шағын қоймалар ұйымдастыру, сауда саласында шағын бизнестің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін жақсарту;

- өнеркəсіп көлемінің өсуіне жəне республика бойынша өнімдерді тасуға байланысты республикалық мəні бар автожолдардың бойынан жол бойындағы инфрақұрылымдар (кемпингтер, кафелер, мотелдер жəне т.б.) объектілерінде шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасау.

- шағын жəне отбасылық кəсіпкерлікке жəрдемдесу (шағын кредит, өнімдерді санитарлық - эпидемиологиялық бақылаудан өткізу, сауда-алаңдарын көркейту);


  • жұмысты жаңа бастаған кəсіпкерлерге салық салу ставкасын төмендету;

- жергілікті бюджеттен қаржылық қолдау көрсету жөніндегі жобаларды қарау кезінде құрылған жұмысшы орындарының санына ерекше көңіл бөлу.

Бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру жəне тұрмыстық қызмет көрсету салаларында 2003 жылы 1631, 2004 жылы – 1761, 2005 жылы – 1818 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды.


3.2.4. Қоғамдық жұмыстардың тиімділігін арттыру.
Қоғамдық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында келесі шараларды қабылдау қажет:

-экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мақсаттарға сай етіп, өңір ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру;

-аудан, қала, ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қоғамдық жұмыстарды басымдық ретін сақтай отырып ұйымдастыру;

-қоғамдық жұмыстар бойынша қарыздар болуға жол бермеу;

-қоғамдық жұмыстардың түрлерін таңдау кезінде кедейлерге арналған маңызды инфрақұрылымдық объектілер құрылысына бағытталған жұмыстарға басымдық көрсету;

-ауылды жерлерде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың белсенділігін арттыру;

-кедейлер арасында қоғамдық жұмыстарға қатысу мониторингінің механизмін жетілдіру;

-халықтың мақсатты топтарындағы ең аз қамтылған азаматтар санаты үшін (жалғызбасты көп балалы ата-аналар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған, зейнеткерлікке шығар алдындағы жасқа келіп қалғандар, мүгедектер және т.б.) қоғамдық жұмыстардың түрлерін көбейтіп, мерзімін ұзарту;

-қоғамдық жұмыстардың үкіметтік емес ұйымдармен шарт бойынша ұйымдастырылған тәжірибесін кеңейту.
3.2.5.Кәсіби дайындық пен қайта дайындауды жақсарту
Жұмыссыздарды кәсіби дайындық пен қайта дайындау жүйесін жақсарту мақсатында келесі шараларды қолдану қажет:

-облыс, қала, аудан еңбек рыноктарына қажетті жұмыс күштерінің мониторинг жүйесін жетілдіру;

-жергілікті еңбек рыногының қажеттілігін ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіби дайындық пен қайта дайындаудың жүйесін жетілдіру, жұмыс орындарында жұмыссыздарды тікелей оқыту мүмкіндігін кеңінен қолдану;

-жұмыссыздарды жергілікті деңгейде дайындауды және қайта дайындықтарын жүргізетін, қажеттілігін анықтайтын (кәсіпорындар, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті өкіметтер, оқу орындары) қарым-қатынастарын ынталандыру;

-жұмысшылар мен мамандардар дайындығын реттеу мақсатында, еңбек рыногындағы сұраныс құрылымының өзгерісін орта және ұзақ мерзімді жоспарлау әдісін əзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу;

-біліктілігін көтеру курстарының сапасын және материалдық-техникалық базасын жабдықтауды көтеру;

-еңбек құқығына, өз бетінше жұмыс іздеу әдеттеріне міндетті түрде оқытатын, шаруашылықтың нарыққа сай жүргізілуін ең тиімді түрде оқыту бағдарламалары енгізілген оқудың жаңа түрлері мен әдістерін құру;

-жұмыссыздардың, еңбек рыногында ең талап етілетін, оның ішінде күрделі технологияларды қолдануды қажет ететін мамандықтар бойынша кәсіби оқытуды, біліктілігін көтеруді, қайта оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру шараларын жетілдіру;

-ауыл жұмысшыларына біліктілігін көтеру және жаңа мамандық алу үшін, оның ішінде жұмыссыздардың тұратын жері бойынша көшпелі оқытуды ұйымдастыруға жағдай жасау;

-шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында және еңбек рыногындағы қажеттілікке сәйкес кадрлер дайындауды ұйымдастыру.


3.2.6. Шағын несиені ұлғайту шаралары.
Шағын несие жүйесін ары қарай дамыту мен өркендету үшін мыналар қажет:

  • шағын несие ресурстары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс балансына талдау жүргізу;

  • шағын несие бағдарламасын əзірлеу, бағдарламаны жүзеге асыруға Қауымдастықтарды Несиелеудің Қазақстандық Қоры (КФКО), «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымы, аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі Қор жəне т.б. шағын кредит ұйымдарды қатыстыру;

  • облыстың тоқырауға ұшыраған аудандарында шағын несиелеуді ұлғайту жұмыстарын жандандыру;

  • шағын несиелеуді енгізудегі жергілікті басқару органдарының жұмысын жандандыру;

  • шағын бизнес саласында несиелік серіктестіктер құруға ықпал жасау;

  • Алматы облысы территориясында əрекет етіп, шағын несиелеуші түрлі үкіметтік емес қоғамдық қорларды дамыту жəне қолдау;

  • шағын несиелеудің табысты тəжірибелерін насихаттау;

  • аудан орталықтарында, ауылдық жерлердің тұрғындарына кəсіпкерлік қызмет негіздерін, жеке істерін ұйымдастыруды үйрететін курстар ашу, одан əрі оқып шыққан кəсіпкерлерге несие беруді қарастыру;

  • тауарлы несиелеу нысанын тəжірибелеу – несиелеудің бұл түрі тікелей қаржыландыруды қажет етпейді жəне нақты түрде беріледі, атап айтқанда ірі қара немесе ұсақ мал беру арқылы жеке шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беру;

  • ауылдық несие серіктестіктерін құру.



3.3. Əлеуметтік сала
3.3.1. Кедейшілікке демографиялық жəне көші-қон факторларының əсерін жеңілдету жөніндегі шаралар

Демографиалық жəне гендерлық саясатта негізгі бағыт – еңбекпен қамту, олардың табысын өсіруге, денсаулығын қорғауға мүмкіндік беретін қоғамдық саяси салаларда əйелдердің əлеуметтік – экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту болуы тиіс. Осы мақсаттар үшін мыналар жоспарланады:



  • əйел кəсіпкерлерге шағын кредит беруге жəрдемдесу;

  • əйелдерді жұмыспен қамту мəселелерін шешуде, олардың бостандығы мен құқықтарын қорғауда облыстағы үкіметтік емес əйелдер ұйымдарының жəне мемлекеттік өкімет органдарының өзара іс-қимылын күшейту;

  • əйелдер арасында қан құрамында темірдің жеткіліксіздігі «анемия» ауруын жою;

  • əйелдер бедеулігінің алдын алу жəне емдеу, жасанды түсіктен сақтандыру жəне оның зардаптарын жою;

  • фертильдік жастағы əйелдердің денсаулығына динамикалық бақылау;

  • жүкті жəне босанатын əйелдерге шұғыл көмек көрсету үшін əйелдер босанатын мекемелерді қазіргі заманғы аппаратура жəне құрал-жабдықтармен жабдықтау;

Ауыл жастарының жаппай қалаға көшуі, олардың жұмыстарының болмауы – облыстағы ең қиын жəне ұзақ мерзімді проблемалардың бірі болып отыр. Негізгі бағыттар мыналар болуы тиіс:

  • ауылдық жерлерге білікті мұғалімдер мен дəрігерлерді тарту;

  • ауылдық жерлерге ең қажетті мамандықтарды таңдау үшін ауылдық мектеп бітірушілерді кəсіби бағдарлау;

  • бизнес қызмет көрсету саласында жəне бизнестің инновациялық түрлерін жоғары кəсіби дайындықпен жас мамандарды еңбекке орналастыру орыны ретінде, аудандық орталықтарда шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға көмектесу;

  • əлеуметтік ауыртпалықтарды төмендету үшін ауылдардағы біліксіз қоныс аударушылар үшін жұмыс орындарын құрған шағын бизнесті дамытуға жəрдемдесу (сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс);

  • шағын бизнесті жүргізу негіздері бойынша ауылдық жерлерден келген жас қоныс аударушыларды оқыту (еңбекпен қамту органдары жəне үкіметтік емес ұйым)

  • облыстағы жəне одан тыс жерлердегі бос жұмыс орындары туралы мəліметтердің ақпараттық базасын ұйымдастыру, БАҚ-да ақпарат тарату;

  • оралмандарды жұмысқа орналастыруға, көшіп келген жерлерінде олардың үйренуіне көмектесу.


3.3.2. Халықтың денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуін жақсарту жөніндегі шаралар

Халықтың кедей тобы үшін медициналық қызмет көрсетулерге қол жеткізуін жақсарту үшін мыналар қажет:



  • халыққа заңдастырылған кепілді медицинлық тегін көмек көрсетуді қамтамсыз ету;

  • алғашқы дəрігерлік-санитарлық көмек түрлерін, əсіресе аулдық жерлерде, басымды дамыту, сондай-ақ медициналық көмектің жаңа ұйымдастыру нысандарын, бірінші кезекте халықтың жағдайы өте төмен əлеуметтік тобы үшін (күндізгі жатып емделетін, үйден емделетін орындар, ауылдық жерлерде жылжымалы медициналық көмек көрсету т.б.) нысандар құру;

  • өмірлік маңызы бар дəрілік заттардың айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту;

  • туберкулезбен жəне басқа да əлеуметтік – мəні бар аурулармен күрес жөніндегі қызметтің тиімділігін көтеру;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, алкоголизмді, темекі шегуді тыю, есірткі пайдалануды болдырмау мақсатында жергілікті қоғамдық ұйымдардың, ведомствалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін жандандыру;

  • емшекпен тамақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру есебінен нəресте жəне балалар өлімін, сондай-ақ респираторлық, вирустық жəне ішек жұқпалы ауруларын, балалар тамағында йод, темір тапшылығын болдырмаудың алдын-алу шараларын жасау;

  • мемлекеттік емдеу –профилактикалық мекемелерді қазіргі заманғы құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету;

  • дəрігерлермен ең аз қамтамысыз етілген аудандарда штаттық бірлік санын арттыру;

  • алғашқы дəрігерлік көмек көрсету жəне оның жайына бақылау жасау үшін барлық орта жəне негізгі мектептерде медбике ставкасын енгізу;



3.3.3. Халықтың білім алу қызметіне қол жеткізуін жақсарту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет