БАҒдарлама паспорты


Алыс жерлердегі жəне халқы аз ауылдардағы жағдайы нашар жанұялардың жəне жетім балалардың базалық білім алуының проблемаларын шешу үшін



бет4/4
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148130
1   2   3   4

Алыс жерлердегі жəне халқы аз ауылдардағы жағдайы нашар жанұялардың жəне жетім балалардың базалық білім алуының проблемаларын шешу үшін:








  • Мектеп жасына дейінгі балаларды, оның ішінде жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз өскен балалар, сондай-ақ көп балалы жəне аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын оқумен толық қамтамасыз ету;

  • Аз қамтамсыз етілген отбасылардың балаларын, жетім балалар мен денсаулығы нашар балаларды киіммен, мектепке қажетті оқу құралдарымен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында:



  • Кəсіпкерлердің, кəсіподақтардың, бюджет қаражаттарын тарта отырып, аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларының, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру;

  • аулдық округтердегі орта мектептерде орналасқан мектеп-интернаттардың орындарын көбейту, үздіксіз тасуды қамтамасыз ету.



3.4. Халықты инфрақұрылым қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсарту
3.4.1. Халықты тұрғын-үймен жəне коммуналдық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар

Аз қамтамасыз етілген отбасылардың проблемаларын шешу мақсатында мыналар жүзеге асырылмақ:

- тұрғын-үй жəрдемақыларын төлеу;

- жеңілдетілген жəне ұзақ мерзімді ипотекалық несиелерді ұсыну;

- апатқа ұшыраған, тозған тұрғын-үйлерді бұзу үшін қаржы тарту;

- коммуналды қызмет көрсетулердің есептегіш құралдарын орнату үшін қаржы бөлу.


3.4.2. Халықты сумен, оның ішінде ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар


  • сумен қамтамасыз ету жүйелерінің эксплуатациялық жағдайын қолдау үшін қайта қалпына келтіру және оларды іске асыру;

  • облыстағы елді мекендерде суды зиянды заттардан тазалауды қамтамасыз ету;

  • «Ауыз су» облыстық бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті немесе республикалық бюджеттен қажетті мөлшерде қаржыландыруды қамтамасыз ету;

  • ауыз суға төленетін тарифтердің әлеуметтік жағын қолдау;

  • алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, қолданылатын судың сапасын жақсарту;

  • судың қайта ластануын жою үшін су құбырлары жүйесінің істен шыққан учаскелерін қайта қалпына келтіру немесе оларды ауыстыру;

  • ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдалану үшін ұйымдастыру құрылымын құру.


3.4.3. Халықты жолмен, көлікпен, байланыс қызметімен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар

Облыстың өнеркəсіп жəне ауылшаруашылығы өнімдерінің өсуі болашақта жүк тасымалдау көлемінің артуына қол жеткізбек.

Төмендегі жұмыстар жалғастырылмақ:

- жолаушылар тасуда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолда бар жолдарды модернизциялау жəне сақтау;

- қызмет көрсету сервисі саласында еңбекпен қамтылуды арттыру жəне толық инфрақұрылымды құру;

- қашық орналасқан елді мекендерді автобус қатынасымен қамту мақсатында облыстың маршрут тораптарын кеңейту;

- жөндеудің барлық түрлеріне жұмыссыздарды тарту;

-тапшықты-оптикалық кабельдер мен санды жүйелерді қолдану арқылы телекоммуникациялық (ішкі зоналық жəне ауылдық) қызмет көрсету тораптарын модернизациялау жəне кеңейту.


3.5. Кедейшілікті аймақтық деңгейде төмендету жəне кедейшілікке қолайсыз экологиялық факторлардың əсері
3.5.1. Аймақтық деңгейде кедейшілікті төмендету жөніндегі шаралар
Кедейшілікті төмендетудің маңызды факторы аймақтарды дамытудың əлеуметтік жəне экономикалық деңгейінде айырмашылықтарды жою жолымен өмір сүру деңгейінде аймақаралық теңсіздікті азайту болып табылады, ол үшін мыналар қажет:

  • аймақтық шеңберде артта қалған аймақтардың экономикасын дамыту жолымен халықтың ақшалай табысын көтеру;

  • аймақтарды дамытудың басымды бағыттарын анықтау жəне қолда бар əлеуетті барынша пайдалану;

  • болашағы бар, экономикасы тоқырауға ұшыраған аймақтарға отандық жəне шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды əзірлеу;

  • болашағы жоқ ауылдық елді мекендерді тексеру материалдары бойынша олардың проблемаларын шешу жөніндегі шаралар қабылдау;

  • шағын қалаларды дамыту жөніндегі бағдарламаларды əзірлеу.


3.5.2. Халықтың кедейшілігіне әсерін тигізетін экологиялық факторларды азайту шаралары


  • адам денсаулығының қалыптасуына әсерін тигізетін қоршаған ортаның сапасына гигиеналық баға беру және оны кешенді зерттеу;

  • табиғатты қорғау жұмыстарын экономикалық жағынан қолдау және экологиялық бағдарламарды үнемі қаржыландыру үшін жағдай жасау;

  • заңды тұлғалар, жеке адамдар мен табиғатты пайдаланушылардың экологиялық талаптарды орындауы үшін қатаң бақылау орнату;

  • Іле-Балқаш бассейнінің су және биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану жобасын дайындау;

  • тазартатын құрылыс жүйелерін қайта қалпына келтіру, суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын басқа түрге ауыстыру, су пайдаланушыларды құжаттандыру;

  • бұзылған жерді рекультивациялау деңгейін көтеру;

  • орманды кесуді азайту, ағаш отырғызуды көбейту;

  • автокөліктің техникалық деңгейін көтеру;

  • қалалар мен поселкелерді көгалдандыру (өсімдіктер отырғызу, оларды күту), өсімдіктердің түрлерін көбейту тұрғысына қарай, олардың аумағын фитоаудандастыру;

  • барлық ластаушы көздерді есепке алу және құжаттандыру;

  • «Таза» технологияны енгізуді ынталандыру;

  • апатты қоқыс төгетін жерді есепке алып және рекультивация жасау;

  • қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын және және оларды сақтайтын коммуналды қызметтерді дамыту қажет.


3.6. Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі қоғамдық институттардың қызметтерін жақсарту жөніндегі шаралар
3.6.1. Кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар

  • халықты еңбекпен қамтуды көтеру мақсатында облыс экономикасын өсіруді қамтамасыз ету үшін ықпалдырақ шаралар қабылдау;

  • қолданылып жүрген нормативтер негізінде əлеуметтік салалар қызметтерімен (білім, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт) облыс халқын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

  • алғашқы медициналық көмек көрсетуге, базалық білім беруге, атаулы көмек көрсетуге бағытталған қаражаттардың мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту;

  • ауылдық жерлердегі əлеуметтік салалар объектілерін ашуға жəрдемдесу;

  • кедейшілікті төмендету мəселесі бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі қоғамдық бірлестіктер арасында өзара байланыс тəжірибесін енгізу;

  • бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде жеке меншік, кедейшілікті төмендетудегі оңды тəжірибелерді насихаттауға қатыстыру.


3.6.2.Кедейшілік деңгейін төмендетудегі үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіподақтардың жұмысын жетілдіру шаралары
-Мұқтаж болғандардың жарамды санына негізделген кедейлерді қолдауға деген бюджеттік қажеттілікті қалыптастырудағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысын қамтамасыз ету;

-Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылдың 17 шілдесінде шыққан Заңына сәйкес аймақтар әкімдерімен құрылған учаскелік комиссиялардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін міндетті түрде ендіру;

-үкіметтік емес жастар ұйымының қатысуымен білім сапасы аймағында зерттеу жүргізу;

- еңбек құқығы, нарықтық экономика жағдайындағы кәсіподақтардың ролі мен орны жөнінде пікір алмасуды ұйымдастыру. Осы мақсатта ақпараттық қызметке деген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізінде теледидар, радио, баспа ақпарат құралдарын пайдалану;

-Қазақстан Республикасы «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңының орындалуын бақылауды күшейту, әлеуметтік әріптестіктің үш жақты комиссияларын кедейлікті жою тетігінің бірі ретінде қолдану;

-шағын несиелеу саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың шағын несиелеу қызметінің оңды тәжірибелерін тарату.


3.6.3. Кедейшілік деңгейін төмендетуде жеке меншік секторлардың қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар
Облыста кедейшілік деңгейін төмендетуде жеке меншік секторлардың қызметін жақсарту үшін мыналар қажет:

  • жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілерді ынталандыру мүмкіндіктеріне талдау жасау, оның ішінде əлеуметтік əлсіз топтар үшін;

  • жұмыссыздарды оқыту жəне оларды жұмысқа қабылдау бойынша кəсіпорындарды ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау;

  • дайындық жəне қайта дайындық курстарын ұйымдастыру кезінде мамандарға қажеттілікті анықтау үшін жұмыс берушілерді тарту;

  • халықтың кедей тобы үшін əлеуметтік мəні бар тиімді жобаларды қаржыландыруға ірі компаниялардың əлеуетін пайдалану;

  • қайырымдылық шаралары түрінде халықтың кедей тобына əлеуметтік көмек жүйесін дамыту.


3.6.4. Шешім қабылдау үдерісінде кедей халықты тарту жөніндегі шаралар

  • жергілікті мəні бар маңызды мəселелерді шешу кезінде халықтың кедей тобымен кеңес өткізуді тəжірибеге айналдыру;

  • аумақтарды дамытуда басымды бағыттарды анықтау кезінде жергілікті деңгейде кедей отбасыларының пікірін ескеру тетігін əзірлеу;

  • мониторинг бойынша өзара іс-қимыл жүйесін жəне олардың қатысуымен халықтың кедей тобына көрсетілген қызметтің тиімділігін бағалауды құру.


4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
Облыстық деңгейде бағдарламаның белгіленген шараларының кезең-кезеңімен орындалуын көздейтін оның жүзеге асырылуы жөнінде іс-шаралар жоспары əзірленді.

Сонымен қатар, облыстың барлық қалалары мен аудандарында кедейшілікті төмендету жөніндегі ұйқас бағдарламал əзірленетін болады.


5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Алматы облысында 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту жəне халықтың аз қамтамасыз етілген тобын əлеуметтік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруға жыл сайын көзделетін ассигнования шегінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, Бағдарламаны қаржыландырудың көзі - халықаралық донорлық ұйымдар мен демеушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған қаржыландыру көздері болып табылады.



6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НƏТИЖЕЛЕР
Тұтастай алғанда Бағдарламаны табысты іске асыру облыстағы халықтың тұрмыс деңгейін одан əрі көтеруде жəне оның одан əрі өсуі үшін алғы шарттар құруға мүмкіндік беруі тиіс.

Бағдарламада көзделген іске асыру шаралары мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

Халықтың кедей тобының үлесін 3,9%-ға азайту;

Жалпы жұмыссыздық деңгейін 9,7%-дан 9,3%-ға дейін төмендету;

2005 жылы кедейлік шегінен төмен тұратын адамдар санын 102000 адамға дейін жеткізу немесе 2002 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға төмендету;

2005 жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 25,5-ке дейін азайту;

Мектепке барар алдындағы дайындықпен 5-6 жастағы балаларды қамту деңгейін 2002 жылғы 19%-дан 2005 жылы 62%-ға дейін арттыру, жетім балаларды жəне аз қамтамасывз етілген отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету 31,7%-дан 70%-ға дейін қамту;

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген халықтың үлесін 5,6 пайыздан 0-ге дейін қысқарту.

Жалпы жұмыссыздық деңгейін 9,7%-дан 9,3%-ға дейін төмендету.

Кедейшілік деңгейін 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға қысқарту.

Халықты əлеуметтік қолдаудың тетігі əлеуметтік көмекке мұқтаж деп табылған кедейшілік шегіне дейінгі адамдарға қосымша ақы беруге негізделген. Облыста кедейшілік шегіне дейінгі қосымша ақыны есептеу мөлшері бір кедей адамға шаққанда 1052 теңге сомасында жоспарланған, 2002 жылы облыс бюджетінен 1402,3 млн. теңге бөлінді. 2003 жылы кедейлік шегіне дейінгі қосымша ақы 1235 теңгені құрады, облыс бюджетінен 1500,0 млн. теңге, 2004 жылы сəйкес – 1302 теңге жəне 1464,7 млн. теңге, 2005 жылы – 1366 теңге жəне 1253,9 млн. теңге көзделді.

2002-2005 жылдары мүгедек балаларды үйде тəрбиелейтін жəне оқытатын отбасыларға, жаңа туылған балаларға, жұмыс істеген жəне жұмыссыз азаматтарды жерлеуге жəне тұрғын-үй көмегін көрсетуе бір жолғы əлеуметтік көмек қаралады.



Сонымен қатар, кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламамен жұмыс істеу кезеңінде əр түрлі демеушілер мен қайырымдылық ұйымдарының қаражаттарын тарту жоспарланады. 2003 жылы қайырымдылық көмекпен 179064 аз қамтамасыз етілген адам 169437,0 мың теңге сомада, 2004 жылы - 169957 адам 163419,0 мың теңге сомада, 2005 жылы - 153849 адам 158770,0 мың теңге сомада қамту болжанды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет