3.2.7 Өңдеудегі үзілістерді программалау
Үзілістерді (тоқтауларды) өңдеудегі программалау кезінде ББ кадрына G04 функциясы, беріс жылдамдығы мен Х және Z координаталары бойынша тек СББ құрылғысымен өңделетін және жұмыс органымен өңделетін орын ауыстырудың алдамшы шамасы енгізіледі.
Тоқтау мен берістің таңдалған жылдамдығының берілген шамасы кезінде Х және Z координаталары бойынша программаланатын импульстер саны келесі формулалар бойынша анықталады:
мұндағы – Х және Z осьтері бойынша импульстер саны;
Ғ – беріс жылдамдығы (мм/мин).
t – тоқталу уақыты (мин.).
3.1 сурет – Шеңберлік интерполяция параметрлері
3.2.8 Түзетулерді енгізу
Геометриялық ақпаратты түзетулерін енгізу станокты реттеу қателігі, кесу аспабының мүмкін тозуы, жылулық деформациялар және т.б. байланысты. Бұл жағдайда түзету өзімен аспаптың Х немесе Z координаталары бойынша программаланғандарға қатысты «+» немесе «–» белгімен қосымша орын ауыстыруларын көрсетеді.
Түзетуді енгізу L мекен-жайы мен екі дәрежелі санның көмегімен іске асырылады. Санның үлкен дәрежесі келесі мәндерге ие бола алады:
1) түзетуді тек Х осі бойынша енгізу;
2) түзетуді тек Z осі бойынша енгізу;
3) түзетуді тек Х және Z осьтері бойынша енгізу.
Кіші дәреже басқару пультында түзетудің номерін атпайды. Түзетудің шамасы 0-ден ±99,99 дейінгі шектерде Z осі бойынша ондық қосқыштарда; және 0-ден ±49,995 дейінгі шектерде Х осі бойынша енгізіледі.
Түзетуді өңдеуден соң оны жою керек, яғни оны қарама-қарсы белгімен қайтадан өңдеу керек. Түзетуді жою G40 функцияның көмегімен түзетушінің номері мен Ғ берісті атаумен өткізіледі.
3.3 Зертханалық жұмысқа тапсырма
Зертханалық жұмысқа бастапқы мәліметтер №1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған нәтижелер болып келеді. Технологиялық және өлшемдік ақпаратпен есептелген (таңдалған) өңдеудің құрылған графын ескере отырып қажетті:
1) тетікті СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станокта өңдеу үшін ББ жасау;
2) бағдарлама тасушы – перфолентаға ББ орналастыру;
3) бағдарлама тасушының баптауын орындау.
3.4 Техникалық жабдықтау
1) СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станок;
2) УПДЛ түріндегі перфолентада мәліметтерді дайындау құрылғысы, немесе перфоратормен тоғысудағы компьютер.
3.5 Әдістемелік нұсқаулар мен жұмысты орындау реті
Басқару бағдарламасын жасау үшін бастапқы ақпарат № 1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған мәліметтер болып табылады.
ББ жасаған кезде әдістемелік нұсқауларда мазмұндалған программалау бойынша жалпы мәліметтермен ықыласты танысу.
ББ жасау үрдісінде келесі ретті ұстану керек:
1) басқару бағдарламасы басында «%» символынан соң жұмыс органдарының нольдік күйінен бастапқыға орналасуын программалау қажет. Осы станок үшін нольдік күй құралкүймешіктің шеткі оң күйі мен күймешктің алдыңғы күйіне (3.2 сурет) сәйкес келеді. Бағдарламаның бұл бөлігі кез-келген тетікті өңдеу үшін стандартты болады да үш кадрдан тұрады:
%
N001 G27 F…. S…. T…. M104
N002 G58
N003 X + 000000 Z + 000000
ББ бірінші кадрымен координаттардың абсолюттік жүйесінде (G27) жұмыс белгіленеді, Ғ жылдамдатылған беріс, айналдырықтың қажетті аналу жылдамдығы S, бірінші әрекетті орындау үшін аспап номері орнатылады және айналдырықтың саға тілі бойынша айналуын қосуына команда М104 беріледі.
Жеке кадрмен нольдік жылжуы функциясы (G58) енгізіледі, ал үшінші кадрмен осы жылжудың геометриялық ақпараты енгізіледі. Жылжудың фактілі шамасы станокты баптау кезінде анықталады және СББ құрылғысының ондық қосқыштарында жиналады;
2) ББ негізгі бөлімін жасау өңдеу графының нольдік төбесінен бастап тікелей тетікті өңдеу бойынша ақпаратты енгізумен іске асырылады. Негізгі бағдарламаны блоктарға бөлуге болады, сонда әрбір блок бір әрекетті орындауға сәйкес келу керек. Осындай әрбір блоктың құрылымы бірдей деуге болады. Бірінші блоктың басында жеке кадрмен G26 функциясын енгізу керек, себебі барлық кейінгі программалау координаттардың салыстырмалы жүйесінде орындалады. Бұл жылжулардың есептелуі жұмыс органының бастапқы күйінен басталады, яғни координаттар жүйесінің центрі жұмыс органының бастапқы күйінде аспаптың төбесіне байланысқан және бұл жағдайда абсолютті жүйемен операция жасау қиын болады.
Бірінші блоктың бірінші кадрында ББ кесу аспабы төбесіне күйіне түзету функциясын енгізу қажет. Сонда түзетуді жағдайлардың көбінде екі координаттар бойынша бірдей жоспарлау қажет. Кейін жұмыс органының графтың бастапқы аралас төбелері арасында орын ауыстыруын белгілейтін бірінші геометриялық ақпаратты енгізумен интерполяцияның қажетті функциялары мен беріс жылдамдықтарын енгізу керек. Келесіде бағдарламаның бір блоктағы шектерде әрбір кадрда геометриялық ақпараттың өзгеруімен қатарлас қажет жағдайда беріс жылдамдығы мен интерполяция функциясы өзгереді. Берістің үш функцияларын пайдалану ұсынылады: біреуі жұмыс жүрістерінің өздерін орындау үшін; екіншісі үлкен емес қашықтықтарға (аспапты жақындату – алыстату) бос жүрістерді орындау үшін және үшіншісі – үлкен қашықтықтарға (аспаптарды ауыстыру нүктесіне, өңдеу басына қайтару) бос жүрістерді орындау үшін тез жүрісті жылдамдық.
Бағдарламаның блок соңында G40 түзетуді жою, беріс функциясы енгізіледі, онда бұрын енгізілген түзетудің шамасын өңдеу жоспарланады.
Төменде әрекетті өңдеу үшін бағдарламаның мұндай блогының мысалы келтірілген.
N004 G26
N005 G01 L31
N006 F10600 X – 17800 Z – 0430
N007 F10200 X + 00800 Z – 00400
N008 Z – 02300
N009 X + 01000
N010 X + 01200 Z – 01500
N011 Z – 03800
N012 X + 01200
N013 F10600 X + 13400 Z + 12300
N014 G40 L31.
Аспапты ауыстыру үшін станоктың жұмыс органы бастапқы нүктеге апарылады, ал апарудан кейін осы аспаптың күйіне түзетуге жою программаланады.
Келесі блоктың құрылымы біріншінің құрылымын қайталайды, тек технологиялық және өлшемдік ақпарат қана өзгереді.
Бунақтарды өңдеу кезінде жұмыс жүрісін орындағаннан соң уақыт шыдамын программалау қажет. Кадрдың құрылымының осы жағдайда 3.2.7 бөліміне сәйкес келесі түрі болады
N028 G04 F10200 X + 02000
Шеңберлік интерполяцияның программалау кезіндегі кадрдың құрылымы 3.1 суретте көрсетілген.
Бұранданы кескен кезде кадрдың құрылымының түрі (3.2.6 бөлімді қараңыз) келесідей болады:
N043 G33 X + 000256 Z – 002500 D + 000200
G58, G25 және G33 функциялары ұзартылған форматтарды (6 дәрежелі) қолданады;
3) бағдарламаның соңы стандартты түрі боалды. Өңдеудің соңында жұмыс органы нольдік күйге қойылуы керек, бұл екі кадрмен программаланады, осыдан кейін М02 «Бағдарлама соңы» функциясымен кадр жазылады.
N076 G25 X + 999999
N077 G25 Z + 999999
N078 M002
X және Z осьтері бойынша координаттар геометриялық ақпарат алдын ала үлкенірек етіп енгізіледі, ол жұмыс органының нольдік күйде тоқталуы шекті қосқыштармен іске асырылатыны ескеріліп жасалады;
4) зертханалық базаны бағдарлама тасушыны жасаудың техникалық құралдарымен жабдықтау кезінде зертханалық жұмыста ББ бағдарлама тасушыға оның кейінгі тікелей станокта баптауымен аударылуы ескеріледі. Мұндай құралдар болмаған кезде студенттерге станокта бапталған ББ өңдеуі көрсетіледі.
3.6 Есептің мазмұны
Есеп технологиялық құжаттаманың жазылған ББ түрінде көрсетіледі. Көрсетілген құжаттамада қандай да бір түзетулер жіберілмейді. Бланктік құжаттаманы дайындау кезінде мәтіндік құжаттарға сәйкесті талаптарды ұстану керек. Егер зертханалық жұмыс бағдарлама тасушыны жасау мен баптаумен аяқталса, онда есепке бағдарлама тасушы қосылады.
3.7 Бақылау сұрақтары:
1) қарастырылатын буындағы СББ құрылғысының сипатыт ерекшеліктерін атаңыз;
2) импульстарда орын ауыстыру тапсырмаларының физикалық мәнін түсіндіру;
3) қандай ақпарат ББ кадрына шеңберлік интерполяцияны программалаған кезде енгізіледі?
4) қандай ақпарат ББ кадрына бұранданы кескен кезде енгізіледі?
5) қандай тәсілмен түзету және оның физикалық мәні программаланады?
6) өлшемдік орын ауыстыруларды программалаған кезде координаттардың салыстырмалы жүйесін артық пайдалануын түсіндіріңіз.
№4 Зертханалық жұмыс. Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған тік-жонғыш білдекке басқару бағдарламаны жасау
4.1 Жұмыс мақсаты: Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған тік-жонғыш 6Р13Ф3 білдекке тетіктерді өңдейтін басқару бағдарламаны жасаудан тәжірибе алу.
4.2 Жалпы түсініктер
Н33 – 1М және Н 22-1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғылар бір қезде шыққан құрылғылар. Сондықтан әртүрлі білдектер жабдықталса да көп бірдейшілік бар.
4.2.1 Мекен-жайлар және сөз форматтары
Сандық бағдарламамен басқарылатын Н33 – 1М құрылғыда келесі адрестармен сөздер форматтары қолданылады:
N3 – басқару бағдарламаның қадрының номері;
G2 – дайындау функциясы;
M2 – комекші функция;
F4 – беріліс жылдамдығы;
L3 – коррекция;
X6, Y6, Z6 – X, Y, Z осьтерге қатысты интерполяция параметрлері.
Осы зертханалық жұмыста 6Р13Ф3 тік-жонғыш білдек қолданылады. Осы білдекте айналдырықтың айналу жылдамдығы жене кесу құралдар қолмен ауыстырылады, сондықтан мұнда T және S мекен-жайлар қолданбайды.
Басқару бағдарламаның кадрының форматындай түрде:
N3 G2 X Y Z I+6 J+6 K+6 M2 F4 L3
4.2.2 Даярлау функциясы
Өңдеу үрдістерін программалағанда келесі функциялар қолданылады:
G01 – сызықты интерполяциялау режім;
G02, G03 – сағаттың жүру бағытымен және оған қарсы бағытта дөңгелек интерполяциялау режімдері;
G04 – өңдеу кезінде уақытша тоқтау (кідіріс);
G17, G18, G19 – XY, XZ, YZ өңдеу жазықтықтарды таңдау;
G40 – коррекцияны тоқтату;
G41 – ұзындыққа түзету оң;
G42 - кесу құралдың радиусына сағат тілі бағытымен оң;
G43 – кесу құралдың радиусына сағат тіліне қарсы оң;
G50 – эквидистанттық қарамнан тыс кеткенде, жонғыш құралдың радиусына түзетуді есептеу функциясы (түзетуді тоқтату);
G51 – ұзындыққа түзету теріс;
G52,G53 – кесу құралдың радиусына сағат тілі бағытымен және оған қарсы бағытта теріс.
Барлық қолданылатын G функциялар үш топқа бөлінеді:
1) бірінші топ: G01, G02, G03;
2) екінші топ: G17, G18, G19;
3) үшінші топ:G40 – G43,G50 – G53.
Осы топтар мөлшерінде G функцияның келесі сол топтан G функция келмейінше әрекеті сақталады. G04 функцияның, басқару бағдарламаның бір кадры жұмысын аяқтағанша, әрекеті сақталады. G17 – G19 функциялар дөңгелек интерполяцияда қолданылады. Басқару бағдарламаның бір кадрында бірғана G функцияның болуы мүмкін.
4.2.3 Көмек функция
Осы құрылғыды келесі функциялар қолданылады:
М00 – шартсыз тоқтау;
М01 – расталатын тоқтау;
М02 – басқару бағдарламаның соңы;
М03 – айналдырықты жұмысқа қосу;
М05 – айналдырықты және суытқышты жұмыстан айыру;
М13 – айналдырық мен суытқышты жұмысқа қосу.
М00, М01 және М02 бұйрықтар жеке кадр ретінде енгізіледі.
4.2.4 Технологиялық мәліметтерді бағдарламалау
Осы құрылғыда бір ғана технологиялық мәлімет бағдарланады, ол беріліс жылдамдығы. Беріліс жылдамдығын бағдарламдау үшін F мекен-жайынан кейін төрт дәрежелі бүтін сан қолданылады. Оның жоғарғы сатысы екі мәнде болады:
«0» - онда басқару бағдарламаның басында автоматтық түрде екпіндік не бағдарламаның соңында тежеу анықталады;
«4» - онда шартсыз бағдарламаның соңында тежеу 240 мм/мин жылдамдыққа дейін және келесі кадрде екпіндік бұрынғы жылдамдыққа дейін өзгереді беріліс коды болмаса.
Үшінші дәреже ондық көбейткішті анықтайды, оның мөлшері үш есе көп берілістің (мм/мин) бүтін сандар санынан. Екінші және бірінші дәрежелер берілістің мантиссасын анықтайды.
Мысалы,
F0310 – беріліс саны 0,10 * 103-3 = 0,0 мм/мин;
F0465 – беріліс саны 0,65 * 104-3 = 6,5 мм/мин,
F0718 – беріліс саны 0,18 * 107-3 = 1800 мм/мин.
Қолданылатын берілістердің мәндері 4.1 кестеде көрсетілген.
4.1 кесте – Беріліс мәндері
Беріліс өзгерісінің ауқымы
|
Дискреттік
|
Көбейткіштің коды
|
Мантисса өзгерісінің шектері
|
0,0 – 0,9
|
0,1 арқылы
|
3
|
10,20,30....90
|
1 – 0,9
|
0,1 арқылы
|
4
|
10,11,12,...98,99
|
10 – 99
|
1 арқылы
|
5
|
10,11,12......98,99
|
100 -999
|
10 арқылы
|
6
|
10,11,12......98,99
|
1000 - 2400
|
100 арқылы
|
7
|
10,11,12......98,99
|
Шектеулер: Бір мезгілде үш координатпен жұмыс жүрсе, онда беріліс 800 мм/мин аспау керек, екі координатпен жұмыс атқарылса онда беріліс 1200 мм/мин аспау керек.
Тез қозғалыстың жылдамдығы 2400 мм/мин.
Қозғалыс 50 мм-ден кем болса, тез қозғалыстың жылдамдығын программалау керек емес.
4.2.5 Геометриялық мәліметтерді программалау
Барлық координаттар мен қозғалыстар дискреттермен (импульстар) беріледі, оның себебі беріліс жетектерде қадамды қозғалтқыштар қолданылады. Барлық координаттарда импульс бағасы 0,01 мм. Сөздердің форматтарымен санасып X6, Y6; Z 6 ең көп қозғалыс мөлшері 9999,99 мм ол білдектің техникалық сипаттамасынан едәуір көп.
Әр жазықтықта шеңберлік интерполяцияны программаласа, мыналар ескерілу керек:
1) басқару бағдарламаның бір кадрында шеңбердің төрттен бір бөлігінен артық программалауға болмайды;
2) тек қана қатыстық координат жүйесі ғана қолданылады.
Шеңберлі интерполяцияда мынадай мәліметтер еңгізіледі:
1) өңдеу жазықтық G17, G18, G19;
2) интерполяцияның түрі G02, G03 (әрбір жазықтықта G – функцияны беру , 4.1 суретте көрсетілген); доғаның ортасына қатысты сол доғаның бастапқы нүктесінің оң бағытттағы I, J, K координаттары (интерполяция параметрлері, 4,2 сурет);
3) координаттардың өсуі X, бағыттарын ескерілуімен (4.2 сурет).
4.1 сурет
4.2.6 Геометриялық мәліметтерге басқару бағдарламаға түзету енгізу
Тік-жонғыш Н33-1М сандық бағдаламамен басқаратын жүйелермен жабдықталған білдектерде басқару бағдарламаға геометриялық мәліметтерге түрлі түзетулер енгізуге толық мүмкіншіліктер бар. Онда технологиялық мүмкіншіліктер, өңдеу әдістер, тетіктердің құрылым ерекшеліктері ескерілген. Кесу құралдың қозғалыс траекториясының коррекциясы L мекен-жаймен және үш белгі кодты санмен жүзеге асырылады.
Үлкен разряд 0-ден 8 дейін өзгереді түзету түріне байланысты (4.2 кесте).
4.2 кесте – Түзету түрі
Үлкен разрядтың коды
|
Коррекцияның атқаратын міндеті
|
0
|
Сыртқы эквидистанталы қарамға таяу не сыртқы қарамды түзету
|
1
|
X осьпен түзету
|
2
|
Y осьпен түзету
|
3
|
X, Y осьтермен түзету
|
4
|
Z осьпен түзету
|
5
|
X, Z осьтермен түзету
|
6
|
Y, Z осьтермен түзету
|
7
|
X, Y, Z осьтермен түзету
|
8
|
Ішкі эквидистанталы қарамға таяу не ішкі қарамды түзету
|
L мекен-жай ылғи басқару бағдарламаның соңында орналасады. Түзету мөлшері ондық ауыстырып-қосқышпен теріледі. Барлығы 16 ауыстырып-қосқыштар бар. Максималды терілетін сан 99,99 мм. 1-10 түзетушілер кесу құралдың ұзындығының түзетулерін енгізуге қолданылады, 11-16 түзетулер жонғының радиусын түзетуге қолданылады. 17-18 түзетулер координаттық жүйенің нолін ығыстыруға қолданылады.
4.2 сурет
Түзетуді қайтаруға, яғни осьтерге қатысты бағыт белгілерін, G40 функциясын енгізіп, сонымен қоса L түзетуді кайтару функциямен бірге. Тең қашықтық қарамда жұмыс жүргізілсе, онда түзетуді қайтару ішкі не сыртқы қарам ба белгіленеді, сонымен қоса G50 функция енгізіледі.
G40 – G43, G50 – G53 дайындау функциялар көмегімен кесу құралдың ұзындығына радиусына түзетуді берілуі мүмкін. Мұнда басқару бағдарламаға координаттық қозғалыстар тетіктің номиналды өлшемдеріне тең енгізіледі (яғни сызба боынша), түзету мөлшері кесу құралдың радиусына тең және түзетушіде + белгімен теріледі (яғни импульстар санымен). Мұндай ұсаныс басқару бағдарламаға жұмыс атқарғанда тең қашықты қарам автоматты түрде есептеледі, сондықтан алдына ала R радиусқа қатысты есептеу қажет емес.
G40 – G43, G50 – G53 функциялармен дұрыс қолдану үшін олардың физикалық мағынасымен және олардың атқаратын міндеттерімен танысу керек..
G41 функция – кесу құралдың ұзындығына оң түзету, G51 функция – теріс түзету, олар оң не теріс белгіні түзету шамасына орнатады түзетушіде терілген белгіге қарамастан. Түзету өткізілгенде программаланған қозғалыс шамасымен коррекцияның шамасы алгебралық түрде қосындыланады («+» және «–» белгілерді еске ала отырып). 4.2 суретте көрсетілгендей А нүктеде қозғалыс программаланған, В нүктеде қозғалыстың шамасы түзетілген.
G42 функция - радиусқа оң түзету, G52 функция - теріс түзету, осылар шеңбердің төрттен бір бөлігін сағаттын жүру бағытында өңдегенде қолданылады. Яғни, өңдеу доғаның нақты радиусы сызбадағы тетіктің радиусымен R жонғыштың радиусының қосындысына тең (4.2 сурет).
G43, G53 функциялар G42, G52 функцияларға ұқсас тек доңгелек түзетуді сағаттың жүру бағытына кері бағытта қолданылады.
G42 - G43, G52 - G53 функцияларды қолданғанда L мекен-жайдан кейінгі тұрған санның үлкен дәрежесі екі санда ғана болады «1» не «2». «1» сан болса, онда G19(XY) және G18(XZ) жазықтықтарда программаланған бастапқы түзетілетін i координатқа, ал G19(YZ) өңделу жазықтықта j координатқа сәйкес. «2» сан болса онда G17(XY) жазықтықта түзетілетін бастапқы j координатқа және G18(XZ), G19(YZ) өңделу жазықтықтарда k координатқа сәйкес.
4.3 Зертханалық жұмысқа тапсырма
Бастапқы мәліметтер ретінде №1 зертханалық жұмыста табылған деректер. Сондағы құрылған өңдеу граф пен есептелген өлшемдік мәліметтерді қолданылады:
1) Н33–1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған 6Р13Ф3 білдекке тетікті өңдейтін бағдарламаны жасау;
2) бағдарламаны бағдарлама тасымалдауышқа – бағдарлама таспасына аудару;
3) бағдарлама тасымалдауышты реттеу.
4.4 Техникалық жабдықтар
-
Н33-1М сандық басқару құралмен жабдықталған 6р13Ф3 тік-жонғыш білдек;
-
УПДЛ тәрізді перфотаспаны дайындайтын құрылғы.
4.5 Әдістемелік нұсқаулар және жұмысты орындау реті
Н33-1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған 6Р13Ф3 тік-жонғыш білдекке басқару бағдарламаны жасау алдында мыналар ескерілу керек:
-
білдектің жұмыс мәрімдерінің бағдарламамен басқарылуы олардың ноль орындарынан басталады, яғни бастапқы ноль және ноль нүкте бір орында орналасады. Айналдырық басшаның ноль күйі ең жоғарғы күйге сәйкес, үстелдің ноль күйінде оның ортасы айналдырықтың осімен сәйкес;
-
басты қозғалыстың жылдамдығы – айналдырықтың айналыс жиілігі және кесу құралдың ауысымы қолмен жасалады, сондықтан олар программаланбайды. Тек М03 функция мен айналдырықтың айналуы қосылады;
-
басқару бағдарламаны жасағанда геометриялық мәліметтерді түзетуудің толық мүмкіншілігін қолдану керек. Z осінің түзетуі кесу құралды өңделіп жететін өлшмнің дәлдігін реттеуге; мысалы, кілтек ойықтың тереңдігі, қолданылса; сондай қарамды саусақты жонғышпен жонғанда жонғыштың кесу жиегінің тозуын түзетуге қолданылады. Түзету түрін басқару бағдарламаның бас жағында жазу керек және Z оське қатысты қозғалыстар бағдарламанатын жақта.
N003 G01 Z-005000 L401
Бағдарламаның соңында қозғалыс кері бағытта болса түзетуді айыру керек.
N121 G40 Z+ 005000 L401
-
X және Y осьтеріне қатысты түзету есептеу нольді ығыстыруға қолданылады, есептеу нольді ығыстыру, себебі айналдырық осінің үстелдің ортасымен дәл келмеуі. Ондай дәлсіздік айлабұйымның білдектің үстелінде, өңделетін тетіктің айлабұйымда қондырылу қателіктерінен туындайды. Түзетулер Z осіне қатысты түзету секілді енгізіп-шығару. Егер X жәнеY осьтерінде қозғалыстар болмаса, онда түзетілу ноль қозғалыстарын бағдарлағанда енгізіледі (4.3 сурет).
N005 X+000000 L117
N006 Y+000000 L218 – түзету еңгізу
__________________
N096 G40 X+000000 L117
N097 G40 y+000000 L218 – түзетуді шығару
4.3 сурет
-
X және Y осьтеріне қатысты қозғалыстарға түзету G41 және G51 дайындау функциялармен кесу құралдың тең қашықтық қарамға шығуын бағдарлағанда қолданылады. G41-G43 және G51-G53 дайындау функциялар тік төрт бұрышты және оның құрамында шеңбердің бір квадрантындағы доғасы бар тетіктерді өңдейтін кесу құралдың радиусына түзету енгізуге қолданылады (4.4 сурет). Мұнда деп аталатын тең қашықсыз (безэквидистантное) бағдарламаны жазу орын алады; яғни бұл кезде басқару бағдарламаға нақты қарамның өлшемдері еңгізіледі; кесу құрал тең қашықтықпен қозғалу үшін кесу құралдың радиусының өлшеміне тең . X және Y осьтеріне қатысты түзетулер енгізіледі. Сондықтан алдын ала тең қашықтықтың өлшемдерін есептеу қажет емес.
Мысалы:
Тең қашықтыққа шығу 1 – 2 нүктелер (4.4 сурет) .
4.4 сурет
N004 G51 X+005000 F0680 L114
14 түзеткіште (корректорда) Rф = 15 мм жонғыштың радиусы (оның диаметрі 30 мм болса) теріледі.
2 – 3 нүктелер арасында
N005 G41 Y+020000 L214
3– 4 нүктелер арасында
N006 G41 X+002000 L115
15 түзеткіште 2 Rф = 30 мм теріледі, өйткені 3 – 4 нүктелердің арасындағы қозғалыс нақты қарамнан 2 Rф-ке өлшемі көп.
5-6 нүктелер арасында
N008 G51 X+008000 L115
5-6 нүктелер арасындағы қозғалыс қарамның осы нүкетелер арасындағы өлшемнен 2 Rф ке кем.
8 – 9 нүктелер арасында
N011 G42 J+006000 X+006000 Y+006000 L214
Тең қашықтықтан шыққанда түзетуді алып тастау үшін тең қашықтыққа кіргендегі қолданылған функцияға қарсы функция қосылып беріледі.
-
3 нүктелер сондай
N019 G41 X-005000 L114
-
Күрделі теңқашықтық қарамдардарға бағдарлама жазғанда жонғыштың радиусына түзету еңгізгенде ішкі және сыртқы қарамдар белгілерін қолдану керек. Ішкі және сыртқы белгілерді қолданғанды қарамның түрімен байланыстырмай мынадай қасиет еске тұтылады. Егер жонғыштың диаметрі ұлғайғанда қозғалыстың өлшемі де өссе онда ол сыртқы қарам болып есептеледі. Егер жонғыштың диаметрі ұлғайғанда қозғалыстың өлшемі азайса онда іщкі қарам. Әтине кей кезде осындай белгілерді еске ала отырса қарам виртулды болуы мүмкін (4.5 сурет).Осы суретке сәйкес; егер теңқашықтыққа 0 нүктеден 1 нүктеге шықса онда қарам ішкі болады; ал егер траектория 0 – 2 – 3 нүктелерден өтсе онда қарам сыртқы болады.
Күрделі қарамдарды өңдегенде (4.5 сурет) теңқашықтыққа шығу үшін кесу құралдың радиусына түзету еңгізу керек, одан кейін басқару бағдарламаның әр бір кадрында қисықсызықты қарамға бадарлама жазылады; яғни әр бір кадрда дөнгелек интерполяция қолданылады.
Тік сызықты интерполяцияны қолданылатын кадрларда жонғыштың радиусына түзету енгізу қажет емес; себебі жонғыштың диаметрінің өзгеруі қозғалыстың мөлшеріне әсері жоқ.. Аталған себептерді еске алсақ, онда 4.5 сурете көрсетілген тетіктің өңдейтін басқару бағдарламаның кейбір кадрлары мынадай түрде жазылады.
1 нүктеден 2 нүктеге эквидистантаға шығу
N008 G01 Y+002000 L813
2 – 3 нүктелер арасындағы қозғалыс
N009 G02 X-008500 Y+008500 J+008500 l013
5 – 6 нүктелер арасындағы қозғалыс
N012 G02 X+024200
6– 7 нүктелер арасындағы қозғалыс
N013 G02 X+000800 Y-000800 I-000800 l0137
Тетікті өңдеп болғаннан соң тең қашықтықтан шығар кезде түзетуден де шығу керек. Оны кері қарамды қолданып не G50 функцияны қолданып жасауға болады.
N023 G02 Y-002000 L013
не
N023 G50 Y-002000 L813
Жоғарыда аталған нұсқауларды ұстанып жасалған бағдарлама оқытушыға көрсетіліп тексеруден өтеді.
4.5 сурет
Достарыңызбен бөлісу: |