БАҒдарламасы 2013 жыл мазмұны №


Аймақ жағдайының оңды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер ету



бет2/13
Дата18.07.2016
өлшемі0.98 Mb.
#207478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1. Аймақ жағдайының оңды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер ету.

2012 жылы Шахтинск аймағының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 419,2% есе өсті және 9228,5 млн теңгені құрды. Жеке индекс көлемі 108,0 % құрды, облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі аймақтың үлес салмағы 0,7 % құрды.

Өнеркәсіптің базалық салалары болып, өндірістің саласы және өңдеу саласы, газ және су электр энергиясын бөлу.

2012 жылы Шахтинск аймағының өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңделетін саланың үлес салмағы 86,5 % құрды, газ және су электр энергиясын бөлу және өндірістің үлес салмағы 4,5 % құрды.

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШс № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.

Шахтинск аймағының «АрселоМиттал Теміртау» АҚ шахтілері «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», «Ленин атындағы».

Аймақтағы өнеркәсіптің дамуында бірнеше мәселелері бар, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: дәстүрлі және ескірген технологияларға басым жағдай жасау, негізгі өндірістік қорларды жайлап жаңарту, инвестициялардың тапшылығы және несиелік ресурстар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер.

2012 жылы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі 23,5 % құрды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі түрлері болып, жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізу табылады. Сонымен бірге, 2008-2012 жылдардағы оңды тенденциялар аймақтың экономикасы құрылымында күрделі өзгерістерге әкелген жоқ. Жалпы экономика үшін салалық балансталмау тән болып келеді: өндіріс және инвестициялар көлеміндегі өңделетін өнеркәсіптің үлесін төмендету, кіші бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі.

Шағын бизнес қала аумағында дамыған экономиканың барлық салаларын қамтуда. Құрылыс, өнеркәсіп, транпорт, сауда қызмет көрсету саласы. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы мен көлемі көбейген, халыққа көрсетілетін қызметтер түрлері кеңейген. Сонымен бірге, кіші бизнес әлуеті толық жүзеге асырылмаған. Кіші инвестициялық шектеу салаларына тән бірнеше мәселелер бар: алғашқы капитал тапшылығы, жабдықты, жадығат және шикізат, жарнаманы иемдену үшін айналым қаражаттардың жетіспеушілігі, кадрларды дайындауда қалыптасқан жүйенің болмауы.

Шахтинск қаласында кәсіпкерлері несиелеу мәселесімен соқтысады. Банктік несиелерден кәсіпкерлердің шеттетуінің басты мәселесі ретінде келесіні атауға болады: несиелерді рәсімдеу үдерісінің ұзақтылығы; несиелерді қамтамасыз етуде қатаң талаптар (кепілді қоса), кепілдік мүліктер, яғни Шахтинск аймағының аумағындағы орналасқан жылжымайтын мүлік Екінші деңгейлі банктермен қабылданбайды немесе өте төмен бағаланады.

Шахтинск аймағында бюджеттік қаражаттар арқылы тұрғын үй құрылысы жандандырылуда (несиелік үйлер, мемлекеттік жалға үйлері). Айта кету керек, осы сала үшін келесілер тән: азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі (тұрғын үй құрылыстың дамуындағы негізгі көрсеткіш жылына бір адамға тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші болып табылады). Қарағанды облысы бойынша орташа есеппен жылына бір адамға 0,34 шаршы м., Шахтинск аймағында – жылына 0,18 шаршы м. Сонымен бірге, жеке құрылыс салу аудандарының инженерлік-байланыс инфрақұрылымын жайластыру және дамытуға бөлінетін қаражаттардың жеткіліксіз көлемдерінің болуы, себебі, бөлінетін қаражаттардың басым бөлігі құрылып жатқан көп пәтерлі коммуналдық және ипотекалық тұрғын ұйлер объектілеріне желістерді шығаруға бағытталған.

Жер қойнауында тұрған жер аумағы Шахтинск аумағынан 0 га құраған, оның ішінде бақшалар – га, жайылымдар – 0 га,орман қорына енгізілген талдар – 0 га, батпақтар – 0 га, су астындағы жерлер – 0, жол,көше аумағында – 0 га, құрылыс аумағында- 0 га, басқа да жер телімдері – 0 га. Жалпы жер пайдалану және жер иелері 8439 адамды құраған.

Оңтайлы және қолайсыз жақтардың бағасы бойынша жер телімдерін рәсімдеу құжаттары 2006 – 2010 жылдарға келген. Бұл мүлікті легализациялауға және тұрғындар белсенділігінің артуына байланысты. Бұл кезеңде рәсімделген және қайта рәсімделген жер телімдері 5 мыңды құраған.

Шаруақожалықтарының саны 15- тен 18 – ге өскен.

Аймақтың әлеуметтік сала жағдайы халықтың шынайы өсімінің оңды өсу қарқынымен сипатталады, сонымен бірге білім беру қызметтерін жақсарту. Сонымен қатар, экономиканың дамуын тоқтататын және бар әлуетті толығымен пайдалануға кедергі тигізетін жағымсыз жақтары да бар. Білім беру саласындағы жағымсыз жақтары, аймақтағы мектепке дейінгі білім беру қызметтерімен 1-ден 6 жастағы балалардың төмен қамтылуы, білім беру ғимараттарының қатты тозуы, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру объектілерінің сәйкес жабдықтар мен құрал-саймандармен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз деңгейі.

Мәдениет саласын тиімді дамытудағы мәдени объектілер желістерін кеңейту, олардың негізгі жабдықпен және қажетті құрал-сайманмен қамтылу деңгейінің жоғарлауы секілді, оңды тенденцияларымен қатар, келесідей мәселелермен де шектеледі: Долинка қыстағындағы мәдениет үйі ғимаратының жоқ болуымен байланысты. уақыт өткізу мәдениет объектілері желістерінің жеткіліксіз дамуы, мәдениет объектілерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы мәдениет ұйымдарының қызмет көрсету саласында беталыс алады және жаңа талаптарға сәйкес келмейді (бейімделген үй-жайларда 88 % объектілер орналасқан, объектілердің жалпы санынан 25 % жөндеу жұмысымен қамтылмаған, бос уақыт өткізу объектілері жаңа жабдықпен, музыкалдық құралдар мен сценалық киімдермен қамтамасыз етілмеген, ашық аландарда массалық шараларды дауыстау туралы сұрақ шешімді талап етеді); кітапханалық қорларды жаңа әдебиеттермен жинақтау және кітапханаларды компьютеризациялау үдерісін тұрақсыз қаржыландыру, ұйымдарды кадрлік қамтамасыз ету және мәдениет объектілеріндегі штаттың санды дамыту туралы сұрақ қарастырылуда; мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі (кадрлар тапшылығы 15% ).

Шахтинск аймағындағы денсаулық сақтау саласында келесідей үшті жақтарын атап кетуге болады: 93,5% дәрігерлер жинақталымының жоғары деңгейі және ОМҚ – 97,7%; онкологиялық аурулар және туберкулез ауруының төмендеу серпіні, нәрестелік өлімнің төмендеуі - 100% (2004ж. – 0, 2005ж. – 0, 2006ж. – 1-(125,0), 2007ж. – 1 (141,4), 2008ж. – 0, 2009ж. – 1 (105,0) және әлсіз материалдық база.

Жалпы аймақтың әлеуметтік саласы бойынша оның дамуына кедергі тигізетін келесідей факторларды атап кетуге болады: ҮЕҰ тән қызметтер бағыттарының жеткіліксіз қамтылуы, тұрақсыз қызмет ететін ҮЕҰ санының көптігі, ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы, әлсіз материалдық-техникалық база, мысалы: Новодолинск қыстағындағы жастар орталығы үймеретіне арналған ауланың шектеулі болуы; Новодолинск қыстағындағы МҮ спорттық құжыраның жоқ болуы, Шахтинск қаласында, Новодолинск кентінде жастар орталықтарының компьютерлермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі және ҮЕҰ өкілдерінің құқықтық сауатсыздығы.

Шахтинск аймағының ерекшелігі тарих және мәдениет ескеркіштерінің бар болуы табылады. Сонымен бірге, аймақтағы туристтік индустрияның дамуы шектеулі, туризмді, экологиялық және жағажай туризм түрлерін дамытуға географилық бейімделмеуі, туристтік объектілерге кірме жолдарының төмен сапасы және аймақтағы туристтік ресурстардың әлсіз танылуы.

2.2. Шахтинск аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау.
Өнеркәсіп
Аймақтың өнеркәсібі кен өндіру, өңдеу салалары және газ, су электр энергиясын бөлу және өндіріс саласымен көрсетілген. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Шахтинск ЖЭО-сы» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері, 4 шахтілер және 2 зауыт: «Қазақстандық» ш., «Шахтиндік» ш., «Тентекті» ш., «Ленин» атындағы ш., кіші механикаландыру және стандартталмаған жабдық өндірісі – «НОММ» зауыты және «Бірлескен машина құрылыстық зауыты» кен машиналарын дайындау және жиынтықтау.

Орташа кәсіпорындар қатарына етті қайта өндіру бойынша – «Апрель-Құлагер» ЖШС.

Айта кету керек, Шахтинск аймағында экономиканың негізі болып, газ, су электр энергиясын қайта бөлу, өндіріс, өңдеу саласы табылады.

2008 және 2012 жылдар кезеңінде әрекет ету бағаларында Шахтинск аймағындағы өнеркәсіптік өнімнің көлемі  22201,5-ен 9228,5 млн. теңгеге дейін немесе 4 есеге көбейді. Өнеркәсіптегі жұмыс істейтін халықтың саны 1272 адам немесе 1,7 есеге көбейді.



Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн.теңге

2201,5

2119,8

2787,2

3538,9

9228,5

Еңбек ақы төлеу қоры, мың теңге

Деректер жоқ.

Жыл бойына орташа есеппен жұмысшылардың орташатізімдік саны, адам

755

842

845

860

1272

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2915

2603

3298

4115

7255

Бес жылдық кезеңде аймақ экономикасына 38,3 млрд теңге инвестицияланған, оның ішінде өнеркәсіпке 34,2 млрд теңге.

2012 жылы әрекет етуші бағалардағы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 9228,5 млн. теңгені құрды немесе 2008 жылға 419,2 %.

Жалпы 2008-2012 ж.ж. талдау кезеңінде өнеркәсіптік өндіріс көлемінің жыл сайын өсуінде оңды тенденциясы байқалуда. 2012 ж. – 419,2% аса мәнді өсу қарқыны көрсетілді.

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШС № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.
Кен өндіру өнеркәсібі.
Саланың негізгі кәсіпорындары ретінде «АрселорМиттал Темиртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері табылады: «Қазақстандық», «Шахтинский», «Тентекский», «Ленин» атындағы шахтілері. Жоғарыда аталған кәсіпорындар қызметтерінің негізгі түрі болып көмір өндіру табылады.

Осы кәсіпорындардың тұрақты дамуы тек қана қала емес, сонымен бірге жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етеді.

2012 жылы аймақ шахтілерімен 4695,1 мың тонна өндірілген, осы кәсіпорындардағы жұмыс істейтін халық саны 6411 адамды құрды.

2008 – 2012 жылдар аралығында тау- кен өнеркәсібіне 33,0 млрд. теңге инвестиция тартылған.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап статитикалық есепке «Ленин», «Қазақстандық», «Шахтинский», «Тентекский» шахталарының өнімі енгізілген.

2012 жылы аймақ шахталарымен 4695,1 мың тонна көмір өндірілген. Осы өнім ішкі тұтынуға бағытталған.



Көрсеткіш

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Көмір өндіру көлемі, мың тонна

4294,6

4501

4594,5

4695,2



Қайта өңдеуші өнеркәсіп.

Өңдеуші өнеркәсіп келесідей кәсіпорындармен көрсетілген «Апрель-Құлагер» ЖШС, «Курылысмет» ЖШС № 2 өндіріс.

2008 жылдан 2012 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1771,9 –тен 5767,8 млн. теңгеге дейін немесе 3,3 есеге өсті.

2008 және 2012 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыс істейтін халық саны 764 адамға дейін немесе 254,6 %. көбейді. Көрсетілген кезеңде өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыскерлердің еңбекақы төлеу қоры 4934 мың теңгеден 8995 мың теңгеге дейін немесе 1,8 есеге дейін жоғарлауы байқалады.




Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Өңдеуші өнеркәсіп көлемі, млн.теңге

1771,9

1744,5

2143,5

2926,6

8168,5

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңделетін саланың үлес салмағы, %

80,4

80,0

77,0



82,7

88,5

Еңбек ақы төлеу қоры, мың теңге

300

299

244

244

764

Еңбек өнімділігі, мың теңге

5906

5834

8784

11994

10691

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШС № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.

2012 жылы өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8168,5 млн теңгені 2011 жылдың деңгейіне 93,8 % құрды.

2009 жылы өңдеуші өнеркәсіп көлемінің төмендеуіне ұқсас 2008 жыл кезеңімен салыстырғанда «Апрель-Құлагер» ЖШС өнімін өткізу нарығының қысқаруы және әлемдік қапжылық дағдарыс салдарынан «Еңбек Қарағанды» РМК №40,41 филиалдарында тапсырыстардың азаюы әсер етті.

2015 жылы қайта өндеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсімінің болжамы Қарағанды облысының ірі кәсіпорындарымен ет және ет өнімдерін жеткізуге келісім шарттар жасауға байланысты болуда және шығаратын өнім түрлері көбейген.
Тамақ өнеркәсібін өндіру.

Тамақ өнеркәсібінің негізі ретінде «Апрель-Құлагер» ЖШС етті қайта өңдеу ыстамалары және шұжықтық бұйымдардың өндірісімен көрсетілген. Кәсіпорын өз қызметін 1998 жылдан бастап Шахтинск аймағының аумағында жүзеге асырады.

«Апрель-Құлагер» ЖШС Европа елдерінің финскалық-неміс «Эке-Хенкель» фирмасының жабдығымен жинақталған ет комбинатын білдіреді. Өз құрамына келесілерді жатқызады: ірі мүйізді мал және шошқаларды қайта өңдеу бойынша сойыс цехі, ауысымда 7 тонна өнімділігімен; шұжықтық цех, ауысымда 6 тонна өнімділігімен, 200 тонна мұздалған етті сақтау сиымдылығымен суытқыш; мұздағыш камерасы, тәулігіне 13 тонна өнімділігімен, суыту камерасы – тәулігіне 25 тонна.

Шұжық цехі шикізатты сапалы өңдеу және тұрақты технологиялық режимдерін қамтамасыз ететін жаңа жоғары өнімділігімен қамтылған. Кондиционерлер, калориферлер ауа суытқыштары автоматты режимде қызмет атқарады. Шикі ысталған шұжықтарды өндіру үшін суық ысымамен үш камералар және шикі ысымалы шұжықтарды кептіру үшін үш климкамералар бар. Шұжық цехінда шикізатты массаждау, шприцтау тумбылау үшін жабдық орналастырылған. «Кремер-Гребе» фирмасының вакуумдық куттері, «Робот-500» шприцтері, КН-23 клипсаторлары шикізатты сапалы әзірлеуін қамтамасыз етеді.

Өндірістік қорлардың жиі түрленуі кәсіпорын үшін 2008 жылдан 2012 жылға дейін 1284 млн. теңгеден 1587,6 млн теңгеге дейін немесе 4 есе өндіріс көлемін көбейюі еңбек өнім 123,6 %.

Кәсіпорын өзінің қызметі барысында шұжықтар және ыстаулардың 100 түрінің өндірісі меңгерілген.

«Апрель Кулагер» ЖШС өнім сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі, өндіріс техникалық қамтамасыз етілген. Шахтинск қаласында «Апрель Кулагер» ЖШС ет өнімдерін өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Сонымен қатар, 2013-2014 жылдары мемлекеттік тіркелген индустриалды- инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде Шахтинск аймағында келесі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған:

1.«Астана Power Ingeniring» ЖШС. Осы кәсіпорын Шахтинск қаласы бойынша салық органдарында тіркеуден өткен.

Жоспарлық қуаттылық – жылына 400 тонна ұн өндіру.

Толық іске қосылған кезде 40 адамға жұмыс орындарын құру.

Жоспарлық қуаттылыққа шығу 2014 жылға жоспарланған.

Бүгінгі күні кәсіпорында жұмыспен 15 адам қамтылған.

2013 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша 8,8 млн. теңгеге 270 тонна ұн өндірілген, 4 тоқсан қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемі 3 тоқсан деңгейінде қалған.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі бойынша «Астана Power Ingeniring» ЖШС ұсыну жоспарланған.
«Апрель - Кулагер» ЖШС негізгі өндірістік көрсеткіштері


Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Өңдеуші өнеркәсіп көлемі, млн теңге

1284

1265,8

1381,1

1708,3

1587,6

Еңбек ақы төлеу қоры, мың теңге

Деректер жоқ.

Жыл бойынша орташа есеппен жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, адам

245

244

244

244

244

Еңбек өнімділігі, мың теңге

5240,8

5187,7

5660

7001

6507

Шахтинск ет комбинатының жұмыскерлерінің орта айлық еңбекақысы 2012 жылы 72 мың теңгені құраған.

2010 жылы кәсіпорында жандандыру, негізінен Шахтинск ет комбинатының өнім өндіру көлемін өсіру үшін: жалпы соммасы 41,8 млн. теңгеге бір «Клипсатор», екі «Климокамера», төрт «Термокамера» және бір «Волчок» сатып алынған.

2015 жылға «Апрель- Кулагер» ЖШС өнім өндіру көлемі 1856,7 млн. теңгені құрайды. Жаңа технологияларды әзірлеу (рецептер), кәсіпорынды жандандыру, шығаратын өнім түрлерін көбейту.

2012 жылы аймақта сұйық майды, ас қышасын және бір жылға 15 тонна өнім өндіру қуаттылығы бар медициналық қышаны өндіру жоспарланған. Осы өндірісті іске асыру 20 адамға жұмыс орның құруға мүмкіндік береді. Жоспарлық қуаттылыққа шығу 2013 жыл.

2012 жылдың басынан бастап 1,5 тонна өнім өндірілген (0,05%).

2013 жылдың басынан бастап қыша майын өндіру көлемі жоспардан 10 тоннаны немесе 100 % құраған. Осы өнім «Сельпром» және Қарағанды облысының көтерме объектілерінде сатылған.

4 тоқсан қорытындысы бойынша қыша майының көлемі жоспардан 15 тоннаны немесе 100 % құраған.


Химиялық өнеркәсіп.
Бұл сала «Монета Дитерджентс» ЖШС синтетикалық түйіршіктелген жуғыш құралдарды оңалту» атты жобаны білдіреді, өндіргіш қуаты жылына 60 мың тонна.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде зәкірлік жоба «Монета Дитерджентс» ЖШС қайта құру жоспарланған.

Бас директор – Ержан Оразгали Сантаевич.

Заңды мекенжайы Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы.

Жоспарлық қуаттылық жылына 60 тонна өнім өндіру.

Жеке меншік нысаны «Наурыз Банк Казахстан» АҚ ликвидациялық комиссиясында тұр.

«Наурыз Банк Казахстан» АҚ ликвидациялық комиссиясы өздігінен ағылшын әдісімен мүлікті саудаға шығарған. Осы сауда – саттық болмаған деп саналады. Голандық әдіс бойынша (төмендетілген бағада) қайталап мүлікті саудалау үшін «НБК» АҚ ЛК кредиторлар комитеті 2013 жылдың қаңтар айының соңында өздерінің отырыстарында кешеннің кепілдік мүлігінің шектік құнын анықтау керек. Төменгі құнын анықтағаннан кейін ресми түрде БАҚ сауда күні, голландық әдіс бойынша деп хабарландыру берілетін болады.

Өзекті мәселелер.


  1. Әлеуетті сатып алушылардың жоқтығы.

  2. Кепілдік мүлікті іске асыру ұзақтығы.

  3. Әлеуетті инвесторларды іздеу.




Шешу жолдары:

Кепілдік мүлікті іске асыру үдерісін жеделдету бойынша сот орындаушылармен жұмыстар жүргізіледі, қосымша негізгі қарызды шегеру бойынша жұмыс жүзеге асырылады.



Зауытт реанимациялау тұрақты негізде 250 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Шахтинск қаласының 2013 -2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамытудың әлеуметтік – экономкиалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру бойынша іс- шаралар жоспарына сәйкес зауытты жобалық қуаттылыққа шығару үшін 2,0 млрд. теңге инвестиция салымы қажет.
Металлургия өнеркәсібі.
Аймақтағы металлургиялық сала келесі кәсіпорындармен бейімделеді: кіші механикаландыру және стандартталмаған жабдық өндірісі – «НОММ» зауыты; «АрселорМиттал Темиртау» АҚ «Бірлескен машина құрылысытық зауыты» - жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс, кен машиналарын дайындау және жиынтықтылау және екі кіші кәсіпорындар «Шахтинск металқұрылыстық зауыты» ЖШС, «Технология» ЖШС, «Темирлайн» ЖШС.

№ 2 өндірістің негізгі қызметі болып, келесілер табылады: кен-шахтілік жабдықты күрделі жөндеу, конвейерлер үшін жабдықты дайындау, ГШО бөсалқы бөлшектерін дайындау, метал құрылыстарды сваркілеуді дайындау, кіші механизация құралдарын дайындау.

Жұмыс істейтіндердің саны 520 адамды құрайды. 2012 жылы шығарылған өнім көлемі 5,2 млрд. теңгені құрды.


Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл 10 ай

«Курылысмет» № 2 өндірісі өнім өндіру көлемі млн. теңге.

5284,5

4227,0

Кен машиналары зауыты қызметінің негізгі түрлері болып келесілер («Бірлескен машина құрылыстық зауыты» - жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс, кен машиналарын дайындау және жиынтықтылау) табылады: металл ұстағыштар элементтерін жөндеу; шахтілер үшін конвейерлік құралдарды дайындау, тарнспортерлік ленталар үшін роликтерді дайындау, калофилерлерді дайындау, темір жол вагондарына құралдарды дайындау және жандандыру, механикалық өңдеу (конвейерлердің роликтерін дайындау). 2009 жылы шығарылатын өнім көлемі 1030,0 млн теңгені құрды. Зауыт өз қызметін Шахтинск аймағында 1961 жылдан бастап жүзеге асыруда. Жұмыс істейтіндердің саны 169 адамды құрайды.

«Шахтинск металқұрылыс зауыты» ЖШС келесідей өнімдерді дайындайды: анкерлік ұстағыштар үшін металликалық ауқым ету, плиталар үшін сферикалық шайбаларды дайындау, төбетоп В-300, штыктык күректер және металл бұйымдарының басқа да түрлері дайындалады. 2009 жылы өндіріс көлемі 54,0 млн теңгені құрды. Кәсіпорындағы жұмыс істейтіндердің саны 25- адам.

«Технология» ЖШС бүл кәсіпорын қызметінің негізгі түрі болып, жылу беретін қазындықтарды дайындау, және де халықтық тұтынудағы металл бұйымдарының басқа да түрлері. Осы кәсіпорындағы жұмыс істейтін халық саны 22 адамды құрайды.

Осы сала бойынша тоқтап тұрған кәсіпорындардың бірі болып «Ак Тобе К.Т.» ЖШС табылады, олар штрипс шығаруды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет