Бағдарламасы №4 Модулі «Арнайы тарихи білім»


Қызылорда облысының жалпыұлттық тарихи тұлғаларының кешендері. Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар



бет19/22
Дата14.12.2022
өлшемі0.56 Mb.
#467209
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Қызылорда облысы қасиетті орындарының тарихы силлабус

Қызылорда облысының жалпыұлттық тарихи тұлғаларының кешендері. Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар.

Алаштың анасына баланған Сыр өңірі адамзат өркениетінің көне ошақтарының бірі. Сыр елі – ұлттың ұясы, қонар қиясы. Небір жаугершілік, зобалаң заманда халқымыз Сырдың бойына келіп жан сақтады, күш біріктіріп жеңісті жолын бастады. Берекелі жерінің асты да, үсті де құт!


«Сыр елі – астаналар мекені», «Сыр елі – жыр елі», «Сырдың жері-Тұранның төрі» сөздері бүгінде құлаққа сіңісті қағидаларға айналды. Бұл киелі аймақтың қайталанбас тарихын, Алаш жұртының қарашаңырағы мен түркі халықтары жасаған өркениеттің ошағы болғандығын аңғартады.
Елбасының «Сыр – Алаштың анасы... Бұл – дана Қорқыт бабамыздың, Жанқожа мен Бұқарбай сынды батырлардың, Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейі Кердері мен ғұлама Тұрмағамбеттің, ақын Әбділда мен Нартайдың, тамаша жазушы Әбдіжәміл мен Қалтайдың, тағысын-тағы көптеген ардақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі. Сол үшін де Қызылорда күллі қазақ үшін қасиеті ортақ жер», - деген сөзінің орны ерекше.
Топырағынан кие дарыған бұл өңірде түркі жұртының абызы Қорқыт ата өзінің мәңгілік мекенін тапса, адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышты бағындыруға аттанды.
Ұлы Дала төрінен орын алған өлкенің қай бөлігіне барсаңыз да, қарт тарихтан шер тартатын сан алуан мұраларға қол жеткізесіз. Бұл Ұлы дария бойында жасаған өркениеттің қазақ тарихында алатын орны ерекше екенін тағы бір мәрте аңғартып, тарихтың керемет тұңғиығына жетелей түседі.
Бүгінде заманауи ақпараттық технологиялар арқылы Қызылорда облысының ескерткіштерімен танысу үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. 150 тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы қамтылған арнайы сайт (www.virtualmap.xyz) қолданысқа енгізіліп, 150 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылған.
БЕГІМ АНА МҰНАРАСЫ
Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырымда орналасқанІХ-ХІ ғасырлармен мерзімделеді.
Бегім ана мұнарасы сол кезеңге тән сәулет өнерінің үздік туындысы. Мұнара аңыз бойынша атақты Қарабура әулиенің қызы, кіршіксіз махабат пен әділдіктің үлгісі саналған, жазықсыз жаланың құрбаны болған Бегім анаға арнап тұрғызылған. Халық зиярат жасайтын және перзент тілегендердің тілектері қабыл болатын қасиетті орын ретінде ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет