БАҒдарламасы 6М050900 «Қаржы» мамандығы Семей 2015 Алғы сөз 1 ҚҰрастырылды



Дата09.07.2016
өлшемі228.44 Kb.
#186847
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СБЖ құжаты

О Ә К


ПОӘК 042-18-4.1.110/01-2015

«Валюталық операциялар» (ілгерлемелі курс) пәннің бағдарламасы

№ 1 баспа 10.09.2015 ж.






«ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР»


(ілгерлемелі курс)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

6М050900 «Қаржы» мамандығы


Семей 2015




Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы ___________С.Ж. Ибраимова, э.ғ.к., «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
«28» 08. 2015 жыл
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды


Хаттама №1 28.08. 2015 ж.
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі __________ С. Ибраимова
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетеінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама №1 08.09.2015 ж.
Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ С.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды


Хаттама №1 10.09.2015 ж.
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша

проректор _____________ Г. Искакова

Мазмұны








1 Пайдалану саласы

4




2 Нормативтік сілтемелер

4




3 Жалпы мәліметтер

4




4 Оқу пәннің мазмұны

6




5 Магистранттардың өздік жұмысының тақырыптары

13




6 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

13




7 Әдебиеттер

14



1 ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Берілген құжат сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Валюталық операциялар» (ілгерлемелі курс) пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 6М050900 «Қаржы» мамандықтарының магистрант-тарына арналған. Ол магистранттарды курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, магистранттардың оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Валюталық операциялар» (ілгерлемелі курс) пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі өңдеп белгілейді:

Мемлекеттік жалпы жоғарғы білімнен кейінгі білім беру стандарты. Магистратура. Қазақстан Республикасының 23.08.2012ж. № 1080 Үкімет жарлығы;

«Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің және өңдеудің жалпы талаптары» СТУ 042-ГУ-4-2014 Университет стандарттары;

«Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен құрылымы» ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедуралары.

«Валюталық операциялар» (ілгерлемелі курс) пәнінің оқу бадарламасы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті, 2014 ж.
3 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
«Валюталық операциялар» туралы ғылым банк ісі ғылымының арнайы бөлімі болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсы қаржылық – банктік жүйе үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

Банк және мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі туралы оқу – валюталарды және валюталық операциялардың техникасын теориялық тұрғыдан танып білуді сипаттайды.

Курстың мақсаты мен міндеттері банктердің валюталық операцияларын және оларды ұйымдастыруды оқып білудің қажеттілігімен, валюталық операцияларды оқып білудегі теориялық және әдістемелік тәсілдердің маңыздылығымен шартталған. Берілген курс банктің қызметіндегі валюталық операциялардың ұйымдастырылуын, олардың жүзеге асырылу тәртібін, валюталық шоттардың, есеп айырысулардың ерекшеліктерін қарастыру сияқты тақырыптарды қарастыратын практикалық пән болып табылады.

Берілген курс экономикалық профиль магистранттарының алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін базалық пән болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсының пәні - банктердің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары, сонымен қатар қазіргі заманғы банктердің валюталық операцияларының, валюталық мәмілелердің жағдайларын қарастыру, банк қызметіндегі валюталық операциялардың тиімді ұйымдастыру әдістері, формалары мен принциптері болып табылады.

«Валюталық операциялар» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.



Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Курсты оқыту әдістері, валюталық операцияларға арналған отандық және шетелдік әдебиеттер берілген. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.

Берілген курстың мақсаттары:

  • магистранттарға коммерциялық банктердегі валюталық операция-лардың теориялық аспектілері бойынша, банк жүйелерінің қызмет ету негіздері, банктің валюталық операциялары мен валюталық мәмілелерінің түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

  • барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.

Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

  • магистранттарға банктегі валюталық операциялардың ерекшеліктері бойынша тиісті білім беру;

  • нарықтық конъюнктурамен байланысты шетелдік тәжірибені ескеріп, математикалық-статистикалық әдістерді қолдана отырып коммерциялық банктің валюталық операцияларын жүзеге асырумен байланысты байланысты сұрақтарды шешумен байланысты практикалық дағдыны меңгеру.

  • оларға банктік сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

  • банк қызметінің болашақ кәсіпқой мамандарына мүмкін болатын банктік жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.


Пәнді оқу нәтижесінде магистрант:

  • банктердің қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі банктік тәжірибеде валюталық операцияларды жүзеге асыру әдістері мен нысандарын, сонымен қатар шарттары мен тәртібін оқып үйренеді;

  • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, банк саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

  • коммерциялық банктердегі валюталық операциялардың ұйымдасты-рылуын, соның ішінде заңды және жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізудің, валюталық нарықтың, валюталық мәмілелердің, валюталық несиелердің, банкаралық валюталық қатынастар жүйесінің ерекшеліктері мен тіртіптерін, сонымен қатар банк қызметіндегі халықаралық валюталық есеп айырысулардың жүзеге асырылу негідерінің теориялық аспектілерін меңгереді;

  • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, банк жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

  • «Валюталық операциялар» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы ақша–несие, валюталық саясатын, банктегі валюталық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

  • коммерциялық банк қызметінің экономикалық категориялары, қаржылық нәтижелердің негіздері, валюталық операциялараның жүзеге асырылу ерекшеліктерінің негіздері туралы, сонымен қатар коммерциялық банктер, банктік жүйе қызметтері және валюталық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

  • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, банктік қызмет саласында ерекше арнайы білім алады.

Оқу жоспарынан көшірме


Кесте 1

Курс


Семестр

Кредит

саны


Дәріс (сағ.)

СПС

(сағ.)


ОМӨЖ

(сағ.)



МӨЖ

(сағ.)



Сағат саны

Бақылау формасы

1

1

3

30

15

23

67

135

емтихан



  1. ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

Кесте 2


Тақырып мазмұны



сағат

Дәріс сабақтары

1

Модуль I. Банктердің валюталық операциялары мен валюталық шоттар

Микромодуль 1.1

Тақырып 1. Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу

Валюталық реттеудің мәні мен қажеттілігі. Валюталық реттеу әдістер: тікелей (директивті) және жанама-экономикалық. Валюталық реттеу обьектілері: валюталық заңдылықтар мен валюталық операциялар. Валюталық заңдылықар түрлері. Валюта және оның жіктелуі. Шетел валютасы. Шетел валютасында бейнеленген бағалы қағаздар мен төлем құралдары. Қымбат бағалы металдар мен тастар. Валюталық операциялар және оның түрлері. Ағымдық операциялар және валюта қоғалысымен байланысты операциялар. Резидент және бейрезидент түсінігі.

Валюталық реттеу органдары және олардың құзыреті. Ұлттық валюта бағамын реттеудегі ҚР Ұлттық банктің ролі мен қызметтері. ҚР Ұлттық банкінің валюталық саясаты. ҚР-дағы валюталық шектеудің мақсаты мен мазмұны. Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялау тәртібі. ҚР-ның Ұлттық банкінің алтын валюта резерві, олардың қалыптасуы және жұмсалу тәтібі.

Валюталық бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Экспорттық-импорттық бақылау, оның маңызы мен қағидаттары. Валюталық бақылау органдары мен агенттері және олардың құзыреттері. Валюталық заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктер.



3

2

Микромодуль 1.2

Тақырып 2. Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу

Заңды тұлға түсінігі. Валюталық шоттың түсінігі және түрлері. ҚР-да және шет елдерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізуі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. ҚР-дағы өкілетті банктерді валюталық шот ашудың жалпыға ортақ сызбасы. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты жүргізуі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шот ашу тәртібі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу үшін қажетті құжаттары. Бейрезидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.


3

3

Микромодуль 1.3

Тақырып 3. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі

Жеке тұлға түсінігі. Жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент және бейрезидент-жеке тұлғалардың ашатын валюталық шоттар түрлері. Шетел валютасында резидент – жеке тұлғалардың шотты ашу тәртібі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. Шетел валютасында резидент-жеке тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шоты жүргізуі. Бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу тәртібі. Бейрезидент –жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.


3

4

Модуль II. Валюта нарығы. Валюталық мәмілелер мен несиелер

Микромодуль 2.1

Тақырып 4. Валюта нарығы

Валюталық нарықтың мәні мен қызметтері. Ұйымдастырылған (биржалық) және ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) валюталық нарықтардың қызметтері және операциялары. Валюталық нарықтың қатысушылары. Валюталық нарықтың құралдары. Дүниежүзілік валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктерімен атқаратын қызметтері.

Ұлттық валюта нарығының сипаты. Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу ерекшеліктерімен дамуы. Қазақстан қор биржасындағы валюталық құндылықтармен жасалатын операциялар.

Валюта бағамының мәні мен түрлері. ҚР-дағы өзгермелі валюта бағамының енгізілу себептері. Ва люталарды бағалау (котировка). Валюталарды тікелей және жанама бағалау. Кросс-бағам, оны анықтау техникасы. Валюталық бағамға ықпал етуші факторлар.

ҚР-дағы ішкі валюта нарығының даму мәселелері. Төлем балансы негізінде валюталық нарықтың болашағына баға беру.


4

5

Микромодуль 2.2

Тақырып 5. Валюталық мәмілелер

Валюталық мәмілелер, оның сипаты. Валюталық мәмілілір түрлері. Тез арада валютамен жабдықтау мәмілелерінің – «своптың» мәні. «Форвард» мәмілесі. «Спот» және «Форвард» мәмілелері бойынша бағамдар. «Спот» мәмілесінің түрлері. «Репорт» және «Дерепорт» мәмілелерінің сипаты. «Аутрайтпен» жасалатын мәмілілер. Аутрайт бағамын анықтау техникасы. Опцион мәмілесі, оның түрлері. Опцион кол және опцион пут келісімдерінің өзара айырмашылықтары. Фьючерс мәмілелерінің сипаты. Опциондық және фьючерлік мәмілелердің айырмашылықтары.

Валюталық арбитраж және оның түрлері. Проценттік және уақытша валюталық арбитраждар.

Валюталық позицияның мәні. Валюталық позиция түрлері. Ашық және жабық валюталық позиция. Қысқа және ұзын валюталық позиция. Мәміле жасасу күні. Валюталау күні.

Валюталық мәмілелерден туындайтын тәуекелдер. Валюталық тәуекел ұғымы және пайда болу себептері. Валюталық тәуекел түрлері: коммерциялық, конверсиондық, трансляциялық, форфейторлық. Валюталық тәуекелдерден сақтандыру әдістері: неттинг, хеджирлеу, валюталық своп, листинг.


4

6

Микромодуль 2.3

Тақырып 6. Валюталық несиелер

Валюталық несие ұғымы. Валюталық несиенің қағидалары мен қызметтері. Валюталық несие түрлері. Фирмалық (коммерциялық) несие. Экспорттық несие. Лизингтік несие. Факторинг.

Банкаралық несие, оның мәні. Банкаралық несие түрлері. Овердрафт несиесі, оның берілу тәртібі. Жаңартылмалы (револьверлік) несиелер, олардың сипаты және беру тәртібі. Банкаралық несиелерді қамтамасыз ету нысандары. Банктің тапсырмасы мен кепілдемелері. Банкаралық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері. ЛИБОР және ПИБОР және т.б. базалық мөлшерлемелер.

Валюталық несиелерді беру шарттары және оларды рәсімдеу тәртібі. Валюталық несиелерді алу үшін қажетті құжаттар. Валюталық несиелердің пайдаланылуына және қайтарылуына бақылау жасау.



4

7

Модуль III. Валюталық есеп айырысулар

Микромодуль 3.1

Тақырып 7. Халықаралық валюталық есеп айырысулар

Экспорт және импорт ұғымы. Халықаралық валюталық есеп айырысулардың сипаты. Есеп айырысу шарттары мен тәртібі. Төлем валютасы.

Валюталық есеп айырысу нысандары. Банктік аударымдар. Ашық шот бойынша төлемдер сипаты. Аванстық төлемдердің мәні және ерекшеліктері. Инкассомен есеп айырысу. Құжатты және құжатсыз инкассолар сипаты. Аккредитивпен есеп айырысу. Аккредитивтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Қайтарылатын және қайтарылмайтын аккредитивтер. Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген аккредитивтер. Расталған және расталмаған аккредитивтер. Расталған, расталмаған аккредитивтер. Аккредитив ашу тәртібі.


4

8

Микромодуль 3.2

Тақырып 8. Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету

Жол чегінің мәні және қызметтері. Жол чегінің өзіне тән белгілері. Жол чегінің эмитенттерімен ұстаушылары. VISA, American Express, Thomas Cook жол чектерінің өзіндік ерекшеліктері.

Жол чегімен опеарциялар жасау. Клиенттерге жол чегін беру және рәсімдеу тәртібі. Жол чектерін төлеу тәртібі. Коррсепондент банктердің арасында жол чектері бойынша өзара есеп айырысулар. Еурочектер жүйесі.

Несиелік карточкалардың мәні мен қызметтері. Несиелік карточкалардың түрлері, олардың сипаты. Несиелік карталардың эмитенттері мен пайдаланушы-лары. VISA несиелік карточкасына қызмет көрсету. VISA несиелік карточкасын алу тәртібі. VISA несиелік карточкасы иелеріне қолма қол ақшаларды беру. American Express, Eurocard-Mastercard несиелік карточка-ларына қызмет көрсету. Eurocard-Mastercard несиелік карточкаларына қызмет көрсету.

ҚР-дағы өкілетті банктердің несиелік карточкалар мен жол чектеріне қызмет көрсету ерекшеліктері.


3

9

Микромодуль 3.3

Тақырып 9. Банкаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі

Банктер арасындағы корреспонтенттік қатынастардың мазмұны. Ностро және лоро корреспонденттік шоттарын ашу тәртібі. Корреспонденттік қатынастар орнату техникасы. Корреспонденттік шоттар бойынша есеп жүргізу. Бухгалтерлік байланыстар. Аналитикалық және синтетикалық есеп. Шетел валютасындағы шот бойынша аналитикалық есеп жүргізу. Валюталық шоттарды қайта бағалау. Қосарлы бағалау. Негізгі шоттар бойынша жеке бет шоттарын ашу және нөмірлеу сызбасы. СВИФТ жүйесі, оның банкаралық кореспонденттік қатынастардағы ролі мен қызметтері.

Қазақстан қор биржасынан (КАSЕ) қолма-қол және қолма-қолсыз валюталарды сатып алу техникасы.


2




Барлығы

30



Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары – тақырыптарының тізімі

Кесте 3


Тақырып 1. Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу

  1. Валюталық реттеудің мәні, қажеттілігі, әдістері

  2. Валюталық операциялар және оның түрлері.

  3. Валюталық реттеу органдары және олардың құзыреті.

  4. Валюталық бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Экспорттық-импорттық бақылау. Валюталық бақылау органдары.

  5. Валюталық заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктер.

2

Тақырып 2. Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу

  1. Заңды тұлға түсінігі. Валюталық шоттың түсінігі және түрлері. ҚР-да және шет елдерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу және жүргізуі тәртібі.

  2. ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты жүргізуі.

  3. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу үшін қажетті құжаттары мен тәртібі.

  4. Бейрезидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

2

Тақырып 3. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі

  1. Жеке тұлғалардың валюталық шот ашу және жүргізуі тәртібі.

  2. Шетел валютасында резидент және бейрезидент-жеке тұлғалардың ашатын валюталық ашу тәртібі.

  3. Шетел валютасында резидент-жеке тұлғалардың шотты ашу тәртібі мен жүргізу режимі.

  4. Резидент-жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

  5. ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шоты ашу, жүргізу, жабу тәртібі.

1

Тақырып 4. Валюта нарығы

  1. Ұйымдастырылған (биржалық) және ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) валюталық нарықтардың қызметтері және операциялары.

  2. Дүниежүзілік валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктерімен атқаратын қызметтері.

  3. ҚР Ұлттық валюта нарығының сипаты.

  4. Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу ерекшеліктерімен дамуы.

  5. Қазақстан қор биржасындағы валюталық құндылықтармен жасалатын операциялар.

  6. ҚР-дағы валюталарды бағалау (котировка).

  7. ҚР-дағы төлем балансы негізінде валюталық нарықтың болашағына баға беру.

2

Тақырып 5. Валюталық мәмілелер

  1. Валюталық мәмілілір түрлері. «Спот» және «Форвард». «Репорт» және «Дерепорт». «Аутрайт». «Опцион». «Фьючерс» мәмілелерінің сипаты.

  2. Валюталық арбитраж. Проценттік және уақытша валюталық арбитраждар.

  3. Ашық және жабық валюталық позиция. Қысқа және ұзын валюталық позиция.

  4. Валюталық тәуекел ұғымы және пайда болу себептері. Валюталық тәуекел түрлері: коммерциялық, конверсиондық, трансляциялық, форфейторлық.

  5. Валюталық тәуекелдерден сақтандыру әдістері: неттинг, хеджирлеу, валюталық своп, листинг.

2

Тақырып 6. Валюталық несиелер

  1. Валюталық несие: қағидалары мен қызметтері,түрлері. Фирмалық (коммерциялық) несие. Экспорттық несие. Лизингтік несие. Факторинг.

  2. Банкаралық несие түрлері. Овердрафт. Жаңартылмалы (револьверлік) несиелер.

  3. Банкаралық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері. ЛИБОР және ПИБОР және т.б. базалық мөлшерлемелер.

  4. Валюталық несиелерді беру шарттары және оларды рәсімдеу тәртібі.

  5. Валюталық несиелерді алу үшін қажетті құжаттар.

  6. Валюталық несиелердің пайдаланылуына және қайтарылуына бақылау жасау.

2

Тақырып 7. Халықаралық валюталық есеп айырысулар

  1. Экспорт және импорт. Халықаралық валюталық есеп айырысулардың шарттары мен тәртібі.

  2. Валюталық есеп айырысу нысандары.

  3. Банктік аударымдар. Ашық шот бойынша төлемдер сипаты.

  4. Инкассомен есеп айырысу. Құжатты және құжатсыз инкассолар сипаты.

  5. Аккредитивпен есеп айырысу. Аккредитив ашу тәртібі.

2

Тақырып 8. Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету

  1. Жол чегінің қызметтері. VISA, American Express, Thomas Cook жол чектерінің өзіндік ерекшеліктері.

  2. Жол чегімен опеарциялар жасау. Еурочектер жүйесі.

  3. Несиелік карточкалардың қызметтері. VISA, American Express, Eurocard-Mastercard несиелік карточкаларына қызмет көрсету.

  4. ҚР-дағы өкілетті банктердің несиелік карточкалар мен жол чектеріне қызмет көрсету ерекшеліктері.

1

Тақырып 9. Банкаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі

  1. Банктер арасындағы корреспонтенттік қатынастар. Ностро және лоро корреспонденттік шоттарын ашу тәртібі.

  2. Корреспонденттік қатынастар орнату техникасы. Корреспонденттік шоттар бойынша есеп жүргізу.

  3. Бухгалтерлік байланыстар. Шетел валютасындағы шот бойынша аналитикалық есеп жүргізу.

  4. СВИФТ жүйесі, оның банкаралық кореспонденттік қатынастардағы ролі мен қызметтері.

  5. Қазақстан қор биржасынан (КАSЕ) қолма-қол және қолма-қолсыз валюталарды сатып алу техникасы.

1

Барлығы

15




  1. МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Берілген тақырыптар бойынша МӨЖ жазған кезде реферат бетінің саны 5 беттік машинамен басылған мәтін көлемінен кем болмауы керек.




  1. Дүниежүзілік валюталық жүйе: дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық. Оның негізгі элементтері.

  2. Дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясы.

  3. Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын негізгі халықаралық ұйымдар.

  4. ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резервтері.

  5. ҚР Ұлттық банктінің валюталық саясаты.

  6. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы және даму этаптары.

  7. Тенге девальвациясының валюталық нарық жағдайына әсері.

  8. Маршалл-Лернер шарттары.

  9. Американдық және неміс валюталық биржалары.

  10. Сатып алу қабілетінің паритеті.

  11. Коммерциялық банктің валюталық позициясы ұғымы және оның түрлері.

  12. ҚР Ұлттық банкінің ашық валюталық позицияны реттеуі.

  13. Опциондардың биржалық және биржалық емес нарықтары.

  14. Экспорттық және импорттық жеткізулерді хеджирлеу.

  15. Пайыздық мөлшерлемелер бойынша жедел мәмілелер.

  16. Пайыздық мөлшерлемелер бойынша опционның негізгі белгілері.

  17. Дүниежүзілік қор нарығының құрылымы.

  18. Еуронарықтың сипаттамасы.

  19. LIBOR және FIBOR мөлшерлемелері.

  20. Төлем балансы.

  21. Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты және төлем балансы.

  22. ҚР мысалында төлем балансының тапшылығын жабу тәсілдері.



6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

Кесте 4


Атауы

Кітапханадағы

саны


Магистранттар

саны


Қамтамасыз ету %

1

2

3

4

Коммерциялық банктер операциялары




4

100

Акша, несие, банктер, валюта катынастары




4

100

Основы валютных отношений




4

100

Валютная политика




4

100

Валютно-финансовые механизмы в современном мире




4

100



7 ӘДЕБИЕТТЕР
Экономика және қаржы жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және ерекшеленген бөлімі)

  3. Республика Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы.

  5. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы

  6. «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы

  7. «Валюталық реттеу туралы» ҚР Заңы

  8. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы

  9. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасымен бекітілген

  10. Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тіркеу тәртібі

  11. «Банктің қарыз алушылардың несиеқабілеттілігін талдау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

  12. Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы инструкция. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының Қаулысымен бекітілген
  13. «ҚР несиелік бюролар мен несиелік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңы


  14. «Пруденциалдық нормативтер туралы» ереже, Қазақстан Республика-сының Ұлттық банкінің Басқармасымен бекітілген

  15. Шетел валютасын пайдаланумен байланысты лицензиялау тәртібі туралы нұсқау. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының қаулысымен бекітілген


Оқу әдебиеттері:

Негізгі:

  1. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж.

  2. А.Г.Наговицин «Валютная политика», Москва. Экономика. 2007

  3. М.К.Бункина, А.М.Семенова «Основы валютных отношений» Москва, 2009

  4. М.В.Ершов «Валютно-финансовые механизмы в современном мире», Москва, Экономика 2006

  5. Кошенова Б.А. Акша, несие, банктер, валюта катынастары. - А-ты, 2009

  6. Баймуратов У. Деньги и финансы: нелинейная система.-Алматы: Экономика, 2009

  7. Деньги. Кредит. Банки./ Ред. Сейткасимов - А-ты, 2006

  8. Банковское дело: Уч./ Под ред. Сейткасимова Г.С. - Алматы, 2008

  9. Банковское дело: Уч. / Под ред. О.И.Лаврушина. - М., 2003

  10. Банковское дело: Уч. / Под ред. Колесникова В.И. - М., 2006

  11. Общая теория денег и кредита. / Ред. Жуков Е.- М.,2007, М., 2010

  12. Хамитов, Н.Н. Банк ісі: Лекциялар курсы.- Алматы: Экономика, 2006.

  13. Сейткасимов, Г. Банковская система Казахстана: Учеб. пособ.- Алматы: Экономика, 2008.

  14. Финансовый анализ коммерческого банка: Учеб. пособие / Масалимова С.Ж., Есенгельдинова С.Ж., Абылкасимова Ж.А. и др.- Семей, 2009.

  15. Общая теория денег и кредита: Учеб. для вузов /Е.Ф.Жуков и др.-М.,2007

  16. Банковский надзор и аудит: Уч. пособие / Под ред. И.Д. Мамоновой. - М., 2007


Қосымша:

  1. Яковлев В.А. Экономические подходы к повышению устойчивости банковского сектора // Финансовый менеджмент. 2010. - № 3. – С.8.

  2. Аскербек А. Зарубежный опыт управления банковскими рисками // Банки Казахстана. 2014. - № 2. – С.14.

  3. Палаткина О.А., Ракишев Р.М. Риск-аппетит- инструмент топ - менеджмента для риск- менеджера // Банки Казахстана. 2014. - № 7. – С.5.

  4. Токсанбаева А.М., Ким К.В. Использование кредитных деривативов в современной практике риск-менеджмента // Банки Казахстана. 2011. - № 3. – С.40.

  5. Жолмуханова А.К. Анализ системных рисков банковского сектора Республики Казахстан // Банки Казахстана. 2014. - № 4. – С.8.

  6. Сурапбергенова З.А. Методы количественной оценки рыночного риска в международной практике // Банки Казахстана. 2014. - № 6. – С.2.

  7. Курбанов Б.С. Макропруденциальное регулирование как механизм обеспечения финансовой стабильности. // Банки Казахстана. 2014.-№14.-С.5.



Мерзімді басылымдар:

  1. Қаржы - Финансы

  2. Аль-Пари

  3. Вестник КазНУ им. аль-Фараби

  4. Транзитная экономика

  5. Банки Казахстана

  6. Финансы и право. Бюллетень

  7. Вестник университета Туран

  8. Информационный бюллетень Министерства Финансов РК

  9. Саясат

  10. Экономика негіздері – Основы экономики


Бағдарламалық қамтамасыз етілуі

ҚР Қаржы Министрлігінің ресми сайты:



ҚР Қаржы Министрлігінің ақпараттық бөлімі: +7717 271-80-45, press_center77@list.ru

www.fiper.i'u

www.dn.kz

www.panorama.kz




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет