Бағдарламасы 9 кластарға арналған


Сақталу заңдары (4 сағат)



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі37.02 Kb.
#457312
1   2   3   4
ОЖСБ ФИЗИКА 9 сынып

Сақталу заңдары (4 сағат). Дене импульсі және күш импульсі. Импульстің сақталу заңы. Механикалық жұмыс және энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.

  • Тербелістер және толқындар (4 сағат). Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс. Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық. Электромагниттік толқындар.

  • Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (6 сағат). Жылулық сәуле шығару. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Фотоэффект құбылысы. Рентген сәулелері. Радиоактивтілік. Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы.

  • Атом ядросы (5 сағат). Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер. Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы. Ядролық реакциялар. Радиоактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция. Ядролық реакторлар. Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану.

  • Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі (2 сағат). Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы. Бақылау жұмысы


    Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

    • Әр тақырып бойынша теориялық және практикалық білім алу,

    • Формулаларды қолдана білу, есептерде қолдану есептерді шығару

    • Әр тапсырманы қарапайымнан күрделіге қарай орындап дағдылану

    • Алған білімдерін көрсете білу

    • Физикалық анықтамаларды жатқа айта білу

    • Электрондық оқулықтарда тапсырмаларды өздігінен орындау

    • Ақпараттық технологияны қолдану, интернет желісінде жұмыс жасай алу пайдалану


    Пәнаралық байланысы: математика
    Курсты ұйымдастыру формасы: ОЖСБ- ға, ҰБТ- ға дайындық есептер шығару деңгейлеп - саралап оқыту технологиясын қолдану , интерактивті оқыту, семинар т.б.

    • Курсты оқыту аяқтау формасы:

    Бақылау жұмыстарының нәтижесі
    Тестілік тексеру.

  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет