Бағдарламасы ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"



бет8/22
Дата04.04.2024
өлшемі370.41 Kb.
#497674
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері

30. «Блум таксаномиясы» әдісі- Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы
- Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар.
Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)
31 . «Концептуалды таблица» әдісі - Концептуалдық дөңгелек әдісі кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
32. «Миға шабуыл» әдісі – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс.
33. «Тірек сөздер стратегиясы» – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
34. «БББ» немесе «Маркировка кестесі» әдісі– «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет