БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аймақтану кіріспесі» пәні


Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу мәселесі. (1945-аяғы-1950 жж.)



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі207.5 Kb.
#21523
түріБағдарламасы
1   2   3

Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу мәселесі. (1945-аяғы-1950 жж.)

Соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп. Еуропаның соғыстан кейінгі құрылымдық мәселелері. Потсдам конференциясы және оның шешімдері. Одақтастық коалициядағы ынтымақтастық пен қарама-қайшылықтар. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы.

АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия дипломатиясы. Одақтастар арасындағы қатынастардың шиеленісе бастау. "Қырғи қабақ соғыстың" басталуы. Маршалл жоспары. Солтүстік атлантикаық блоктың (НАТО) және Варшава пактісінің құрылуы.



  1. Отарлық жүйенің ыдырауы

Отарлық жүйенің күйреуі. Азия мен Африкада тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Жаңа мемлекеттер-Үндістан мен Пәкістанның құрылуы. Кашмирдегі оқиғалар және үнді-пәкістан қақтығысы.

Үндіқытайдағы соғыс және Ұлы державалар дипломатиясы. Бирма - ұлттық тәуелсіздік пен әлеуметтік өрлеу үшін күресуде. Индонезия халқының отаршылыққа қарсы азаттық соғысы.

Африкадағы азаттық қозғалыстар және халықаралық қатынастар. Итальян отарларының тағдыры. Мандатпен басқарылатын жүйенің күйреуі. Тунис, Марокко, Мавританияның тәуелсіздігінің жариялануы. Алжирдегі ұлт-азаттық қозғалыс. Тропикалық Африка елдерінің оянуы. Панафрикандық қозғалыстар. Азия мен Африканың жас тәуелсіз мемлекеттері халықаралық қатынастар субъектілері ретінде.

ХХ ғ. 70-80-жж. Оңтүстік Африкадағы португал және ағылшын отарларының тәуелсіздікке қол жеткізуі.



  1. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы халықаралық қатынастар

Халықаралық саясаттағы негізгі беталыстар. АҚШ және басқа да батыс державаларының сыртқы саясатына тән белгілері. Ірі капиталистік елдердің сыртқы саяси доктринасы. Конвергенция докторинасы. Оның идеологтары.

Герман мәселесі. Берлин қабырғасының салынуы. Кариб дағдарысы. Қатысушылары. Ядролық соғыс басталуының ықтималдығы.

Еуропадағы жағдайды қалыпқа келтіру және қарусыздандыру үшін күрес. БҰҰ және қарулануды қ ысқарту мәселесі. АҚШ және КСРО мемлекет басшыларының 1961 ж. Венадағы кездесуі. Ядролық қаруды үш салада сынауға тыйым салу туралы Мәскеу шарты. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт.

Социалистік елдердің сыртқы саяси доктринасы. Кеңес әскерін Чехословакияға енгізу. КСРО мен ЮСФР арасындағы және КСРО мен Албания арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Кеңес-Қытай қақтығысы. Аймақтық қақтығыстар. АҚШ-тың Вьетнамдағы басқыншылығы.



  1. ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы халықаралық қатынастар

70-ші жж. бірінші жартысындағы кеңес-американ қатынастары және стратегиялық қарулану сайысын баяулату жөніндегі келіссөздер. Ракетаға қарсы қорғаныс (РҚҚ) жүйесін шектеу туралы келісім шарттары. Никсондық "әлемнің құрылымы". Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуы. СЕАТО және СЕНТО әскери блоктары қызметінің аяқталуы.

ГФР-дың "Жаңа шығыс саясаты". Батыс Берлин бойынша келісім. Еуропадағы қатынастардың қалпына келуі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәжілісіне дайындық және өткізілуі. Бейбіт өмір сүру 70-ші ж. халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде. "Халықтық дипломатияның" эволюциясы. Әлемдік бейбітшілік кеңесінің қызметі.



  1. ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы халықаралық қатынастар

80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастардың екі кезеңі және оның сипаттамасы. 80-ші жж. бірінші жартысындағы халықаралық шиеленістің ұшығуы. Қарама-қайшылықтың күшеюнің себептері. Халықаралық әскери-стратегиялық ахуалдың шиеленісуі. Қарулану сайысының өсуі. АҚШ-тың стратегиялық қорғаныс ұсынысын (СОИ) жариялауы. Кеңес-американ қатынастары және оның халықаралық қатынастарға ықпалы.

Халықаралық қатынастардағы ғаламдық мәселелердің дамуы – шикізаттық, энергетикалық мәселе, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты зерттеу және т.б.

КСРО-да "қайта құру" және жаңаша саяси ойлау саясатының басталуы. Барлығын қамтитын халықаралық қауіпсіздіктің кеңестік тұжырымдамасы. Ядролық сынақтарды КСРО-ның біржақты уақытша тоқтатуы. Қарусыздану мәселесі бойынша кеңес-американ келіссөздерінің негізгі кезеңдері. Орта қашықтықтағы зымырандар мен жақын қашықтықтағы зымырандар (ОҚЗ-ЖҚЗ) жөніндегі кеісімдер. СНВ қысқарту жөніндегі келісімшарттар. "Брежнев доктринасынан" КСРО-ның бас тартуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Демократиялық революциялар. Ауған мәселесін реттеудің басталуы.


  1. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ

БҰҰ-ның құрылуы. Сан-Францискодағы конференция және БҰҰ Жарғысы. Жарғыға түзету енгізу. БҰҰ-ның мақсаттары, міндеттері және ұстанымдары. БҰҰ-ның құрылымы. БҰҰ-ның арнайы мекемелері. БҰҰ арнайы іс-шаралары. Жалпыға бірдей Адам Құқығы Декларациясының қабылдануы және оның негізгі қағидалары. 1960-шы жж.. Бейбітшілікті нығайтудағы БҰҰ рөлінің өсуі. Халықаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудағы БҰҰ-ның рөлі.

  1. Еуропалық интеграциялық үрдіс. Еропадағы бәсеңдетушілік. Жалпыеуропалық (Хельсинск) үрдіс

70-ші жылдардағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі бейбітқатар өмір сүрудің маңызды түрінің бірі ретінде. КСРО-ның батыс еуропалық елдермен перифериялық ынтымақтастығы саясаты. Халықаралық өмірде жаңа құбылыстың – Жалпыеуропалық үрдістің пайда болуы. Еуропадағы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық мәжілісі (ЕҚЫМ). ЕҚЫМ-ның Қорытынды Актісі. Бейбіт қатар өмір сүрудің жалпы демократиялық қағидалары. Хельсинскі мәжілісінің халықаралық маңыздылығы. ЕҚЫМ шеңберіндегі кездесулер мен келіссөздер.

  1. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа (ООШЕ) елдері халықаралық қатынастар жүйесінде

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін фашизмнен азат ету және державалардың мүдделері. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі ішкісаяси өзгерістердің сыртқы жағдайы. КСРО-ның үстемдігімен социалистік жүйенің құрылуы. Халықтық демократиялық елдердің БҰҰ-на мүше болуы.

Экономикалық Өзаракөмек Кеңесін (ЭӨК) құру, оның мақсаты, негізгі ұстанымы, қызметінің түрі. Варшава Шартты Ұйымы (ВШҰ), оның екі жүйе арасындағы әскери-саяси қарама-қайшылықтағы рөлі. 1956 ж.Венгриядағы оқиға және КСРО-ның әскери басқыншылығы. ВШҰ әскерінің Чехословакиядағы әскери басқыншылығы.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі 1989 ж. демократиялық революциялардың нәтижесі. Еуропадағы күштердің жаңа ара қатынасы. ООШЕ-дегі трансформациялық үрдіс.


  1. Азиялық-Тынықмұхиттық Аймақтағы (АТА) халықаралық қатынастар

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік саясаттағы АТА рөлінің күшеюі. ҚХР-дың сыртқы саясатының негізгі ұстанымы. Корей мәселесінің пайда болуы. Кореядағы КСРО және АҚШ саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Азияда әскери топтардың құрылуы. (АНЗЮС, АНЗАМ, АНЗЮК, АЗПАК).

"Қырғи-қабақ соғыстың" аяқталуы, АТА-дағы геосаяси жағдай. Жапоняның жаңа саясаты. Халықаралық қатынастардағы Қытайдың жаңа рөлі. Тайвань мәселесі. Гонконг мәселесін шешу. Оңтүстік-Қытай теңізі аймағындағы аумақтық айтыс-талас. Аймақтық саясаттағы Оңтүстік Кореяның рөлі. Кореяның бірігу мәселесі.

Аймақтық көпбағыттылықтың дамуы. АТА-дағы қауіпсіздік мәселесі. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі құрамдас бөліктері. АТА елдерінің қауіпсіздігі мәселесі жөніндегі аймақтық мәжіліс. АТА елдеріндегі экономикалық интеграция және оның ерекшеліктері. Аймақтық экономикалық ұйымдар.

Қазақстанның Азиялық-Тынықмұхиттық Аймақтағы саяси және экономикалық мүдделері.



  1. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Латынамерикандық мемлекеттер

1980-90 жж. халықаралық аренадағы өзгерістер және латынамеркандық елдердің сыртқы саясаты. Аймақтық интеграция: ОАГ, ЛАЭС, ЛАИ.

Ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселесі (Рио тобы, америкааралық қауіпсіздік жүйесінің қызметі). Латынамерикандық елдер және АҚШ. Қосылмау қозғалысы және Тынықмұхиттық экономиклық ынтымақтастық жөніндегі Кеңес. Латынамерикандық елдер және БҰҰ, Латын Америкасы елдеріне халықаралық ұйымдардың қаржылай көмегі. Еуропа елдерімен ынтымақтастығы. Латын Америкасы елдерімен жалпыаймақтық саясат.


«Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәні

1. Қазақстан жəне халықаралық ұйымдар

Қазақстаннның БҰҰ-ға қабылдануы. Нью-Йоркте БҰҰ жанынан ҚР Тұрақты өкілділігінің ашылуы. Алматыда БҰҰ Өкілділігінің ашылуы. БҰҰ қамқорлығымен бейбітшілік сүйгіш Ортаазбат батальонының құрылуы. Қазақстан жəне Орталық Азия аймағы қауіпсіздігі мəселелері. Ауған мəселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау туралы БҰҰ, ЕҚЫҰ обращение. Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеру саласында БҰҰ-мен ынтымақтастығы. Бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі Комитетке Қазақстанның сайлануы (КОПУОС). Қазақстан – БҰҰ-ның елді-мекен пункттері жөніндегі комиссиясының мүшесі (ХАБИТАТ). Қазақстанның Басты Комитеттер жұмысына қатысуы. БҰҰ реформалау мəселесіндегі Қазақстанның ұстанымы. Қазақстанның БҰҰ-ның органдары мен мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастығы. БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға сапары.

Қазақстанның ЕҚЫМ қабылдануы. Мəжілістің жаңа мүшелеріне үйлестірілген көмек бағдарламасы. Қазақстан қауіпсіздігін кепілдендіру туралы меморандум. Еуропадағы қауіпсіздік мəселесіне Қазақстанның концептуалды көзқарасы. Қазақстан мен ЕҚЫҰ біріккен қимылдар бағдарламасы. Сенімділікті күшейту жөніндегі шаралар. Вена құжаттары: ВҚ-92 жəне ВҚ-94. Орталық Азияда байланыстар бойынша ЕҚЫҰ Бюросының ашылуы. Қазақстанда Президент сайлауы кезіндегі ЕҚЫҰ миссиясының қызметі. ЕҚЫҰ есебі жəне Қазақстанның ұстанымы. Алматыда ЕҚЫҰ Орталығының ашылуы. Əскери-саяси қауіпсіздік мəселелері. ЕЫҚҰ жəне Азиядағы сенім шаралары мен өзара əрекеттестік жөніндегі Кеңесті (СВМДА) шақыру туралы Қазақстанның ұсынысы.

ХХІ ғасыр қарсаңындағы НАТО-ның саясаты мен стратегиясы. Қазақстан мен НАТО арасында қатынастар орнату. “Бейбітшілік үшін серіктестік” бағдарламасы. Монс қаласында (Бельгия) НАТО линиясы бойынша серіктестікті үйлестіру жөніндегі тобында Қазақстан Республикасы кеңсесінің ашылуы. Қазақстан – СЕАП мүшесі. НАТО-да Қазақстан өкілділігінің ашылуы. Брюссельде НАТО жанында Қазақстан Республикасы миссиясының ашылуы (наурыз 1998). НАТО жоспарының Шығысқа кеңеюіне қатысты Қазақстанның ұстанымы. НАТО жəне Қазақстан Республикасы ынтымақтастығының жаңа приоритеттері мен перспективалары.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның сыртқы саяси ерекшеліктері. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы интеграциялық процестерге Қазақстанды тарту мəселесі. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықтың приемлемый формаларын іздеу. Сыртқы рыноктарға шығу мəселесі. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы аймақтық интеграцияға қосылу. Ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан ынтымақтастығының мүмкіндіктері мен перспективалылығы. Тауарларды тасымалдау мəселесі. Алматыдағы АСЕАН елдерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консульстваларының жұмысы.

Қазақстанның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына енуі (1992). Қазақстан Президенті Н.Назарбаев – ЭЫҰ-ның Төрағасы (1998-2000). Транзиттік тасымалдау жөніндегі рамалық келісім. Контрабанда жəне кедендік алаяқтықпен күрес саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандум. Ынтымақтастықты дамытудың басты бағыттары. Қазақстан мен ЭЫҰ ынтымақтастығының перспективалары.

Халықаралық қатынастардағы ислам факторы. ИКҰ-ның Қазақстанға қызығуы. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары мен кездесулері. Қазақстанның ИКҰ-ға, Ислам даму банкісіне толыққанды мүше болып қабылдануы. Алматыда ИДБ-ның аймақтық өкілділігінің құрылуы (1996). ИКҰ-ның VІІІ, ІX саммитері жұмысына Қазақстан делегациясының қатысуы (1997, 2000). СВМДА-ны шақыру жөніндегі бастаманы қолдау жəне Арал теңізі мен Семей ядролық полигонына көмек көрсету туралы Қазақстанның резолюциясы. Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары.

Халықаралық Валюта Қорына Қазақстанның кіруі (1992). Жүйелік қайта құруларды қаржыландыру бағдарламасы (1993). “Стэнд-бай” резервтік несие туралы келісім (1994, 1995). ХВҚ кеңейтілген түрде несиелеу бағдарламасы (1996).ХВҚ алдында міндеткерліктерді погашение (2000). Қазақстанның Əлемдік Банкпен ынтымақтастығының 1996-1998 жж. арналған орта мерзімдік бағдарламасы. Əлемдік банктің Қазақстан үкіметімен серіктестігі, негізгі бағыттары. Қазақстанның Еуропалық реконструкция жəне даму банкіне (1993), Азия даму банкісіне (1994) мүше болуы. АДБ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары. АДБ-ның 1994-2000 жж. Қазақстанға қаржылай жəне техникалық көмек көрсетуі.



2. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер

Посткеңестік кеңістіктегі интеграцияның ерекшеліктері. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы (ТМД) Қазақстанның бастамасы. Алматы Декларациясы жəне ТМД-ның құрылуы. ТМД-ның даму жолдары жəне кезеңдері. Қатынастардың құқықтық негізінің қалыптасуы. ТМД шеңберіндегі дағдарысты құбылыстар. ТМД территориясындағы үш интеграциялық қауымдастық. Кедендік одақ жəне Біртұтас экономикалық кеңістік (1999). Аймақтық интеграцияның тереңдеуі. ТМД ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуы. ТМД елдері интеграциясының жаңа кезеңі.

Құрылықтық интеграция мүмкіндігі. Н.Назарбаевтың Еуроазиялық одақ (ЕАО) құру жобасы. ЕАО-ның құрылуы. Оның қатысушылары. ЕАО-ның эволюциясы, оның ОАЭО қайта құрылуы. Кедендік одақ жəне біртұтас экономикалық кеңістік. ЕАО жобасының халықаралық ұйымға институциализациянуы. Орталық Азия елдерінің экономикалық интеграциясының бағдарламасы (1995-2000). ОАЭО-ның ОАО-ға айналуы. Негіздеуші құжаттары. Аймақтық экономикалық интеграция механизмдерін жетілдіру. Кедендік одақтың ЕуроАзЭҚ-ға айналуы. Еуроазиялық Экономикалық Қауымдастықтың - ЕурАзЭҚ құрылуы (қазан 2000).

3. Қазақстан-Ресей қатынастары

Екі жақты қатынастардың келісімдік-құқықтық негізінің қалыптасуы. Мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының принциптері. Қатынастар дамуының кезеңдері. Саяси ынтымақтастық. ТМД шеңберіндегі екі жақты қатынас. Мемлекеттік шекара тəртібін орнату. Сауда жəне экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары. 1998-2007 жж. Арналған экономикалық ынтымақтастық туралы келісім-шарт. Қазақстан-Ресей қатынастарындағы Каспий. Энергетикалық мəселелер. Байқоңырдың статусы туралы мəселені реттеу. Əскери-саяси жəне əскери-техникалық ынтымақтастық. Мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық. 2003 ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Жылы.



4. Қазақстанның Украинамен қатынасы

Екі жақты ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Экономикалық ынтымақтастық. Мұнай-газ саласындағы екі жақты қатынастардың дамуы. Əскери-техникалық жəне ғарыш салаларындағы ынтымақтастық. Мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Қазақстандағы украин жəне Украинадағы қазақ диаспорасы. Білім беру саласындағы өзара қимылды кеңейту.



5. Қазақстан Республикасының Белорусь Республикасымен қатынасы

Саяси жəне мемлекет аралық ынтымақтастық мəселелері жəне келісімдік-құқықтық база. Жоғары дəрежедегі байланыстар деңгейі. ТМД шеңберіндегі Қазақстан мен Белорусь жəне экономикалық реформалар жүргізу. Еркін сауда туралы келісім. Кедендік одақтың құрылуы. Қазақстан мен Белорусь арасындағы өнеркəсіптік ынтымақтастық мəселесі. Ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастардың дамуы. ҚР мен БР арасындағы əскери ынтымақтастық. Мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Қазақстандағы белорус диаспорасы. Екі елдің жастар саясаты.



6. Орталық Азия республикалары жəне Қазақстанның саясаты

Орталық Азиядағы Қазақстанның орны мен рөлі. Орталық Азия аймағы елдерімен сыртқя саясат бағыттарын анықтау. ОА елдеріндегі экономикалық реформалардың темпі мен деңгейлерінің əр түрлілігі. Үш мемлекеттің кедендік одағы. Душанбе саммиті (2000) жəне “ОАЭҚ-ның интеграциялық дамуының стратегиясы” (2000-2005). Орталық Азиядағы қауіпсіздік мəселесі.

Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттары. Еркін сауда туралы келісім. 1998-2007 жж. арналған экономикалық ынтымақтастықты тереңдету Келісім-шарты жəне Бағдарламасы. Қазақстан мен Өзбекстан Ұлы Жібек жолын қайта қалпына келтіруде жəне Еуропа – Кавказ – Азия (ТРАСЕКА) транспорттық коридорын пайдалану. Қазақстан дипломатиясы жəне екі ел арасында мемлекеттік шекараны делимитациялау. Өзбекстандағы қазақ диаспорасы. Біріккен қорғаныс саясаты. Гуманитарлық жəне мəдени салалардағы ынтымақтастық.

Екі жақты қатынастардың келісімдік-құқықтық негізі. Екі жақты ынтымақтастықтың принциптері, бағыттары жəне кезеңдері. Сауда-экономикалық жəне ғылыми-техникалық байланыстар. Шу жəне Талас өзендеріндегі су-шаруашылық құрылыстарын мемлекет аралық пайдалану. Ауыл шаруашылығы жəне қайта өңдеу өнеркəсібі салаларындағы ынтымақтастық. ҚР-ға электроэнергияны жеткізу туралы мəселе. Су-энергетикалықконсорциумын құру идеясы. Əскери саладағы ынтымақтастық. Аймақтағы экологиялық қауіпсіздік. Гуманитарлық жəне мəдени салалардағы біріккен қимыл.

Қазақстан жəне тəжік мəселесі. Қазақстан – Алматыда БҰҰ-ның қамқорлығымен өткен тəжік аралық келіссөздердің ІV раундын ұйымдастырушы (1995). Қазақстан-тəжік қатынастарының саяси-құқықтық негізі. Үш Орталық Азия республикаларының мемлекет аралық кеңесіне Тəжікстанның кіруі (ҚР, Қырғызстан Республикасы, ӨР). Кедендік одаққа жəне ОАЭҚ-ға қосылуы. Əскери саладағы ынтымақтастықтың орны жəне шекараларды қорғау туралы мəселе. Тəжік-ауған шекарасын қорғауға Қазбаттың қатысуы. Қазақстанға Тəжікстан мен Ауғанстаннан босқындардың келуі мəселесі. Тəжікстан жəне Ауғанстандағы жағдайды реттеу.

Екі жақты қатынастардың принциптері мен басты бағыттары. Екі жақты ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Мемлекеттік шекара делимитациясы туралы жəне оны бірігіп қорғау мəселесі. Аралдың экологиялық жүйесін қайта қалпына келтіру бойынша күштерді біріктіру. Екі жақты қатынастардағы Каспий мəселесі.

Мұнай-газ өнеркəсібі, энергетика, транспорт, байланыс жəне коммуникация салаларындағы ынтымақтастық. Шикізатты, табиғи газды өзара жеткізу. Жолдарды бірігіп салу.

7. Қазақстан жəне Закавказье республикалары

Закавказье аймағындағы Əзербайжан, Грузия жəне Арменияның рөлдері. Армян-əзербайжан қақтығысындағы Н.Назарбаевтың делдалдық бастамасы. Каспий теңізіндегі мұнайды өндіру жəне тасымалдау мəселесі. Транскавказдық транспорттық коридордың маңызы. Қазақстан мен Əзербайжанның экономикалық жəне сяаси мүдеделері. Екі жақты қатынастардың келісімдік-құқықтық негізінің қалыптасуы. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі. Каспий теңізінің құқықтық статусын анықтаудағы екі елдің ұстанымы. Мəдени ынтымақтастық. Алматыдағы Əзербайжан ұлттық-мəдени Орталығы. Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар. Экономикалық ынтымақтастықтың дамуы. Мəдениет, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта салаларындағы ынтымақтастық. Армениямен өзара қарым-қатынасындағы Қазақстанның мүдделері. Орталық Азиядағы Арменияның сыртқы саясаты. Сауда-экономикалық жəне гуманитарлық серіктестік.



8. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жағдайы жəне перспективалары

Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресчми сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Қытайдағы этникалық сепаратизм мəселесі жəне Қазақстанның ұстанымы. БҰҰ, “Шанхай бестігі”, “СВМДА”, “Еуроазиялық экономикалық саммиті” шеңберіндегі Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы. Шекара мəселесі. Азиялық қауіпсіздік мəселесі. Қытайдағы этникалық қазақтар мəселесі. Ертіс жəне Іле трансшекаралық өзендері мəселесі. Қазақстанның экономикалық жəне экологиялық мəселелері. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Екі елдің мұнай ынтымақтастығы. Гуманитарлық жəне мəдени ынтымақтастық. Қазақстан-қытай қатынастарының перспективалары.



9. Қазақстанның Азия елдерімен қарым-қатынастары

Үндістан мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Екі елдің саяси өзара қимылы. СВМДА-ға Үндістанның қатысуы. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Мұнай-газ саласындағы екі елдің ынтымақтастығы. Үндістанның Қазақстандағы мемлекеттік жəне жеке капиталы. Екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары. Қазақстан жəне Пəкістан Ислам Республикасы арасында екі жақты қатынастардың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. Екі жақты қатынастардың келісімдік-құқықтық негізі. Қазақстан мен Пəкістанның ұлттық мүдделері. Қазақстан мен Пəкістан қатынастарындағы наркотрафик мəселесі. Азияда СВМДА-ны дайындау жөніндегі отырыстарға Пəкістан өкілдерінің қатысуы. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан мен Пəкістан арасындағы ғылыми-мəдени байланыстар.

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатуы. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. СВМДА-ны шақыру туралы Қазақстанның бастамасы. Түркия тарапынан бастаманың түсіністік жəне қолдау табуы. Екі жақты сауда-экономикалық қатынастар. Қазақстан мұнайын Түркия территориясы арқылы тасымалдау перспективалары. Каспийдің юридикалық мəртебесі мəселесі. Түркияның ұстанымы. Мəдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-түрік ынтымақтастығы. Қазақ-түрік ынтымақтастығының перспективалары.

Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастың орнатылуы (1992). Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. Екі жақты қатынастардың келісімдік-құқықтық негізі. Ынтымақтастықтың приоритетті бағыттары. Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастарды нығайтудың жаңа кезеңі. Мұнайды өндіру, қайта өңдеу жəне тасымалдау, өнеркəсіп, құрылыс, сауда, банк ісі, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық. ЭЫҰ-дағы мемлекеттердің біріккен қызметі. Аймақтық қауіпсіздік мəселесі жөнінде екі мемлекеттің ұстанымдары. Ынтымақтастықтың перспективалары.

Дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми кездесулері мен сапарлары. Ынтымақтастықтың негізгі салалары. Қазақстанның Жапониямен экономикалық ынтымақтастығы. Жапонияның Қазақстандағы инвестициялық ынтымақтастығы. Ғылым мен техника салаларындағы ынтымақтастық. Жапонияның Қауіпсіздік Кеңесі құрамына тұрақты мүше болып енуі мəселесіндегі Қазақстанның ұстанымы. СВМДА-ны шақыру жөніндегі дайындық процессіне Жапонияның қатысуы. Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешуге Жапонияның қатысуы. Жапония үкіметінің Қазақстанға гуманитарлық көмегі. Қазақстан-Жапония мəдени байланыстары.

Корея Республикасымен дипломатиялық қатынастың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми жəне жұмыс сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Қазақстандағы корей диаспорасы. Халықаралық ұйымдардағы Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының өзара қимылы. СВМДА процессіне Корей Республикасының ұстанымы. Қазақстан-Оңтүстік Корея экономикалық ынтымақтастығы. Қазақстан Республикасы мен Корея Халық Демократиялық Республикасы арасында дипломатиялық қатынастың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Қазақстанның КХДР-мен мəдени байланыстары.

Қазақстанның Египет Араб Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатуы. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Екі елдің мəдени-гуманитарлық байланыстары. Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан мен Египеттің саяси өзара қимылы. СВМДА-ны шақыру жөніндегі идеяны жүзеге асырудағы екі елдің өзара қимылы. Қазақстанның Сауд Аравиясы Корольдігімен ресми қатынас орнатуы. Басшы қайраткерлердің ресми кездесулері мен сапарлары. Аймақтық проблемалар бойынша Қазақстанның САК-мен саяси байланыстары. Таяу Шығыстағы бейбіт процестерді қолдау. Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мəселелері. Ынтымақтастықтың негізгі салалары. Қазақстанның Магриб жəне Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерімен қатынастар орнатуы. Президент Н.Назарбаевтың Кувейт, Бахрейн жəне Оманға ресми сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Қазақстан мен Израиль мемлекетінің екі жақты байланыстарын дамытудың басты бағыттары. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. Ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың принциптері. Қазақстанның Иордания, Ливия, Марокко, Тунис жəне Ливанмен қатынастарын дамытуы. Қазақстанның бұл елдермен ОИК, ЛАГ, ОАПЕК шеңберінде өзара іс-қимылы. Қатынастардың перспективалары. Қазақстан дипломатиясының міндеттері.

10. Қазақстан жəне Америка құрлығындағы елдерімен қатынастары арасындағы қатынастар

Қазақстан – АҚШ-тың стратегиялық серіктесі. Қазақстан мен АҚШ арасындағы демократиялық серіктестік туралы Хартия. ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастардың негізгі кезеңдері. Ядролық қауіпсіздік саласында ҚР мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық. АҚШ- СВМДА бақылаушы. Каспий мұнайы, энергетика, Қазақстаннан углеводородты шикізатты əлемдік нарықтарға экспорттық тасымалдау мəселелері жəне құбыр жүргізу құрылыстарының балама варианттары жəне АҚШ-тың ұстанымы. Ғылым мен техника салаларындағы үкімет аралық ынтымақтастық. Сауда-экономикалық өзара қимылды диверсификациялау. ҚР қатысты Джексон-Вэнник түзетулерін алып тастау жəне ҚР экономикасына нарықтық экономика мəртебесін беру. Қазақстанның ƏСҰ-ға кіруіне көмек көрсету. ҚР-дағы АҚШ-тың білім беру бағдарламалары.

ҚР мен Канада арасында ынтымақтастықтың принциптері туралы декларация. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Біріккен инвестициялық жобалар. Халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан мен Канада ынтымақтастығының кеңеюі. “Бейбітшілік үшін серіктестік” бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық.

Латин Америкасы елдерінің экономикалық жəне саяси реформаларының Қазақстан үшін тəжірибесі. Қазақстан – Америка Мемлекеттері Ұйымының (АМҰ) бақылаушысы. Латин Америкасы елдерімен ҚР дипломатиялық қатынастарының шектеулі сипатының себептері. Американ аралық даму банкісінің –ААДБ (МАБР) бағдарламалары мен жобаларына Қазақстанның қосылуы. Аймақ елдерімен дипломатиялық қатынастар орнату процессі. Куба, Мексика, Колумбия, Аргентина, Уругвай, Чили, Бразилия, Никарагуа, Панама, Гондурас, Венесуэла, Коста-Рикамен Қазақстан арасындағы қатынастар. Көп жақты ынтымақтастық шеңберінде Латин Америкасы елдерімен қатынастардың даму перспективалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет