БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі



Дата08.07.2016
өлшемі89 Kb.
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

«6М071100 -Геодезия»

мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Емтихан тақырыптарының тізімі

«Геодезия» пәні

1. Топографиялық карталар мен пландарды зерттеу. Беткейдегі жер бетінің бейнесі. План, карта, профиль. Масштабтар: сандық, сызықтық, көлбеу. Масштабтардың дәлдігі. Шартты белгілер. Жер бедері оны топографиялық карталар мен пландарда бейнелеу. Көлденеңдер әдісі. Бедер қимасының биіктігі, орналасуы, жергілікті жердің еңісі. Жергілікті жер сызығының бағыты. Азимуттар (ақиқаттық, магниттік), дирекциялық бұрыштар, румбтар. Олардың бір-бірімен байланысы. Магниттік беткей, меридиандардың жақындауы. Тік және кері геодезиялық есептер. Топографиялық карталар мен пландар парақтарының номенклатурасы.

2. Бұрыштық және сызықтық өлшеулер. Геодезиялық өлшеулердің әдістері. Гедезиялық өлшемдер туралы түсінік және оның дәлдігі. Өлшеулердің түрлері. Бұрыштық өлшеулер. Теодолиттер тптері, олардың құрылымы. Электрондық теодолиттер. Теодолиттерді тексеруден өткізу. Горизонталды бұрыштарды өлшеудің қағидалары. Тік бұрыштарды өлшеу.

Өлшейтін аспаптардың типтері және өлшедің дәлдігі, жалпы әдістердің мәліметтері. Өлшеу ленталары мен қашықтықты өлшейтін аспап тар көмегімен арақашықтықты өлшеу. Электрондық тахеометрлер.

3. Мемлекеттік геодезиялық торлар туралы жалпы мәліметтер. Оларды ұйымдастырудың қағидалары. Триангуляция және трилатерацияның полигонометриясы. Мемелекеттік геодезиялық торлардың белгілері. Трианугляциялық пунктер.

4. Аудандарды анықтау әдістері. Графикалық-аналитикалық және графикалық әдістер. Палеткалар және оның түрлері. Төртбұрыш, нақты және сызықтық палеткалар. Аудандарды механикалық әдіспен анықтау. Планиметр.

5. Нивелирлеу. Геометриялық нивелирлеудің маңызы. Тригонометриялық, физикалық радионивелирлеу. Нивелирдің құрылысы және тексеруден өткізу.

6. Тахеометрилық түсіру. Тахеометриялық түсіруді жүргізудің ерекшеліктері. Тахеометрдің құрылысы және оны тексеруден өткізу. Нөлдің орналасу нүктесін анықтау. Кроктер. Тахеометриялық кестелер.

7. Өлшеулердің түрлері және оның қателіктері. Өлшеулердің маңызы мен түрлері және оның қателіктері. Орташа, орташа төртбұрыш қателіктер. Қателіктерді бөлудің заңдылықтары. Біркелкі нүктелер мен біркелкі емес өлшемдерді өңдеудің тәртібі.

8. III және IV кластарды нивелирлеу. III және IV кластарды нивелирлеуді жүргізудегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аспаптар құрылысы. Тексерулер. III және IV кластарды нивелирлеуді жүргізудегі далалық есеп құжаттарын өңдеуден өткізудің қағидалары.

9. Мемлекеттік нивелирлік торлар. Мемлекеттік нивелирлік торларды ұйымдастырудың қағидалары. Мемлекеттік нивелирлік торлардың тірек нүктелерінің құрылғысы. Реперлер-маркалар.

10. Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсірістің кезеңдері. Абрис. Теодолиттік түсірістер жүргізудің әдістері. Аспаптар. Теодолиттік түсірістердің далалық құжаттарын өңдеуді жүргізудің тәртібі.


«Инженерлік геодезия» пәні

1. Инженерлік- геодезиялық жұмыстардың әдістері және оның жалпы сипаттамасы. Жобалаудағы, құрылыстағы және әртүрлі ғимараттардағы геодезиялық жұмыстармен қамтамасыз ету әдістері. Табиғат қорларын қорғауда және игеруде, зерттеуде, сонымен қатар жерді орналастыруда, жер кадастрында қолданылатын геодезиялық әдістер.

2. Инженерлік ізденістер. Инженерлік ізденістердің негізгі түрлері мен міндеттері. Инженерлік-геологиялық ізденістер. Гидрологиялық ізденістер. Инженерлік-геодезиялық ізденістер. Инженерлік ғимараттардағы ізденістердің ерекшеліктері.

3. Инженерлік-геодезиялық торлардың тіректері. Тор тіректерін құру ерекшеліктері және бекітілуі, түрлері. Жоспарланған инженерлік-геодезиялық торлар. Торлардың дәлдігін бағалау және есептеу әдістері. Сызықтық-бұрыштық өлшеулер және қолданылатын аспаптар. Биік инженерлік-геодезиялық торларды бекіту, түрлері, олардың негізгі биіктіктерінің дәлдіктеріне қойылатын талаптар. Биік инженерлік-геодезиялық торларды құрастырудағы нивелирлеудің ерекшеліктері және биіктік жүйесі.

4. Әуеғарыштық түсірулер туралы жалпы мәліметтер. Әуеғакрыштық түсірулер туралы қысқаша мәліметтер. Инженерлік-геодезиялық жұмыстардағы өлшеулердің ғарыштық әдістері. Линиялық ғимараттарды жобалауда және ізденістерде әуефотосуреттерді пайдалану.

5. Геодезиялық бөлу жұмыстарындағы жалпы ережелер. Бөлу жұмыстарын ұйымдастыру және белгілеу. Бөлу жұмыстарының дәлдігінің нормалары мен қағидалары. Жобалық мәліметтерді шығарудағы геодезиялық дайындықтар. Негізгі және нақты бөлу жұмыстары.

6. Әрқилы арнайы құрылыс ғимараттарындағы геодезиялық жұмыстар. Жол-көлік қүрылыстары. Өнеркәсіптік-азаматтық объектілер. Гидротехникалық туннель құрылыстары, жерасты және прецизионды ғимараттар. Әрқилы арнайы құрылыс ғимараттарындағы геодезиялық жұмыстардың ерекшеліктері мен аспатары және әдістері.

7. Құрылыстағы деформацияларды бақылау. Құрылыстағы деформациялар туралы жалпы мәліметтер. Құрылыстағы деформацияларды бақылауда қолданылатын инженерлік-геодезиялық өлшемдер аспаптары және әдістері. Құрылыстағы көлденең жылжулар және ғимараттардың шөгуін анықтау. Белгілерді орналастыру және ғимараттардың деформациясын бақылау.

8. Негізгі ғимартаттарды тұрғызудағы геодезиялық жұмыстар. Линиялық ғимараттарды тұрғызудағы және ізденістердегі геодезиялық жұмыстар. Ғимарат алаңдарын құрудағы геодезиялық жұмыстар. Арнайы және жерасты құрылыстарын тұрғызудағы геодезиялық жұмыстар.

9. Инженерлік геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және техникалық қауіпсіздік. Жобалаудағы, құрылыстағы және ғимараттарды қызметке қосудағы геодезиялық қызметті ұйымдастыру. Құрылыстағы, ғимаратты қызметке қосудағы, топографиялық-геодезиялық ізденістердегі техникалық қауіпсіздік.

10. Орындалатын түсірістер. Орындалатын түсірістердің кезеңдері. Орындалатын түсірістердің әдістері. Орындалатын түсірістердің нәтижелері. Құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізудегі техникалық қауіпсіздік.
«Жоғары геодезия» пәні

1. Геодезиялық торлар тірегі, оның міндеті. Мемлекеттік және арнайы торлардағы пунктердің тығыздығы және қажетті дәлдіктерді осы торларда құрастыру. Тіректі геодезиялық торларды құрастырудың әдістері мен құралдарын дамыту: триангуляция, трилатерация, биік нүктелік полигонометрия, радио интерферометрия, инерциялық геодезиялық жүйелер, линтялық-бұрыштық торлар, құрамдастандырылған торлар.

2. Мемлекеттік геодезиялық торды құрастырудың бағдарламасы мен қазіргі сұлбасы (МГТ). Шет ел мемлекеттерінің геодезиялық торлары туралы жалпы мәлімет. Жер бетіндегі геодезиялық тіректер пунктерінің жағдайын анықтаудың әдістері және оның проекцияларын референц-эллипсоид беттеріне шығару.

3. Биік нүктелі бұрыштық аспаптар және оны зерттеу. Қазіргі биік нүктелі оптикалық теодолиттердің номенклатурасы. Қазіргі МБСТ-ры (ГОСТ). Электронды теодолиттер, робот қалпына келтірілген тахеометрлер. Бұрыштық және линиялық-бұрыштық торлардағы бұрыштық аспаптарды қолданудың ерекшеліктері. Биік нүктелі бұрыштарды өлшейтін аспаптарға қойылатын негізгі талаптар.

4. Бұрыш өлшейтін аспаптарды зерттеу және тексеру. Аспаптар қателіктері. Бұрышты өлшеудегі нәтижелерге аспаптар қателіктерінің әсеріне қойылатын негізгі талаптар.

5. Көлденең бұрыштарды биік нүктеден өлшеу, зениттік арақашықтықтарды өлшеу. Бұрыштық және сызықтық-бұрыштық торлардағы бұрыштық биік нүктелік өлшемдердің нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптар. Зениттік арақашыттықтар мен көлденең бұрыштарды өлшеу үшін бөлінетін керекті уақыт. Биік нүктелі бұрыштық өлшеулердегі негізгі қателіктер. Бұл қателктердің бұрыштық өлшемдерге әсерін баялатудың шаралары. Арнайы және мемелекеттік геодезиялық торларда қолданылатын бұрыштық өлшеулердің әдістері. Бұрыштық өлшемдердің әдістері. Көрсетілген эелементтерді анықтау. Бқұрыштық өлшемдердің дәлдігін бағалау. Бұрыштық өлшеулерді автоматизациялау.

6. Биікнүктелі геометриялық нивелирлеу. Бұрыштық және сызықтық-бұрыштық торлардағы биікнүктелі бұрыш өлшемдері нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптар. Зениттік арақашықтық және көлденең бұрыштарды өлшеу үшін бөлінетін керекті уақыт. Биікнүктелі бұрыштық өлшеулердегі негізгі қателіктер. Бұл қателктердің бұрыштық өлшеулерге әсерін баяулатудың шаралары.

7. Биікнүктелі сызықтық өлшеулер. Ұзындық бірлігін қазіргі уақытта анықтау. Нормативті шаралар және жұмыс эталоны. Нормативті шараларға арналған компараторлар. Инварлы сымдар. Базисті инварлы сымдармен өлшеудің тәртібі. Бизисті өлшеудегі нәтижелердің дәлдігін бағалау және өлшеу нәтижелерін өңдеу. Арақашықтықты өлшеудің радиоэлектронды әдістері. Радио геодезиялық жүйелер. Үлкен базаларды радиоинтерферометрлер көмегімен өлшеу.

8. Гаусс-Крюгердің тік бұрышты координаталары. Жазық тік бұрышты координаталардың жүйелерін таңдау және қолдану. Гаусс-Крюгер проекцияларының негізгі формуласы. Гаусс-Крюгер проекциясындағы эллипсоид бетінен жазықтыққа дейінгі арақашықтықты редуцирлау. Жазықтықтағы меридаиндардың жақындасуы. Гаусс-Крюгер координатының қайта қалыптасуның бір зонадан басқа зонаға өтуі. Басқ елдерде қолданылатын эллипсоид проекцияларынң жазықтыққа әсері.

9. Үшөлшемді геодезия. Геодезиядағы кеңістік торларының орны мен рөлі. Геодезиялық өлшемдер көмегімен кеңістіктегі координата жүйелеріндегі координаталар нүктелерін анықтаудың қағидалары. Кеңістік геодезиялық торлардың дамуы мен оны құрастырудың қағидалары.

10. Референц-эллипсоид бағытталуы, геодезиялық күн тізбегінің мәліметтері. Әрқилы эллипсоид жүйелерінің координаталарының байланыс параметрлерін құрастыру. Локалды геодезиялық торларды өңдеудегі координата жүйелерін таңдаудың жалпы мәліметтері. Жергілікті жер координаталарының жүйесі. Жергілікті жер координата жүйелерінің мемлекеттік жүйеге көшуінің формулалары және кері ауысуы.
«Геоедзеиялық өлшемдер мен есептеулерді теориялық өңдеу» пәні


  1. Ықтималдық теориясының элементтері. Негізгі түсініктер мен теоремалар. Кездейсоқ көлем және оны бөлудің негізгі заңдылықтары. Кездейсоқ көлемдердің негізгі сандық сипаттамасы: математикалық мүмкіншілук, дисперсия. Кездейсоқ көлемдерге арналған бөлулердің орташа заңдылығы.

  2. Өлшемдердің қателік теориясы. Өлшеулердің құрылымы. Өлшеудің жағдайы. Қажетті және артық өлшеулердің рөлі. Қателік өлшемдері және оның түрлері. Үлкен қателктерді байқаудың және жүйелік қателіктерді байқаудың әдістері. Өлшеудің кездейсоқ қателіктері. Оларды бөлудің заңдылықтары. Кездейсоқ қателіктерді өлшеудің қасиеті.

3. Өлшем нәтижелерінің дәлдік бірлігі: орта квадраттық кателік, орта, ықтимал және шекті кателік. Олардың өзара байланысы. Домалақтау қателігі, оның күрамы.

4. Параметрлік теңдеу. Теңдеуді есептеудегі үсынысы мен қүрамы.Теңдеудің қатаң лсәне қатаң емес әдістері. Теңдеуді есептеудегі шешілетін тапсырмалар.Коррелатты және параметрлік теңдеулер туралы түсінік. Теңдеудің әдісіндегі жетістігі мен кемшіліктері.



5. Теңдеулерді өлшеу нәтижелері арасындағы байланыс. Теңдеу байланысындағы линеаризация.Параметрлік теңдеулердегі алынған түзетулер. Кішірейтілген квадраттардың принциптерін қолдану. Қарапайым теңдеулерге көшу. Белгісіздерді қатарымен қысқарту әдісімен қарапайым теңдеуді шешу. Қарапайым теңдеуді шешу және құрудағы бақылау. Қарапайым теңдеуді шешудегі баска жақындау әдісі және кері матрица әдісі. Есептердің теңдеуінің аралық және қорытынды бақылаулары.

6. Түзетудің параметрлік теңдеуіндегі эквивалентті пайда болу. Теңдеудегі параметрдің функциясындағы ОКҚ табудағы бірлік салмағының қателігін және кері салмақты қолдану. Теңделген параметрден функцияның кері салмағын табу. Дәлдікті бағалаудағы қарапайым теңдеудің кері матрицасының атқаратын ролі.

7. Коррелаттық теңдеу. Шартты теңдеу туралы түсінік.



Коррелатты теңдеудің теориясы. Шартты теңдеудің линеаризациясы. Кішірейтілген квадраттардың принципін баулу. Түзетудің коррелатты теңдеуі, олардан қарапайым теңдеуге көшуі.

8. Қарапайым теңдеуді шешу. Қарапайым теңдеуді шешуде лоне күруда лсүргізілетін бақылаулар. Коррелатты иеңдеудің қорытынды бақылауы.Теңдеудің түзетулерінен алынған бірлік салмағындағы қателікті түсіндіру.



9. Геодезиялық торлардың теңдеуі. Коррелатты әдіс бойынша триангуляция теңдеуі. Крюгер-Урмаев әдісі бойынша қостоптық теңдеу. Параметрлік әдіспен триангуляция тендеуі. Полигонометриялық теңдеу.

10. Геодезиялық және фотограмметриялық жұмыстардағы өлшеулер және оның маңызы. Өлшеулердің түрлері. Өлшеулердің қателіктері. Өлшеу нәтижелерін өңдеудегі теңдестірілген есептердің маңызы. Инженер-маркшейдерлерге арналған пәннің теориялық және практикалық маңызы. Осы пәннің ықтимал териясы және басқа пәндермен байланысы. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізудің теориялық және практикалық дамуындағы ғалымдардың атқаратын рөлі.
«Фотограмметрия» пәні
1.Орталық жобалаудың оптикалық негізі: объективтің көмегімен кескіндеменің нақты сұлбасы; фотосурет орталық проекция ретінде; орта және ортогоналды проекция; оратлық проекцияның негізгі элементтері. Объектілердің үлгісі және түсірулерді өлшеу мен бақылау: монокулярлы және бинокулярлы тұрғыдан көру; түсірімдерді стереокопиялық бақылау; тік, кері және нөл стереоэффект; үлгілер мен түсірімдерді өлшему.

2.Аэрофотограмметрия. Бір даналық түсірімдерді талдау: аэрофотограмметрияда қолданылатын координаталық жүйелер; бір даналық түсірімдерді бағыттаудың элементтері; тік және нүктелі бейнелерді түсірімдерде құрастыру; еңіс түсірімдер мен көлденең нүктелердің координаталарының бір-бірімен тәуелділігі; түсірім масштабы; еңіске сәйкес түсіріс нүктелерінің жылжып кетуі; жергілікті жер бедерінің әсерінен түсіріс нүктелерінің жылжып кетуі. Сурет сұлбасы: міндеті, құрастырылуы және дәлдігі.

3. Түсірімдердің өзгеруі (Трансформирование) : Түсірімдердің өзгеру әдістерінің маңызы; фотомеханикалық түсірім өзгеруінің геометриялық және оптикалық жағдайы; түсірімдердің өзгеру элементтері; инверсорлар құрылымы; фототрансформаторлар құрылымы; тірек нүктелері бойынша және белгіленген элементтер бойынша түсірімдердің өзгеруі; фото қағаздың деформациясына әсері; зоналар бойынша түсірімдердің өзгеруі; жазық беті еңісінің әсерінен түсірімдердің өзгеруі; фотопландардың міндеті, құрастырылуы, дәлдігі.

4.Түсіріс параларын талдау: негізгі анықтамалар; стереопаралар нүктелерінің координаталары мен параллакстары; аэрофото түсірістер параларын бағыттаудың элементтері; көлденең түсірістер бойынша жергілікті жердің координаталарын анықтау. Пара түсірістерді бір-бірімен бағыттау: бір-бірімен бағыттаудың жүйелі элементтері; бір-бірімен бағыттаудың теңдеулері; бір-бірімен бағыттаудың элементтерін анықтау. Үлгінің сыртқа бағытталуы: сыртқы бағытталудың элементтері.

5. Әмбебаб стереоаспаптар: әмбебаб стереоаспаптардың міндеті мен құрылымы; оптикалық әмбебаб стереоаспаптардың сұлбасы; бірінші, екінші және үшінші бөлім ішіндегі оптикалық аспаптар; механикалық универсалды стереоаспаптардың принципиалды сұлбасы; оптикалық-механикалық универсалды стереоаспаптардың принципиалды сұлбасы. Универсалды стереоаспаптарда түсірістерді өңдеу және бағыттау: аспаптарды түсірістерді бір-бірімен бағдарлау; аспаптарда үлгілерді сырттай бағдарлау; аспаптарда көлденеңдер сызу; картаның оригиналын құрастыру; қайта өңделген үлгілерді құрастыру; пара түсірістерді трансформылаудың теориясы; сыртқы бағдарлаудың элементтерін анықтау әдістерінің құрылымы.

6. Кеңістік фототриангуляциясы: кеңістік фототриангуляциясының міндеті мен құрылымы; универсалды стереоаспаптардағы фототриангуляция; геодезиялық бағдарлау; кеңістік фототриангуляциясының торының нүкте геодезиялық биіктігін анықтау. Аналитикалық фототриангуляция: аналитикалық фототриангуляцияда қолданылатын аспаптар; жартылай тәуелді үлгілердің әдісі бойынша аналитикалық маршрутты фототриангуляция; байланыстыру әдісі бойынша аналитикалық маршруттық фототриангуляция; аналитикалық көп маршрутты фототриангуляция.

7. Жердегі түсірілім. Жердегі түсірілімнің маңызы. Жер түсірілімдердің формуласы мен негізгі анықтамасы: оъект нүктелерінің координатасы және оны түсірстердегі көрінісі, стереотүсірістердегі негізгі жағдайлар, фотограмметриялық және геодезиялық координаталар арасындағы байланыс формулалары. Далалық және камералды жұмыстар: жерде жүргізілетін түсірістерде қолданылатын аспаптар, түсіріс жобасын құрастыру, далалық жұмыстар бойынша нәтижелерді өңдеу, аналитикалық, графикалық және графомеханикалық әдістермен жердегі түсірістерді өңдеу.

8. Далалық және камералдық жұмыстар: жерді түсіруде қолданылатын аспаптар, түсірім жобасын құрастыру, далалық жұмыстар нәтижесін өңдеу, аналитикалық, жер түсірісін өңдеудің аналитикалық, графикалық және графомеханикалық әдістері.

9. Жер түсірімі кезінде қолданылатын аспаптар. Аспаптар құрылымы. Жер түсірімінде қолданылатын аспаптар құрылымының принципиалды сұлбасы.

10. Жер түсірім құжаттарын өңдеуде қолданылатын қазіргі әдістер.


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Поклад Г.Г. Геодезия М: Недра, 1988.

  2. Нурпеисова М.Б. Геодезия А.: КазНТУ, 1993.

  3. Наумывакин Ю.К. и др. Практикум по геодезии М.: Недра, 1985.

  4. Федоров В.И., Титов А.И., Холдобаев В.А. Практикум по инженерной геодезии и
    аэрогеодезии М.: Недра, 1987.

  5. Неумывакин Ю.К. и др. Геодезия. Топографические съемки М.: Недра, 1991.

  6. Генике А.А., Побединский Г.Г. Глобальная спутниковая система определения
    местоположения GPs и ее применение в геодезии М: Картгеоцентр - Геоиздат, 1999.

  7. Хакимов К.Х. Проект геодезического обоснования для стереофототопографической

  8. Большаков В.Д.,Гайдаев П.А. Теория маптематической обработки геодезических измерений. М., «Недра».

  9. Гнеденко Б.В. Курс теории вероятности, М. «Недра»

  10. Идельсон Н.И. Способ наименьших квадратов и теория математической обработки наблюдений. М., «Недра»

  11. Романовский В.И. Основные задачи теории ошибок М., «Недра

  12. Вировец А. М. Высшая геодезия - М.: Недра, 1970

  13. Закатов Н.В. Высшая геодезия —М.: Недра, 1989

  14. Морозов В.П. Курс сфероидической геодезии -М.: Недра, 1979

  15. Яковлев Н.В. Курс высшей геодезии - М.: Недра, 1989

  16. Яковлев Н.В., Беспалов Н.А. и др. Практикум по высшей геодезии - М.: Недра, 1982



Қосымша әдебиеттер:

Гайдаев П.А. Математическая обработка геодезических сетей. М., «Недра».

Закатов П.С. Курс высшей геодезии. М., «Недра».

Машимов М.М. Уравнивание геодезических сетей. М., «Недра».



Практикум по высшей геодезии/ Под ред Машимова М.М. М., «Недра».
Каталог: content -> files -> pages -> folder9724
folder9724 -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> «6М060100-Математика»
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М011400-Тарих»
folder9724 -> «6М020800 археология и этнология»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аймақтану кіріспесі» пәні
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> Бағдарламасы Алматы, 2012 Емтихан тақырыптары: «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
folder9724 -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет