БАҒдарламасы қарағанды, 2005 ж. Мазмұны: Бағдарлама төлқұжаты 4 Кіріспе 6


Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері



бет5/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#123962
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері


Бағдарламаның басты мақсаты е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын түзу және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданудың негізінде тұрғын халық пен бизнес құрылымдарының жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне қолжетімділігін ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарлама мақсаттарына жету үшін мына міндеттерді шешу керек:



  • жергілікті атқарушы органдардың атқарушы органдармен және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен ақпараттық қауымдастық жағдайында іс-әрекеттерін реттейтін тиімді нормативтік және әдістемелік база құру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың негізінде жергілікті атқарушы органдардың атқарушы органдармен және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, шаруашылық жүргізуші субьектілермен және облыс тұрғындарымен өзара іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыру;

  • жергілікті атқарушы органдардың базалық ақпараттық инфрақұрылымын түзу;

  • жергілікті атқарушы органдардың е-қызметтерін түзу және дамыту, оларға тұрғын халық пен бизнес құрылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • ақпараттық теңсіздікті жою жұмыстарын және АКТ саласындағы білім деңгейін арттыруды ұйымдастыру;

  • е-үкіметтің базалық компоненттерін енгізу үшін жағдай жасау;

  • е-үкіметтің типтік жобалық шешімдерін енгізудің базасында жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;

  • жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету;

  • жұмысты және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшілері мен әкімдіктердің бірлескен іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында бірыңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету;

  • ақпаратты-коммуникациялық технология саласында инновациялық өндірістерді дамытудың алғышарттары.

5.Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын түзудің басты бағыттары


Бағдарламаны іске асыру мына негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • облыс әкімі жанынан ақпараттық-аналитикалық (серверлік) орталық құру;

  • облыста ақпараттандыру процестерін нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру;

  • е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын түзу

  • е-үкіметтің базалық және типтік инфрақұрылымдық компоненттерін пайдалану;

  • атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстары мен жүйелерін пайдалану;

  • әкімдіктің электронды қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жұмыстарын ұйымдастыру;

  • аймақтағы мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық өндірістерді дамыту үшін алғышарттар жасау.

5.1.Облыс Әкімі жанынан ақпараттық-талдау орталығын құру


Облыс әкімі жанынан ақпараттық-аналитикалық орталық құру Бағдарламаны жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады.

Ақпараттық-аналитикалық орталық тиісті:



  • әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен, аймақтың кәсіпорындары мен ұйымдарынан Бағдарламаны тікелей жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ресурстарды талап ету өкілеттіктеріне ие болуға;

  • аймақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға жауап беруге;

  • әкімдік жанындағы Ақпараттандыру жөніндегі Комиссияның алдында Бағдарламаны жүзеге асырудың барысы туралы мерзімді түрде есеп беруге;

  • әкімдік жанындағы Ақпараттандыру жөніндегі Комиссия үшін жұмыста туындаған қиындықтар туралы материалдарды жедел беруге.

Ақпараттық-аналитикалық орталықтың бірінші кезектегі міндеттері мыналар болып табылады:

  • әкімдіктің, азаматтар мен ұйымдардың ақпарат қажеттілігіне аймақтық зерттеу жүргізу;

  • ақпараттық ресурстарды ұсынудағы әкімшілік және техникалық регламенттерді әзірлеу және келісу;

  • әкімдіктің ақпараттық-аналитикалық жүйесін кезең бойынша құру жоспарын әзірлеу және іске асыру;

  • облыс әкімдігінің ақпараттық жүйесіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету.



5.2.Облыстағы ақпараттандыру үдерістерін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру


Бағдарламаны іске асыру үшін ақпараттық қамтамасыз етудің тиімді нормативтік құқықтық базасын құру керек, ол ақпаратты өндірушілер мен тұтынушылардың және жергілікті басқару органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, тұрғын халықпен және ұйымдармен қарым-қатынасын ұйымдастыруды реттеу үшін керек.

Қаралатын бағыттағы мақсаттарға жету үшін шешілуге тиісті негізгі міндеттерге жатады:



    • аймақтық ақпараттық жүйені және оның бөлімдерін, ақпаратты қорғау саясатын әзірлеудің, іске асырудың, пайдаланудың және дамытудың тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар пакетін қалыптастыру;

    • ақпараттық ресурстарды Интернетте құрудың, орналастырудың және сақтаудың және оларға қолжетімділікті қамтамасыз етудің, сол сияқты жергілікті басқару органдарының ұсынған ақпараттық ресурстарға жауапкершілігін бекіту тәртібін әзірлеу;

    • азаматтар мен ұйымдардың электрондық арыз-шағымдарының өту регламенттерін ескерумен жергілікті атқарушы органдарда электронды құжат айналымын реттейтін нормативтік актілерді қабылдау;

    • жергілікті атқарушы органдардың жергілікті басқару органдарымен және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен ақпараттық бірлескен іс-әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлеу және қабылдау;

    • «электронды үкімет» инфрақұрылымының аймақтық деңгейде қолданылуын реттейтін нормативтік-өкімдік құжаттама қабылдау.

Нормативтік құжаттарды әзірлегенде республикалық деңгейдегі базалық нормативтік құжаттар негізге алынуға тиісті, соның ішінде:

    • Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 412 Заңы;

    • Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлы қол қою туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 Заңы;

    • Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі №567-II Заңы;

    • Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген Электрондық үкіметті қалыптастыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы;

    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық үкімет» түзудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы;

    • Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды тіркеудің және ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Мемлекеттік тіркеуді жүргізудің Ережесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы № 1075 қаулысы;

    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында электрондық құжат айналымы Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 сәуірдегі N 430 қаулысы;

    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 202 қаулысы;

    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркеуін жүргізудің Ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 23 қазандағы N 1351 қаулысы және тағы басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет