БАҒдарламасы қарағанды, 2010 мазмұны №



бет5/33
Дата24.02.2016
өлшемі4.52 Mb.
#13116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Металлургия өнеркәсібі.

Өнеркәсіптің кәсіпкерлік саласы бойынша өндіріс көлемі 2005-2009 жылдар арасында 369,9 -дан 508,9 млрд. теңгеге көбейді.

Металлургия саласында жалпы қосылған баға 1,96 –ға көбейіп, 451,6 млрд. теңгеге жетті.

Металлургияның үлес салмағының жалпы қосылған бағасы өнеркәсіпте 6,1 п.п кеміді.

2009 жылдағы тұрақсыз экономикалық жағдайды есепке алып, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ өткен жылға қарағанда кәсіби жалпақ илек өнімін шығару 105,5% (2980,3 мың.тонн), мырышталған илекті – 110,5%-ға, ақ қаңылтырды - 116,4%, көмір өндіруді – 107,2% (11101,9 мың.тонна) қамтамасыз етті

2009 жылдың желтоқсан айында «АрселорМиттал Темиртау» АҚ өнімді сатуда 24202 млн. теңгеге, оның ішінде ішкі нарықта -22498 млн. теңге, экспортқа – 1704 млн. теңге немесе осы жылдың қарашасына 130,6% және 2008 жылдың желтоқсан айында 127,0%-ға жетті.



2005-2009 жылдары металлургия өнеркәсібі саласындағы тауарлық өнімдердің нақты өндіріс көлемі индексінің өзгеру динамикасы

«Қазақмыс» корпорациясы бойынша көмір өнімін өндірудің арту көлемі - 1,2% -ға өсті, мыс кені - 0,8%, мыс қойыртпасындағы мыс - 0,2%, күміс және алтын 10,0% және 15,0%, қатодтық мыс шығарылуы - 95,2% (359,6 мың.тонн) және тазартылмаған мырыш өткен жылға қарағанда 18,0%-ды қамтыды.

2009 жылдың желтоқсанында «Қазақмыс» корпорациясының жүк жөнелтуде 21978,2 млн. теңгеге жетті, соның ішінде, ішкі нарықта -2033,5 млн. теңге, экспортқа – 19944,8 млн. теңге немесе 2008 жылдын желтоқсан айында 101,0%-ды құрады.

Қарастырылған кезеңде метталургия саласындағы енбек нарығында жұмыскерлердің қысқартылу динамикасы көрінген - 95468 адамнан 82216-ға, бұл 13,9% көрсетеді.

Еңбек өнімділігі 3874,6- ден 6189,8 мың.теңгеге көбейді, бір еңбекпен қамтылған адамға немесе 59,8 проценттік пунктке.




Көрсеткіш

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Металлугия өнеркәсібінің көлемі, млрд.теңге

369,9

567,4

643,9

649,7

508,9

Металлургияның ЖҚБ, млрд.тенге

229,6

335,5

386,2

466,8

451,6

ЖҚБ үлес салмағы ЖҚБ металлургия өнеркәсібінде, %

65,5

67,5

65,8

60,9

59,4

Санамалы жұмыскерлер саны орта есеппен бір жыл ішінде, адам

95468

94460

92560

91310

82216

Еңбек өнімділігі, мың.тг.

3874,6

6006,8

6956,5

7115,3

6189,8

2005 жылдан 2009 жылға дейін металлургия саласында дайын металл бұйымдарын өндіру 208,7 млрд. теңгеге инвестицияланған.

2009 жылы инвестиция өнімінің саласы 37,4 млрд теңге көлемінде болды.

Қарастырылған кезенде Қарағанды облысының экспорттық өнім құрылымында экспорттық жүктеме «металл және металл өнімдері» топтарындағы өнімдерге көбейді.

Металл экспорты мен олардан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі және осы кезеңде 18191,8 млн. АҚШ долларын немесе жалпы экспорттық өндіріс көлемінде 60,6% -ға жетті.

Металл және металл өнімдерінің импортқа жалпы сомасы 1406,0 млн. АҚШ долларына немесе 2005-2009 жылдары жалпы импорттық өндіріс көлемі16,8%-ға шығарылған.

Қарағанды облысының «АрселорМиттал Темиртау» АҚ өнеркәсібі металлургия саласындағы бұрынғы бағытына оралуына сәйкес, өздерінде бар өндіріс қуатының модернизациясы бойынша жылына 6 млн. тонна болат шығару бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырып отыр.

2009 жылдың басынан бастап, келесі жобаларды іске асыру жұмысы басталды:



-№ 2 домна пешін күрделі жөндеуден өткізу;

Бункерлік эстакадаға, домна пешіне және құю алаңына демонтаждық жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны «Paul Wurth» (Люксембург) фирмасы іске асыруда. Қайта жөндеудің нәтижесінде пештің көлемі 300 кубқа үлкейеді, өнімділік 15% -ға артады.

Жобада европалық дәрежеге сай процестердің максималды деңгейде автоматтануы қарастырылған.

№ 2 ДП қайта жөндеу жұмысын 2011 жылдың 1 тоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бас мердігер – «Уралдомнаремонт» АҚ.



- № 4 домна пешінің аспирациялық жүйесінің қайта жөндеуден өтуі;

Бункерлік эстакададан және құю алаңынан шығатын газдарды тазартуға арналған бірінші электрофильтрдің құрылысы өткен жылдың шілде айында аяқталды.

Екінші электрофильтрді орнату жұмыстары жүргізілуде. Ол жұмыс 2010 жылдың аяғында аяқталады.


  • Сорттау цехына арналған дайын өнімді үздіксіз құю машинасының

(МЛНЗ – 3) құрылысы

Қолда бар металл констукцияларын бұзу жұмысы темір жолдарды ауыстыру, энергиямен қамтамасыз ету көздерін дайындау т.б. жұмыстар басталды. Жаңа машинаның өндірістік қуаты 1.2 млн. тонна, ол дайын өнімді құяды, арматуралардың, бұрыштар мен инвеллерлердің, тавр профилінің сапалы сортын шығарады.

Жобаны жүзеге асыру өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып,жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

- конвертерлік цехтың газды тазарту жүйесін қайта жөндеуден өткізу;

«Paul Wurth» (Германия) фирмасымен жобалық жұмыстар жүргізілуде.



Машина жасау кешені.

Аймақта машина жасау өнімдерін шығарушы 175 шаруашылық субъектісі жұмыс істейді.

2009 жылы машина жасау өнімінің тауарлық өндірісінің көлемі едәуір өскені көрінді, ал дағдарыс кезінде бұл саланың бөліктерінде қиындықтар болды, ол өнімнің нақты көлемі қысқартылып шығарылуына әкеліп соқты. Сондықтан нақты даму 51,9 пайыздық тармаққа қысқартылды.

Машина жасау саласына жалпы қосылған баға 1,96 көбейіп, 14044,9 млрд. теңгеге жетті. Машина жасау өнеркәсібінде жалпы қосылған бағаның үлес салмағы 0,2 пайыздық тармаққа қысқартылды.



2005-2009 жылдары машина жасау өнімінің өндіріс көлемінің

өзгерістерінің динамикасы



Бұл өзгеріс,біріншіден, машина жасау өніміне деген инвестициялық сипаттағы сұранысқа байланысты.

2005-дан 2009 жылға дейін машина жасау саласы ішінара ұсақ салаларға инвестицияланған:



    • машина және құрылғыларды өндіру– 1,8 млрд. теңге;

    • электр және оптикалық жабдықтарды өндіру– 1,3 млрд. теңге;

    • көлік құралдарын өндіру – 0,7 млрд. теңге;

    • өнеркәсіп саласындағы басқа да жабдықтарды өндіру – 0,8 млрд. теңге;

2009 жылы төмендегі салаларға инвестиция салынған:

- құрылғылар мен машина өндіру – 0,4 млрд. теңге;

- Электр және оптикалық жабдықтарды өндіруі– 0,9 млрд. теңге;

- көлік құралдарын өндіру – 0,09 млрд. теңге;

- өнеркәсіп саласындағы басқа да жабдықтарды өндіру – 0,3 млрд. теңге.

Машина өнімдері, құрылғылар, көлік құралдары тобының экспорты 45,1 млн. АҚШ долларын құрайды немесе жалпы бес жыл ішіндегі жалпы экспорт көлемнің 0,15% -ы.

Импорт тауарлары тобының негізгі бағыты 2005 жылдан 2009 жылға дейін көлемі 3003,8 млн. АҚШ долларын құрайтын немесе облыс импортының жалпы көлемінен құрайтын машиналар, құрылғылар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар болып табылады.

Қарастырылған кезеңде машина жасау саласының еңбек нарығында жұмыскерлер санының 8929 адамнан 9072 адамға дейін немесе 101,6% -ға арту динамикасы байқалған.

Еңбек өнімділігі 1194,2 -дан 2341,8 мың.теңгеге, яғни бір жұмыспен қамтылған адамға немесе 96,1 пайыздық тармаққа көбейді.


Көрсеткіштер

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Машина жасау өндірісінің көлемі, млн.теңге


10662,9

14251,9

17348,1

18874,4

21244,6

ЖҚБ машина жасау өндірісі, млн.теңге


7171,1

10272,8

125956

13849,1

14044,9

ЖҚБ үлес салмағы ЖҚБ машина жасау өнеркәсібінде, %

2,1

2,1

2,2

1,8

1,9

Санамалы жұмыскерлер саны орта есеппен бір жылдың ішінде, адам

8929

8905

9153

8794

9072

Еңбек өнімділігі, мын.тг.


1194,2

1600,4

1895,3

2146,3

2341,8

Қарағанды облысының машина жасау заводы, бұл, біріншіден, өнім өндіруге бағытталған технология, онда тау-кен шахталары жабдықтарын жөндеу мамандар, станок жасайтын парк, зауыт аландары сияқты потенциалдары бар.

Зауыттар көмірді кез-келген тау-кен-геологиялық жағдайда қазып ала алатын жаңа техникалық деңгейдегі кешендермен тек қана Қарағанды бассейнінің шахталарын ғана емес, бұрынғы көмір өндіруші елдерді де осы құрылғылармен (Ресей, Қытай, Индия) қамтамасыз ете алады.

«КарГорМаш-М» ЖШС, РГТО, Тау машиналары, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, «Машзавод №1» ЖШС сияқты зауыттар кооперация шартымен қазып алу кешенінің бүкіл бұйымдарын: гидравлика,оның ішінде гидротіреуіштер, металл дәнекерлеуші конструкцияларын, токарьлық және құю бұйымдарын шығара алады.

Жүріп тұрған техника іс жүзінде тозып-біткен. Жаңа механикаланған кешендер негізінен Польшадан сатып алынады.

Сонымен қатар, сатып алынған жабдықтар Қарағанды көмір бассейнінің қиын тау-кен геологиялық жағдайына сәйкес келмейтінін атап өткен жөн.

Осыған сәйкес, туындаған мәселелерді шешу мақсатында Қарағандыда машина жасау консорциумы ашылды. Бүгінгі күні консорциумға қатысушылардың саны 30 субъекті, олардың ішінде- 26 орта және шағын бизнес кәсіпорны, 3 институт және Технопарк.

Консорциумның мақсаты - барлық машина зауыттарының күштерін жинақтап, біріктіру, саланың жүйелі жұмысын ұйымдастыру, станок паркін жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу.

Бүгінде консорциумның екі негізгі бағыты белгілі - бұл коммуналды және ауылшарушылық техникалары үшін аспалы жабдықтар мен тау-шахталар өндірісі.

Тау-кен шахта жабдықтары бойынша консорциум қатысушылары «Қарағанды машина жасау консорциумы» мен «Глиник» ЗГМ ААҚ (Польша) және «Инжиниринг және трансферт технологиялар орталығы» АҚ арасында ұшатын механикаландырылған тазалаушы кешенді құру бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ 2011 жылға арналған инвестициялық бағдарламасына екі механикаландырылған тазалау кешенін өндіру жобасын қосу жоспарлануда.

Семей автобус құрау зауытымен аспалы жабдықты жинау үшін МТЗ-82.1 тракторын жеткізу жөнінде Меморандумға қол қойылған. Меморандумға сәйкес «СемАЗ» ЖШС- мен МТЗ 82.1 тракторының 10 бірлігін жеткізу бойынша келісім жасалған. Оны 2010 жылдың 1-3 қарашасына дейін жеткізу жоспарланған.

«ҚарАгромаш» ЖШС 2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін тракторларға аспалы жабдықтар жинауды жоспарлаған.

Бүгінде коммуналдық қызмет пен ауылшаруашылығын өндірушілердің қажеттілігіне сай машина жасау консорциумының кәсіпорындарында аспалы жабдықтардың сынақтық үлгілері құрастырылып шығарылуда.

Болашақта машина жасау концорциумына қатысушылар энергия сақтайтын су жылытатын қазандықтарды және қазан жабдықтарын өндіретін, сыртқы абаттандыру және басқа да кіші сәулет элементтерінің түрлерін, гидродинамикалық жылытқыштарды, кіші наубайханаға арналған жабдықтарды, модульді мал соятын орындарды өндіретін әлеуметтік салалардағы кәсіпорындармен жұмыс істеуді жоспарлауда.
Жеңіл өнеркәсіп.

Бұл сала бойынша облыста тоқыма және тігін өнеркәсібінің, сондай-ақ теріден жасалатын бұйымдар өндірісінің 60 кәсіпорны бар. Өндірістің жалпы көлеміндегі бұл саланың үлесі – 0,1%.

Бес жыл кезеңінде тоқыма және тігін өнеркәсібінің көлемі 671,9-дан 1548,1 млн. теңгеге дейін артты, тері өнімдерін өндіру 56,6-дан 35 млн.теңгеге дейін төмендеді.

2009 жылы тоқыма және тігін өнеркәсібінің көлемі 1548,1 млн. теңгені құрады, тоқыма бұйымдары өндірісінің АКИ – 103,5%, киім өндіру - 92,7%, тері өнімдерін өндіру – 40%.

Айғақты көлем өсімі дайын тоқыма бұйымдарын шығару есебінен 65,9%-ға, төсек-орын жабдықтары 69,8%-ға, бас киімдер мен шляпалар 56,0%-ға қамтамасыз етілді.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі өндірісінің жалпы қосымша құны 2 еседен жоғары деңгейге артты және 1548,1 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да жеңіл өнеркәсіптің барлық жалпы қосымша құнының үлес салмағы бес жыл ішінде 0,1% құрайды.



2005-2009 жылдардағы жеңіл өнеркәсіптің тауарлық өнімдері өндірісінің айғақты көлем индексінің өзгеру динамикасы


Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек нарығында қарастырылып отырған кезеңде бұл сала жұмысшыларының жұмыспен қамтылуының 424-тен 225-ке дейін төмендеуі белгіленген, ол 53,1%-ды құрайды. Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 1718,2-ден 7036 мың теңгеге дейін немесе 4 есеге артты.

2005- 2009 жылдар аралығында тоқыма және тігін өнімдері өндірісіне– 0,4 млрд. теңге инвестиция берілді, 2009 жылы - 0,03 млрд. теңге.

Тоқыма бұйымдарының импорты 92,2 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2005-2009ж. импорттың жалпы көлемінен 1,1%.


Көрсеткіш

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Тоқыма және тігін өнеркәсібінің көлемі, млн.теңге

671,9

836,4

954,5

1196,1

1548,1

Тоқыма және тігін өнеркәсібінің ЖҚҚ, млн.теңге

463

741,2

794

1035,7

884

Тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісі және аяқ киім өндірісінің көлемі , млн.теңге

56,6

78,9

18,7

40,3

35

Тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісі және аяқ киім өндірісінің көлемі ЖҚҚ, млн.теңге

68,7

75,6

13,6

41

27,6

Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да жеңіл өнеркәсіптің ЖҚҚ үлес салмағы, %

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

424

298

193

133

225

Жеңіл өнеркәсіптің еңбек өнімділігі, мың теңге

1718,2

3071,5

5042,5

9296,2

7036

Бүгінде негізгі өндірісті "Galex Plus"Саран тігін-тоқыма фабрикасы» ЖШС, "Азия-Тех" ЖШС, «Ютария Ltd» ЖШС, "Smartex" ЖШС кәсіпорындары арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдер номенклатурасынан бұйымдар тігуге мемлекеттік тапсырыс және жеке фирмалар мен шағын кәсіпорындардың тапсырысы бойынша іске асырады.

Жеке нарықта "Тэгам" ЖШС, "Еско" ЖШС шұлық өнімдері ұсынылды. Тері және тоқыма бұйымдарын өндіру үшін шикізат жеткізілімімен жартылай Қарқаралы және Ақтоғай аудандарының шаруа қожалықтары айналысады.

Келешекте 2015 жылға дейін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісті толық жаңғыртуды және ішкі нарықтың сұранысын 30%-ға қанағаттандыруды жоспарлап отыр.



Ағаш өңдеу өнеркәсібінде облыс бойынша 35 кәсіпорын бар, олардың 1-уі орташа, 34 шағын өнеркәсіптік кәсіпорын.

2009 жылы сала кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 1107,1 млн. теңге сомасына өнім өндірді, айғақты көлемнің нақты өсімі – 2008 жылға 134,1%.

2005 - 2009 жылдар аралығында ағаш өңдеу өнеркәсібі төмендегілерді инвестициялады:


    • ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын өндіру– 2,5 млрд. теңге;

    • целлюлоз-қағаз өнеркәсібі – 1,4 млрд. теңге.

2009 жылы тамақ өнімдері өндірісіне – 2,7 млрд. теңге салынды, ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын өндіруге– 0,04 млрд. теңге, целлюлоз-қағаз өнеркәсібіне – 0,06 млрд. теңге құйылды..

Ағаш, ағаш материалдары және целлюлоз-қағаз бұйымдары импортының көлемі 277,8 млн. АҚШ долларын немесе 2005-2009 жылдардағы импорттың жалпы көлемінен 3,3%-ды құрайды.

Бұл саланың ірі және орта кәсіпорындары ішінен "Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты" АҚ құрастырмалы жапсырма бөренеден панельді ағаш үй салу өндірісіне маманданады.

Жиһаз нарығында Қарағанды облысы елдің жиһаз өндірісінің жалпы көлемінде шамамен 4% -ға ие. Статистикаға сәйкес 2009 жылы жиһаз өндірісі 1156,2 млн.теңгені құрады, нақты өсім – өткен жылға қарағанда 78,4%.


2005-2009 жылдардағы ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі айғақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісінің өзгеру динамикасы


Сала кәсіпорындарының басым бөлігін пиломатериалдар, дайындамалар, терезе және есік блоктарын, жиһаздар өндіруге маманданған шағын бизнес субъектілері ұсынады.

Жиһаз шығарумен «Восток жиһаз фабрикасы» ЖШС, «№1 Эксперименттік зауыт»ЖШС, «Компания Absolute Kazakhstan Production» ЖШС және басқлары айналысады.

Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі айғақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісінің өзгеру динамикасы кестелік нысанда ұсынылды.

Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары негізінен тау-кен өндірісі және металлургиялық өнеркәсіпке арналған өнімдер шығарумен айналысады (қышқылдар, газ, жарылғыш заттар және басқалары).

Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімі облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлемінен 1,2%-ға ие.


Саланың негізгі кәсіпорындары «Теміртау электр металлургиялық комбинаты» ЖШС (карбид, ферросиликомарганец шығару), «Трек» ЖШС (пластикалық жағындарды өндіру), «Максам Қазақстан» АҚ (жарылғыш заттар өндірісі).

Қарағанды облысы аумағында «Теміртау электр металлургиялық комбинаты» ЖШС-де кальций карбидін өндіру жолға қойылған.

Кальций карбидін өндіру технологиясы іске жаратуға болатын кондициялық емес фракциялардың түзілімін болжайды.

Осыған байланысты, импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған өнімдер: винилбутил эфирі, винилин, винипол, тұрмыстық химия өнімдері, малеин ангидриді, келешекте синтетикалық каучук өнімдерін өндіруді болжайды.

Бес жыл кезеңінде химия өнеркәсібі көлемі 5820,3-дан 9921,5 млн. теңгеге дейін артты.

2005-2009 жылдардағы химия саласы бойынша өнім өндірісінің тауарлық өнім көлемінің және айғақты көлем индексінің динамикасы


2009 жылда бұл салада 9921,5 млн. теңге сомасына тауарлық өнім өндірілді, айғақты көлем индексі 105,5% құрады.

Оған қоса, 2009 жылы өндірілген тауар өнімінің көлемі 2008 жылдың деңгейінен 13,2%-ға аз.

Химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы қосымша құны 2,2 есеге артты және 7775,1 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да химия саласының жалпы қосымша құнының үлес салмағы бес жыл бойы 1% деңгейінде сақталады.


Көрсеткіш

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Химия өнеркәсібінің көлемі, млн.теңге

5820,3

5242,8

7914,2

11468,7

9921,5

Химия өнеркәсібінің ЖҚҚ, млн.теңге

3458,1

4478,1

6441,2

7102,8

7775,1

Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да химия өнеркәсібінің ЖҚҚ үлес салмағы, %

1

0,9

1,1

0,9

1

Жылына орта есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

1944

1999

1922

1848

1853

Еңбек өнімділігі, мың тг.

2994

2622,7

4117,7

6206

5354,3

Химия өнеркәсібінің еңбек нарығында қарастырылған кезеңде сала жұмысшыларын жұмыспен қамту 1944-тен 1853-ға дейін төмендеген, ол 95,3% құрайды. Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 2994-тен 5354,3 мың теңге немесе 1,8 есеге артты.

2005 -2009 жылдар аралығында химия өнеркәсібіне 31,8 млрд. теңге, инвестицияланды, рәзеңке және пластмасс бұйымдарын өндіру– 1,5 млрд. теңге.

2009 жылы бұл салаға 23,1 млрд. тенге сомасында,ал рәзеңке және пластмасс бұйымдарын өндіруге – 0,4 млрд. теңге инвестиция салынды.

Химиялық және соған қатысты өнеркәсіп салалары өнімдерінің экспорты 210,9 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2005-2009 жылдары арлығында экспорттың жалпы көлемі 0,7 пайызды құрады.

Химиялық және оған қатысты өнеркәсіп салалары өнімдері 1014,8 млн. АҚШ доллары көлемінде импортталды немесе бес жылда импорттың жалпы көлемінен 11,8%.

Өңірде бұл саланы өз бетінше дамыту үшін ресурстық базаның жеткілікті әлеуеті жоқ

Фармацевтикалық өнеркәсіп. Фармацевтикалық салада 6 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 1-уі орташа және 5-уі шағын өнеркәсіптік кәсіпорын. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде бұл саланың үлесі 0,06% -ды құрайды.

2009 жылы фармацевтикалық сала өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 242,1 млн.теңгені құрады.

Қазіргі уақытта "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС-де "Фитохимия" Халықаралық ғылыми-өндірістік холдинпен бірлесіп «2010-2012 жылдарға арналған GMP стандарты бойынша бірегей фитопрепараттар өндіруді ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылып жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет