БАҒдарламасы қарағанды, 2010 мазмұны №



бет7/33
Дата24.02.2016
өлшемі4.52 Mb.
#13116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

Индустриаландыру Картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 19.03.2010ж. №958 «Қазақстан Республикасының жылдамдатылған индустриалық – инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Жарлығына және ағымдағы жылдың 14 сәуірінде № 302 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімшілігінің 2010 жылдың 7 маусымында №18/05 Қаулысымен бекітілген, өңірлік индустриаландыру Картасы өңделді.

Бүгінгі таңда еліміздің индустриаландыру Картасына Қарағанды облысынан жалпы сомасы 75,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобасы енгізілді.

17 жобаның 6-ның республикалық маңызы бар, 11 өңірлік маңызы бар жобалар.

Ағымдағы жылы облыста жалпы сомасы 29 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында Индустрияландыру картасының 26,9 млрд. теңге сомасына 6 жобасы іске қосылды:



  • Республикалық индустриаландыру Картасына енген 2 нысан:

- Жаңаарқа ауданындағы «Сарыарка ENERGY» ЖШС-ң «Жалын» кен орнында көмір өндіру және қайта өңдеу бойынша жаңа өндіріс. «Жалын» кен орны көмірінің бірегейлігі оның күлінің аз болуында және оны жоғары сапалы кокс концентратын алу үшін қолдануға болады. Жоба көмір, түсті металдарды байытуға арналған күкірт көміртегін өндіру және оны терең өңдеу, жылына 2 млн. тонна көмір алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 190 жаңа жұмыс орны ашылды. Кен орнын игеру ашық әдіспен гидравликалық экскаваторларды қолдану және автоматтандырылған жоғары өнімді кешенді толық пайдалану жайын қарастырған. Болашақта 2013 ж. жобаның ІІ кезеңін жүзеге асыру жоспарланы отыр;

- Шет ауданында «Bapy Mining» ЖШС «Темір кенін өндіру және өңдеу» жобасы іске қосылды. Өндірістің максимальды көлемі 1 млн. тонна темір кенді концентратын құрайды. 210 жаңа жұмыс орны ашылды.



  • Өңірлік индустриаландыру Картасына енген 4 нысан:

- «ҚазИнМетр» РМК кәсіпорынында қазақстандық метрология институтының «Сынамалы газ қоспаларын өндіру» жобасының іске қосылуы болды. Жобаның құны 155 млн. теңге. Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 3 мың дана баллон. Онда 11 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоба газ талдамалық приборларды градуировкалау, калибрлеу және сынауға және газдық бақылау жүйелеріне арналған, сондай-ақ өндірісті еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптің әр түрлі салаларында қолданылатын өлшемдер әдістемесін аттестаттауға арналған газ қоспаларын өндіруді көздейді. Жобаның қуаттылыққа шығуы 2011 жылға жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру процесінде соңғы өнім қазақстандық деңгейде болуын қамтамасыз ету көзделеді;

- Бұқар жырау ауданында «Kaztherm» ЖШС-нің болат панельді радиаторлар өндіру зауыты іске қосылды. Бұл жобаны жүзеге асыру кезеңінде 2008 – 2010 жылдары шамамен бір миллиард теңге игерілді. 35 жаңа жұмыс орны ашылды. Өнім 100 % қазақстандық деңгейде, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болаты қолданылады.

- «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы – Қарағанды машина жасау - құю зауытында «ҚазБелАЗ» қосалқы бөлшектерін және техникасын жинақтау өндірісі іске қосылып, 27 жаңа жұмыс орны ашылды (бірінші кезеңде). Жобаның құны 10,5 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы 2014 жылға жоспарланып отыр.

- «Kazcentrelectroprovod» ЖШС-да полиэтилен құбырларының өндірісі іске қосылып, 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Шығарылатын құбырларды телекоммуникация саласында, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдалану үшін қолдануға болады.

Индустриаландыру Картасының шеңберінде инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы Қарағанды облысының әлеуметтік – экономикалық дамуына жағымды әсер етеді.

Сонымен қатар, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бере отырып, жұмысқа орналастыру саласындағы мәселелердің шешілуіне көмегі тиеді және де бюджетке 147,3 млн. теңгеге дейін салық түсімдерінің түсуін ұлғайтады.



Жергілікті қамтуды өркендету

2009 жылдан бері мемлекеттік сатып алуда, отандық өндірушілерді қолдай отырып, ұлттық өндірушілермен байланысты тұрақты тұрде жандандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындары және ұлттық компаниялармен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің көлемі, номенклатуралары мен қажетті сапа мөлшерлері анықталып, сатып алынатын импорттық тауарлардың құрылымына талдау жасалды, мұнымен қоса осы талап сұранысына жататын жергілікті потенциалды жеткізушілерді де талдаудан өткізді.

Жергілікті тауар өндірушілердің ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар арасындағы сұхбаттасу алаңдары жұмыс атқарды.

2009 жылдың қорытындысы бойынша облыс тауар өндірушілермен сомасы 145,7 млрд. теңгеге 474 меморандум жасалды, олардың ішінде: сомасы 18,6 млрд. теңгеге 60 меморандум ұлттық компаниялармен, сомасы 127,1 млрд. теңгедегі 414 меморандум жүйеқұрушы кәсіпорындармен жасалды. Мұнымен бірге 150,0 млрд. теңге сомасында 482 келісімшарт жасалды, олардың ішінде: ұлттық компаниялармен 24,7 млрд. теңге сомасында 105 келісімшарт , жүйеқұрушы кәсіпорындармен 125,3 млрд. теңге сомасында 377 келісімшарт жасалды.

Облыс кәсіпорындарға 296 СТ-КZ сертификат берілді.

Жергілікті 423 тауар өндіруші «Самұрық – Қазына - Келісім» ЖШС отандық тауар өндірушілер тізіміне енгізілді.

Астана және Алматы қалаларындағы құрылыстары аяқталмаған тұрғын үй нысандары үшін, цемент, болат ванналары, жылу радиаторлары, кірпіш және линолеум қоюға жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеде 7 меморандум жасалды.

«Central Asia Cement» кәсіпорнымен инфрақұрылымдық жобалар мен құрылыс бойынша, әлеуметтік мәдени тұрмыстық және тұрғын үй нысандарына түбегейлі және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жол картасы» аясында көлемі 45 мың тонна цемент босату жөнінде меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан өнімін таңдаймыз» айдарымен тауар өндірушілердің бірінші Республикалық форумы өтті, еліміздің барлық өңірлерінен 600-ден аса тауар өндірушілер қатысты.

Осы форум қорытынысы бойынша «Қазақмыс» Корпорациясымен мұнан әрі ынтымақтас болу ниетімен 150 хаттама-тілек жасалды.

Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысы және «Қазақмыс» Корпорациясы арасында Қазақстандық деңгейді жақсарту туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Ағымдағы жылдың басынан республикалық мониторингте енгізілген облыстың 5 ірі кәсіпорны барлық сомасы 294,5 млрд. теңгені құрайтын қазақстандық деңгейдегі тауарды сатып алса, оның, жұмысы және қызметі 178 млрд. теңгені немесе 60,5 % құрады.

Облыстың 40-тан аса ірі кәсіпорынына мониторинг жүргізілді, олардағы қазақстандық деңгейдің үлесі бүгінде шамамен 80%.

Мәселен шектелуді дамыту шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы шағын және орта бизнестің кәсіпорындарын жалпы сомасы 320 млн. теңгеге қаржыландырды, «Қазақмыс корпорациясына» 1 млрд. теңгеден аса сомада қаражат бөлді.

Кәсіпорындар бойынша:

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бойынша:

1) «Водоканалстрой» ЖШС кәсіпорнымен - 180 млн. теңге (жылылықты шығармайтын материалдар өндіруі).

2) «Фолти» ЖШС кәсіпорнымен – 140 млн. теңге (буып-түю материалдарын шығаратын өндіруі).

3) «Вторпром» ЖШС-мен жылына 100 мың тоннаға дейінгі көлемде төртбұрышты дайындама жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды.

4) «Ултуган-Lighting» ЖШС-мен де 10,3 млн. теңге сомасына меморандум жасалынды (тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттағы энергия үнемдегіш лампалар өндіруі).

««Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бойынша:

1) «Мысшина» ОК - 1 млрд. теңге (тау-кен өндірісі техникасының ірі габаридті дөңгелектерін қалпына кеклтіру).

2) «Ютария» тоқыма компаниясына арнайы киімдер тігу үшін өндірістік үй-жай берілді, ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды (300 млн. теңгеге жылдық жеткізіп тұрушылық).

3) «ҚазБелАз» карьерлік және арнайы техникасын шығару бойынша ОК құрылды (инвестицияның жоспарланған көлемі 10,5 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар және қызмет сатып алудын жалпы сомасы 294,5  млрд. теңге, оның ішінде қазақстандық қамту 177,9 млрд. теңгені немесе 60,4% құрады.

Қазақстандық қамтуды дамыту шеңберінде облыста машинажасау консорциумы құрылды, оған 30 кәсіпорын кіреді, олардың 26-і шағын және орта бизнестікі, 3 институт және өңірлік Технопарк.

Осы уақытқа дейін «Қазақмыс» Корпорациясы, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы, сондай-ақ ұлттық компаниялар Консорциум кәсіпорындарына жалпы сомасы 678 млн. теңгеге тапсырыс берілді.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының жүйеқұраушы кәсіпорындарының 2010 жылға арналған тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың көлемі 319 млрд. 467 млн. теңгені құрайды, бұл ретте қазақстандық деңгейдің үлесі 51% болады деп күтіледі.


Кәсіпорындар бойынша:

1) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ

- жылдық сатып алу жоспары 187,5 млрд. теңгені құрайды, қазақстандық деңгей үлесінің болжамы – 77 %;



2) «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

- жылдық сатып алу жоспары 118,8 млрд. теңгені құрайды, қазақстандық деңгей үлесінің болжамы – 45 %;



3) «Қарағанды кәмпиттері» АҚ

- жылдық сатып алу жоспары 780 млн. теңгені құрайды, қазақстандық деңгей үлесінің болжамы – 48 %;



4) ЖК «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты»

- жылдық сатып алу жоспары 4,4 млрд. теңгені құрайды, қазақстандық деңгей үлесінің болжамы – 31 %;



5) «Евразиан Фудс» АҚ

-жылдық сатып алу жоспары 8 млрд. теңгені құрайды, қазақстандық деңгей үлесінің болжамы – 55 %.

Қарағанды облысының 2007 және 2009 аралығындағы импорттық үлесінің динамикасы былайш: 2007 жылғы облыс тауар айналымы 6988,8 мың АҚШ доллары болса, оның ішінде импорт 1763,9 млн.АҚШ долларын құрады, облыстың тауар айналымындағы ипорт үлесі 25,2 пайызды құрады. 2008 жылы облыстың тауар айналымы 8438,1 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде импорт 2319 мың доллар АҚШ құрады және облыс тауар айналымы импорттың үлесі 27,5 % болды, 2009 жылы облыс тауар айналымы 5027,5 мың АҚШ доллары болса, оның 1454,8 мың АҚШ доллары импортын құрады және облыс тауар айналымындағы импорттың үлесі 28,9 % болды.

Тауар айналымына жасалған талдау бойынша импорттық үлес салмағы аздаған өсім көрсеткенімен, жалпы осы уақытқа алдағы жылмен салыстырмалы түрде алғанда импорттың төмендегені байқалады.

Қазақстандық деңгей үлесін арттыру мақсатында отандық тауар өндірушілермен Республикалық форум, семинарлар мен көшпелі кеңестер өткізілді, «Қазақстанның ең үздік тауары» аймақтық конкурс-көрмелері ұйымдастырылды.

Агроөнеркәсіптік кешен

Аймақта жоғары сапалы астық, картоп, ет және құс өнімдері өндіріледі. Облыстың халқы аймақтың ішкі өндірісі есебінен бидай, картоп, қызылша, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері түрлерімен толықтай қамтамасыз етіледі.

Облыста 6 мыңнан аса ауыл шаруашылығы құрылымдары және 125 жеке қосалқы шаруашылықтар жұмыс істейді. Оларда республиканың 5 пайызға жуық ауыл шаруашылық өнімі өндіріледі. Яғни, бұл мемлекет тарапынан және «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ институттары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасы.

Техникалық жаңғырту және шаруашылықтарды ірілендіру, өнімді қайта өңдеу сатысын арттыру, қосалқы шаруашылықтарды құру негізінде осы сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басты міндет болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөніс өндірісі болып табылады. Облыс аумағында мал шаруашылығы өнімінің өндірісі басым, мал шаруашылығының үлесі 2004 жылдан 2009 жылға дейін 6,1 пайызға артып, 62,5 пайызды құрады. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 есе өсіп, 80,2 млрд.теңгені құрады, негізгі көлем индексі – 109,5 пайыз. Өсімдік шаруашылығы – 37,5 пайыз, мал шаруашылығы – 62,5 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде Бұқар жырау, Абай, Нұра, Қарқаралы және Осакаров аудандарының үлесі басым, ал Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының үлесі аз.



Өсімдік шаруашылығы. Облыста өсімдік шаруашылығы саласында өндірістік әлеует сақталды. Табиғи-климаттық жағдайлар ауыл шаруашылығы дақылдарының тиімді сорттарын өндіруге мүмкіндік береді. Агродақылдардың деңгейін арттыру, өсімдікті өңдеудің заманауи технологияларын, яғни түсімділікті 1,5 есе арттыратын ылғалды үнемдеу технологиясын қолдану басты міндет болып табылады.

Астықтың тұқымдық қорын жақсартудың маңызы зор.

Өсімдік шаруашылығында маманданудың негізі – астық өндірісі, оның ішінде бидай, арпа. 2010 жылы астықтың егістік алқабы 746 мың гектарды құрады, яғни 2009 жылға қарағанда 9,3 мың гектарға ұлғайды. Астық өндірумен аудандардың барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері айналысады, негізгі егістік алқаптар Нұра ауданында (31,1 пайыз), Осакаров (31,2 пайыз), Бұқар жырау ауданында (15,8 пайыз).

Картоп және көкөніс дақылдарының алқаптары 2009 жылы 6,3 мың гектарды құрады, 2004 жылға қарағанда 7,3 мың гектарға азайды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша 290,4 мың тонна картоп және көкөніс дақылдары өндірілді, 2004 жылға қарағанда 50 мың тоннаға артты. Картоп өндірумен облысымызда Абай (52%), Бұқар жырау (24%), Шет (12%) аудандарының шаруа қожалықтары айналысады. Облыста басты өсірілетін көкөніс дақылдары – сәбіз, қызылша, қырыққабат. Олардың үлесі – 75 пайыз. Көкөніс алқаптары Бұқар жырау (24%), Абай (52%), Осакаров (7,2%), Шет (7%) аудандарында шоғырланған.

Облыста 2009 жылы жалпы алқабы 24,2 га 1 жылыжай жұмыс істеді. 2010 жылы жалпы алқабы 3 га құрайтын 1 жылыжай пайдалануға беріледі.

2009 жылы 125,3 мың га алқапта арам шөптер мен өсімдік ауруларына қарсы гирбицидтермен өңдеу жұмысы жүргізілді, 22000 гектар алқапта минералды тыңайтқыштар қолданылды. 110,8 млн.теңгеге 4400 тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар сатылып алынды.

2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде өндірістік заманауи технологиялар мен техниканы енгізген ірі агроөнеркәсіп өндірістерін дамытуға қолдаулар көрсетілді. Осының арқасында 2009 жылы егістік алқаптарының 100 пайызына сорттық тұқымдар себілді. Облыста 14 тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылық бар. Олар бидайдың «Карагандинская 22», «Карагандинская 70» жоғары өнімді тұқым түрлерінің өндірісін енгізді. Облыста 2 соны тұқымын өндіруші, 3 элиталық тұқым өндіруші және 14 ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді тұқымын өндіру бойынша 14 шаруашылық жұмыс істейді.

Саланы механикаландыру. Машина-трактор паркін жаңарту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары (2002-2009 ж.ж.) ауыл шаруашылығы техникаларының 1138 бірлігі сатылып алынды, оның ішінде 96 егістік кешені, 156 комбайн. Шетелден шығарылған техникаларды пайдалану арқылы энергиямен қамтамасыз етуді 2005 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға арттырды.

Заманауи инновациялық технологияларды қолдану. Тамшылатып суару алқабы 80 гектарды құрайды. Астық өндіретін ылғалды үнемдеу технологиясын енгізген алқап 282,3 мың гектарды құрайды. Абай ауданында картоп тұқым шаруашылығы және селекция бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, яғни жоба іске асса, картоп түсімі 40-45 пайызға артады. Табиғи-климаттық жағдайларды есере отырып, жылыжай құрылысын салу артық болмас еді.

Өсімдікті карантині және қорғау. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың халықаралық талаптарынаа сәйкес жалпы 75,0 млн.теңге бөлінді, зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арам шөптердің ошақтарын табу, таратпау және жою үшін 7,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау базасы нығаюда. Бүгінгі күні облыста жалпы сыйымдылығы 71,0 мың тонна 50 картоп және көкөніс қоймалары бар. Оның бесеуі 2008-2009 жылдары салынды. Сыйымдылығы – 13,0 мың тонна.

2009 жылы өсімдік шаруашылығын дамытуға 949,7 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді, яғни 2004 жылдың деңгейінен 4,6 есе жоғары.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін прогрессивті технологиялар енгізіліп жатыр. Олар: ылғалды үнемдеу және тамшылатып суару технологиялары. 2006 жылы ылғалды үнемдеу технологиясы 44,4 мың га алқапта қолданылса, 2009 жылы 282,3 мың га алқапқа жетті. Тамшылатып суару әдісі 2004 жылы қолданылған жоқ, 2010 жылы 80 га алқапта қолданылды.



Мал шаруашылығы. Қарағанды облысы мал шаруашылығы бойынша ет, сүт, жұмыртқа және жүн өндірісінде мамандандырылған. Соңғы 25 жыл ішінде аймақта мал басының барлық түрі азайып, бөлінбеген сүт өнімдерінің өндірісі азайды.

Сол уақыттарда аймағымызда мал шаруашылығының қайта дамуына арналған 80 пайызды құрайтын жайылымдық алқаптар болды. Ет және сүт өнімдеріне сұраныс көп болғандықтан мал басын, әсіресе ірі қара мен қой санын қайта көбейткен жөн. жұмыстар жүргізілді. Ет өнімдерін қайта өңдеу үшін ет комбинатын жаңғырту жоспарлануда. Құс шаруашылығының қайта қалыптасуына жаңадан салынатын бройлерлік құс фабрикаларының құрылыстары сияқты инвестициялық жобалар салыну жоспарлануда.

Ветеринария саласында мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Облыс бойынша 244 ветеринариялық мамандар қажет,соның 41 бірлігі бос орындар, немесе 17 пайыз, сонымен қатар жұмыс істейтін мамандардың көбісі «үлкен жаста». Айтылған мәселені ветеринариялық мамандармен толық қамтамасыз ету және ауылда жұмыс істеуге толық жағдай жасалу керек.

Мал шаруашылығы негізінен ет және сүт мал шаруашылығымен, құс және шошқа шаруашылығын өндірумен сипатталады.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру бойынша және мал басы мен құстардың санының өсімі тұрақты деңгейге жетті.. 2004 жылға қарағанда ірі қара мал басы 11 пайызға артқан, яғни 422,5 мың бас, қой мен ешкі саны- 23 пайыз, немесе 996,6 мың бас; жылқы- 16 пайыз немесе 131,7 мың бас; құс саны 18 пайызға яғни 1917,5 мың басқа артты. Ірі қара мал басы санынан (75,3%), қой мен ешкі саны (48,3%), жылқы саны (62,8) үй шаруашылығында ұстайтын құс саны ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында (77,4%). Ірі қара мал басы саны бойынша облыс республикада жетінші орында, құс пен жылқы төртінші орында және қой мен ешкі саны бойынша алтыншы орында.

Облыс бойынша 41 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді. Олардың 18 ірі қара мал, 12 қой, яғни оның ішінде 3 зауыт, жылқы 3 (оның 1 зауыт), шошқа 2, (оның 1 зауыт) , құстан 2 шаруашылық. Асыл тұқымды субъектілерде ірі қара малдың басы 1086 немесе жалпы мал басынан үлес салмағы 0,2%, қой саны – 55330 мың бас (6,9%), 20469 мың шошқа саны – 20%, 1399 мың жылқы саны – 0,9%, және құс саны 104849 немесе 5,5 %.

Облыста жылына қуаттылығы 150-200 тонна сүт өндіретін, 50-70 сауылатын сиырлар бар 56 тауарлы сүт фермалары бар. 77 мамандандырылған ірі қара малдарды бордақылайтын кәсіпорындар бар. Жыл сайын 50-200 бас бордақыланады, ет өндірісі 10-50 тоннаны (соыйс салмағында) құрайды. Құрама және ірі жемдермен 100 пайызға қамтылған.

Сүт бағытындағы негізгі тұқымдардың бірі– Қырдың қызыл тұқымы (красная степная), ет бағытында – Қазақтың ақ бас тұқымы, Әулиекөл тұқымы, қой шаруашылығында – Қазақтың қылшық жүнді тұқымы, Дегересс, Еділбай, Сарыарқа, Қазақтың құйрықтысы, жылқы шаруашылығында – Қазақтың «Жабе» типі, Мұғалжар, шошқадан ірі ақ тұқымы, құс шаруашылығынан – Хайсекс белый, Росс 308.

Бес жыл ішінде мал шаруашылығының негізгі өнімдері өсті, ет өндірісі (тірі салмақта) 29% артты, немесе 119,3 мың тонна, сүт өнідірісі – 28% немесе 345,7 мың тонна, жұмыртқа 37% немесе 243 млн. дана. Мал шаруашылығының негізгі үлестері Бұхар Жырау, Қарқаралы, Шет және Жаңа Арка аудандарында.

Ветеринариялық алдын-алу шаралар жиі жүргізіліп тұрады. Бруцеллез бойынша эпизоотиялық шараларды қамтамасыз ету үшін биыл 434,1 мың ірі қара мал басы және 1149,6 мың ұсақ қара мал басы зерттелді, жұқтырылғандар пайызы 0,1%.

Облысымыздағы барлық құс фабрикалары жабық режимде жұмыс атқарады, яғни құс тұмауы тіркелмеген.

Ет өнімдерінің сапасын көтеру мақсатында, сойылатын малдарға қойылатын ветеринариялық талаптар қатаң бақылауға алынды және мал сою алаңдары мен бекеттері жұмыс атқарады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 96 млн.теңге бөлінді, жылдың басынан 144 мал сою объектілері іске қосылды. 6 мал сою объектісі құрылыс үстінде. Облыс бойынша мал қорымдары 167 ауылдық бекеттерде бар, оның ішінде 74 типтік.

Қазіргі уақытта азық базасының негізін жайылымдық жерлер, шабындық және алаңдық азықтандыру құрайды. Облыс бойынша жайылымдық жерлер 33496,2 мың га, шабындық – 382,4 мың. га, көпжылдық шөптер – 252,3 мың. га, бір жылдық – 9,8 мың. га.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Өңдеу өнеркәсібі бүгінгі күні облыстың тамақ өнеркәсібін дамытуда маңызды болып табылады.Өңдеу өнеркәсібін дамытудың катализаторы жаңа цехтар, технологиялар енгізу, экспортқа бағытталған өнім шығару болып табылады. Қолданыстағы цехтардың негізгі үлесін өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі ауылшаруашылығы шикізатын өңдеу құрайды.

Облыстағы өсімдік шаруашылығын өңдеумен тәулігіне жалпы қуаттылығы 3,5 мың тоннадан астам бидай өңдейтін ұнды жасайтын 20 кәсіпорын айналысады, олардың біразы маусыммен жұмыс істейді. Кәсіпорындар негізінен Қарағанды қаласында, 1 – Бұқар жырау ауданында, 1 ірісі – Осакаров ауданында орналасқан. Бидай Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық өнімін өндірушілерден алынады.

2009 жылы олар 334 мың тонна өндірді. 2009 жылы қуаттылықтың жұмыс істеу деңгейі орташа есеппен 85% болды. Кәсіпорындар жоғарғы, 1 және 2 сортты ұнды өндіреді. Іске асыру нарығы – Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және Алыс шет елдер. Егін өңдейтін өнімдер кәсіпорындары бәсекеге қабілетті. Кәсіпорын үнемі ескі жабдықтарды ауыстырумен айналысады ( 2008ж .– ЖШМ «АкНанАт», «Дамир АА», 2009 ж -ЖШС «Сұңқар және К», ЖШС «Акнар» фирмасы).

Облыстағы егінді терең өңдеумен 2 с орта және бірнеше ұсақ кәсіпорын жұмыс істейді, олар 2010 жылы 9 айда 1491 макарон өнімдерін немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 110,3 % . Бұл кәсіпорындарда қазіргі заманға сай жаңа жабдықтар орнатылды. 2009 жылы 4 мың тонна макарон өнімдері өндірілді.

Облыста 194 наубайхана жұмыс істейді, 2009 жылы шығарылған өнімнің жалпы көлемі нан өнімдерінің 52967 мың тоннасын құрады. Әрбір селолық округте 2013 жылға дейін нан пісіретін кәсіпорындар салу жөніндегі бағдарлама әзірленді..

Сонымен қатар, қолданыстағы «Номад» ЖШС ұн тарту өндірісі базасында бизнес- жоспар әзірленді, крахмал ағыны мен құрғақ жем қоспаларын жылына 4100 тонна құрғақ бидай клейковинасын өндіруді қарастыратын «Бидайды терең өңдеу жөніндегі өндірісті ұйымдастыру» жобасына алдын- ала сметалық құжат әзірленді. «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ –на 4,8 млн. теңгеге тапсырыс берілді. Корпорацияның кредиттік комитетінен оңтайлы қорытынды алынды, жабдықтарды жеткізуге шарт жасалып, негізгі несиелік келісім дайындалуда.

Өңделген өсімдік шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі жоғары тұтынушы сұранысымен, қазіргі заманғы технология жабдықтарымен, кадрлар даярлаумен, маркетингтік инфрақұрылымды дамытумен пайдаланатын шикізаттың экологиялық тазалығымен және ИСО 9001, ИСО -22000 тиісті халықаралық сапа стандартымен басқару жүйесі өндірісін енгізумен шарттасады (ТОО «Қарағанды-нан корпорациясы» ЖШС, «Қарағанды мелькомбинат»ЖШС, АО «Нан өнімдері» АҚ, «Сарыарқа Нан»ЖШС және «Қарағанды нан компаниясы» ЖШС, ЖШС «Акнар» фирмасы, «Номад» ЖШС, «Ынтымақ 2030» ЖШС, ТПК «Достық») және шығарылатын өнімдер бәсекеге қабілетті.

Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу. Облыс тұрғындары үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу қалыпты жұмыс болып табылады.

Сүтті өңдеумен 7 орта және шағын кәсіпорын айналысады, жылына толық қуатпен 30 мың тонна сүт шығарады, олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары мен Бұқар жырау аудандарында орналасқан. 2009 жылы 8,7 мың тонна сүт өндірілген, май 305 тонна, ірімшік пен сүзбе 1,5 тонна. Жұмыс деңгейінің қуаты 2009 жылы 47 пайыздан 85 пайызға дейінгі көрсеткішті құрады. Шикізат дайындау облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мекемелерінде жүзеге асырылады. Сүт өнімдерінің түрлері, шұжық ірімшігі және «Сулгуни» ірімшігі Қарағанды облысында және аз мөлшерде Астана қаласында сатылады. 6 кәсіпорынға ИСО және ХАССП сапа менеджменті жүйелері енгізілген. Барлық кәсіпорындар айналым қаражатына берілетін несиелер бойынша мөлшерлеме сыйақысын субсидиялаудың Республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыруға үнемі қатысып отырады. Айналымнан қалған қаражат өндірісті жетілдіруге бағытталады. «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС сүт өнімдерін сақтау және толық құю цехын кеңейту инвестициялық жобасын жүзеге асырып жатыр, сүт өнімдерінің қаптамасы белгілі «Теtra-Pak» шведтік фирма өндірісінің жаңа технологиялары енгізілген, ол жаңадан шығатын шикізатқа деген тың көзқарасты көрсетеді.

«ҚазАгроҚаржы» арқылы лизингке жабдықтарды сатып алуға 187 млн. меңге бөлінген. Объектіні іске қосу мерзімі – 2011 жылдың 1 тоқсаны.

Ет пен шұжық өнімдерін қайта өңдеумен және сүрлеумен 11 кәсіпорын айналысады, жалпы қуаттылығы өз кезегінде 35 тонна шұжық өнімдерін шығарады.

Кәсіпорындар Қарағанды, Теміртау қалаларында және Бұқар жырау ауданында орналасқан. 2009 жылы оларда 4,2 мың тонна шұжық өнімдері мен қақталған өнімдерінің түрлері, ет және ет өнімдері– 0,5 тонна, ет және субөнім – 13,3 мың тонна мөлшерінде өндірілген. Кәсіпорынның ісбастылығы 2009 жылы 70 пайыздан 100 пайызға дейінгі көрсеткішті көрсетті. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен және Қазақстанның басқа да аймақтарынан шикізат сатылып алынады. Өнім Қарағанды аймағында, Астана, Алматы қалаларында сатылады.

2009 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен «Агроконсалтинг-К» АҚ арқылы «№1 Қарағанды ет комбинаты» ЖШС-не Германиядан заманауи технологиялық жабдықтарды сатып алуға қаржы бөлінді. Нысан пайдалануға берілді. Шұжық өнімдерінің 6 түрі нарықтық бағадан 30 пайыз төмен қаланың әлеуметтік павильондарында сатылады.

Құс етін өңдеумен облыста «Акнар ПФ» ЖШС айналысады, ол жылына 7,2 мың тонна қуатта өңдеу жұмыстарын жасайды, жұмысбастылық – 90 пайыз, сондай-ақ құрама жемді өңдеумен айналысады, өндірістік қуаты тәулігіне 200 тонна.

Ауыл шаруашылығын дамытудың басты проблемалары:



  • өсімдік шаруашылығындағы бытыраңқылық және жер үлесінің шағын болуы ғылыми-негізделген егіс айналымын сақтауға, заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді;

  • суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы суарылатын егістік жерлердің тиімсіз пайдаланылуына және ауыл шаруашылығы дақылдары түсімінің азаюына әкеліп соқты;

  • ауыл шаруашылығы техникаларының 97,3 пайызы тозған;

  • мал шаруашылығында орта және ірі тауар өндірістерінің дамуы жеткіліксіз;

  • ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары тозған, сапалы шикізаттың жоқтығынан және дайындау-өткізу желілері нашар дамығандықтан, жұмыс қуаттылығы төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет