Мектептердің инфрақұрылымын және материалдық-техникалық жарақтандырылуын дамыту
12 жылдық білім беру моделінің талаптарына сәйкес материалдық-техникалық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым жаңартылатын болады.
12 жылдық оқытуға көшу жөніндегі өңірлік жоспарларда ойын бөлмелерінің санын 2 046-дан 14 512-ге дейін көбейту, барлық мектепті жас ерекшелікке сәйкес жиһаздармен жарақтандыру қарастырылған.
Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі. Жергілікті бюджет есебінен мектептерді жаңа үлгідегі физика, химия, биология кабинеттерімен жарақтандыру жалғасады, олардың үлесі 35,6%-дан 60%-ға дейін ұлғаяды.
2011 жылы «Бейіндік мектеп» үлгілік жобасы және оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар әзірленетін болады. Жабдықталған мәжіліс және спорт залдары, медиа орталықтар мен кітапханалар, оның ішінде облыс орталықтарында жатақханалары бар 30-40 бейіндік мектеп пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында 91 мектеп салынатын болады: 2011 жылы – Қызылорда облысында 2 мектеп, КВШИ; 2012 жылы – 18 мектеп: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, ОҚО, Астана қаласында; 2013 жылы – 12 мектеп: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО, Астана қаласында; 2014 жылы – 7 мектеп: Алматы, Атырау, ОҚО, Астана және Алматы қалаларында; 2015 жылы – 14 мектеп: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, ОҚО; 2017 жылы – 5 мектеп: Ақмола, Алматы, Қызылорда, ОҚО; 2018 жылы – 7 мектеп: Қызылорда, ОҚО, Астана қаласында; 2019 жылы – 4 мектеп: Қызылорда, ОҚО; 2020 жылы – 6 мектеп ОҚО-да.
Шағын жинақты мектептердегі білімнің сапасын арттыру
2011 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының базасында ШЖМ-ны дамытудың республикалық орталығы, БАИ жанынан 14 өңірлік орталық құрылатын болады, ШЖМ қызметінің үлгілік ережесі әзірленетін болады.
ШЖМ-дағы білім сапасын арттыру проблемасын шешуге мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады:
-
тасымалдауды ұйымдастыру.
Республиканың мектебі жоқ 1 522 елді мекенінде 36 960 оқушы тұрады. Олардың 22 899-ы (61,9%) мектепке тасымалдаумен қамтамасыз етілген, 3 559-ы (9,6%) мектеп жанындағы интернаттарға орналастырылған, 10 502-сі (28,4%) оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етілмеген.
Балаларды мектепке және үйге сапалы және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде рейс алдында мектеп жүргізушілерін медициналық тексеру мен көлік құралдарын техникалық тексеруді қамтамасыз ету проблемасы бар.
2011 жылы «Мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мектепке және кері тегін және қауіпсіз жеткізумен қамтамасыз ету» стандарты әзірленіп қабылданады;
- бірнеше жақын жерлерде орналасқан ШЖМ-ны бірыңғай білім кеңістігіне біріктіретін өңірлерде 160 «тірек мектебін» құру.
Тірек мектептері – ауылдық кітапханалар, медициналық пункттер, шығармашылық клубтары; ауылшаруашылық бейіні бойынша тереңдетіп теориялық және практикалық даярлайтын мектеп-агро-биозертханалары; құрамында түрлі жастағы білім алушылары бар ұжымдық оқу сабақтары негізінде педагогикалық процесті ұйымдастыруды болжайтын оқыту сыныптық-сабақтық түрге жатпайтын мектептері бар әлеуметтік мәдени орталықтар.
ШЖМ-ны дамытудың өңірлік бағдарламаларының шеңберінде 160 «тірек мектептері» құрылады, олардан 2011 жылы – 45, 2012 жылы – 52, 2013 жылы - 63. Оның ішінде, 2014 жылға қарай Ақмола облысында 18, Қостанай – 17, Шығыс Қазақстан – 15, Солтүстік Қазақстан – 14, Алматы – 14, Батыс Қазақстан – 13, Павлодар – 12, Ақтөбе – 12, Қарағанды – 12, Жамбыл – 10, Оңтүстік Қазақстан – 10, Қызылорда – 6, Атырау – 4, Маңғыстау – 3 «тірек мектебі» жұмыс істейтін болады.
2011 жылдан бастап 10 және одан да көп оқушысы бар барлық ШЖМ жаңа үлгідегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту электронды оқыту шеңберінде ұйымдастырылатын болады.
2020 жылға қарай шағын жинақты мектептер бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) деңгейінде ғана болады. 5-12 сынып оқушылары үшін интернаттарда, ресурстық орталықтарда немесе ұйымдастырылған жеткізумен немесе оқытудың интерактивті құралдарымен қамтамасыз етілген мектептерде оқыту ұйымдастырылады.
Қосымша білім берудің желісін дамыту және мазмұнын жетілдіру
2015 жылға қарай қосымша білім беру желісі 620-дан 625-ке кеңейетін болады. Республиканың оңтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде стационарлық қала сыртындағы балалар орталығын қайта құру есебінен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарын ашу жоспарлануда. Астана қаласында Оқушылар сарайын салу қарастырылуда.
Бұл балаларды қосымша білім берумен 21,5%-дан 23%-ға дейін қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Шығармашылық құзыреттілікте, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеуде, кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауда тұлғаның бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылатын болады. Олар: көркем-эстетикалық; ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетану; әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру және т.б.
Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог-ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдірілетін болады. Бұл үшін Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері мен мамандықтары жіктеуішінің, жоғары білім бойынша МЖБС-ның тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша білім берудің қосымша түрлері курстарының кіріспе бөлігіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Құқық бұзушылықтар мен бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша әрбір білім алушыны жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етумен қосымша білім берудің конкурстары мен олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру бойынша балалар қоғамдық бірлестіктері дамытылады.
Инклюзивті білім беруді жетілдіру
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік құқықтық база құрылады:
инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленді;
мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленді;
жалпы білім беретін ортада мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың тәртібі әзірленді, дамуында әртүрлі бұзушылықтары бар балалар үшін біріктірудің нысаны анықталды;
мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленді.
Мүгедек балаларға арналған 830 мектепте көтерме құрылғылар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы аспаптар, арнайы парталар, үстелдер және т.б. арнайы компенсаторлық құралдар орнату арқылы «кедергісіз аймақ» құрылады.
3030 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуға және тәрбиеленуге тең қол жеткізулері үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдедің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).
Медициналық қызмет көрсетуді және мектептегі тамақтанудың тиімді менеджментін ұйымдастыру
2015 жылға қарай мектеп жасындағы балалар, оның ішінде ауылдық жерлердегі балалар медициналық тексерумен 100% қамтылатын болады.
Денсаулығы нашар 60% бала арнайы медициналық топтарда дене шынықтырумен айналысулары үшін мүмкіндік алады.
Диспансерлік есепте тұрған мектеп жасындағы балалардың үлесі 70%-дан 50%-ға, асқазан-ішек қуысы ауыратын оқушылар 28,2%-дан 18%-ға, сколиозбен (мүсінінің бұзылуы) ауыратындар 2%-дан 1%-ға төмендейді.
2011 жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру органдарының жанында мектептік тамақтануды ұйымдастырудың мониторингі бойынша ведомствоаралық сараптамалық топтар құрылады.
2012 жылы Астана қаласында елімізде алғаш энергия сақтайтын технологияларды пайдалану арқылы мектептегі түскі тамақтың 30 мың порциясына арналған мектептік тамақтану комбинаты салынатын болады. 2012 жылдан бастап мектеп штатына 34 896 тамақ блоктарының қызметкері енгізіледі.
2012 жылы мектеп оқушыларын сапалы мектептегі тамақтанумен қамтамасыз ету көрсеткіші барлық деңгейдегі әкімдердің рейтингтік қызметінің бағасына енгізіледі.
2014 жылға қарай мектептік тамақтану мен мектептік тамақ блоктарын ұйымдастырудың стандарттары әзірленеді және сынақтан өткізіледі. 2015 жылға қарай аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, мектепалды және бастауыш сыныптардың оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
2015 жылы оқытумен қамтылмаған балаларды есепке алу бойынша деректердің бірыңғай электронды базасын әзірлеу мен сынақтан өткізу жоспарлануда.
2020 жылға қарай:
барлық мектептерде 12 жылдық білім беру моделі енгізіледі. Республиканың жоғары оқу орындарына түсу емтихандары оқыту бағыты бойынша аралас тапсырмаларды қолдану арқылы тестілеу нысанында жүргізіледі. 2017 жылға қарай 11-12 сыныптардан кейін оқушыларды мамандандыру бойынша жоғары оқу орындарында бітіру және түсу емтихандарының жүйесі әзірленеді (ерекшелік белгілері бар оқытудың бейінін ескере отырып орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты дайындау: L - филологиялық, S - жаратылыстану, ES - экономикалық, STT - жаратылыстану ғылымдары мен қызмет көрсетудің техникалық саласы, STL – жаратылыстану ғылымдары мен зертханалық технология, SMC – медициналық-әлеуметтік, STI – жаратылыстану ғылымдары және өнеркәсіп технологиясы);
орта білімнің инфрақұрылымын дамыту жалғастырылады және мектептерді техникалық жарақтандыру қамтамасыз етіледі – 30-40 бейінді мектеп, оның ішінде облыс орталықтарында жатақханалары бар бейінді мектептер, жаңа үлгідегі физика, химия, биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандырылған мектептердің үлесі 60%-дан 79%-ға ұлғаяды;
ШЖМ бірыңғай ақпараттық желіге қосылады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында ШЖМ үшін педагогтер даярлау бағдарламасы жетілдірілетін болады. 2020 жылға қарай оқушыларды тасымалдауға мұқтаж барлық мектептер жаңа қауіпсіз және жайлы автобустармен (846) қамтамасыз етіледі;
қосымша білім беру білім алушылар үшін беделге ие болады және тұлғаның кәсіби тұрғыдан қалыптасуына ықпал етеді. Қосымша білім берумен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 30-50%-ы қамтылатын болады;
инклюзивті білім беру жүйесі енгізілетін болады;
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған мектептердің үлесі жалпы санынан 70%-ға артты;
жалпы санынан мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізу» жағдайын жасаған мектептердің үлесі - 20%;
даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтамасыз етілген балалардың үлесі - 50%.
медициналық қызмет көрсету мен мектептегі тамақтанудың тиімді менеджменті ұйымдастырылатын болады. 2020 жылға қарай оқушылар жалпы білім беретін мектепте сапалы медициналық қызмет алатын болады. Осы мақсатта 2020 жылға дейін жалпы білім беретін мектептерде 1680 медициналық кабинет ашылады. Ауылдық жерлерде орналасқан жалпы білім беретін мектептердің 4340 медициналық кабинеті қажетті медициналық жабдықтармен және білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз етіледі.
2020 жылға қарай жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде облыс орталықтарында мектептік тамақтанудың 16 энергия сақтаушы комбинаты салынады, республикадағы 50% мектептің мектептік тамақ блоктарының материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады. Сапалы және қауіпсіз мектептік тамақтануды ұйымдастыру мониторингінің жүйесі енгізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ)
Мақсаты: Индустриялық-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту.
Мақсатты индикатор: кәсіби даярлық деңгейін және 45%-дан 100%-ға дейін біліктілік беруді бағалауға қатысушы бітірушілердің үлесін арттыру.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын индустриялды жобалардың сұранысын ескере отырып жаңарту;
индустрия жобалары бойынша мамандарды даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;
ТжК білім берудің мәртебесін көтеру;
өмір бойы білім алу, жаппай білім беру.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын индустриялды жобалардың сұранысын ескере отырып жаңарту
Біліктіліктің нақты деңгейі және оның сипаттамасы орнатылған мұнайгаз, мұнайхимиялық, таулыметаллургиялық, химиялық, машина жасау, агроөнеркәсіптік, фрамацевтикалық, құралыс, ғарыштық, жеңіл, туристік, энергетикалық, көлік салаларында 12 салалық біліктілік шегін және ұлттық біліктілік шегін әзірлеу.
Берілген біліктілікті бітірушілер кәсіптік ассоциацияларда растаулары қажет.
Индустрияландыру картасының жобалары ескерілген индустриялды-инновациялық дамудың барлық бағыттары бойынша кәсіптік стандарттардағы мамандарға заманауи біліктілік талаптар орнатылатын болады, олар:
ТжКБ мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарын, арнайы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларын, білім алу әдебиетін жаңартуға;
бірнеше біліктілік алу үшін мамандықтар бойынша модульдік бағдарламалардың банкін құруға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік дағдыларды күшейту үшін оқу жоспарларында қос бағытты білім беру (аптасын екі күн оқу орнында және 3 күн өндірісте) және шәкірттік (1-2 жыл оқу орында, 1-2 жыл еңбек ақысын жартылай төлеу арқылы өндірісте) кәсіптік тәжірибенің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарында тәжірибені, сынақ мерзімін өткізуді, шәкірттікті және жас мамандарды жұмысқа тұрғызу үшін кәсіпорындарда шәкірттік орын беру бойынша қағидалар енгізілетін болады.
Индустрия жобалары бойынша мамандарды даярлаудың инфрақұрылымын дамыту
Жастарды Конституциямен кепілденген құқықпен қамтамасыз ету үшін әсіресе ауылды жерлерде 44 кәсіптік лицей салынатын болады (ауылшаруашылығы саласы бойынша – 22, туристтік бойынша – 1, энергетикалық бойынша – 3, құрылыс бойынша – 5, мұнайгаз бойынша – 3, көлік бойынша – 3, машинажасау бойынша – 3, металлургиялық сала бойынша – 3, химиялық сала бойынша – 1): Шәкірттік орын саны Индустрияландыру картасы жобаларының қажеттілігі ескерілген 20 мың орынға ұлғаяды.
Индустияландыру жобаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында гуманитарлық колледждердің профилі техникалық және технологиялыққа қайта профильденетін болады.
Атырау қаласында мұнайгаз саласы бойынша, Екібастұзда отын-энергетикалық сала бойынша, Шымкентте өндіру саласы бойынша және Өскеменде машинажасау саласы бойынша 4 аймақаралық кәсіптік орталық салынатын болады.
2015 жылға дейін Индустияландыру картасы жобалары үшін мамандар даярлайтын 543 оқу орны өндірістік тәжірибе, сынақ мерзімін өткізуді өту үшін негізгі кәсіпорын келісім шарт негізінде бекітілетін болады.
Ауыл жастарын тарту үшін республиканың 15 облысында ТжКБ оқу орындарының жанынан 41 жатақхана салынатын болады.
ТжКБ оқу орындарының 70%-ы жаңартылады және заманауи оқу-өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталады (заманауи станоктар, интерактивті оқу құралдары, тренажерлер, виртуалды тренингтік лабораториялар және т.б.).
Заманауи құрал-жабдықтарда практикалық дағдыларды пысықтаумен жоғары технологиялық өндірістер үшін мамандар даярлау жұмыс берушілердің қаражатын тарту арқылы жалпы пайдаланудағы 16 ресурстық орталықта іске асырылатын болады.
Мамандарды даярлаудың сапасын бақылау және ынталандыру үшін индустриялды дамудың әрбір саласында 12 сертификациялық орталық құрылатын болады.
ТжКБ оқу орындарына бизнестің енуін ынталандыру және ҚР Индустрияландыру картасының, 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобаларын қажетті мамандармен қамтамасыз ету үшін:
ұлттық холдингтер мен компаниялар жанында ТжКБ;
шетелдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың үлесі бар ТжКБ құру жоспарлануда.
Құрылған ТжКБ ұйымдары ұлттық компаниялардың балансында қалатын болады. ТжКБ оқу орындарының мүлкін меншіктен шығарудың алдын алу мақсатында кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.
ТжК білім берудің мәртебесін көтеру
ТжКб жүйесінде білім алудың тартымдылығын және мәртебесін арттыру үшін:
әлеуметтік-педагогикалық қызметтері жоқ 341 оқу орнының жанында мансаптық басшылық орталықтары құрылады.
2012 жылға қарай индустриалды-инновациялық дамудың мамандықтары, оның ішінде жоғары білім бағдарламаларымен біріктірілгендер бойынша білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.
Әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі индустрияның ғылыми ауқымды жобаларын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін өнерпаздық және рационализаторлық қызметке, техникалық шығармашылыққа бейім талантты білім алушылар анықталатын және қолдау көрсетілетін болады (жұмыс берушілер гранты, конкурстар, иелі шәкіртақылар).
Индустрияландыру картасы жобаларының бос орындар базасымен әрекет ететін сертификатталған бітірушілердің деректер базасы құрылған.
Оқу орындарының бірыңғай түрі – колледж бекітілетін болады.
2020 жылға қарай
Индустрияландыру картасы жобаларының және экономиканың басым секторларының мамандарын мақсатты даярлау үшін ТжКБ дамыту жөніндегі ұлттық, өңірлік және салалық кеңестердің Республикалық және өңірлік деңгейлердегі үйлестіруші кеңестермен өзара әрекет етуі қамтамасыз етілетін болады.
ТжКБ оқу орындарының 90%-ы жаңартылады және заманауи оқу-өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталады (заманауи станоктар, интерактивті оқу құралдары, тренажерлер, виртуалды тренингтік лабораториялар және т.б.).
ТжКБ түлектері жұмыс берушілер мойындаған сертификаттар алатын болады. Халықаралық тәжірибемен сәйкес біліктілікті сертификаттау жөніндегі ұлттық органдар құрылатын болады.
Өмір бойы білім алу, жаппай білім беру
2020 жылға қарай жасына, білім және кәсіптік деңгейіне тәуелсіз өмір бойы білім алу үшін жағдай жасалатын болады.
Жасына және әлеуметтік жағдайына тәуелсіз білім беру қызметтерін көрсететін жеке жабдықтаушы (қашықтық білім алу, қысқа мерзімді қайта мамандану курстары, формалдық, формалдық емес, инклюзивті), техникалық және кәсіптік, жоғары білім жүйесінің әртүрлі білім беру түрлері арқылы жаңа негізгі машықтарды иемденуді қоса алғанда, барлық тұрғындарға машықтану және негізгі дағдыларын жетілдіру мүмкіндігі берілетін болады. Оқу орындарымен, сондай-ақ әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп, өндірістен үздіксіз оқыту қайта қарастырылатын болады.
Адам білім алу процесін жекелендіріп, оқудың түрлерін, қарқынын және мерзімін өзі таңдай алатын болады.
Білім алушылардың сертификат берілетін тәуелсіз агенттіктерде алған біліктілігінің деңгейінің бағалаудан өтуі арқылы білім беру қызметтерінің мемлекеттік және жеке жабдықтаушысының оқыту нәтижелерін мойындау бойынша тиімді шаралар қолданылатын болады.
Өмір бойы білім беру формалды және формалды емес білім беру түрлерінің спектрін қоса алғанда, мектепке дейінгі жастан бастап зейнет жасынан кейін аяқталатын (6-65 жас) оқуды қамтитын болады.
2015 жылға қарай өмір бойы білім беруді іске асырудың жолдарының бірі жұмыс берушілерді белсенді түрде тарту үшін жеке меншік секторды ынталандыру механизмдерін құру болады. Құрылған механизм аға буынды мамандар мен төменақылы категорияларды қоса алғандағы қызметкерлерге арналған арнайы оқыту демалыстары немесе субсидий беруді қарастырады.
Жұмыс берушілер әрбір жұмысшы үздіксіз білім беруге қатыса алатындай икемді схеманы өндіруге және оқу бағдарламаларын бірге қаржыландыруға тартылатын болады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Мақсаты: Еңбек нарығының қажеттіліктерін, елдің индустриалды-инновациялық дамуының және тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейіне қол жеткізу.
Мақсатты индикаторлар:
Жұмыс берушілердің қауымдастығында бірінші реттен біліктіліктің тәуелсіз бағалауынан өткен бітірушілердің үлесі
Жоғары оқу орындарының түлектерінің біліктіліктің тәуелсіз бағалауынан 100% өтуі
Жоғары оқу орындарының түлектерінің жұмысқа тұруы - 80%-ға дейін
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының жобаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандармен қамтамасыз ету;
Жоғары білім мазмұны мен құрылымын Болондық процестің параметрлерімен сәйкестендіру арқылы еуропалық жоғары білім аймағына кірігуді қамтамасыз ету;
жоғары білім берудегі сапаны бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету;
жоғары оқу орындарының материалды-техникалық базасының дамуын қамтамасыз ету;
білім мен ғылымның интеграциялануын қамтамасыз ету, интеллектуалды жеке меншіктің өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдай жасау;
Еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының жобаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандармен қамтамасыз ету
Мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың қажеттіліктерімен сәйкес өзгертілетін болады.
Бірқатар мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаятын болады. Мысалы, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 270-тен 540 грантқа дейін, «Ауылшаруашылық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша 1600-ден 1710 грантқа дейін.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі ұлғаятын болады: магистратурада – 2013 жылы – 3139, 2014 жылы – 5139, 2015 жылы 5639 және PhD докорантурада 2013 жылы – 700, 2014 жылы – 1250, 2015 жылы – 1250.
Жоғары білімнің қосбағытты жүйесі 9 педагогикалық және 22 техникалық жоғары оқу орындарында енгізілетін болады.
Жоғары оқу орындары негізінде қызметтерді және ғылыми ауқымды өнім құру үшін ЖОО және профильді ғылыми ұйымдардың консорциумы құрылады.
Әлеуметтік серіктестіктер ЖИИД үшін мамандарды даярлауға гранттар мен шәкіртақылар (ЖИИД әрбір жобасынан 5 грант/ шәкіртақыдан. Жобалар саны - 101) бөліп отырады .
ЖИИД қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шетелде жыл сайын 100 адамға дейін ПОҚ біліктілігін арттыру ұйымдастырылатын болады.
Негізгі ЖОО ЖИИД жобаларына басым бағыттар бойынша бекітілетін болады: метталургия бойынша – Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті; көліктік логистика бойынша – М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы; құрылыс материалдары бойынша – Халықаралық білім беру корпорациясы (Каз ГАСА); мұнайгаз машина жасау бойынша – Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; химиялық өндіріс бойынша - Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; туризм бойынша – Қазақ спорт және туризм академиясы; агроөндірістік кешеннің дамуы бойынша – Қазақ ұлттық аграрлық университеті; тоқыма өндірісі бойынша – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; азық өндірісі бойынша – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.
ЖИИД жобаларын іске асыратын 35 кәсіпорында өндірістік практика базасы құрылатын болады. Оның ішінде агроөндірістік кешен бойынша – 9 кәсіпорында; жеңіл өндіріс бойынша – 2; мұнайгаз бағыты бойынша – 3; туризм бағыты бойынша – 1; химиялық бағыт бойынша – 5; фармацевтикалық бағыт бойынша – 3; машинажасау бағыты бойынша – 2; таулыметталургиялық бағыт бойынша – 2; көлік бағыты бойынша – 2; ғарыш саласы бойынша – 1; энергетика саласы бойынша – 3; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру бойынша – 2.
Жоғары білім мазмұны мен құрылымын Болондық процестің параметрлерімен сәйкестендіру арқылы еуропалық жоғары білім аймағына кірігуді қамтамасыз ету
Болондық үрдіс шеңберіндегі міндетті, ұсынылымдық өлшемдері орындалады:
академиялық еркіндік – білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында таңдау бойынша компонент ұлғайтылады: бакалавриатте 70% дейін, магистратурада 80% дейін, докторантурада 90-95% дейін;
студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы - қосдипломды білім беру бағдарламалары ары қарай дамиды, бірлескен зерттеулер жүргізіліп, шетелдік тағылымдамалар ұйымдастырылады;
ел ЖОО білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының сұраныстарына икемді жауап беруінің тетігі құрылып, енгізіледі – Ұлттық біліктілік жүйесінің шеңберінде 151 кәсіптік стандарт пен модульдік білім беру бағдарламалары енгізіледі;
Болондық үрдіс орталығы құрылады;
бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының құрылымында 12 жылдық білім беруді іске асыру шеңберінде жалпы білім беру пәндерінің циклы 25%-дан 15% дейін қысқартылады;
ЖОО-ғы тәрбие жұмыстарын күшейту арқылы жастардың бәсекелік артықшылықтарын қалыптастыруға ықпал етілетін болады;
жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендейді;
ЖОО академиялық және басқарушылық қызметіндегі автономиялылығының ұстанымдары іске асырылады.
2015 жылға мұнай-газ, тауметаллургиясы, химия, машинажасау, агроөнеркәсіптік, фармациялық, құрылыс, ғарыш, жеңіл, туристік, энергетикалық, көлік салалары мен нақты біліктілік деңгейлері мен олардың сипаттамасын белгілей отырып, ұлттық біліктілік шектерінде 12 салалық біліктілік шектері әзірленеді.
ЖОО әзірлеген білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік жүйесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2016 жылдан бастап жеделдетілген индустриялдық-инновациялық дамудың салалық біліктілік шектерін әзрлеу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |