Бағдарламасы аясында 2015 жылдың 9 ай қорытындысымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы



Дата25.02.2016
өлшемі34 Kb.
#24836
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2015 жылдың 9 ай қорытындысымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2014-2015 жылдары ауданның 3 елді мекенінің ауыз су желілерінің құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда:



«Қармақшы ауданы Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы 4 кезегі» нысаны бойынша 2014 жылы құрылыс жұмыстарына 166 667,0 мың теңге, 2015 жылы 234 113,0 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-гі жүргізді. Бүгінгі күні нысанның құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, 29.08.2015 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен қабылданды.

«Қармақшы ауданы Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» ІІ кезең нысаны бойынша ауызсу желілерінің ұзындығы- 37,36 шақырым онын ішінде: 14 шақырымы магистраль, 23,36 шақырымы тұрғын үйлерге ауыз су жүйелерін жеткізу (сервис) қарастырылған.

Келісім шарт бойынша құны 525 049,0 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Өмірзақ» ЖШС-гі жүргізген. 2014 жылға қаралған қаржы - 111 828,0 мың теңге, 2015 жылға бөлінген қаржы - 362 167,0 мың теңге.

Бүгінгі күні нысанның құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен қабылданды.

«Қармақшы ауданы Ақай елді мекеніңдегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» объектісінің құрылыс жұмыстарын мердігер «АзияДамуЛТД» ЖШС-і жүргізуде. Келісім шарттың жалпы құны 355 328,0 мың теңге. 2014 жылға қаралған қаржы: 166 667,0 мың теңге . 2015 ж бөлінген қаржы – 190 361,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның елді мекендері бойынша дайын жобалар

2014 жылы ауданның 6 елді мекенінің Қуандария, Алдашбай Ахун, Иіркөл, ДүрОңғар, Көмекбаев, Қармақшы елді мекендерінің тұрғын үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілері бойынша жобалау сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Аталған жобалар бойынша бюджеттен қаржы бөлдіру мақсатында облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сондай ақ жобаның құны 234 361,0 мың теңгені құрайтын «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» жобасын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық экономика министрлігінің Су ресустары комитетіне бюджеттік өтінімі тапсырылды.

Сонымен қатар «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірленіп, мемлекеттік сарапатама қорытындысын алынды. Жобаның жалпы құны -444,548 млн теңге. 11.09.2015 жылы №14-0255/15 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына аталған объектінің құрылысына қаржы бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім жолдануда.



Ақай елді мекенінің тұрғын үйлеріне ауыз су желісін жеткізу мақсатында «Ақай ауылының тұрғын үйлеріне ауыз су желілерін жеткізу» нысанының жобалау зерделеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 4700,0 мың теңге сұралып, бюджеттік өтінім тапсырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет