Ілгерілемелі қозғалыс – кез келген екі нүктені қосатын түзу өзіне-өзі параллель болып орын ауыстыратын қатты дене қозғалысы. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктесі бірдей траектория сызады, сондай-ақ уақыттың кез келген мезетінде қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулері өзінің сан мәні жөнінен де, бағыты бойынша да өзара бірдей болып отырады. Сондықтан дененің І. қ-ын зерттеу нүкте кинематикасын зерттеуге келтіріледі.
37) Қатты дененің құрама қозғалыстары. Айналу өстері өзара α бұрыш жасап қиылысқандағы екі айналмалы қозғалыстарды қосу.
38) Қатты дененің құрама қозғалыстары. Айналу өстері өзара параллель қозғалыстарды қосу. Қос айналулар.
39) Материялық нүкте динамикасының бірінші аксиомасының екінші аксиомасынан айырмашылығы неде?
40) Нүкте динамикасының екінші есебін шешкенде неше интегралдық тұрақтылар пайда болады, оларды қай шарттардан анықталады. Материялық нүкте берілген траектория бойымен қозғалғанда, қандай әдіспен есепті шығараған тиімді?
41) Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері.
42) Материялық нүкте қозғалысының декарт өстеріне қатысты дифференциалдық теңдеулері.
43) Материялық нүкте қозғалысының табиғи өстер жүйесіне қатысты дифференциалдық теңдеулері.
44) Механикалық жиынның масса центрі.
45) Қатты дененің масса центрінің координаттары.
46) Қатты дененің өске қатысты және центрден тепкіш инерция моменттері. Күштің элементар жұмысы.
47) Күштің элементар импульсі.
48) Механикалық жиынның қозғалыс мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |