Бағдарламасы Баспа №2 «Жүк тасымалдау ережелері»


Дәріс 7,8 Периодикалық әрекеттің құралдары мен машиналары



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі369.5 Kb.
#125389
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Дәріс 7,8

Периодикалық әрекеттің құралдары мен машиналары

Крандар

Дәрістің жоспары:

  1. Крандар туралы жалпы мәліметтер

  2. Мосты крандары

  3. Штабелерлер-крандары

Крандар – деп ұзақ емес арақашықтықта, тігінен және көлденеңнен жүктерді орын ауыстыруға көмектесетін үзілмелі әрекет жасайтын әмбебаб жук көтергіш машиналарды айтады.

Олар келесі механиздерден тұрады: жүкті басып алу үшін және арба тәріздес жүкті көтеруге арналған құрылғы; кранның сүйегін немесе қандайда бір оның құрамын орнын ауыстыратын жылжу механизмі; кран сүйегінің бұрылу бөлімін айналдыру және сүйекке байланысты жүктік басып алудың жайын өзгерту механизмі. Әр бір механизм өздік приводы немесе жалпы топтыққа қосылған приводы болады..

Крандарды контейнерлерде және пакеттерде тасымалданатын жүктерді, ауыр машиналарды, темір және темірбетонды құрамалы конструкцияларды тиеу және түсіру үшін, сонымен қатар осы жүктермен қоймалық операцияларды орындау үшін қолданады. Крандарды арнайы басып алу құралдарымен және грейферлермен жабдықтаған кезде немесе жүктерді кюбелде тасымалдау кезінде крандарды, бөлшектелген төгілмелі жүктерді, ал электрмагнитпен жабдықтаған кезде болат пен шойынан жасалған әр түрлі бұйымдарды тиеу және түсіру үшін қолданады.

Крандарды конструкциясына, сүйек түріне, жылжу сипатына қарай және олар қызмет көрсете алатын алаң конфигурациясына байланысты келесі топтарға бөледі:



  • мосты түрі (мосты, штабелерлер-крандары, жүк тиегіш көпірлер), тік бұрышты алаңда жүктерді оран ауыстыра алатын және көтеретін крандар.

  • Жебесі бар бұрылмалы ( бұрылмалы жебелі крандар, дөңгелекті, гусеница тәріздес бұрымалы крандар, порттальды және жартылай портальды, мұнаралды крандар), шеңбер шекарасында – стационарлы толық айналмалы, сектор шекарасында – стационарлы толық айналмалы емес және рельстік жүру жолы бар, тік бұрышты алаң шекарасында – толық айналмалы жылжымалы, жүктердің орнын ауыстыратын және көтере алатын, крандар.

  • Арқанмен жылжитын жүк көтергіш механизмі бар кабельді крандар, олар кран бойымен жүктерді көтеріп және орнын ауыстыра алады.

Крандардың негізгі техникалық параметрлері: жүк көтергіштік; жүк көтеру, кран сүйектерін немесе оның бөлшектерін жылжыту, кранды айналдыру жылдамдығы; кран арлығы; конселдің ұшуы; жүк көтерудің ең үлкен биіктігі; қозғалтқыштың қуаттылығы; кранның габариттік өлшемі және оның салмағы.

Кранның жүк көтергіштігі деп – кранның ілмегімен көтерілетін жүктің номиналды (максималды) тоннадағы салмағы. Басып алу құрылғылардың немесе ыдыстың ауырлық күші жүк көтергіштіктің мөлшеріне қосылады.

Крандардың жүк көтергіштіктің мөлшері ГОСТ 1575-67 «Жүк көтергіштік реті. Үзілмелі әрекетті жүк көтергіштік-көліктік машиналар мен механиздер.» бойынша бекітіледі.

Жүкті көтеру жылдамдығы, кранды жылжыту, конструкция жайын өзгерту минут ішіндегі метрмен көрсетіледі. Кранның бұрыштық айналудың жылдамдығы минут ішіндегі айналым санымен өлшенеді. Жылдамдық мөлшері кранның түріне байланысты ГОСТ бойынша анықталды.

Кран арлығы (м) – кранның дөңгелегінің ортасымен өтетін жазықтық арасындағы арақашықтықты айтады. Ол кранның түріне байланыста ГОСТтар бойынша анықталады. Козловой кранның консолді ұшуы деп – крнаның сүйек тірегінің осінен бастап консол соңына дейінгі арақашықтықты айтады.

Көтеру биіктігі деп- ілмектің үстінгі және төменгі жайлар арасындағы ара қашықтықты айтады.

Қозғалтқыш қуаттылығы кранның әр бір механизміне немесе жалпыға киловатта, ал кран салмағы тоннада келтірілген.

Крандар бойынша электрлі привод кең қолданыс алған. Ол арнайы электр қозғалтқыштан, қозғалтқыштан машинаның жұмыс органына беретін механизмнен және қозғалтқышты басқару үшін арналған аспаптан тұрады. Кран қозғалтқыштары ДП сериялы тұрақты токты, МТF және МТН серияның фазалық ротормен өзгермелі токты және МТКF, МТКН серияның қысқа тұйықталған өзгермелі токты қолданады. Ал аз мөлшердегі қуаттылықта жалпы өндірістік түрдегі асинхронды қозғалтқыштар қолданады.

Тұрақты токтағы қозғалтқыштар үлкен жүк тиелгіштік қабілеттілікке ие. Олар өзгермелі ток қозғалтқыштарына қарағанда, кең көлемде жылдамдықты жөнге салуды іске асырады және сағат ішінде қосудың үлкен жиілігін қолдана алады.

Қоздыру әдісіне байланысты тұрақты токты қозғалтқыштар жүйелі, паралельді және аралас қоздыру деп бөлінеді. Ең жұмсақ сипатты – жүйелі қоздыру қозғалтқыштары болып табылады. Ол машинаның өнімділігін жоғарлатуына әкелетін, кіші көлемдегі жүктерді үлкен жылдамдықта орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Ең қатты сипатты қозғалтқыш – парлельді қоздыру болып табылады. Ал аралас қоздыру жоғарыда келтірілген сипаттардың арасындағы орташа мәнді алады.

Сондықтан да кранның механизмінде, тұрақты токты электрлі қозғалтқыштарды пайдаланған кезде, жүйелі қоздыру қозғалтқышы қолданады. Жүйелі қоздыру қозғалтқыштары үшінжукті тиеу шамадан артық шегі – номиналды жылдамдықта 4,5 номиналды кезеңіне дейін және 5,5 қозғалтқыштың орнына қозалу кезіне дейін.

Жүйелі токты қозғалтқышы бар механизммен жүкті түсіру кезінде энергияның рекуперациясы жүреді.

Қозғалтқыш роторының айналу жылдамдығы номиналды жылдамдықтың 3,5 мәнінен аспау керек.

Түйіскен сақинасы және қысқа тұйықталған роторы бар ауыспалы токтың кранды қозғалтқыштары жұмыстық бөлімде қатты сипаты бар. Ол күш жұмсаудың маңызды өзгеруі кезінде жылдамдықтың өте аз өзгеруіне әкеледі. Сондықтан оны жүк тиелген және тиелмеген жүруінде өзгермейтін деп есептейді.

Қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштар пайдалану кезінде сенімді және өте арзан. Оларды көп жылдамдықты қозғалтқыштарды қолданған кезде алынатын жеткілікті сатылы жөнге қою және жылдамдықты электрлі жөнге қоюды талап етпеген кезде қолданады. Олар электрлі болат приводы, қайталанатын-қысқа уақыт режимінде жұмыс істейтін көтергіштер мен крандардыың жай жүретін механизмдері үшін қызмет етеді.

Қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқыштар желіге қосылады. Осыған байланысты жіберу кезеңінде жіберу тогы бекітілген қозғалыс кезіндегі нормальды ток мөлшерінен 4-6 есе асып түседі. Осыдан басқа, критическиға жақын күш жұмсау кезінде қолдану, аса қызып кету түрінде шектеледі.

Түйіскен сақинасы бар асинхронды қозғалтқышты, қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштар үшін жіберу моментінен немесе 60 % астам критический моментінен, қысқа уақыт та күш жұмсамау керек. Жіберу кезеңіндегі қысқа ұйықталған роторы бар қозғалтқыштар үшін жіберудің орташа моменті, каталогта келтірілген максималды моменттің және жіберу моментінің жарты сомасы деп есептеледі. Кран құрылғылары күштенудің түсуі кезінде номиналды желінің 85 % дейін сенімді жұмысты қамтамасыз етуіне есептеледі.

Қысқа тұйықталған қоғалтқыштарда жіберу моменті,сонымен қатар, механизмді тездету жіберу кезінде максималды мөлшерге жетеді. Ал бұл механизм элементтерінде жоғары динамикалық күш жұмсауына, рельс бойымен жүрге кезде дөңгелектердің тұрып қалу мүмкіндіне, жүктердің қозғалуына, жылдамдықты жөнге қоюдың қиыншылдығына және механизмді іске қосу жиілігін жоғарлатуына әкеледі. Осының бәрі қозғалтқыштың қызыуна әкеп соғады.

Түйіскен сақинасы бар асинхронды қозғалтқыштар қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқышқа қарағанда, өтетін процесс кезінде орау үшін жұмсалатын энергияның аз болуы, үлкен салмағы, габариты бар. Сондықтан олар жұмыс режимінің аса көп күш жұмсау кезінде қолданады. Олар тұрақты ток қозғалтқыштары сияқты желіге, жөнге қоятын кедергілер (контроллер) көмегімен іске қосылады.

Электр қозғалтқыш қуаттылығын дұрыс таңдаудың үлкен маңызы бар. Қуаттылықтың жеткіліксіз болуы кезінде машинаның өнімділігі төмендейді және қозғалтқыщтың ерте істен шығып қалуы басталады. Жоғары қуаттылықты электрлі қозғалтқышты құру экономикалық жағынан тиімді емес. Ол энергетикалық көрсеткіштің төмендеуіне, механизм элементінің бұзылуының және тозудың жоғарлауына әкеледі.

Крандардың электр приводы қайта-қайтару периодикалық қозғалысты жасай отырып, сағат ішінде іске қосудың үлкен санымен, қайта-қысқа уақытты режимде жұмыс істейді.

Кранның механизм бөлшегінің жұмыс уақытын олардың жұмысының номиналды тәртібі бойынша есептейді. Мемлекеттік қалалық технологиялық қарастырулармен номиналды тәртіп жұмысының жүк көтеру машиналарының жұмысы жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр, және пайдалану (эксплуатация) шарттарымен анықтау бекітілген. Тәртіпті пайдалану көрсеткішіне қарқындылықты (интенсивность) пайдалану, жиілікті қосу, айналадағы орта температурасы, жылдық және бір күндік жүкті көтерудегі пайдалану коэффициенті:



Кез-келген кран механизмінің айналымын (цикл) уақытындағы жұмыс уақытының қатынасын толық уақыт айналымындағы жұмыс уақытының қатынасы, қарқындылықты пайдалану механизмі сипаттайды. Бұл ұзақтығы қосу деп аталады.

Электр қозғалтқыштары токты троллей, иілгіш сым (кабель) және дөңгелек тәрізді токқабылғыш арқылы қосады.

Электр энергиясы жоқ болған кезде іштей жану қозғалтқышын (дизель) пайдалану. Ол басқа да жұмыс қозғалысын орындайтын, әрбір механизм үшін орнатылған бөлектенген электро қозғалтқыштары элекрт энергиясымен қоректендірілген генераторға жалғанады.

Іштей жану қозғалтқыштары тікелей реверсированияны және жүк артықтығын жібермейді. Сондықтан да, шығару уақытында қозғалтқыштың қуаттылығы өте көп механизмнің өте көп ауырлығына есептелген, сонымен қатар, егер бұл кран құрылысына қарай қарастырылса, ол бірнеше механизмдердің бір уақытта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Іштей жану қозғалтқышын жүктің артық салмағынан тоқтаудан сақтау және оның сипаттамасын жақсарту үшін, механизм кранының қозғалтқышын гидравикалық муфтамен және турботрансформатормен жалғайды.

Жеке кран механизмінің беріліс қозғалысы үшін муфталар өз еркімен қосылуы қажет.



2. Көпірлік крандар.

Көпірлік крандар (31-сурет) екі басқы балкадан 4 тұрады. Құрылысты жеңілдету үшін басқы балкада қорап тәрізді қимасы бар В сечениясынан дайындайды, бірақ біріңғай қабырғалы немесе құбырлы құрылысындай болуы мүмкін. Басқы балкаларға басқару кабиналары 3, қосымша кабинасы бар 11 тіреуштер (кронштейн) жабыстарылған 2.

Көпір краны рельс бойымен қозғалады, олар балка эстакадасында орналасады, егер кран ашық аймақтарда колонналарда немесе тіреуіштерте 13 жұмыс істесе, ғимарат қабырғасында – егер кран жабық қойма немесе т.б. мекемелерде жұмыс істесе, көпір краны рельс бойымен қозғалады.

Көпірдің қиылысу механизмі балдың соңғы бөлек ауданында орналасса мұндай көпірдің қиылысуын жеке привод деп атайды. Әр механизм жүріс дөңгелегіне қозғалыс беретін және көпірдің соңғы көлденең балкаларында орналасқан электрқозғалтқышынан, тежегіш және редуктордан тұрады. Көпір крандарында орталықтандырылған ақырын жүрісті привод көпірді қозғалысқа келтіру үшін қолданылады. Бөлек секцияларындан тұратын электр қозғалтқыш редуктор арқылы білікті айналдырғанда көпірдің соңғы жүріс дөңгелегінде муфтамен жалғасады немесе қозғалтқыш білікті қозғалысқа келтірген кезде тез жүрісті болады, ал әр жүріс дөңгелегі қозғалысқа келтіріледі. Жеке приводқа іспеттес көпірдің соңғы балкасында орналасқан редуктор арқылы қозғалысқа келтіріледі. Ақырғы мезетте трансмиссионды біліктің диаметрі аз, өйткені, ол ең аз айналу моментін тудырады.

Басқы білік бойына орналасқан рельске жүк көтергіш кран арбасы қыстырылады. Арба қаңқасында (рама) жөнделгендер: жүк көтерудің басты механизмі 9, көтерудің басты механизмі 8 және арбаны қозғалысқа келтіру механизмі 10. Тоқ краны троллейлі сымдар арқылы жүргізіледі 12.

32-суретте көпір кранның жүк көтеру арбасының жалпы құрылысы көрсетілген.

Арбаны қозғалту механизмі білікте орналасқан электрод магнитті тежегішпен редуктормен 7, жалғанған электроқозғалтқыштан 11 тұрады, ол білікке қозғалыс беретін келтірілген дөңгелек 10, көпір рельсімен қиылысады.

Көтерудің басты механизмі тісті муфтамен білікке жалғанған қозғалтқыштан тұрады 12. Онда электромагнитті тежегіш 4 орналасқан және ол редуктормен 3 жалғанған. Ол арқанды даңғыраға (барабан) айналыс қоғалысын береді. Болатты арқан үшін даңғыра оң және сол астадан (навивка) тұрады. Ол жүктің көтеру және түсіру кезіндегі тігінен қиылысуын жояды. Көмекші көтеру механизмі қоғалтқыштан 2, электромагнитті тежегіші бар біліктен 16, редуктордан 5, арқанды даңғырадан 14, ілінген обойма және ілмек полиспастасынан тұрады.

Басты және көмекші механизмдерде жүк көтеруде 10 т асатын көпірлі крандары болады, ол басты механизмге ауыр жүктерді аз жылдамдықпен көтеруді – ал өте ауыр жүктерді үлкен жылдамдықпен көтеру – көмекші механизмдерге жүктейді.

Тиеу және түсіру жұмыстарын аыур жүктермен орындау кезінде жүктің бұзылмауынан және қозғалмалы сосотавтың жүкті қозғалмалы составқа орналастыруына , қоймада жай қалыппен, орташа жылдамдықпен жүкті араластыру қажет. Бұл мақсат үшін микроприводты кран механиздері қолданылады (33-сурет). Олар жүкті көтеру механизмінің бастысынан басқа редуктор 1, тежегіш2, электр қозғалтқыш 3, қосымша планетарлы муфта 4 тежегішімен 5, білік электр қозғалтқышынан 7 тұрады.

Механизмнің негізгі жылдамдығымен жұмыс істеу үшін тежнгіш 6.

Соған байланысты электр қозғалтқыш білігі 7 қозғалыссыз болады. Бұл қозғалтқыштың білігі 3 – даңғыра, айналу моменті берілісінен басқа планетарлық муфта айналысына келтіреді.

Тежегіштің өте аз жылдамдығы үшін 2 мен 6 қосады. Тежегіш өшеді, соған қарамастан, тісті венец қозғалссыз болады. Қозғалтқышты қосу және қозғалтқышты өшіруде біріншісі 10 – орталық алты муфтаны айналдырады. Соның арқасында сатилеттер қозғалысы тісті венец арқылы домалап водило айналысын тудырады. Ал содан кейін қозғалтқыш 3 білігінің айналу моменті және редуктор даңғырығы бекітіледі. Жөнге келмейтін тежегіш пен планетарлық муфтаның сынуын, механизмдерін өшіру үшін орталықтандырылған өшіргіш құралдар 8 пайдаланады. Келтірілген сызба жылдамдықтың қатынасын салуды сипаттайды. Іспеттес құрылыстар арба және қозғалыс кранның қозғалыс механизмдерін де қолданады.

Көпір крандарында электр крандарынан басқа гидравикалық приводтар қолданыс табады. Бұл кезде электрлі қозғлтқыш насосты бақылайтын біліктің айналуына әкеп соғады. Ол жоғары моментті гидро қозғалтқышы суық беріп тұрады, ал көпірді қозғалту механизмдерінде немесе гидро қозғалтқыш арбасы приводты дөңгелек қозғалысын тудырады.

Көпір крандарының жүк көтергіштері 5-тен 50 т-ға дейін. Көпір крандарынан басқа, жүк көтергішті грейферлі көпірлі электр крандары, грейферлі жүк көтергіштігі 2,5,10,15 және 20 т дайындалады. Магниттік электрлі көпірлі крандар 5-тен 10 т дейін жасалады. Электрлі магнитті грейферлі көпірлік крандардың жүк көтергіштігі 5,15 және 20 т болады.

Грейферлі көпір крандары жй крандардан крандық арбасымен ерекшеленеді. Грейфермен жұмыс істеуге арналған арба екі даңғырықпен жалғасқан. Біреуі грейферді көтеру және түсіру үшін арналған, ал басқасы өшіріп қосуды басқару үшін арналған. Әр даңғырықтың өз электр қозғалтқыштары болады. Магнитті көпірлі кран кемшіліктеріне эстакаданың барлық ауданында орналасқан тиеу-түсіру жұмыстарының операцияларын орындайтын маңызды бағасы жатады.

Бір білікті электр болатты көпірлік крандар көпірдің жеңіл құрылысымен ерекшеленеді. Олар жүкті көтеру және қыстыруда 5 т дейін қолданады. Бір білікті көпір краны (34-сурет) екі таврлі жүрісті білігін көрсетеді 5. Көтеру механиямі ретінде және білік аралық үшін электроталь қымет етеді (тельфер) 3. Соңғы біліктің жүріс дөңгелегі ортақ білікті қозғалысқа әкеледі, егер пролет үлкен (11 м дейін) болмаса кранды басқару 2-ші кабинамен немесе дистанционды болуы мүмкін.

Аз пролет кезінде көмекші 4 ферманы қолданады. Ол кранға көтеруілікті береді.

Бұл тігінен жалпақты болған кезде, ал үлкен пролет кезінде көлденең фермалар қолданады. Олар бір-бірімен тігінен байланыс пен білікке жалғанған, оған екі таврлы жүру балкасы бекітілген. Бір білікті ілгішті кран (35-сурет) балкасы 3 жүрісті тельферімен 2 және жүру кареткаларымен бекітілген 4 құрылыстан тұрады

Ілмелі крандарды қолдану жүк берместен бір қоймадан екінші жүк қоймасына апаруды қамтамасыз етеді.

Тельфер (35-сурет) өзі жұретін арбадан екі таврлы балка, электроталь, жүк көтеру механизмдерінен тұрады.

35 сурет Бір білікті аспалы кран

а-жалпы құрылғылары; б-тельфер
Тіркеменің дербес жетігі болады, шеңбер және жүк ілінетін ілгіші 4 бар екі бұтақты арқан арқан оралған барабанды айналдыратын 3 электрлі двигателі болады. Көп жағдайда басқару дистанционды болады. Оның кнопкалары иілгіш кабельде 6 болады. Бір біліеті аспалы кранның жүк көтергіштігі тельфердің жүк көтергіштігімен шектеледі.

Отандық өндірушілер арқан барабанына біріктірілген электр двигательді жүк көтергішті игеріп жатыр (ТЭ типті), жүк көтергіштігі 0,25-5 дейін.

Құралдық дәлдігін тез азайтатын, тіркеменің қозғалысының механизмінің тежегіші жоқ болып келетін ТЭ тельферінен басқа, Болгария мемлекетінде жасалынатын және ТЭ тельферімен бірдей сипатқа ие тельферлер бар.

Барлық тельферлердің көтеру жылдамдығы 8м/мин, ал жылжу жылдамдығы 20-32м/мин.

Т тельфердің қозғалу механизмі электродвигательге біріктірілген автоматты тежегішпен жабдықталған тельферлер жүкті көтеретін микроприводты механизммен жасалынады, ал жылдамдықты 1м/мин дейін түсіреді.
3. Қатар қойғыш крандар

Аспалы қатар қойғыш кран көпірінің құрылысы бойынша тіректі және аспалыға бөлінеді (36 сурет). Тіректі аспалы қатар қойғыш кранның көпірі бар 3, ол дөңгелектердің бөлек приводтары бар біліктерге тіреледі 4, олар біліктерге орнатылған рельстер бойынша қозғалады 5.

Аспалы қатар қойғыш кранның көпірлері 10 кареткаларға асылған 9, фермаларға немесе қоймалық ғимараттардың басқа жабдықтарына бекітілген сөрелер бойынша дөңгелектері қозғалады. Аралықтағы көпіріне байланысты көпірдің қозғалысы үшін екі немесе үш аспалы жолы болуы мүмкін көпірдің соңғы жағындағы каретка өз бетінше приводы болады.

Көпірлі крандарға ұқсас аспалы қатар қойғыш крандарының көпірлері екі „Т” тәрізді арқалық темір біліктен, сонымен қатар қорап тәрізді біліктен, құбыр тәрізді және басқа түрдегі қималардан жасайды.

Аралықтағы көпірдің жанында жүк көтергіш тіркемелер 2 қозғалады және тірегіш түріндегі кран үшін рельс бойынша.

Жүк тіркемелерінің платформаларында: тіркеменің қозғалыс механизмі, жүк көтергіш механизмі және жүк көтергіш колоннасы 7 жөнделеді. Жүк көтергіш колоннасы бұрылмайтын болуы мүмкін, яғни тіркемеге жақсы біріктірілген және бұрылатын болуы мүмкін. Телескопикалық колонналы крандар да қолданылады. Ұзын жүкті үшін екі жүккөтергіш колоннасы бар тіркемелер қолданылады. Тіркемелердің бұрылу құрылғысы колонналарды айналдыратын тірек бұрылу шеңберлерімен орналастырады.

Қатар қойғыш кранның жүк көтергіш құралынын қызметі – қойманың ауданынан жүкті алып, стелллллаждық керекті ұяшығына тиеу болып табылады. Жүкті көтеру құрылғылары жүктің түріне байланысты қолданылады. Көбіне тіркемелер шаңышқы тәрізді тартып алғышпен жабдықталады, олар екі шаңышқылы болып олардың арасындағы ұзындық өзгеріп отырады. Ұзын жүктер үшін 4 немесе одан да көп шаңышқылары бар шаңышқылы тартып алғыштар қолданылады. Жүктерің формаларына байланысты арнайы тартып алғыштар қолданылады: механикалық, магнитті, вакуумды, жүкті үстінен алатын алғыштар және т. б.

Жүк көтергіштің тіркемесінде қатты құйылған роликтары бар рамкасы болады, олар вертикалды бағытта қозғалады.

Қатар құйғыш көпірлі кранның тіркемесінің жалпы құрылғылары 37суретте көрсетілген. Тіркеменің біріктірілген рамкалы платформасының 13 ортасында дөңгелек тесік болады, онда тірек бұрылу құрылғы жөнделеді. Тіркеменің рамасы көпірдің балкаларына ілінеді. Колоннаның бұрылу дөңгелегі бұрылу платформасын өзімен алып жүреді 10, онда жү көтергіш тіркеменің көтеру механизмі орналасқан, ол екі жылдамдықты двигательден 4, колодкалы тежегіштен 6, редуктордан 7, тісті қозғалтқыштан 8 және арқанды барабаннан 9 тұрады. Жүк көтергіштің арқанды қозғалтықышы көп таралған, бірақ шыңжырлы қозғалтқышта көп қолданылады және ол ыңғайлы болып келеді. Бұрылмалы платформада электродвигательден 3, колондкалы тежеуіштен 2 және шестернияның вертикалды білігінде орналасқан шыңжырлы редуктордан тұратын бұрылу механизмі орналасқан. Бұрылу платформасының центірі бойымен кабель жүргізілген тіркеменің рамасымен кронштейнмен байланысқан дөңгелек тоқ шығарғыш орналасқан.

Қатар қойғыш крандарда өнімділікті арттыру үшін көтеру жылдамдығын үлкен қылып алады. Көтеру механизмін екі жылдамдықты етіп жасайды, себебі жүктерді қатар қоюға немесе стеллаждарға қою үшін аз жылдамдық керек болады.

Кранды басқару полдағы кабинамен жүзеге асырылады 8. Кейбір жылдамдықтарда автоматты басқаруды қолдану қарастырады. Қатар қойғыш көпірлі крандардың негізгі параметрлері ГОСТ 16553-76 негізделген. Қатар қойғыш крандардың тіркемені көтеру биіктігі ГОСТа көрсетілгенінен 0,15м-ге кішірейтілуі мүмкін, ал ПП, ПК типті крандардың аралықтағы көпірдің ұзындығы 0,1м-ге кішірейтілуі, ал ОК типті кранның ұзындығы 0,5м кішірейтілуі мүмкін.

Жүк көтергіштігі 1т дейінгі барлық крандарда шанышқылардың ұзындығы 0,8м болады, ал жүк көтергіштігі 2;3,2 және 5т ОК типті қатар қойғыш крандар үшін 1;1,2 және 1,3м ОП және ПП крандары үшін стеллаждар арасынан өту қашықтығы 1,3м, ал ОК және ПК крандары үшін – 2,1м жүк көтергіштігі 2;3,2;5т ОК крандары өту ұзындығы 2,5;2,7 және 2,8м қашықтықта жөнделеді. Кран мен стиллаж арасындағы саңылау 0,1-0,15м құрауы керек. Аспалы қатар қойғыш крандар көп рельсті жолдармен түйісуді қамтамасыз етеді және крандық тіркемелерді краннан көп рельсті жолға беруді және қайтадан кранға әкелуді қамтамасыз етеді, қоймаланған жүктерді артық тиеусіз парпллель аралықтағы көпірге беруді қамтамасыз етеді. Мұндай крандар конфигурациясы әр түрлі учаскелерден өте алады және айналмалы жолдар бойынша қозғалады.


37 сурет. Көпірлі қатар қойғыш кранның жүктік тіркемесі
38 сурет. Стеллажды қатар қойғыш крандар

а) стеллажға тірелетіндер

б) едендік рельске тірелетіндер

18 және 24м аспалы қатарлы ғимараттар үшін жүк көтергіштігі 1,0-3,2т бір бірлікті үштіректі аспалы крандар және екі білікті үш тіректі аспалы-жүк көтергіштігі 5-10т крандар құрастырылды.

Биік қоймаларда қатар қойғыш көпір крандары тиімді болмай қалады, себебі олардың өздерінің массалары тез өсіп кетеді. Мұндай кезде 38 суретте көрсетілген стеллажды қатар қойғыш кранды пайдаланған жөн.

Стеллажды қатар қойғыш кранды стеллажға немесе еденге тірелген қылып жасайды және оның жүкті қабылдайтын тіркемесі болады және де қорғалатын немесе телескопикалық алу құралдары бар шанышқылары 7 болады, жүкті қорапты өңдеу үшін және жүктердің даналап алуы үшін құрылғымен, кабинадан басқарумен болады, сонымен қатар автоматты дистанционды және ақпаратты кабиналармен жабдықтайды.

Стеллажды крандарда, стеллажға тірелетін (38,а сурет) 10 рельс бойынша қозғалыстарын немесе стеллажға қойылған тіркемесіз болады, осы тіркемеде кранның барлық механизмдері орналасады: жүкті көтеру құрылғысы, қозғалмалы тіркемелер 2, колонна 4. Жүкті алатын тіркеменің қозғалтқыш механизмі 6, басқару кабинасы және т. б. болады. Жүк көтергіштігі 1т асатын крандарда екі колонна қолданылады. Мысалы, бір уақытта екі қораптың орнын ауыстыртатын крандарда.

Стеллажға тірелген қатар қойғыш кран қойма бойынша екі рельспен қозғалатын 9, бір стеллажды ойықтан екіншісіне ауыстырғыш тіркемесінің көмегімен орын ауыстыруы мүмкін. Тіркемелердің рамаларына кронштейндер қыстырылады.

Қойманың еденіне орнатылған, рельске тірелген 6, стеллажды қатар қойғыш крандар, қозғалтқыш приводы 4, жүктік тіркемені көтеретін приводы 3 бар тіркемесі болып, колоннасы болады. Егер стеллажбен кран арасындағы саңылау 50-100мм құраса, онда жоғарғы бағыттаушы рельсті орналастырады.

Стеллажға тірелген қатар қойғыш кранда биіктігі және қойманың ауданы жақсы қолданылады. Стеллажға жүгі бар кран ауырлық түсірмейді. Кранның приводтары жақсы қолданылады. Тіркемелер сонымен қатар кранды жөндеу қызметін көрсететін пуданға жеткізу де қолданылады.

Стеллажды қатар қойғыш кранды көтеру кабинасынан да басқаруға болады, бірақ олар сонымен қатар қашықтардың вертикаль және горизонталь бойынша орындарын анықтайтын ақпаратты немесе автоматты жүйелермен жабдықталады.

Қатар қойғыш кранды автоматты дистанционды басқару, басқару пульті немесе перфокартпен оператордың берген командалары бойынша жүкті алу және қою жұмыстары орындалады.

Жаңа заманғы қатар қойғыш кранның приводтарының қозғалысы және көтеруі 1:20 қатынаста жылдамдықты тиристорлы реттейтін тоқтық электродвигательмен жүзеге асады, ол жұмыс жылдамдығы 120 және 25м/мин-та, орналастыру жылдамдығы 6 және 1,25м/мин береді, ал бұл жүктік тіркемені дәл тоқтауына мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет