Бағдарламасы «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі»



бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#124885
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Атыс дайындығы

  1. Драгунов мергендік винтовкасы (ДМВ) неге арналған?

  2. ДМВ – дан ату үшін қандай патрондар қолданылады?

  3. ДМВ – ның ұңғысы неге арналған?

  4. ДМВ – ның газ камерасы неге арналған?

  5. ДМВ – ның газ поршені неге арналған?

  6. ДМВ – ның серіппелі итергіші неге арналған?

  7. ДВМ – ның ұңғы қорапшасы неге арналған?

  8. ДМВ – ның ұңғы қорапшасының қақпағы неге арналған?

  9. ДМВ – ның механикалық көздеуішінің көмегімен қалай дұрыс көздеуге болады?

  10. ДМВ – ның қайтармалы механизмі қалай қызмет атқарады?

  11. ДМВ – ның тежегіші неге қажет?

  12. Танкіге қарсы қол гранататқышы неге арналған?

  13. Гранататқыштың бұзғыш механизмі қандай қызмет атқарады?

  14. Гранататқыштың ағытқыш ілмегі қандай қызмет атқарады?

  15. Гранататқыштың оптикалық жүйесі қандай бөлшектерден тұрады?

  16. ТОЗ – 8 шағын калибрлі винтовка механизмінің негізгі бөлшектерін атаңдар?

  17. Автомат ұңғысының қолдану мақсаты қандай?

  18. Ұңғылық тежелеуіш – компенсатор және жалын сөндіргіш не үшін арналған?

  19. Ұңғы қорабы қандай қызмет атқарады?

  20. Ұңғы қорабы қақпағының қызметі қандай?

  21. Бекітпе не үшін қажет?

  22. Қайтармалы механизм не үшін қажет?

  23. Автомат сүңгі – пышағының қызметі қандай?

  24. Қол гранаттардың қандай түрлері бар?

  25. Гранатты ұстағанда қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?

Тактикалық дайындық

1.Тактика пәні нені зерделейтінін айтып беріңдер.

  1. Қарулы жасақтардың құрылу себептері қандай және олар қалай құрылды?

  2. Қандай мемлекеттерде кәсіби армияны жинақтау жүйесі құрылған? Тұрақты әскер құрылуының себебі неде?

  3. Армияны жаяу әскер, атты әскер және әскери - теңіз флотына бөлу қажеттігі неден туындады?

  4. Көшпелі халықтарда еуропалық мемлекеттерге қарағанда, жаяу әскердің болмауын түсіндіріңдер.

  5. XIV ғ - ға дейінгі әскерде қандай қару түрлері болды? Қару сапасы жақсаруының себебі неде?

  6. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. қоғамдық құрылыстың өзгеруі дамыған елдер қарулы күштерінің қайта құрылуына қалай әсер етті? Бұл кезеңде қарудың қандай түрлері пайда болды?

  7. Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы әскерлерінің құрылуы қалай жүрді? XVII—XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығының әскери әрекеттері жайлы әңгімелеңдер.

  8. XVIII—XIX ғ.ғ. құрлық әскерлері мен әскери - теңіз ұйымдастырушылық құрылымында қандай өзгерістер болды?

  1. XIX—XX ғ.ғ. аралығында Еуропа елдеріндегі әскери іс қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

  2. Қазақтың Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай атты батырлары әскери шеберліктің дамуына қандай үлес қосты? Олардың Отанға сіңірген еңбегі қандай?

  3. Неліктен басқару органы жүйесінде тармақталу қажеттілігі туды?

  4. Ұрыс нәтижесіне адамдар, қару мен әскери әрекеттердің материалдық негіздері сияқты басымды факторлар әсер етеді. Олардың арасындағы өзара байланыс жайында баяндап беріндер?

  1. Қазіргі жағдайларда ұрысты жүргізудің тактикасы қандай деп ойлайсындар? Осы жайында Парсы шығанағьшда болған соғыстың тәжірибесіне сүйене отырып айтып беріңдер.

  2. Қазіргі кезеңде қарулы күрестің қандай қүралдары өз жалғасын тапты?

  3. Қазіргі кезеңдегі зақым келтіру құралдарын қандай белгілермен сипаттауға болады?

18. Жергілікті жерде қарсыластың барлық қару
атысымен зақым келтіруіне қарсы қандай қорғаныс
шараларын қолдану керектігін айтып беріңдер.


19. Қазіргі кезендегі жалпы әскери сап қандай сипатқа ие?

  1. Ұрыс деп нені айтады? Қазіргі жалпы әскери ұрыста зақым келтірудің қандай құралдары қолданылады?

  2. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

  1. Шабуылға сипаттама беріңдер. Шабуыл қандай мақсаттармен жүргізіледі?

  2. Қорғанысқа сипаттама беріңдер. Қорғаныстың мақсаттарын түсіндіріңдер.

  3. Ұрыстың қандай түрі бетпе - бет үрыс деп аталады? Оның басқа ұрыс түрлерінен айырмашылығы неде?

  4. Мотоатқыш бөлімшелері қандай құралдармен қарсыласты жеңіліске ұшыратуға қабілетті?

  5. Атыс бағытына байланысты ату түрлерін сипаттаңдар. Олардың айрықша белгілерін атаңдар.

  6. Жергілікті жердің, сызбасын жасағаннан кейін бөлімше командирі карточкада атыс жүйесінің қандай элементтерін көрсетуі тиіс?

  7. Бөлімшенің атыс карточкасында жергілікті жердің сызбасын жасауда бөлімше командирі жергілікті жердің қандай ерекшеліктерін ескеруі керек?

  1. "Атыс маневрі" мен "бөлімше маневрі" ұғымдарын сипаттаңдар.

  2. Ұрыста сарбаздың бастамашылдық көрсетуі неден көрінуі керек?

  3. "Кенеттілік" ұғымын түсіндіріңдер. Ұрыста кенеттілікке қалай қол жеткізілетінін айтып беріңдер.

  4. Сарбаздың ұрыстағы міндеттері жайлы айтып беріңдер. Ұрыс жағдайында әр әскери қызметшілерден қандай біліктер мен дағдылар талап етіледі?

  5. Сарбаздар ұрыс кезіндегі қимылдарға қай жерде және қалай үйренеді?

  6. Ұрыста сарбаздардың жылжу тәсілдерін атап, қандай жағдайларда белгілі бір тәсілдің қолданылуын түсіндіріндер.

35.Ұрыста сарбаздардың жер бауырлай жылжу тәсілдерін атаңдар. Бұл тәсілдердің неліктен тиімді болып табылатынын түсіндіріңдер.

  1. Өзендер, бұлақтар, өткелдер мен басқа да су бөгеттері сияқты табиғи бөгеттерден өту тәсілдерін атаңдар.

  2. Қандай инженерлік бөгеттер жарылғыш бөгеттер деп аталады? Қарсылас жергілікті жердің қандай учаскелерінде жарылғыш бөгеттерді орнатады?

  3. Қандай инженерлік бөгеттер жарылмайтын бөгеттер деп аталады? Жарылмайтын бөгеттердің орнатылу ерекшеліктері жайында әңгімелеңдер.

  4. Миналар (миналанған алаңдар) мен фугастардың бүркенішін ашу белгілері жайында айтып беріңдер.

  5. Миналарды залалсыздандыру, сондай - ақ сол кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау жайында айтып беріңдер.

  6. Бөлімшелер миналы - жарғыш бөгеттерді қандай тәсілдер арқылы кесіп өтеді?

  7. Сарбаздардың сымды бөгеттерден өтуі жайлы баяндаңдар.

43. Радиоактивті немесе уланғыш заттармен зақымдалған жер учаскелерінен өту тәсілдері жөнінде айтып беріңдер.

  1. Сарбаз атыс үшін жергілікті жердің қандай учаскелерін таңдайды?

  2. Шабуыл барысында қорғанысқа көшу қандай мақсатпен жүргізіледі?

46.Жеке оқпана мөлшерін атаңдар.

47.Зақымдалған жерде орлану қалай жүзеге асырылады?

48.Шабуылдан қорғанысқа көшу жағдайында бекіністі жабдықтау жөніндегі бөлімше (взвод) жеке құрамның іс-әрекет реті жөнінде баяндаңдар.

49.Бақылаушының міндеттері қандай?

50.Аға командирден тапсырма алған соң және міндеттерін орындау барысында бақылаушы - сарбаздың іс-қимылдары ретін атаңдар.

  1. Бақылаушы-сарбаздың қандай аспаптары мен жабдықтары болуы керек?

  2. Бақылау үшін орын таңдау барысында жергілікті жердің қандай ерекшеліктерін ескеру қажет?

  3. Бақылау орнын таңдаған кезде сарбаздың қандай заттардың маңында орналаспағаны жөн?

  4. Жергілікті жердегі заттардың бүркеніш қасиеттері жайлы әңгімелеңдер.

55.Бақылаушыға арналған оқпана қалай дайындалады?

  1. Сарбаздың жергілікті жердегі бақылау жүргізуінің тәртібі қандай?

  2. Сарбаздың жергілікті жердегі бақылау секторында қарсыластың болуын байқаған жағдайындағы іс-қимы-лының реті қандай?

  3. Бақылаушы-сарбаздың өз командиріне бақылаудың нәтижелері жайлы баяндама жасауының реті жайында айтып беріңдер.

  4. Қорғаныстағы сарбаздың міндеттері жайында айтып беріңдер. Ұрыс алдында сарбаз нені білуі тиіс?

  5. Бөлімше командирінен тапсырма алғаннан кейін сарбаз қорғаныста ұрысқа қалай дайындалады?

  6. Қарсыластың шабуылға көшу үшін атыс дайындығы кезінде қорғаныстағы сарбаз қандай іс - әрекет жасауы керек?

  7. Қарсылас шабуылға көшкен кезде қорғаныстағы сарбаздың қандай іс -әрекет жасауы керек?

  8. Танкінің әлсіз жерлері мен онымен күресу әдістері жайында айтып беріңдер.

  9. Шабуылдағы сарбаздың міндеттері жайлы әңгімелеңдер. Ұрыс алдында сарбаз нені білуі керек?

64.Шабуыл алдында сарбаз нені білуі керек?

65.Бөлімше командирінен тапсырма алғаннан кейін сарбаз шабуылға қалай дайындалатынын айтып беріңдер.

66.Тәуліктің қараңғы уақытында сарбаздың шабуылға дайындалуының ерекшеліктері қандай?

68. Оқулықтағы 23 - сурет бойынша ядролық жарылыс ұшқыны байқалған кездегі сарбаздың ашық жердегі іс - әрекеті жайлы баяндаңдар.

  1. Сарбаз қарсылас қорғанысының алдыңғы шебінде ұрысты қалай жүргізеді?

  2. Сарбаз қарсылас қорғанысының тереңдігінде және орда ұрысты қалай жүргізеді?

  3. Шабуылды жүргізу барысында қарсылас танкілермен ұрыс жүргізудің әдістері жайында айтып беріңдер.

72. Танк маңындағы "өлі" кеңістіктің пайда болу
себептерін түсіндіріңдер.


73. Бөлімше бекініске қандай есеппен орналасады және
оны қалай жабдықтайды? Атыс қ
ұралдары мен атқыштар
қалай орналасады?


74. Оқулықтағы 10-сурет пен бөлімше командирінің ұрыс бұйрығының жалпы қүрылымын пайдалана отырып, бөлімшеге ұрыс бұйрығын беріңдер.

  1. Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезіндегі бөлімшенің бекіністі жабдықтау ерекшеліктері жайлы айтып беріңдер.

  2. Қорғаныс ұрысын жүргізу барысында қарсыластың танкілерімен ұрыс жүргізу тәсілдері жайлы баяндаңдар.

  3. Бөлімше қарсыластың қорғаныс шебіне сыналап кіру барысында ұрысты қалай жүргізеді?

  4. Ұрыстағы өзара қимылдың қажеттігі неде? Өзара қимыл қалайша жүзеге асырылады?

  5. Неліктен бөлімшені ұрыста да, бейбіт уақытта да басқару қажет?

  6. Тәуліктің қараңғы уақытында ұрысты ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы айтып беріңдер. Ұрысты түнде жүргізу үшін әр сарбаздан не талап етіледі?

81.Оқулықтағы 27 - сурет бойынша қарсыластың алғы шебі алдындағы бөгеттерден өту қалай жүзеге асырылатынын әңгімелеңдер.

82. Оқулықтағы 27 - сурет бойынша бөгеттерден өткеннен кейін бөлімшенің шабуылы қалай жүргізілетінін айтып беріңдер.

83. «Мақсаттарды айқындау, бағдарларға қатысты олардың араласқан орнын анықтау және бақылау нәтижелері жайында баяндама» нормативін орындау жағдайлары туралы айтып беріңдер.

84.Бағаны төмендететін қателерді атаңдар.

  1. "Ұрыс алаңында жылжу" нормативін орындау жағдайлары жайында айтып беріндер. Бағаны төмендететін қателерді атаңдар.

  2. "Атыс орнын таңдау, оқпана дайындау" нормативін орындау жағдайларын баяндаңдар. Бағаны төмендететін қателерді атаңдар.


Оқытылатын қосымша сұрақтар

1.Тактикалық дайындықтың маңыздылығы неде?

  1. Оны оқып-үйрену кезінде қандай дағдылар қалып-тасады?

  2. Жеке қүрамның саны бойынша мотоатқыш бөлім-шесінің, взводының, ротасының қүрылымын сызба түрінде көрсетіңдер.

4. Мотоатқыш бөлімшесі, взводы (ротасы) қандай атыстық қуатқа ие?

  1. Алдына қойылған мақсатына байланысты мотоатқыш бөлімшесі үрыстың қандай түрін жүргізе алады?

  2. Үрыстың түрлері немен сипатталады? Олар қандай жағдайларда қолданылады?

  3. Үрысқа атыс не үшін енгізіледі? Бөлімшенің атыс жүйесі қандай мақсатта жүзеге асырылады?

8. Взвод (рота) командирі үйымдастырған атыс жүйесінің
мәні неде? Атыс жүйесін үйымдастыру үшін командирге
қандай мәліметтер қажет?


9. Үрыстағы атыс маневрінің мәні қандай?

  1. Бөлімшенің үрыстағы маневрінің мәні неде?

  2. Бөлімшенің жорықтық ретте сапқа түру ерекшелігі қандай?

  3. Бөлімшенің үрысқа кіру ретте сапқа түру ерекше-лігінің мәні қандай?

  4. Бөлімшенің үрыстық ретте сапқа түру ерекшелігінің мәні қандай?

  5. Шабуыл кезіндегі үрыстық рет қандай нормативтік талаптарды қажет етеді? Взводтың жаяу ретте шабуыл шебін және шабуыл кезіндегі взвод бөлімшелерінің аралық интервалын сызба түрінде көрсетіңдер.

  6. Жаяу әскер үрыс машиналарымен (ЖҰМ) шабуылдау кезінде взводтың (ротаның) үрыстық ретте сапқа түруына қандай талаптар қойылады? Шабуыл кезіндегі маши-налардың арасындағы қашықтықты сызба түрінде көрсетіңдер.

  7. Взводтың қорғаныс үрысы кезінде трек пункттіндегі нормативті талаптарға сәйкес (оқулықтың 81-бетіндегі сурет) үрыстық ретке түруын суреттен көрсетіңдер.

  8. Үрыс кезінде бөлімшелердің өзара қимылы қандай мақсатпен үйымдастырылады? Үрыста қандай бөлімшелер өзара қимыл жасауы мүмкін?

  9. Басқарудың мәні неде:

а) атыспен;

б) бөлімшемен.

  1. Атысты басқару кезінде бөлімше командирі қандай міндеттерді шешеді? Жетекші бөлімшедегі атысты басқару үшін командир қандай мәліметтерді білуі керек? .

  2. Бөлімше командирі үрыста қай жерде болуы тиіс? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

  3. Бөлімшені және атысты басқару үшін командир қандай қүралдарды пайдаланады? Мынадай жағдайларда бөлімшені басқаруға мысалдар келтіріңдер:

  • взводты шабуылға шығаруда;

  • дүшпанды әуеден байқағанда;

  • "Радиация қауіптілігі!";

  • "Химиялық дабыл!".

  1. Бөлімше қандай жағдайда қорғанысқа көшеді?

  2. Қарсыласпен тікелей іргелес жағдайда және онымен түйіспей түрғанда қорғанысқа көшудің айырмашылықтары неде?

  3. Үрысты қорғаныста жүргізудің ерекшелігі неде?

  4. Қарсыласты үрыспен үстап түру үшін қарсылас пен қорғаныстағы взвод күшінің арақатынасы қандай болуы керек?

  5. Қорғаныста үрыс жүргізуде таулы жер бедерінің әсер ету ерекшеліктері қандай?

  6. Қорғаныста үрыс жүргізуде шөлді жердің топырақ қабатының әсер ету ерекшеліктері қандай?

  7. Қарсыласты және жергілікті жерді барлау қандай мақсатпен жүргізіледі?

  8. Қазіргі кездегі жағдайда барлаудың қандай түрлері жүргізіледі?

  9. Қазіргі кездегі жағдайда үрыс жүргізудегі барлаудың рөлі қандай?

  10. Барлауға дайындық жүргізу кезінде взводтың жеке қүрамы немен шүғылданады?

  1. Бақылау арқылы барлау жүргізу тәсілі қандай жағдайда қолданылады? Бұл тәсілдің ерекшелігі неде?

  2. Торуыл арқылы барлау жүргізу тәсілі қандай жағдайда қолданылады? Бүл тәсілдің ерекшелігі неде?

  3. Іздеуді-барлау жүргізу тәсілі қандай жағдайда қолданылады? Бүл тәсілдің ерекшелігі неде?

  4. Тап беру тәсілімен жүргізілетін барлау қандай жағдайда қолданылады?

  5. Шеру жасауға дайындық кезеңіндегі бөлімшеге қандай талаптар қойылады?

  6. Үрысқа кірер алдында шеру жасаған взводтың (ротаның) жеке қүрамына қандай талаптар қойылады?

  7. Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда шеру жасаған взводтың (ротаның) жеке қүрамына қандай талаптар қойылады?

  8. Сендер қалай ойлайсыңдар, шеру жасауға ауа-райы, тәулік және жыл мезгілдері өсерін тигізе ме?

а) егер тигізсе, қаншалықты күшті? Жауаптарыңды
дәлелдеңдер.


б) егер тигізбесе, ондл ноліктен?

40.Бөлім командирі взводты басқаруды қалай қам-
тамасыз етеді?


  1. Шеру жасағанда барлау неліктен қажет?

  2. Шеру жасағанда барлау қалай үйымдастырылады?

  1. "Жергілікті жердегі табиғи бүркемелеу" үғымын түсіндіріңдер.

  2. Шеру жасағанда жасырын өтудің қамтамасыз етуге "жергілікті жердегі табиғи бүркемелеу" қаншалықты әсер етеді?

  1. "Жасанды бүркемелеу" үғымын түсіндіріңдер.

  2. "Жасанды бүркемелеу" қүралдарына не жатады?

  3. Олар қандай жағдайда қолданылады?

  4. "Бүркенішті ашу белгілері" үғымын түсіндіріңдер.

  1. Лек шеру жасаған кезде қандай бүркенішті ашу белгілері болу керек?

  2. Шеру жасаған кезде "бүркенішті ашу белгілерін" жою немесе әлсірету үшін қандай шараларды қолдану қажет?

51.Инженерлік мүлікке қандай қүралдар жатады?

  1. Инженерлік-саперлік бөлімшенің (бөлімнің, взводтың) мотоатқыш бөлімшесінен айырмашылығы неде?

  2. Жергілікті жерде бүркемеленуді пайдаланған кезде немесе шеру жасағанда кедергілерден өту кезінде мото-атқыш взводының жеке қүрамымен қандай жүмыс түрлері атқарылады?

  3. Маршруттың инженерлік барлауын кім және қалай үйымдастырады?

  1. Шеруді техникалық қамтамасыз етуді қалай түсінесіңдер? Шеруді техникалық қамтамасыз етуде командир қандай шараларды үйымдастырады?

  2. Шеруді танымдық қамтамасыз етуді қалай түсіне-сіңдер? Техникалық қамтамасыз етудің тылдық қамтамасыз етуден не айырмашылығы бар? Шеруді тылдық қамтамасыз етуде қандай шаралар қарастырылады?

  3. Взводтың бір орында орналасуы дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Қандай бүркемелеу және қорғаныш шаралары қарастырылады?

  5. Егер ол ауданда бүрын қарсылас орналасқан болса, взв.одты орналастыру үшін, ол жерде қандай шаралар жүргізілуі керек?

  1. "Жерді алдын ала барлап алу" дегеніміз не?

  2. Взводтың орналасуын қамтамасыз ету үшін алдын ала барлау тобы қандай шаралар жүргізеді?

  3. Взводты таулы жерге орналастыру үшін қандай жағдайлар қажет?

  4. Взвод таулы жерде орналасқанда қандай қауіпсіздік шараларын қарастыру керек?

  1. Взводты орманда орналастыру үшін қандай жағдайлар қажет?

  2. Взвод орманда орналасқанда қандай қауіпсіздік шараларын қарастыру керек?

  3. Взводты шөлді жерге орналастыру үшін қандай жағдайлар қажет?

  4. Взводты бір жерге қыста орналастырудың ерекшелігі неде?

68.Взводты бірге жерге қыста орналастырғанда
жауынгерлік дайындықты сақтап түру үшін қандай
шаралар жүргізіледі?


69.Сақтық күзеттері қандай бағыттарға қойылады?

  1. Қосарланған патрульдер қайда және қандай мақсатпен жіберіледі? Қосарланған патрульдер қарсы-ластың барлауымен кездескен кезде қандай әрекет жасайды?

  2. Күзет заставасы қарсылас басым күшпен шабуыл жасағанда немесе қарсыластың үсақ топтарымен кездесіп қалған жағдайда қандай әрекет жасайды?

  3. Қарсылас қорғаныстың шегін орағыта өткен жағдайда күзет заставасы қандай әрекет жасайды?

73.Қарсылас оғының астынан күзет заставасының
шегінуі қалай жүзеге асырылады?


  1. Күзет заставасының позициясын жабдықтаған кезде таулы жердің қандай ерекшеліктері ескеріледі? Тауда қандай қауіпсіздік шараларын назарда үстау керек?

  2. Таулы жер аймағында бөлімдер мен взводтардың атыс қүралдары қалай орналастырылады?

  3. "Айқастыра ату", "қапталдан ату", "өлі кеңістік" деген үғымдарды қалай түсінесіңдер?

  4. Күзет заставасына арналған позицияны инженерлік жабдықтаудың ерекшеліктері қандай?

  5. Таулы жер жағдайында қарсыласқа қарсы қандай кедергілер жасалынады?

  6. Орманды жер жағдайында қарсыласқа қарсы қандай кедергілер жасалынады?

  1. Орманды жер жағдайында күзет заставасының атыс жүйесі қалай қүрылады?

  2. Күзет заставасын жабдықтауда шөлді жердің қандай ерекшеліктері ескеріледі?

  3. Шөлді жер жағдайында күзет заставасының атыс жүйесі қалай қүрылады?

  4. Шөлді жер жағдайында жеке қүрамның денсаулығын сақтау және техника мен қару-жарақты үрыстық дайын-дықта үстау мақсатында взводта қандай шаралар үйым-дастырылады?

  5. Қандай соғысты "шағын аймақтағы соғыс" деп атар едіңдер? Мысал келтіріддер.

  6. Шағын аймақтағы соғыстың сипатын анықтаңдар, оның ерекшелігі мен 1941—1945-жылдардағы Ұлы Отан соғысынан айырмашылығын айтып беріңдер.

  7. Шағын аймақтағы соғысты жүргізудің күрделілігі неде?

87.Тосқауыл деп нені айтады?

88."Іздеу-барлау топтары" деген атауды қалай
түсіндіруге болады?


  1. Іздеу-барлау топтарының уақытына қарулы топтарға қарсы үрыс жүргізуінің ерекшелігі неде?

  2. Блокпост дегеніміз не? Блокпостыны қандай мақсатта жабдықтайды?

91.Блокпостылардың қандай түрлерін білесіңдер?
Олардың түрлері несімен анықталады?


  1. Мина деп нені атаймыз?

  2. Мина қандай мақсатта қолданылады?

  3. Минаның негізгі элементтері және олар неге арналған?

  1. Шынжыр табанға қарсы минаның түпастыға қарсы миналардан айырмашылығы неде? Олардың үрыстық қасиетін сипаттаңдар.

  2. Бортқа қарсы миналардың шынжыр табанға қарсы миналар мен түпастыға қарсы миналардан айырмашылығы неде?

  3. Миналар қандай тәсілмен қойылады? 8,9-суреттерге назар аударыңдар.

  4. Жаяу әскерге қарсы миналарға сипаттама беріңдер. Олардың танкіге қарсы миналардан не айырмашылығы бар?

99.Жарылмайтын инженерлік бөгеттер дегеніміз не?

100.Жарылмайтын инженерлік бөгеттердің қандай
түрлерін білесіңдер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет