Моноқалаларда апатты үйлердің жоғары пайызы байқалады.
Тұрғын үй қорының жалпы ауданына апатты үйлердің жалпы ауданы үлесінің ең нашар көрсеткіштері Арқалық (84,7 %), Абай (36,7 %), Жаңаөзен (10,9 %), Қаратау (8,4 %) және Жаңатас (7,1 %) қалаларында байқалады.
Моноқалалардағы қауіпсіз тіршілік сапасына және экономикалық әлеуетті қорғау деңгейіне техногендік факторлар мен аномальді табиғи құбылыстар, қоршаған ортаға түсетін жоғары антропогенді қысым, және де маусымдық су тасқынына, селге, жер жылжуына, өртке, жер сілкінуге төтенше жағдайлардың медикалық-санитарлық салдарына қарсы тұру инфрақұрылымын құру жұмыстарының бітпегені кері әсер тигізуде.
Моноқалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының негізгі проблемалары, сонымен қатар, балалық мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігіне, халықты медициналық кадрлармен қамтамасыз етудің төмендігіне және басқа да мәселелерге байланысты. Осылайша мектепке дейінгі білім беруді қамту көрсеткіші Қаратау қаласында – 34,8 %, Жаңатас қаласында – 35,4 %, ол республикалық деңгейден айтарлықтай төмен (3-6 жастағы балалар үшін 65,4 %).
5.Экологиялық жағдай.
Моноқалалардағы өнеркәсіптік дамудың экологиялық салдарлары қатарына атмосфералық ауаның ластануы, топырақтың, тұщы судың және су қоймаларындағы балықтардың химиялық ластануы, халықтың ауруының жоғарылауы жатады.
Экологиялық қолайсыздықдың көздері:
1) күл үйінділерінің жиналуы, жалпы қалалық тазалау ғимататтарының жоқтығы;
2) кәріз жүйелері мен қалаға жақын орналасқан дала сүзгіштері жағдайының нашарлығы;
3) үйінділер мен кен өндіруші кәсіпорындардың қалдық сақтаыуштары көлемінің үлкендігі;
4) қатты отынмен жұмыс істейтін көптеген шағын қазандықтардың ластаушы заттарды шығаруы болып табылады.
6. Моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалар мен факторлар.
Өткен кезеңде елдің моноқалаларының көбінде негізінен қала құраушы кәсіпорынның немесе басым саланың жағдайымен байланысты кешенді проблемалар пайда болды.
Өндіріс көлемдерінің төмендеуі, қала құраушы кәсіпорындардың ішінара немесе толық тоқтауы моноқалалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соқты.
Қазақстанның көптеген моноқалаларының негізгі проблемалары – жұмыспен қамтылғандар санының қысқаруы, тұрғындардың тұрмыс жағдайының нашарлауы, әлеуметтік шиеліністіліктің өсуі.
Мысалы, соңғы 20-25 жылда «Қаратау» ӨБ (қазіргі кезде «Казфосфат» ЖШС) сияқты кәсіпорындарда қызметкерлер саны едәуір азайды – 10,6 мың адамнан 1,5 мың адамға дейін. Сораң қаласының «Қарағанды резинотехника» ӨБ-де 1985 жылы 7 мың адам жұмыс істеген болса, қазіргі уақытта жұмысшылар саны 500 адамнан аспайды. Осындай жағдай елдің басқа да көптеген моноқалаларында байқалады.
Өндіруші кәсіпорындардың шикізат базасының сарқылуы, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, қала құраушы кәсіпорындардағы ескірген технологиялар, Кеңес Одағының ыдырауына байланысты технологиялық тізбектердің үзілуі өндіріс көлемінің төмендеуі мен қала құраушы кәсіпорындар жұмысы тоқтауының негізгі себептері болып табылады.
Осылайша, моноқалалардың экономикасы мен әлеуметтік саласын талдау оларға тән негізгі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.
Оларға мыналар жатады:
1) экономикалық проблемалар:
негізгі қала құраушы кәсіпорынның тоқтауы немесе тоқтау кауіпі (қалалардың өндіруші кәсіпорындарындағы кен базасының сарқылуы, бәсекеге қабілетсіз өнім);
қала экономикасының әртараптандыру деңгейінің төқмендігі;
халықты жұмыспен қамтудың қала құраушы кәсіпорынға тәуелділігінің жоғарылығы;
қала бюджетінің қала құраушы кәсіпорыннан түсетін салық түсімдеріне тәуелділігінің жоғары деңгейлігі және салық базасының қысқаруы.
2) әлеуметтік проблемалар:
жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы;
көптеген моноқалалардағы тұрғындардың кіріс деңгейінің төмендігі, жалпы өмір сүру сапасының төмендігі;
көптеген моноқалаларда халық санының азаюы;
әлеуметтік шиеленіс өсімінің ықтимал үрдістері.
3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының проблемалары:
инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғарылығы;
аумаққа түсетін экологиялық жүктелімнің жоғарылығы.
аумақтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға едәуір бейімділігі.
7. Моноқалалардың проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе.
Моноқалаларды дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу барысында монобейінді елді мекендердің проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе ескерілді.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі және әртүрлі кезеңдердегі кейбір моноқалалардың проблемалары мен жағдайлары көбінесе қазіргі кездегі Қазақстанның моноқалаларындағы жағдаймен ұқсас.
Қалалардың монобейінділігі Қазақстан экономикасының бірегей сипаты емес. Бір салалық мамандандырылған қалалар әлемнің басқа елдерінде де кең таралған.
Әртүрлі елдер өздерінің моноқалаларының проблемаларын шешудің түрлі жолдарын таңдады. Біздегі жағдайға ең жақыны Германия, Австралия, Жапония және АҚШ сияқты елдердің моноқалаларының проблемалары.
Мысалы, Германияда Рур алабының көмір өнеркәсібіндегі құлдырауға байланысты проблемаларды шешу үшін мемлекет көмір саласын субсидиялау үшін «көмір пфенингі» салығын енгізді.
Әлемдік моноқалаларды дамыту практикасында Теннант-Крик қаласы (Австралия) тәжірибесінің орны ерекше. Қала шахталарындағы көмір шахталары сарқылғаннан кейін жұмыспен қамту деңгейін сақтау үшін мемлекет және қала құраушы кәсіпорын мамандар мен шахтерларды басқа кен орындарына көшіруді ұйымдастырды, бұл жұмыс орындарын ғана емес, кадр әлеуетін сақтап қалуға да мүмкіндік берді.
Жапонияда моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қала құраушы кәсіпорын бірлесе жүзеге асырып отырды. Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды. Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әртүрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар құрды (электроника және ақпараттық жүйелер, өмірге қажетті тауарлар мен азық-түлік өндіру, технопарк құру).
Моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі ретінде Бирмингем қаласының (АҚШ) тәжірибесі саналады. Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын (мысалы, ұсақ өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру, жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар) пайдалана отырып, қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындарының жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекет тарапынан да, қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен мүдделестік жоғары болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды.
Қайта даярлау қурстарын, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, қала құраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы, салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады.
Сонымен қатар, моноқалалардың проблемаларын шешу жолдарының бірі – қалалар экономикасын ұзақ мерзімдік әртараптандыруға бағытталған балама өндірістерді орналастыру бойынша «зәкірлік» деп аталатын жобалар болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты
Моноқалалардың орта және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
2015 жылға:
1) экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда бір немесе бірнеше «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін – кемінде 20%-ға арттыру (2011 жылмен салыстырғанда);
2) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);
3) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп төмендету;
4) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,5%-дан аспайтындай етіп төмендету.
2020 жылға:
1) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);
2) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп азайту (2015 жылы күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып);
3) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге дейін төмендету.
РҚАО-ның ескертпесі!
Кіші бөлімге өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Міндеттері
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
2. Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.
3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге ынталандыру.
4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын тұрғындардың оңтайлы санына есептей отырып дамыту.
Бағдарлама міндеттерін шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Уәкілетті орган мен облыстар әкімдері арасында Бағдарламамен айқындалған нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері туралы келісімдер жасалады.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның ұсынымдарына сәйкес (2 - қосымша) моноқалаларды жоғары, орташа және төмен экономикалық әлеуетті қалаларға топтау жүргізіледі, оның негізінде олардың проблемаларын шешу тәсілдері (шаралары) де әртараптандырылады.
Жалпы алғанда әлемдік тәжірибені және қазіргі проблемалар талдауын ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларын былайша басымды ету ұсынылады:
1-басымдық. Төмен әлеуетті моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешу.
2-басымдық. Орта әлеуетті моноқалаларды дамыту үшін жағдай жасау.
3-басымдық. Жоғары әлеуетті моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.
Жоғары әлеуетті моноқалалар ағымдағы бәсекелестік жағдайында және қабылданған мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, оның ішінде облыстарды дамытудың бесжылдық кезеңге арналған бағдарламалары шеңберінде дами алатын қалалар ретінде қаралады.
Бірінші бағыт: Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
1. Моноқалалардың экономикалық әлеуетін және перспективалы жаңа мамандандыруларын анықтау.
Осы бағыт шеңберінде әрбір моноқаланың экономикалық әлеуеті, оларды дамытуға теріс әсер ететін факторлар, сондай-ақ моноқалалардың перспективалы жаңа мамандырылулары анықталатын болады.
Уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органдармен бірге әрбір моноқаланың жүйелік диагностикасын және олардың жағдайы мен перспективаларының маркетингтік талдауын жүргізеді. Мемлекеттік қолдау әлеуетті барынша пайдалануға және моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешуге бағытталады.
Бұл ретте мемлекеттік қолдау саясатының тетіктері моноқаланың әлеуетіне қарай әртараптандырылатын болады. Жоғары даму әлеуеті бар моноқалалар бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жалпы саясаты шеңберінде, оларды дамыту мониторингі жүргізе отырып дамитын болады.
Төмен және орта экономикалық әлеуетті моноқалаларға олардың әлеуетін неғұрлым жоғары санатқа көтеру үшін Бағдарлама шеңберінде мақсатты түрде қолдау көрсетіледі.
Уәкілетті орган моноқалаларды дамытудың орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан қолдануын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2. Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу.
Жергілікті атқарушы органдар даму перспективаларын, халықтың болжанатын санын және моноқалалардың жаңа мамандандыруларын айқындай отырып, Ұзақ мерзімді перспективаға арналған моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын (бұдан әрі – ДКЖ) әзірлейді.
Уәкілетті орган ДКЖ әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірледі, оларға сәйкес моноқаланың ДКЖ мыналарды қамтуы тиіс:
1) мақсаттары, міндеттері және дамудың басымды бағыттары;
2) нысаналы көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі;
3) іске асыру тетіктері, іс-шаралар және инвестициялық жобалар;
4) жергілікті атқарушы органдардың қызметін моноқалаларды дамыту бөлігінде жетілдіру жөніндегі шаралар.
ДКЖ бәсекеге қабілеттілік өсімін, ұзақ мерзімді перспективада моноқалаларды тұрақты дамытуды, экономика құрылымын әртараптандыруды, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуды, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды, тиісті инфрақұрылымды дамытумен жалпы елді және өңірді дамытуға интеграцияны қамтамасыз етуі тиіс.
3. Моноқалалардың басты жоспарларын түзету.
Басты жоспарларды түзету халықтың болжанатын санын ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға бағытталатын болады.
Әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарлар тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты халықтың перспективалы санына қарай моноқалаларды дамыту, жаңғырту және оңтайландыру жөніндегі шараларды қамтуы тиіс.
Екінші бағыт: Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.
Бағдарламаны іске асырудың осы бағыты шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделеді:
1. Моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру
Жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, әрбір моноқалада іске асыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаны іріктейтін болады.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (бұдан әрі – ӘКК) компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалаларда «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылатын ұйымдардың жарғылық капиталына кіру мүмкіндігін қарайтын болады.
Бұл ретте ӘКК-тардың моноқалалардағы осы жобаларға қатысуы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіпте ӘКК-нің жарғылық капиталын ұлғайту жүргізіледі.
«Зәкірлік» инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау қолданыстағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары («Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020» және басқа да салалық бағдарламалар) шеңберінде жүзеге асырылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын іске асыруды мемлекеттік қолдау осы бағыттың 6-шы кіші бөлімінде көрсетілген шараларды көрсету жолымен жүзеге асырылады.
2. Ұлттық холдингтердің моноқалаларда, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалалардағы инвестициялық жобаларды ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдайтын болады.
3. Қала құраушы кәсіпорындардың моноқалаларды, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.
Жергілікті атқарушы органдар қала құраушы кәсіпорындармен бірлесе отырып, әрбір моноқалада кемінде бір инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шараларды оның мамандандырылуына сәйкес қабылдайтын болады.
4. Моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.
Бұл шаралар мыналар арқылы іске асырылады:
1) Қаратау және Жаңатас қалаларында «Еврохим» АҚ тәжірибесінің мысалында қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту үшін стратегиялық инвесторды тарту;
Бағдарлама шеңберінде стратегиялық инвесторды тарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдайтын болады.
Бұдан басқа төмен және орташа әлеуетті моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асырушы заңды тұлғаларға газға, электр энергиясына кететін шығындардың орнын толтыру немесе бір бөлігін төлеу, жер учаскесін сатып алу және ғимараттар, имараттар (құрылыс) сатып алу жолымен өнеркәсіптік жеңілдіктер ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, пайдалы қазбалардың өңделетін кен орнын шектеулі пайдалану мерзімі бар кәсіпорындарға уәкілетті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мүмкіндіктері қарастырылатын болады.
2) моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Казгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен, оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау.
5. «Тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту.
Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, тұйыққа тірелу проблемасын шешу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдайтын болады.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту.
Моноқалаларда, сондай-ақ оларға әкімшілік бағыныстағы аумақтарда орналасқан елді мекендерде шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру үшін мынадай қосымша шаралар қабылданатын болады:
1) салалық шектеусіз кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және моноқалалар үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мөлшерлерін ұлғайту;
2) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
3) жаңа өндірістер құруға 3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беру;
4) шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша (мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындарымен) әріптестік бағдарламаларды іске асыру;
5) микрокредит ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру;
6) кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру;
7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз тұрғындардың кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу.
Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың жоғарыда көрсетілген қосымша шаралары:
1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
2) тау-кен саласының кәсіпорындарына;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;
5) акциздік тауарлар мен қару шығаруды көздейтін жобаларға қолданылмайды.
Кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау шарттары
Екінші деңгейдегі банктер және/немесе өзге қаржы ұйымдары беретін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау моноқалаларда және/немесе оларға әкімшілік бағыныстағы аумақтарда орналасқан елді мекендерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
Банктер 2012 жылғы 1 шілдеден бастап берген кредиттер жаңа кредиттерге жатады.
Бағдарламаның тиісті критерийлері мен талаптарына сәйкес келетін, 2012 жылғы 1 шілдеге дейін алынған қарыздарды/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер субсидиялауға жатады.
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілетін кредит шеңберінде, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспауы тиіс.
Кредит мерзімі - 10 жылға дейін.
Пайыздық ставканы субсидиялау белгіленген номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте, банктер:
1) кредит беру шарттарын өтініш берушінің бастамасымен өзгертуге байланыстыларды;
2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Субсидиялау мерзімі кейіннен 5 (бес) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту кәсіпкерлерге тиісті жылы субсидия беру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген кезде ғана банк/лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады.
Моноқалалардағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетіледі.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шарттары.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін бөлек, сол сияқты өнеркәсіптік алаңдарды, индустриялық аймақтарды және бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру шеңберінде де жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін қажетті өндірістік инфрақұрылымды жеткізуден тұрады.
Қаражат бөлу мынадай инфрақұрылымның құрылысы мен реконструкциясына бағытталады: жолдар, су бөлу, газдандыру, су тартқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтар, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.
Өндірістік инфрақұрылымды жеткізу кәсіпкер объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады.
Өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Инфрақұрылым құрылысының (қайта жаңарту) құны индустриялық аймақтар мен бизнес-инкубаторларды қоспағанда, жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.
Жаңа өндірістер құруға гранттар беру шарттары
Гранттар кәсіпкерлерге жаңа өндірістерді құру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде бөлінеді.
Грант қаражаты Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі арқылы берілетін болады.
Бағдарлама шеңберіндегі гранттың ең жоғары сомасы бір кәсіпкер үшін 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
Грант қаражаты грант беру үшін кәсіпкерлерді іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша ӨҮК шешімімен беріледі.
Гранттар республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен беріледі.
Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі моноқаладағы грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, оларға қойылатын талаптардың бірдейлігі, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен олардың зерттелуінің толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |