Ұңғымаларды цементтеу бойынша әдістемелік ұсынымдар Жалпы ұсынымдар



жүктеу 77.28 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі77.28 Kb.




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «22» қазандағы

№ 33 бұйрығымен келісілген



Ұңғымаларды цементтеу бойынша әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ұсынымдар
1. Ұңғымаларды цементтеу процессі ұңғыма бағанасын бекіту жұмыстары жоспарына сәйкес жүргізіледі (қоршалатын колоннаны цементтеу және түсіру жоспары).

2. Ұңғымаларды бекіту бойынша жұмыстарды жоспарлау колоннаны цементтеуді күндізгі уақытта жүргізуді ескерумен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда ғана (ұңғымада асқынулар болғанда) ұңғыманы түнгі уақытта цементтеуге рұсқат беріледі.

3. Цементтеуді бақылауды бақылаушы тұлға жүргізеді. Жұмыс басталар алдында ұңғыманы цементтеу кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық жүргізіледі.

4. Цементтеу бойынша жұмыс басталар алдында бұрғылау едені және қабылдау мосты цементтеу процесіне қажеті жоқ аспаптар мен құралдардан босатылады.

5. Жұмыс өндірісі алдында қысқы маусымда жұмыс орындары қар мен мұздан тазартылады.

2. Жабдық, тампонажды техника
6. Цементтеу жабдығы мен қол аспабының жалпы жағдайы агрегаттың бұрғылыға шыққанына дейін базада тексеріледі.

7. Цементтелетін агрегаттың алаңы таза және бөгде заттармен үйіліп тасталмаған. Алаңдағы жабдықтар (шланг, құбырлар, ауыстырғыштар және сол секілділер) мұқият және жұмыс кезінде машинист пен слесарьға бөгет жасалмайтындай қойылады.

8. Цементтелетін агрегаттарда орнатылған жабдықтың жылжитын бөліктерінің металл щиттері мен қоршаулары ақаусыз және бекітілген.

9. Цементтелетін агрегаттар манометрі пломбыланған және түзетілген. Циферблат машинист тұратын жаққа қаратылған, шыны таза.

10. Цементтелетін агрегаттың поршенді сорғысының сақтандырғыш клапаны мен оның бұрғышы қабықпен жабылған, бұрғыш агрегат астына бағытталған.

11. Цементтелетін агрегаттар мен цемент араластырғыш машиналардың шығыңқы құбырлары жоғары қаратылған, ұшқын басқыштармен жарақталған және сыртқы қабықпен қорғалған.

12. Цементтелетін агрегаттың сақтандырғыш клапаны қысым айдау құбыр өткізгішін сығымдау актісінде тіркелген қысымнан 25-30 % төмендегенде кезде іске қосылады.

13. Цементтелетін агрегаттың өлшеу ыдыстарына қысқа мерзімге сұйықты беру үшін пайдаланылатын түтік бекітілген.

14. Бункерге цемент араластырғыш машинаны көтеруге арналған сатылар, қоршаулар, ағаш алаңдар, бункерлердің жақтау қоршаулары ақаусыз болады.

15. Бункерлер люктерінің лақтырылатын қақпақтары, торлары болады.

16. Тиеу шнегін көтеруге арналған жүкшығырдың сақтандырғыш ілгешегі мен құлып-тұтқасы ақаусыз.

17. Құю шнегі бункерге қысқыш бұрандалармен бекітіледі.

18. Цементтейтін техниканы орнатуға арналған бұрғылағыш алдындағы алаң агрегаттарды, араластырғыштарды орнатуға және құбыр өткізгіштерді төсеуге кедергі келтіретін заттардан (жабдық, құбыр бөліктері және сол сияқтылар) босатылады.

19. Егер алаңның еңісі болса агрегат пен цемент араластырғыш машина дөңгелектері астына тіреулер орнатылады.

20. Тампонажды техниканы электр желісінің астына орнатуға рұқсат берілмейді. Бұны болдырмау мүмкін болмаған жағдайда цементтеу кезінде электр желісі тоқсыздандырылады.

21. Бункерді тиеу кезінде цемент араластырғыш машиналар кабиналарын жүргізу кабинасына цемент шаңының түсуін болдырмау үшін жел жаққа орналастыру қажет.

22. Цементтелетін агрегаттар олардың өлшегіш ыдыстары ұңғыма сағасына қарап тұратындай орнатылуы қажет.

23. Терең ұңғымаларды цементтеу кезінде агрегаттар мен араластырғыштар көлемді есептеу ыңғайлы болу үшін нөмірленеді.

24. Агрегаттарға қауіпсіз қызмет көрсету мақсатында және қажеттілігі болған жағдайда олардың бірі басқа жаққа шығарылғанында келесі қашықтықтар сақталуы тиіс:

ұңғыма сағысынан манифольд блогына дейін 10 м кем емес;

манифольд блогынан агрегатқа дейін 10 м кем емес;

цементтелетін агрегат пен цемент араластырғыш машиналар аралығында 15 м кем емес.

25. Шайылған шахталық бағытты цементтеу кезінде ұңғымалар, цементтелетін агрегаттар және цемент тасымалдағыш машиналар бұрғылағыштан мұнара биіктігіне 10 м қосқанмен тең қашықтықта орнатылады.

26. Цемент араластырғыш машинаның арту жабдығын орнату алдында көтеру механизмінің ақаусыздығына көз жеткізу қажет.

27. Бункерді тиеу кезінде жақтаулы қоршаулар оған жұмыс қалпында орнатылған, люктер жабық.

28. Тиеу шнегін іске қосу алдында барлық ішкі жылжитын механизмдерде қоршаудың болуы тексерілуі қажет. Механизмдердің жұмыс істеп жатқан кезінде қоршауларды алуға рұқсат берілмейді.

29. Іске қосылған тиеу шнегінде жүргізуші цемент араластырғыш машинаның кабинасында болады. Шнек іске қосылып тұрған кезде кабинадан шығуға рұқсат берілмейді.

30. Шнектің іске қосылуы мен тоқтатылуына шнекте жұмыс істеп жатқан жұмыскердің командасы бойынша ғана жүргізуге рұқсат беріледі.

31. Шұңғыманы цемент кесегінен тазалау шнек жұмыс істемей тұрған кезде жүргізіледі.

32. Шұңғыма 100х100 м артық емес ұяшықты металл тормен жабдықталған.

33. Бункерді цементпен тиеу кезінде жұмыскерлер шыңға қарсы респиратормен жұмыс істейді.

34. Цементтелетін агрегаттарға айдау құбырларын төсеуде барынша ұзындау құбырлар төменгі, ал қысқалары – жоғарғы қатарға төселетіндей орындалуы керек.



3. Ұңғыманы цементтеуге дайындық жұмыстары
35. Цементтелген ұшын бұрғылауға түсіру кезінде строп ілмегін зәкірдің екі басына да кигізу қажет.

36. Цементтелген ұшын қоршалған колоннаға орнату кезінде ол монтаждауға қолжетімді биіктікте орналасады.

Цементтелген ұшы 1,5 м артық биіктікте орналасқан кезде биіктіктігі 1 м жақтауы бар алаң жабдықталады.

37. Цементтелген ұшын колоннамен бұрау кезінде ломды пайдалануға рұқсат берілмейді.

38. Цементтелген ұшқа айдау құбыр өткізгіштерін жалғастыру кезінде оларды строп көмегімен зәкірмен көтеру және салмағы бойынша толық бекітілгенге дейін ұстау керек.

39. Айдау құбыр өткізгіштерін, бұрыштарды және сол секілділерді цементтелген ұшқа жалғастыруды (алып тастауды) арнайы кілт көмегімен жүргізу қажет.

40. Қабылдау және айдау құбыр өткізгіштерді монтаждау кезінде жалғау орындарын кірден тазалау, бекіту алдында жуу және майлау керек.

41. Цементтелген ұштың орауын монтаждау кезінде құбырды бірдей иықпен екеулеп жеткізу керек.

42. Айдау құбыр өткізгішінде қысымды түсіруге арналған лақтыру бекітіледі.

43. Айдау құбыр өткізгіштерін сығымдау алдында сақтандырғыш клапан мен сорғы манометрін тексеру қажет.

44. Айдау құбыр өткізгіштері цементтеу соңында күтілетін қысымнан 1,5 есе артық қысыммен сығымдалған.

Айдау құбыр өткізгіштері егер 10 минут бойына сығымдау қысымы төмендемесе, сынауға төзген болып есептеледі.

45. Айдау құбыр өткізгіштерін сығымдауды бастар алдында барлық жұмыскерлер бұрғылаудан және айдау құбыр өткізгішінен қауіпсіз қашықтыққа шығарылады.

46. Орауды сығымдауды қысымның жылдам көтерілуінен коммуникацияның жарылуын болдырмау үшін цементтеу агрегаттарының аз жылдамдықтарында жүргізу керек.

47. Айдау құбыр өткізгішінде өткізулер табылған жағдайда оларды түзету бойынша жөндеу жұмыстарын қысымды атмосфералыққа дейін түсіргеннен кейін жүргізу қажет.

48. Сығымдау қысымын атмосфералыққа дейін түсіруді баяу орындау керек.

49. Бір айдау құбыр өткізгіші мен сығымдауды түзетуді бір уақытта басқасында жүргізуге рұқсат берілмейді.

50. Айдау құбыр өткізгіштерінде өткізулерді түзеткеннен кейін оны қайтадан сығымдау қажет.



4. Ұңғымаларды цементтеу
51. Жұмыс жетекшісі цемент ерітіндісін айдау басталғанға дейін агрегаттар мен цемент араластырғыш машина машинистерімен нұсқаулықпен танысу жүргізеді, дабылдама белгілері туралы айтады (іске қосу, тоқтату және сол секілді).

52. Жұмыс жетекшісінің орналасатын орны оның дабылдары цементтеу процесіне қатысатын барлық жұмыскерлерге көрінетіндей орында таңдалады.

53. Цементтеу агрегаттары мен айдау құбыр өткізгіштерінің маңында цементтеуге қатысы жоқ тұлғалардың болуына рұқсат берілмейді.

54. Улы реагенттерді (цемент ерітіндісінің қамтуын жылдамдататын және бәсеңдететін) цементтеу агрегаттарының ыдысына салуды қорғаныс көзілдірігі мен резеңке қолғаппен жүргізу керек.

55. Цемент араластырғыш машина құрылғысына суды жеткізу компенсатор арқылы жүргізіледі.

56. Агрегаттарды жұмысқа іске қосу жұмыс жеткішісінің белгісі бойынша жүргізіледі.

57. Цемент ерітіндісін цементтеу агрегатына айдау мен жеткізу кезінде айдау құбыр өткізгішінің шайқалуын ескерту үшін тежегіштермен тоқтату қажет.

58. Цементтеу процесінде айдау құбыр өткізгіші жалғануларын бекіту қажеттілігі туындаған кезде, агрегат сорғыларын тоқтату, цементтеу ұшындағы кранды жабу, құбыр өткізгіштегі қысымды атмосфералыққа дейін баяу тоқтату және тек осыдан кейін барып қана ақауды түзетуге кірісу керек.

59. Егер айдау құбыр өткізгішінде күтілетіннен артық қысым пайда болатын болса, агрегат сорғылары себеп анықталғанға дейін бірден тоқтатылады.

60. Ұңғымаларды кешкі және түнгі уақытта мәжбүрлі цементтеу кезінде жұмыс цементтеу агрегаттары мен цементтеу ұштарының сорғы манометрінде, шығындық және өлшеу ыдыстарында агрегат орнатылған жарықтандырылған алаңдарда орындалады.

61. Егер цементтеу кезінде қысым көтеріле бастаса, агрегат сорғыларын бірден тоқтату және қысымды лақтыру кранын рұқсат берілген шекке дейін ашу қажет.

62. Айдау процессі кезінде жүргізуші-машинист цементтеу сорғысының бақылау манометрін, әсіресе айдау сұйығының соңғы есепті шаршы санын айдау кезінде мұқият қадағалайды. Тоқтату белгісіне басқан кезде (соққы кезінде) қысымды соңғы жұмыстықтан 10-15 % артық көтерілуіне рұқсат берілмейді.

63. Айдау құбыр өткізгіштерін, сақтандырғыш клапандарды, цементтеу ұшын, суы бар өлшеу бактарды, агрегат қозғалтқыштарын бумен жылыту керек. Оларды факельмен немесе паяльды лампамен қыздыруға рұқсат берілмейді.

64. Суды жылыту үшін өлшеу багына түсірілген булы түтік соңы бекітіледі.

65. Булы шланг ақаусыз желдеткішпен жабдықталады.

66. Сорғылардың лақтыруларында пайда болған мұз тығындауларының басылуына рұқсат берілмейді.

67. Қоршалатын колоннаның жарылуының алдын алу үшін қысымның өсу нәтижесінде онда цементтің қатуын күту (бұдан әрі - ЦҚК) кезеңінде цементтеу ұшындағы манометр көрсеткіштерін бақылау және қысым көтерілген кезде цементтеу ұшында кранды ашу, қысымды рұқсат берілген деңгейге дейін төмендету қажет.

68. Цементтеу ұшын бұрау алдында цементтеу ұшының кранын ашу жолымен қысымның жоқ екендігіне көз жеткізу керек.

69. Цементтеу ұшынан бұралып алынатын құбыр өткізгіштерді зәкір көмегімен бұрғылу еденіне түсіру керек.

70. Цементтеу агрегаттарының ыдысында қалған үрлеу және жуу сұйығын амбарға сорып алу керек. Сұйықты бұрғылауға және жолға төгуге жол берілмейді.

71. Цемент араластырғыш агрегаттың қорабы мен шнегін цемент ерітіндісінен тазалау қозғалтқыш тоқтатылған кезде жүргізіледі.

72. Цементтеу агрегаттары мен цемент араластырғыш машиналардың кетуі жұмысты ұйымдастырушы белгілеген тәртіпте жүргізіледі.



73. Цемент ерітіндісінің тығыздығын тексеру кезінде коллектор операторы резеңке қолғаппен жұмыс істейді.

____________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет