Сауат ашу негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметіне қойылатын талаптар:
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;
Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекет барысында пайдалана білу;
Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;
Мазмұнды суреттер бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;
Заттарды аттарына, қасиеттеріне, белгісіне қарап ажырату; – Монологті және диалогті сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру;
Оқыған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өзіндік қорытынды жасау;
Шығармашылық сөйлеу әрекеті:
Шағын тақырыптарды жатқа айтуға үйрету;
Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» қолданып, театрландырылған іс-әрекеттерге, ойындарға – драматизациялауға, қуыршақ қойылымына қатысуға ниеттендіру;
Ойын, өлең және сөз ұйқасын табуға белсенді қатысуға ынтасын арттыру;
Кіші көркем әдеби әңгімелерді мазмұндау;
Сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрау;
Өздеріне таныс әдеби шығармалар мен ертегі үзінділерін сахналауға қатыса білуі
тиіс;
Сауат ашуға үйретуде мектепке дейінгі ересек жастағы балалар сөйлеу тілінің сөйлемдерден, сөйлем сөздерден, сөздер дыбыстардан құралатынын біледі;
Дыбыс. Сөздің дыбыстық талдауы;
«Дауысты дыбыстар», «дауыссыз дыбыстар», «қатаң», «ұяң», «үнді» деген ұғымдармен таныстыру;
Тіл дыбыстары және оларды бейнелеу жолдарын үйрету;
Сөздерді буындарға бөле білуге үйрету;
Буынды сызба-нұсқа арқылы көрсете білу;
Сөз. Сөйлем. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін түсіндіру;
Сөйлем сызбасын құрау;
Дыбыстарды және екпінді білдіру;
Жазуға үйретуге даярлық;
Қолды дамыту, жазу құралын дұрыс ұстауға үйрету;
Қарапайым графикалық біліктерді қалыптастыру («қысқа және ұзын таяқшалар», «толқындар» т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |