Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту. Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту. Саусақ моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
2
|
|
Барлығы
|
|
36 сағат
|
№1 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері Тақырыбы: Дыбыс.
Мақсаты: Дыбыс туралы түсінік беру.
Міндеттері: Сөз және дыбыс терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру; жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. Қағылезділікке, бастаған істі аяқтай білуге баулу. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:жануарлар мен жәндіктердің, көліктердің дауысын, жүрісін салады, жазу барысында үстелде дұрыс отыруды, қарындашты дұрыс ұстауды, үзік сызықтарды қосады;
Түсінеді: сөздің дыбыстан тұратынын;
Қолданады: саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасауды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, үй жануарларының көркем суреттері.
Билингвалды компонент: жаңбыр – дождь.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, сендер балабақшада сөз, сөйлем, буын, дыбыстармен танысасыңдар. Сендер сөздің дыбыстан тұратынын білесіңдер ме? Біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз.
2. Негізгі бөлім
Дыбысты естиміз, аузымызбен айтамыз.
Балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?
Жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?
Түнде қасымызға маса келгенін қайдан білеміз?
Педагог қойған сұрақтарына балалардың дұрыс жауап бергендері үшін мадақтайды. Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады.
«Жаңбыр» саусақ ойыны:
Жаңбыр жауса, Тырс-тырс, Айтады гүл:
Дұрыс-дұрыс. Жаңбыр жауса, Тырс-тырс.
Айтады қыр:
Достарыңызбен бөлісу: |