Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет50/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Көптілділік: сыйлық –подарок –gift, мереке – праздник–holiday, ана – мама – mother, апа – бабушка – grandmother, әпке – сестра–sisters. Сергіту сәті.
Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәрімізде біргеміз.
(«Өзін-өзі тану»пәні бойынша.) Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды. Жұмыс дәптерінің 13-бетіндегі сюжетті суретке қарап әңгіме жүргізеді.Жасаған сыйлықтарын аналарына арнап дайындайды.
Аналарға арналған төмендегі өлең жолдарын үйден жаттап келуге тапсырады.
Құшағыңа кіргенде, Жылынамын бір демде .
Не жетеді көзіңе, Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым, Сегізінші Наурызбен!
( Н.Айтов)

26 ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Тостаған.
Мақсаты: балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыру; қымыз құятын ыдыс –тостағанмен таныстыру.
Міндеттері:
білімдік:ұлттық ыдыстардың ерекшеліктеріне назар аудара отырып,
оны мүсіндеудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру; дамытушылық: ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалыстарын,
көркемдік талғамдарын дамыту; тәрбиелік:балаларды ауызбірлікке, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:ермексаздан тостағанды мүсіндейді, әшекейлейді; түсінеді:тостағанның ағаштан жасалатынын; қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, №1 слайд, өрнектелген тостағандар, №2 слайд, тостағанның жасалу жолы, №3слайд,ою-өрнектердің түрлері, ермексаз, тақтайша, су құйылған ыдыс,сүрткіш, ыдыстар, қақпақшалар.
Сөздік жұмыс:тостаған, өрнектеу, безендіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет